«О некоторых вопросах реорганизации коммунального государственного учреждения «Аппарат акима города Алматы» Қолданыста
Басқа 0
«Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 2
2) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, беру актісі.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Мекеме) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) мекемені Алматы қаласы әділет органдарында тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Алматы қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппараты басшысы М. Сембековке жүктелсін.
Басқа 1. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/89
қаулысына 1-қосымша
«Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тармақ 1
1. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әкім аппараты) Алматы қаласы әкімдігінің және әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Әкімнің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Әкім аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
Тармақ 9
9. Осы Ереже «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Әкім аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Әкім аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тармақ 12
12. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Алматы қаласы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) «кері байланысты» қамтамасыз ету және қоғамға қала әкімінің және әкімдіктің жұмысы туралы хабарлау;
Тармақша 3
3) шетелдік қалалармен және ұйымдармен ынтымақтастық орнату арқылы үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге және инвестициялар тартуға жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) меритократия, ашықтық, нәтижелілік қағидаттарында кадр саясатын іске асыру;
Тармақша 5
5) алып тасталды – Алматы қаласы әкімдігінің 04.09.2025 № 3/613 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 6
6) Алматы қаласының мемлекеттік органдары өткізетін жұмыстарды үйлестіру.
Тармақ 13
13. Әкім аппаратының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Әкім аппаратының қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен арнайы байланысты және мәліметтерді беру жүйесін пайдалана отырып, қызметтік, оның ішінде құпия хат алмасуды жүргізу;
мемлекеттік органдар әзірлеген қала әкімдігінің және әкім актілерінің жобалары бойынша сараптама және қорытынды әзірлеуді жүзеге асыру;
қала әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
заңнамада белгіленген жағдайларда қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын оны әзірлеушілерге қайтару;
мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық және өзге актілердің жобаларының келісімін алуды бақылау және ол болмаған жағдайда тиісті жобаларды қала әкімдігінің Регламентіне сәйкес қайтару;
қала әкімдігінің шешімін талап етпейтін мәселелер бойынша хат-хабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жіберу және қайтару;
қала әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың қала әкімдігі мен қала әкімі актілерінің жобалары бойынша, сондай-ақ қабылданған нормативтік құқықтық актілерді орындау мәселелері бойынша келіспеушіліктерін қарау жөнінде кеңес шақыру;
кеңес өткізу жағдайында, нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ескертулерді жою мақсатында оған бірінші басшылардың орынбасарларынан төмен емес лауазымдағы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын шақыру;
қала әкімінің, оның орынбасарларының және Әкім аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын тексеруді ұйымдастыру, оны өткізуге қатысу және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізу талаптарын орындау, оның ішінде құпия режимін қамтамасыз ету және құпия іс қағаздарын жүргізу, сондай-ақ қорғау құралдарын пайдалану және қорғалған басылым-бланкілік өнімдерін пайдалану жағдайына кешенді, тақырыптық және бақылау тексерістерін жүргізу;
қала әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа талап арызбен жүгіну;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
заңнаманың сақталмауы тұрғысынан анықталған бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдау;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
оған берілген мүлікті басқару.
Тармақ 14
14. функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) аппарат мәжілістерінде қарай отырып, Президенттің, Үкіметтің, әкімнің, әкім орынбасарларының және қала әкімі аппараты басшысының тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындаудың жүйелі мониторинг жүргізуде қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) азаматтардың өтініштері бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінен және Үкіметінен келіп түсетін өтініштер бойынша қала әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмаларының сапасы мен орындалу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелеріндегі атқарушылық тәртібінің жағдайы туралы қала әкіміне және аппарат басшысына аналитикалық материалдар әзірлеу, бақылау тапсырмаларының орындалу барысын талдау;
Тармақша 5
5) қала әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының қызметін қамтамасыз ету үшін ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
Тармақша 6
6) Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, Парламентпен, Алматы қаласының мәслихатымен, мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі-БАҚ), қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Алматы қаласын дамытудың өзекті мәселелерін анықтау бойынша БАҚ-ты, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды талдау және мониторинг жүргізу;
Тармақша 8
8) баспасөз конференцияларын, брифингтер, баспасөз турларын, жарияланымдар ұйымдастыру, сондай-ақ қала тұрғындарының өтініштерін уақытылы қарау;
Тармақша 9
9) қала әкімі мен әкімдігінің қызметін жариялау бойынша БАҚ өкілдерімен, блогерлермен, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 10
10) қала әкімінің іс-шараларын, оның ішінде көшпелі іс-шараларын жоспарлау, ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) құжат жасау, құжаттаманы басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;
Тармақша 12-1
12-1) петицияларды қарау;
Тармақша 13
13) қала әкімінің тұрғындармен кездесуін ұйымдастыру және аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесулер өткізуін үйлестіру;
Тармақша 14
14) қала әкімдігінің отырыстарында, қала әкімі және аппарат басшысы өткізетін мәжілістерге, оның ішінде көшпелі кеңестерді хаттамалауды қамтамасыз ету және хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында сайлауды ұйымдастыру;
Тармақша 16
16) кадрлық саясатты ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) Алматы қаласындағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау;
Тармақша 18
18) жүйелі негізде мемлекеттік қызметшілерді оқыту, біліктілігін арттыру, қайта даярлау, тағылымдамадан өткізу, сондай-ақ тәлімгерлік институтын дамыту бойынша жұмысты үйлестіру;
Тармақша 19
19) мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін бағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 20
20) Бірыңғай конкурстық, тәртіптік, аттестаттау комиссияның, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен Алматы қаласының құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 21
21) халықаралық ынтымақтастық саласындағы әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері мен Алматы қаласының квазимемлекеттік құрылымдарының қызметін үйлестіру;
Тармақша 22
22) шетелдік инвестицияларды тарту, технологиялар трансферті, Алматы қаласының экспорттық, туристік және транзиттік-көлік әлеуетін ілгерілету бойынша ұсыныстарды әзірлеу және іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 23
23) соттарда қала әкімдігі мен әкімінің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;
Тармақша 24
24) қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне сараптама жүргізу;
Тармақша 25
25) нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу, сондай-ақ норма шығармашылық қызметті үйлестіру;
Тармақша 26
26) нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу, қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
Тармақша 26-1
26-1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Алматы қалалық комиссиясының, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның, нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс- қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның, дағдарыс жағдайының қаупі мен туындауы кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік жедел штабтың қызметін қамтамасыз ету, терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабтың жұмысына жәрдемдесу;
Тармақша 26-2
26-2) терроризмге қарсы комиссия арқылы терроризм мен экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында террористік көріністердің салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 26-3
26-3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардан келіп түсетін ақпаратты және өзге де материалдарды талдау;
Тармақша 27
27) алып тасталды – Алматы қаласы әкімдігінің 08.04.2024 № 2/239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 28
28)
алып тасталды – Алматы қаласы әкімдігінің 08.04.2024 № 2/239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 29
29)
алып тасталды – Алматы қаласы әкімдігінің 08.04.2024 № 2/239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 30
30) алып тасталды – Алматы қаласы әкімдігінің 04.09.2025 № 3/613 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 31
31)
алып тасталды – Алматы қаласы әкімдігінің 04.09.2025 № 3/613 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 31-1
31-1)
алып тасталды – Алматы қаласы әкімдігінің 04.09.2025 № 3/613 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 31-2
31-2)
алып тасталды – Алматы қаласы әкімдігінің 04.09.2025 № 3/613 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 32
32)
алып тасталды – Алматы қаласы әкімдігінің 04.09.2025 № 3/613 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 33
33)
алып тасталды – Алматы қаласы әкімдігінің 04.09.2025 № 3/613 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 34
34)
алып тасталды – Алматы қаласы әкімдігінің 04.09.2025 № 3/613 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 35
35) жұмыс сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінде, олардың қарамағындағы ұйымдарда тиімділік аудитін, сәйкестік аудитін жүргізу;
Тармақша 36
36) қала әкімі мен әкім аппаратын материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 36-1
36-1) Алматы қаласының инклюзия саласындағы бағдарламалық құжаттарының іске асырылу мәселелерін үйлестіру;
Тармақша 37
37)
алып тасталды – Алматы қаласы әкімдігінің 08.04.2024 № 2/239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 38
38) қала әкімі аппаратына жүктелген өзге де функциялар;
Тармақша 39
39) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Тармақ 15
15. Әкім аппаратына басшылықты әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Алматы қаласы әкімі аппаратының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 17
17. Әкім аппаратының бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 18
18. Әкім аппаратының бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 3
3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 4
4) аппараттың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
Тармақша 5
5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 8
8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) Алматы қаласының жергілікті атқарушы және өкілетті органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
Тармақша 11
11) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың штаттық кестелерін талдауды және жұмысына аудитті жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Әкім аппаратының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Алматы қаласы әкімі аппаратының бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
Тармақ 20
20. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Әкім аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкім аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 23
23. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 2. Өткізу актісі
Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 4 ақпандағы
№ 1/89 қаулысына 2-қосымша
Өткізу актісі
Қайта ұйымдастыруға байланысты «Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің барлық мүлік құқығы мен міндеттері «Алматы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне өтеді.
Активтер - 94 924 575,68
Оның ішінде:
Негізгі құралдар – 4 937 576,68
Материалдық емес активтер - 87 500,00
Қорлар - 0,0
Басқа да қысқы мерзімді активтер - 89 899 500,00
«Алматы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік коммуналдық мекемесі Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің барлық міндеттемелері бойынша, тараптардың даулы міндеттемелерін қоса алғанда, құқықтық мұрагері болып табылады.
Өткізді:
Алматы қаласы Тілдерді дамыту
Басқармасының басшысы
Р.С. Шимашева
Қабылдады:
Алматы қаласы әкімі
Аппаратының басшысы
М.Ә. Сембеков
Басқа 3. Алматы қаласы әкімдігінің кейбір жойылған қаулыларының тізбесі
Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 4 ақпандағы
№ 1/89 қаулысына 3-қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің кейбір жойылған қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2016 жылғы 11 тамыздағы №3/376 қаулысы;
Тармақ 2
2. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2016 жылғы 10 маусымдағы №2/260 қаулысы;
Тармақ 3
3. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2016 жылғы 11 тамыздағы №3/376 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 7 желтоқсандағы №4/573 қаулысы.