Об установлении ограничительных мероприятий на территории село Ади Каратобинского сельского округа Жарминского района Күшін жойған
Басқа 0
Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округіне қарасты
Әди ауылына шектеу іс -шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекеме басшысының 2024 жылғы 11 қарашадағы № 700 ұсыныс хаты негізінде Қаратөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Абай облысы, Жарма ауданы, Әди ауылына ірі қара малдардың бруцеллез ауруына оң нәтиже болғандықтан шектеу шараларын белгілеу.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.