О регламенте Атбасарского районного маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Атбасар аудандық мәслихатының регламенті туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 8 бабына сәйкес Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Атбасар аудандық мәслихатының регламентi қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуы мәслихат аппаратына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Шешiм Ақмола облысында Әдiлет департаментiнде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн күшіне енедi.
Басқа 4
Атбасар аудандық мәслихатының
2004 жылғы 25 мамырдағы№N С-10/1
"Атбасар аудандық мәслихатының
регламенті туралы" шешiмiмен
бекітілген
Атбасар аудандық мәслихатының
РЕГЛАМЕНТI
Тарау 1. 1 тарау. Регламентте пайдаланатын, негізгі түсініктер
1 тарау. Регламентте пайдаланатын, негізгі түсініктер
Тармақ 1
1. Жергілікті өкілетті орган (аудандық мәслихат) - халықтың еркін білдіретін аудан тұрғындарымен сайланған және қазақстан Республикасы заңдылықтарымен сәйкес оны жүзеге асыру үшін қажетті және олардың жүзеге асырылатынындарын қадағалайтын шараларды анықтайтын сайлау органы.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы - аудандық мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-өкілетті қызметін жүзеге асыратын, депутаттар санынан сайланған аудандық мәслихаттың лауазымды тұлғасы.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың сессиясы - аудандық мәслихаттың негізгі қызмет нысаны.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихаттың аппараты - аудандық мәслихаттың, оның органдарының және депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
Тарау 2. 2. тарау. Аудандық мәслихат үшін бекітілген негізгі талаптар
және шектеулер
2. тарау. Аудандық мәслихат үшін бекітілген негізгі талаптар
және шектеулер
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихат өзінің қызметінде міндетті.
Тармақша 1
1) Жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес емес шешімдердің қабылдануын болдырмау.
Тармақша 2
2) Ұлттық саясатты қамтамасыз етуде қазақстан Республикасының мүддесін сақтау.
Тармақша 3
3) Қоғамдық маңызды қызмет саласында бекітілген жалпы мемлекеттік стандарттарын ұстау.
Тармақша 4
4) Азаматтардың құқын және заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Аудандық мәслихатқа, қазақстан Республикасы шегінде қызметтердің және тауарлардың еркін айырбасына, қаржының, капиталдың, еңбектің тұтас нарығының құрылуына қайшы келетін шешімдерді қабылдауға тыйым салу.
Тармақ 7
7. Аудандық мәслихат қабылдаған ауданның даму жоспары қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарына сәйкес болуы керек.
Тармақ 8
8. Аудандық мәслихат қызметі сұрақтарды ұжымды және еркін талқылауда, шешуде, жарияда, олармен құрылған органдар аудандық мәслихат алдында есеп беруде және жауапкершілікте, тағайындалған немесе сайланған қызметтік тұлғалар заңдылықта, ауданда қоғамдық және мемлекеттік істерді басқаруға азаматтарды кеңінен тартуда, қоғам пікірлерін үнемі есепке алуда негізделеді.
Тармақ 9
9. Аудандық мәслихат қызметінде депутатқа тиімді және кедергісіз өзінің құқығын және міндетін жүзеге асыру үшін "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңымен бекітілген, нақты тәртіппен және басқа да заңды актілермен жағдай қамтамасыз етіледі. Аудандық мәслихат өзінің қызметін сессияда бекітілген болашақ жоспарға сәйкес жүргізеді.
Тарау 3. 3 тарау. Аудандық мәслихатының құзыры
3 тарау. Аудандық мәслихатының құзыры
Тармақ 10
10. Аудандық мәслихаттың құзырына жатады:
Тармақша 1
1) Жергілікті бюджет және оларды орындау, ауданды дамыту әлеуметтік бағдарламаларын, жоспарларын бекіту.
Тармақша 2
2) Қоршаған ортаны қорғау бойынша және аудан маңында табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны сауықтыру және қорғау бойынша шығындар бағдарламаларын бекіту және сол сияқты облыста қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарымен сәйкес басқа да сұрақтарды шешу.
Тармақша 3
3) Аудандық әкімінің ұсынысы бойынша ауданның сызбасын бекіту.
Тармақша 4
4) Аудандық құру сұрақтарын енгізуіне және жергілікті қоғамдастық ұйымдастыру шектерін анықтауға жататын шешімдер.
Тармақша 5
5) Аудандық әкімнің ұсынысы бойынша аудандық әкімдіктің арнайы құрамымен аудандық мәслихаттың шешімімен келісімі.
Тармақша 6
6) Атқарушы органдар жетекшілерінің есебін қарастыру және сәйкес органдарға ұсыну және мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларын, сол сияқты аудандық мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін ұйымдарды жауапкершілікке тарту.
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес азаматтар мүддесінің заңдылықтарын және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша өкілеттерін жүзеге асыру.
Тармақша 8
8) Ережелерді бекіту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.
Тармақша 9
9) Аудандық бюджет, ауданның даму экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жоспарларын орындауға бақылау.
Тармақша 10
10) Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясын және басқа органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерін тыңдау, аудандық мәслихаттың жұмыстарын ұйымдастырумен байланысты басқа сұрақтарды шешу.
Тармақша 11
11) Кедейлікпен күрес және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын бекіту.
Тармақша 12
12) Ведомство аралық түрдегі мәселелер бойынша аудан әкімдігі жанында консультативті-кеңестік органдарының арнайы құрамын аудан әкімінің ұсынысы бойынша бекіту.
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының жер заңдылықтарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру.
Тармақша 14
14) Азаматтармен және ұйымдармен Қазақстан Республикасы Конституция нормаларын, заңдарын, Президент және Қазақстан Республика Үкіметінің актілерін, жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың нормативті құқықтық актілерін орындауға жәрдемдесу.
Тармақша 15
15)Қазақстан Республикасының заңды актілерімен бекітілген басқа да уәкілеттерін жүзеге асыру.
Тармақ 11
11. Аудандық мәслихат құзырына сол сияқты аудан маңында орналасқан ауылдар, селолар, қалалар құрылысының бас жоспарларын бекіту жатады.
Тармақ 12
12. Аудандық мәслихат сәйкес аймақтық, округтік, учаскелік комиссия сайлайды.
Тарау 4. 4 тарау. Аудандық мәслихат актілері
4 тарау. Аудандық мәслихат актілері
Тармақ 13
13. Өзінің құзыреттік мәселесі бойынша ол шығаратын аудандық мәслихат актілері аудандық мәслихат шешімдері болып табылады.
Тармақ 14
14. Аудандық бюджет кірісінің азаюын және аудандық шығын бюджетінің көбеюін қарастыратын аудандық мәслихат шешімдерінің жобалары қарастыруға тек аудан әкімінің жағымды қорытындысы бар болғанда енгізіледі.
Тармақ 15
15. Азаматтар міндеттеріне, құқыларына және еріктеріне қатысты және оның біліктілік шегінде қабылданған аудандық мәслихатының шешімдері аудан маңында орындауға міндетті және бекітілген заң тәртібімен арнайы жариялауға жатады.
Тармақ 16
16. Жалпы міндетті маңызды, ведомство аралық түрдегі немесе азаматтар міндеттеріне, құқысына және еркіне қатысты аудандық мәслихат шешімдері Ақмола облысы әділет басқармасында бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасын заңдылығына және Конституцияға сәйкес келмейтін аудандық мәслихат шешімдері аудандық мәслихатпен немесе сот тәртібімен жойылуы мүмкін.
Тарау 5. 5 тарау. Аудандық мәслихат жұмысын ұйымдастыру
5 тарау. Аудандық мәслихат жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Аудандық мәслихат сессияларында өз өкілеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекіткен тәртіпте ұдайы жұмыс істейтін комиссиялар және өзге органдар, аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, депутаттар және аудандық мәслихат хатшысы арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Аудандық мәслихат қызметінің негізгі нысаны заңмен жүргізуге жататын сұрақтарды шешетін сессия болып табылады. Егер сессияға сайланған депутаттар санынан үштен екісінен аз емес депутаттар қатысса аудандық мәслихат сессиясы құқылы.
Тармақ 20
20. Аудандық мәслихат:
Тармақша 1
1) Аудандық мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және міндетінен босатады және оларды есептерін тыңдайды.
Тармақша 2
2) Ұдайы жұмыс істейтін комиссияларды және өзге органдарды құрады, төрағасын және мәслихат хатшысын сайлайды және міндетінен босатады және олардың жұмыстары туралы есептерін тыңдайды.
Тармақша 3
3) Аудандық мәслихат қызметін қамтамасыз етуге шығындарды анықтайды, тексеру комиссия актілерін бекітеді.
Тармақша 4
4) Аудандық мәслихат аппаратының құрылымдарын бекітеді және оны ұстауға бекітілген заңды ассигнования және сан лимитінің шегінде материалды-техникалық қамтамасыз ету шығындарын анықтайды. Аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінің штаттық сан лимиті бір қызметкер жеті депутаттар қатынасында, бірақ үштен кем емес; яғни, 3 мемлекеттік қызметкер, аудандық мәслихат депутаттар санынан шығып бекітіледі.
Тармақша 5
5) Аудандық мәслихат тәртібі бекітіледі.
Тармақша 6
6) Депутаттар сұраныстары қаралады олармен шешім қабылданады.
Тармақша 7
7) Оның жұмысын ұйымдастыру бойынша басқа шешімдер қабылданады.
Тарау 6. 6 тарау. Аудандық мәслихат сессиясының шақырылымының
тәртібі
6 тарау. Аудандық мәслихат сессиясының шақырылымының
тәртібі
Тармақ 21
21. Қайта сайланған аудандық мәслихатының бірінші сессиясын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы мәслихат депутаттарын тіркеу күнінен 30 күндік мерзімнен кешіктірмей, аудандық мәслихат үшін белгіленген депутаттар санынан 3-4 кем болмаған жағдайда шақырылады.
Тармақ 22
22. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы жылына төрт реттен сирек емес және аудандық мәслихат сессиясының төрағасымен жүргізіледі. Кезектен тыс сессия осы мәслихатқа сайланған үштен бірінен кем емес депутаттар санының, сол сияқты аудан әкімінің ұсынысы бойынша шақырылады және аудандық мәслихатының сессия төрағасымен жүргізіледі. Кезексіз сессияның төрағасы тікелей кезексіз сессияда сайланады, ал оны сайлағанға дейін оның міндетін сессия хатшысы атқарады. Кезектен тыс сессия кезексіз сессия жүргізуі туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес күннен кеш емес мерзімде шақырылады. Кезексіз сессияда шақыру үшін негіз болған мәселелер ғана қарастырылады.
Тармақ 23
23. Аудандық мәслихаттың сессиясының өтуі және өткізілетін жері туралы, сол сияқты сессияға қарастыруға енгізілген сұрақтары туралы, аудандық мәслихаттың хатшысы депутаттарға, халыққа, аудан әкіміне 10 күн қалғанда хабарлайды, ал кезексіз сессия шақырылымында 3 күннен кеш емес депутаттарға және аудан әкіміне қажетті материалдар ұсынылады.
Тармақ 24
24. Аудандық мәслихатқа қарастыруға мәселелер аудандық сессия төрағасымен, тұрақты және басқа комиссиялармен, депутаттық топтармен және депутаттармен, аудан әкімімен енгізіледі.
Тармақ 25
25. Сессия күн тәртібіне ұсыныстар аудандық мәслихат сессиясының төрағасына Үкіметтің жоғарғы органдарымен немесе басқармасымен, қоғамдық бірлестіктермен ұсынылуы мүмкін.
Тармақ 26
26. Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне түскен ұсыныстарды қосу туралы мәселелер сессияда қатысқандармен депутаттар санынан дауыстың көптігімен ашық дауыс беру жолымен шешіледі.
Тарау 7. 7 тарау. Аудандық мәслихат сессиясын жүргізу тәртібі
7 тарау. Аудандық мәслихат сессиясын жүргізу тәртібі
Тармақ 27
27. Аудандық сессия мәслихаты пленарлық отырыс формасында өткізіледі.
Тармақ 28
28. Бірінші аудандық мәслихат сессиясын ашады және аудандық мәслихат сессиясының төрағасын сайлағанға дейін аудандық сайлау комиссиясының төрағасы жүргізеді. Әрі қарай мәслихат сессиясын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 29
29. Аудандық мәслихат сессиясы егер жалпы аудандық мәслихат депутаттар санынан екіден үшінен кем емес қатысса құқықты.
Тармақ 30
30. Аудандық мәслихат сессиясына қатысқан депутаттар санынан дауыстың көптігімен шешім қабылданады.
Тармақ 31
31. Аудандық мәслихат сессиясында жұмыс мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Аудандық мәслихат шешімі бойынша сессия жұмысында он бес күн тізбелік күннен аспайтын аудандық мәслихатпен бекітілген үзіліс жасалуы мүмкін.
Тармақ 33
33. Отырыстың басталу және аяқталу уақыты аудандық мәслихат сессиясы төрағасының ұсынысы бойынша сессиямен бекітіледі. Баяндама үшін уақыт 45 минут шегіне дейін, қосымша баяндамаларға - 15 минутқа дейін беріледі. Баяндамашылардың күн тәртібінде талқыланған сұрақтардың жарыс сөзі 7 минутқа дейін, сол сияқты шешімдердің жеке пункттерін талқылауда баяндама үшін -5 минут. Кандидатура бойынша баяндама, отырыс тәртібін енгізу, дауыс беру дәлелі, өтініштер үшін, тапсырыстар, ұсыныстар, хабарламалар және анықтамалар енгізу үшін - 3 минут. Депутаттардың көпшілігінің келісімімен төрағалық етуші баяндама үшін уақытты ұзартуы мүмкін. Сұраныстарға жауап үшін 10 минут, ал сұраққа - 5 минутқа дейін.
Тармақ 34
34. Жарыс сөзде баяндама үшін сөз беру туралы өтініш сессияның төрағалығына жолданады. Аудандық мәслихаттың депутаттары сессияда төрағасы сөз бергеннен кейін сөйлейді.
Төрағалық етуші жарыс сөзде қатысу үшін өтініш түскен тәртіпте сөз береді. қажетті жағдайда сессия төрағасы өзгеру себебін жариялаумен баяндама кезегінің тәртібін бұзуы мүмкін. Сессияны жүргізу тәртібі бойынша анықтама, сұранысқа жауаптар және түсініктер беру үшін төрағалық етушілерге сөз кезексіз берілуі мүмкін. Баяндамашыға сұрақта жазбаша және орнында беріледі.
Сессия төрағасы, аудан әкімі немесе м.а., аудандық мәслихатының хатшысы кез келген уақытта баяндама үшін сөз ала алады.
Баяндамашы сессияда өрескел сөздерді және дөрекі сөздерді қолдануларына болмайды, төрағалық етуші бұндай жағдайда осындай сөздерді қолданбауды ескертуіне құқылы.
Егер баяндамашы сөзді төрағалық етушінің рұқсатынсыз кезексіз алса ол сөзден ескертусіз айырылады.
Егер баяндаушы талқыланған мәселеден ауытқыса төрағалық етуші оны талқыланатын мәселені ұстауға шақырады.
Егер шешен баяндама үшін берілген уақыттан асып кетсе, талқыланатын сұрақтан ауытқыса, сөздерінде дөрекі сөздерді қолданса төрағалық етуші бірінші ескертуден кейін сөзден айырады.
Аудандық мәслихат сессиясы ереже бойынша ашық түрде болады. Сессияны жабық түрде жүргізу аудандық мәслихат шешімі бойынша немесе мәслихат сессиясына қатысқан депутаттар санынан үштен бірі, егер осы үшін қатысқан депутаттардың дауыстары көп болса рұқсат етіледі.
Тармақ 35
35. Аудан әкімі немесе оны ауыстырушы аудандық мәслихаттың және оның органдарының жабық отырыстарына қатысуға құқылы. Төралқада сессия өткізген кезде сессия төрағасынан басқа, аудан әкімі немесе оны ауыстырушы, мәслихат хатшысы қатысады, сол сияқты мәслихат шешімі бойынша басқа депутаттар және ресми адамдар сайлануы мүмкін.
Тармақ 36
36. Аудан маңындағы жергілікті атқару органдар жетекшілері және басқа ұйымдардың қызмет тұлғалары аудан мәслихат сессиясына төрағасының шақыруы бойынша сессияны жүргізуге қатысты мәселелер бойынша ақпараттар беру үшін міндетті түрде келулері керек.
Тармақ 37
37. Жарыс сөздің тоқтатылуы төрағалық етушінің ұсынысы, сессияға ашық дауыс беру жолымен қабылданған, қатысушы депутаттар санынан дауыс көпшілігі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 38
38. Жарыс сөз тоқтатылуына байланысты баяндамаға мүмкіндіктер болмағандар депутаттардың өтінулері бойынша олармен сессия төралқада берілген баяндама мәтіндері сессия материалдарына қосылады.
Тарау 8. 8 тарау. Аудандық мәслихаттың ұдайы жұмыс істейтін комиссияларының қызметі және ұйымдастыруы
8 тарау. Аудандық мәслихаттың ұдайы жұмыс істейтін комиссияларының қызметі және ұйымдастыруы
Тармақ 39
39. Аудандық мәслихат өзінің өкілетті мерзіміне ұдайы жұмыс істейтін комиссияларын құрады. қажетті жағдайда мәслихат ұдайы жұмыс істейтін комиссияны жаңадан құра, тарата, қайта құра алады.
Тармақ 40
40. Ұдайы жұмыс істейтін комиссияларының тізбесі және сандық құрамы аудандық мәслихатпен анықталады. Ұдайы жұмыс істейтін комиссия төрағасы және оның мүшелері депутаттар санынан аудандық мәслихатпен сайланады. Ұдайы жұмыс істейтін комиссияны сайлаған кезде дауыс беру сессия шешімі бойынша комиссия құрамы бойынша толық немесе әр кандидатура бойынша жеке жүргізіледі.
Тармақ 41
41. Ұдайы жұмыс істейтін комиссия оларды сайлаған аудандық мәслихат алдында жауапты және жылына бір реттен сирек емес өзінің қызметі туралы есеп береді.
Тарау 9. 9 тарау. Аудандық мәслихаттың ұдайы жұмыс істейтін комиссиясында көпшіліктік тыңдау
9 тарау. Аудандық мәслихаттың ұдайы жұмыс істейтін комиссиясында көпшіліктік тыңдау
Тармақ 42
42. Ұдайы жұмыс істейтін комиссия жеке бастамасы немесе аудандық мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдау өткізеді.
Тармақ 43
43. Көпшіліктік тыңдау азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдардың, ұйымдардың, жергілікті органдардың өзін өзі басқару органдарының және атқарушы органдар өкілдерінің, депутаттардың қатысуларымен бұл комиссия отырыстарының кеңейтілген түрдегі ұдайы жұмыс істейтін комиссияның жүргізуіне жататын аса маңызды қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында жүргізіледі.
Тарау 10. 10 тарау. Аудандық мәслихаттың ұдайы жұмыс істейтін комиссияларының өкілеттері мен қызметтері
10 тарау. Аудандық мәслихаттың ұдайы жұмыс істейтін комиссияларының өкілеттері мен қызметтері
Тармақ 44
44. Ұдайы жұмыс істейтін комиссиялар құқылы:
Тармақша 1
1) Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша аудандық мәслихат хатшысына, аудандық сессия төрағасына, мәслихатқа, сол сияқты аудандық мәслихат сессиясында қаралған кез-келген сұрақтар бойынша ұсыныстарды енгізуге;
Тармақша 2
2) Аудандық мәслихат сессиясында қарастыруға енгізілген және оларды жүргізуге қатысты сұрақтар бойынша қорытындылар беруге;
Тармақша 3
3) Аудандық мәслихат сессиясында жүргізуге қатысты мәселелер бойынша баяндамаларды және қосымша баяндамаларды ұсынуға;
Тармақша 4
4) Өзінің құзыры шегінде аудандық мәслихатқа аудандық атқарушы органдары жетекшілерінің есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) Комиссия жұмысына аудандық мәслихаттың депутаттарын және сол сияқты өзге мемлекеттік органдарды, ұйымдарды өзін өзі басқарушы органдарды және азаматтарды тартуға.
Тармақ 45
45. Аудан әкімдігі, орталық атқарушы органдарының аймақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ұйымдар олардың құзырлары мәселесі бойынша бекітілген тәртіппен ұдайы жұмыс істейтін комиссияларға қажетті ақпараттар ұсынуға міндетті.
Тармақ 46
46. Аудандық мәслихаттың ұдайы жұмыс істейтін комиссиясы өзінің құзыреттер мәселесі бойынша қаулыларды қабылдайды.
Тарау 11. 11 тарау. Аудандық мәслихатының ұдайы жұмыс істейтін комиссияларымен қаулыларды қабылдау және жұмыс тәртібі
11 тарау. Аудандық мәслихатының ұдайы жұмыс істейтін комиссияларымен қаулыларды қабылдау және жұмыс тәртібі
Тармақ 47
47. Ұдайы жұмыс істейтін комиссия отырысы қажеттік шамасы бойынша шақырылады және егер оның құрамына кіретін депутаттардың жалпы санынан жартысынан көбі қатысса құқықты болып саналады.
Тармақ 48
48. Ұдайы жұмыс істейтін комиссиясының қаулысы комиссия мүшелерінің жалпы санынан дауыстың көптігіне қарай қабылданады. Тұрақты комиссия төрағасы егер комиссия отырысында депутаттар дауыс бергенде дауыстар тең болған жағдайда шешуші дауыс құқығын қолданады.
Тармақ 49
49. Ұдайы жұмыс істейтін комиссия қаулысына және отырыс хаттамаларына оның төрағасы қол қояды, ал ол бірнеше ұдайы жұмыс істейтін комиссиялармен бірге өткізген жағдайда сәйкес комиссия төрағалары қол қояды.
Тарау 12. 12 тарау. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы
12 тарау. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы
Тармақ 50
50. Аудандық бюджеттің орындалуын бақылау үшін аудандық мәслихат өзінің өкілетті мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссия мүшелерінің саны аудандық мәслихатпен анықталады. Тексеру комиссия төрағасы депутаттар санынан аудандық мәслихатпен сайланады.
Тармақ 51
51. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссия төрағасы өзінің қызметін азат негізде жүзеге асырады.
Тармақ 52
52. Тексеру комиссия жұмысына келісім шарт негізіндегі тұлғалар, аудандық мәслихатының депутаттары болып табылмайтын тұлғалар да тартылулары мүмкін.
Тармақ 53
53. Тексеру аудандық мәслихат, тексеру комиссиясы шешімімен немесе аудандық мәслихат депутаттарының санынан үштен бірінен кем емес депутаттар талабы бойынша аудандық мәслихаттың хатшысының шешімі бойынша, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен анықталған өзге жағдайларда өткізіледі. Тексерудің қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы акт құрады, ол туралы аудандық мәслихат және аудандық әкімдікке хабарлайды. Тексеру бір жылда бір реттен сирек емес өткізіледі.
Тармақ 54
54. Аудандық мәслихат депутатына, тексеру комиссиясының төрағасы етіп азат негізінде сайлаған жағдайда аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі үшін бекітілген көлемде еңбекақы белгіленеді.
Тарау 13. 13 тарау. Аудандық мәслихатының уақытша комиссиялары
13 тарау. Аудандық мәслихатының уақытша комиссиялары
Тармақ 55
55. Аудандық мәслихатқа енгізуге қатысты мәселелерді сессияларда қарастыруға дайындау мақсатында, аудандық мәслихат немесе аудандық мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиясының құқығы, өкілет мерзімі, міндеттері аудандық мәслихатпен оларды құраған кезде анықталады.
Тармақ 56
56. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиясы өзінің құзыры мәселесі бойынша қорытындылар қабылдайды.
Тармақ 57
57. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін төлем жүзеге асырылмайды.
Тарау 14. 14 тарау. Аймақтық, округтік және учаскелік комиссияларын
құру және сайлау
14 тарау. Аймақтық, округтік және учаскелік комиссияларын
құру және сайлау
Тармақ 58
58. Сәйкес аймақтық, округтік және учаскелік комиссияларын құру және сайлау үшін мәслихатпен сайлау комиссиясы мүшелерін сайлаудың келесі тәртібі бекітіледі.
Тармақша 1
1) Сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау екі ай бұрын басталады және сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін үш күннен кешіктпей аяқталады.
Тармақша 2
2) Аудандық мәслихаттың хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларын құру туралы хабарлама жариялаған күнге дейінгі үш күннен кешіктірмей, өзінің өкімімен сайлау комиссиясының құрамын құру бойынша аппарат қызметкерлерінен және депутаттардан Жұмысшы тобын құрады.
Аудандық мәслихаттың Жұмысшы тобы саяси партиялардан, басқа қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымды бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы түскен ұсыныстарды өңдеумен және жинаумен айналысады. Әр саяси партия сәйкес сайлау комиссиялар құрамына тек қана бір өкілден енгізеді. Саяси партиялар және оның құрылымдық бөлімшелері сайлау комиссиялар құрамына осы саяси партиялардың мүшесі емес кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялармен, басқа қоғамдық бірлестіктермен, жоғары тұрған комиссиялармен Жұмысшы тобына ұсынылған құжаттар тізбесіне енеді:
Тармақша 1
1) Саяси партиялар немесе басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері туралы әділет органында тіркелген құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) Сәйкес сайлау комиссиясы құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партиялар немесе басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғары тұрған сайлау комиссиясы органы отырысының хаттамасының үзіндісі;
Тармақша 3
3) Аудандық мәслихатына сайлау комиссиясы жұмысына қатысуға келісім туралы кандидаттың ұтініші, кандидат туралы биографиялық деректер.
Тармақ 59
59. Сайлау комиссияларының құрамының жобасын дайындаған кезде Жұмысшы топ бірінші кезекте саяси партиялардың ұсыныстарын жетекшілікке алады, содан кейін 7 мүшеден кем ұсынысы кезінде, басқа қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссияларының кандидатуралары есепке алынады.
Тармақ 60
60. Жаңа сайлау комиссияларының құрамына ұсыныстар түсу мерзімі аяқталуы бойынша Жұмысшы топ сессия шешімдерінің жобаларын және сайлау комиссия мүшелерін сайлау бойынша бюллетендер дайындайды.
Тармақ 61
61. Шешімдер жобалары және бюллетендер жеке дайындалады.
Тармақша 1
1) аймақтық сайлау комиссиясы бойынша
Тармақша 2
2) округтік сайлау комиссиясы бойынша
Тармақша 3
3) учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Тармақ 62
62. Саяси партиялармен, басқа қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялармен сайлау комиссиясына ұсынылған барлық кандидатуралар шешімдер жобаларына және бюллетендерге түскен және Жұмысшы тобының арнайы журналында тіркеу кезегі бойынша енгізіледі.
Тармақ 63
63. Сайлау комиссия құрамына бюллетендерді сессияда қатысқан барлық аудандық мәслихаттың барлық депутаттары алады және өздері жеке толтырады. Дауыс беру қорытындысын сессияда құрылған есеп комиссиясы қорытындылайды. Есеп комиссиясының сандық құрамы және төрағасы мәслихаттың сессиясында анықталады. Сессияда қатысқан депутаттардың көбі дауыс берген комиссия мүшелері сайланды деп саналады.
Тармақ 64
64. Саяси партиялардан түскен ұсыныстар сәйкес сайлау комиссиялар мүшелерінің санына (жеті) тең келген кезде Жұмысшы топ мәслихат сессиясына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Саяси партиялардың түскен ұсыныстары сәйкес сайлау комиссиялар мүшелерінің санынан көп (жетіден көп) түскен кезде Жұмысшы топ мәслихат сессиясына осы сайлау комиссиясын сайлау бойынша рейтингтік дауыс беруін өткізуді ұсынады.
Саяси партиялардан түскен ұсыныстар сайлау комиссиялар мүшелерінің санына (жетіден кем) жеткіліксіз кезде Жұмысшы топ бюллетенге бос орынға басқа қоғамдық бірлестіктерден түскен кандидатураны, ал бұндай кандидатура жоқ болған кезде жоғары тұрған сайлау комиссиялармен ұсынылған кандидатураларды енгізеді. (түсу кезегіне сәйкес тәртіппен). Бос орынға түскен ұсыныстар олардың санына тең кезде Жұмысшы тобы сессияда осы комиссия құрамы үшін дауыс беруге ұсыныс енгізеді. Бос орынға түскен ұсыныстар олардың санынан асқан кезде, Жұмысшы топ мәслихат сессиясында комиссия құрамына саяси партиялар өкілдерін сайлау, ал бос орынға рейтингтік дауыс беруді өткізу ұсынады.
Егер ұсынылған кандидатуралар саны жетіге сәйкес келетін сайлау комиссиясы құрамы бойынша дауыс беру барысында мәслихат депутаттары нақты кандидатураға қарсылық білдірсе, ол сол партиядан немесе қоғамдық бірлестікпен ұсынылған басқамен ауыстырылады. Бұл процедураны бір реттен артық емес өткізу ұсынылады.
Тармақ 65
65. Бюллетенге үміткерлердің тегі, аты, әкесінің аты кандидатура қандай партиядан (жоғары тұрған комиссиядан, басқа қоғамдық бірлестіктерден) ұсынылғанын көрсетумен енгізіледі. Тегінің оң жағында депутаттар белгі жасайтын (крест.-х, галочка-ү) төрт бұрыштар бейнеленген. Депутаттар жеті шаршыға белгі жасайды.
Тармақ 66
66. Дауыс беру қорытындысы мәслихаттың сессиясында Есеп комиссиясының төрағасымен жарияланады.
Тармақ 67
67. Есеп комиссиясының төрағасы оның төрағаларын, төрағасының орынбасарларын және хатшыларын сайлау бойынша ұйымды сайлау комиссиясының отырыстарын өткізу мерзімі туралы хабарлайды (құрылғаннан соң жеті күндік мерзімнен кешіктірмей). Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының ұйымды отырысын жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы хабарлайды. Осы кандидатура Есеп комиссиясымен алынған дауыс санының көптігі бойынша анықталады.
Тармақ 68
68. Мәслихат хатшысы "Қазақстан республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңмен сәйкес сайлау комиссияларының құрамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен қамтамасыз етеді. Материалдар (оған қосымшалармен) баспаның бір нөмірінде орналасуы тиіс.
Тармақ 69
69. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңмен қарастырылған жағдайда мәслихат сәйкес сайлау комиссиясының мүшесін босату және бұрынғының орнына сайлау туралы шешім қабылдайды: Босаған қызметті алуға осы сайлау комиссиясында өкілдері жоқ саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.
Тармақ 70
70. Сессияда сайлау комиссиясын сайлаған кезде мәслихаттар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Заңына байланысты, бір ұйымның қызметкерлерінен құрылуын болдырмау, міндетті түрде сәйкес әкімшілік аймақтық бірлік аймағында тұруын есепке алу керек. Сайлау комиссиясының мүшесі болып Президенттікке кандидаттар, Парламент және мәслихаттар депутаттары сенімді тұлғалар, өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, кандидаттардың жұбайы және жақын туыстары және сол сияқты кандидаттың тікелей қарамағындағы тұлғалар бола алмайды.
Тарау 15. 15 тарау. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
15 тарау. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
Тармақ 71
71. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы депутаттар ішінен аудандық мәслихатымен сайланады.
Тармақ 72
72. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы аудандық мәслихат депутаттарының жалпы сандарынан дауыстар көпшілігімен ашық дауыс берумен сайланады.
Тармақ 73
73. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы алдыңғы мәслихат сессиясында сайланады. Сессия төрағасы жоқ болғанда оның уәкілеті аудандық мәслихат сессиясының хатшысымен жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихаттың депутаты күнтізбелік жыл ағымында 2 реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 74
74. Аудандық мәслихат сессия төрағасы.
Тармақша 1
1) Аудандық мәслихат сессиясының шақырылымы туралы шешім қабылдайды.
Тармақша 2
2) Аудандық сессиясын дайындаумен жетекшілікті жүзеге асырады, сессия күн тәртібін құрады.
Тармақша 3
3) Аудандық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, аудандық мәслихат регламентін сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақша 4
4) Аудандық мәслихаттың шешімдеріне, хаттамаларға,аудандық мәслихат сессиясында бекітілген немесе қабылданған басқа құжаттарға қол қояды.
Тармақ 75
75. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы өзінің қызметін босатылмаған негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 76
76. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы егер аудандық мәслихат сессиясында депутаттар дауыс тең болған жағдайда шешуші дауыс құқығын қолданады.
Тарау 16. 16 тарау. Аудандық мәслихаттың хатшысы
16 тарау. Аудандық мәслихаттың хатшысы
Тармақ 77
77. Аудандық мәслихат хатшысы тұрақты негізінде жұмыс істейтін лауазымды тұлға болып табылады. Ол аудандық мәслихат депутаттарының жалпы санынан дауыстың көпшілігімен ашық немесе құпия дауыс берумен сайланады және қызметінен оның сессиясында аудандық мәслихатпен босатылады. Аудандық мәслихаттың хатшысы мәслихаттың өкілеттік мерзіміне сайланады.
Тармақ 78
78. Аудандық мәслихаттың хатшысы қызметіне кандидатура аудандық мәслихат сессиясының депутаттарымен ұсынылады.
Тармақ 79
79. Ашық дауыс беруді өткізген кезде төрағалық етуші дауыс беруге қойылған ұсыныстар санын көрсетеді, құрылымдарын анықтайды. әр депутат дауыс бергенде бір дауысқа ғана бере алады және ұсыныс үшін, оған қарсы, қалыс қалуға береді. Дауыстарды есептеген соң төрағалық етуші сессияда дауыс беру қорытындылары бойынша ұсыныстарды немесе бас тартуды қабылдау туралы депутаттар шешімдерін жариялайды.
Тармақ 80
80. Жасырын дауыс беруді өткізу үшін және оның қорытындыларын анықтау үшін депутаттар санынан есеп комиссиясын ашық дауыстармен сайлайды. Оған аудандық мәслихат хатшысымен сайлау үшін ұсынылған депутаттар кіреді. Есеп комиссиясының өз құрамынан комиссия төрағасы және хатшысын сайлайды. Есеп комиссиясының шешімі оның мүшелерінің дауыстарының көпшілігімен қабылданады. Бюллетендер бекітілген нысан және нақты сан бойынша есеп комиссиясының бақылауымен дайындалады. Дауыс беру уақыты және орны, жүргізу тәртібі есеп комиссиясымен белгіленеді және есеп комиссиясы төрағасымен жарияланады. Жасырын дауыс беру бюллетендерді депутаттарға есеп комиссиясы мүшелерімен аудандық мәслихат депутаттарының куәліктерін, жеке бастарының куәліктерін, тұл құжаттарын көрсету бойынша депутаттар тізіміне сәйкес беріледі. Бюллетенді толтыру жасырын дауыс беру үшін арналған кабинада дауыс беретін кандидаттың аты жөнінің қарсысындағы "Иә" сөзін белгілеу жолымен өткізіледі. Бюллетендер, егер ол бекітілген үлгіде болмаса және белгіленген депутаттарды анықтай алмаса жарамайтын болып саналады. Жасырын дауыс беру туралы есеп комиссиясы мүшелерімен қол қойған хаттамалар құрады. Дауыстарды есептегеннен соң төрағалық етуші сессияда ұсыныстарды және бас тартуларды қабылдау туралы дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар шешімдерін жариялайды.
Тармақ 81
81. Мәслихат хатшысы сайлауын өткізу тәртібі келесідей белгіленеді.
Бір кандидатты ұсынған кезде.
Кандидат аудандық мәслихат депутаттарының жалпы санынан дауыстың көпшілігін жинау қажет.
Екі кандидаттан көп ұсынған кезде.
Егер бірде-бір кандидат дауыстың көпшілігін жинай алмаса көп дауыс жинаған екі үміткер бойынша қайта дауыс беру белгіленеді. Қайта дауыс бергенде аудандық мәслихат депутаттар санынан көп дауыс жинаған үміткер сайланды деп саналады.
Тармақ 82
82. Егер депутат өзінің қызметін денсаулығы бойынша, өтініш және басқа себептер бойынша атқара алмаса аудандық мәслихат депутаттарының жалпы санынан дауыс көпшілігімен жасырын дауыс берумен немесе ашық дауыс берумен қызметінен жедел босатылады.
Тармақ 83
83. Аудандық мәслихат хатшысы.
Тармақша 1
1) Мәслихат сессиясына қарастыруға енгізілген мәселелерін дайындауды ұйымдастырады, хаттаманың құрылуын қамтамасыз етеді және төрағамен бірге аудандық мәслихат сессиясында бекітілген немесе қабылданған басқа құжаттарға, шешімдерге қол қояды.
Тармақша 2
2) Аудандық мәслихат депутаттарына өздерінің өкілеттерін жүзеге асыруға көмектеседі, оларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді, депутаттардың аудандық мәслихат сессиясына қатысу үшін, ұдайы жұмыс істейтін комиссия жұмысына және сайлау округтерінің жұмысына қатысуы үшін қызметтік міндеттерінен босату мәселелерін қарастырады.
Тармақша 3
3) Депутаттардың сұраныстарын және депутаттар үндеулерін қарастыруды қадағалайды.
Тармақша 4
4) Аудандық мәслихат аппаратының қызметін басқарады, лауазымға белгілейді және оның қызметкерлерін қызметтен босатады.
Тармақша 5
5) Аудандық мәслихатқа сайлаушылардың үндеулері туралы және олар бойынша қолдаған шаралар туралы үнемі ақпарат береді.
Тармақша 6
6) Аудандық мәслихаттың аудандық басқару органдарымен қарым-қатынасын ұйымдастырады.
Тармақша 7
7) Өзінің құзыреттік мәселесі бойынша өкімдер шығарады.
Тармақша 8
8) Ұдайы жұмыс істейтін комиссияның және басқа аудандық мәслихат органдарының және депутаттар топтарының қызметтерін үйлестіреді.
Тармақша 9
9) Аудандық мәслихатты мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктер қатынасында ұсынады.
Тармақша 10
10) Аудандық мәслихат шешімдерін жариялауды қамтамасыз етеді, олардың орындалуын қадағалау бойынша шараларды анықтайды.
Тармақша 11
11) Аудандық мәслихат шешімі бойынша басқа қызметтерді орындайды.
Тармақ 84
84. Аудандық мәслихат хатшысы аудандық мәслихаттың ұдайы жұмыс істейтін комиссиясында бола алмайды.
Тармақ 85
85. Аудандық мәслихат хатшысы болмаған кезде аудандық мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша оның өкілетін уақытша ұдайы жұмыс істейтін комиссияларының төрағасының біреуі жүзеге асырады.
Тармақ 86
86. Аудандық мәслихат депутатына, егер тұрақты негізде мәслихат хатшысына сайланған жағдайда аудан әкімінің орынбасары үшін бекітілген еңбекақысы белгіленеді.
Тарау 17. 17 тарау. Аудандық мәслихат депутаты
17 тарау. Аудандық мәслихат депутаты
Тармақ 87
87. Аудандық мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүддесінің есебімен аудан халқының еркін білдіреді.
Тармақ 88
88. Аудандық мәслихат депутатының өкілеті аудандық мәслихатының сайлау комиссиясында аудандық мәслихат депутаты сапасында тіркелгеннен басталады және аудандық мәслихат өкілеті тоқтатылған кезден доғарылады.
Тармақ 89
89. Аудандық мәслихат депутаттарының өкілеттері шұғыл доғаратын жағдайлар:
Тармақша 1
1) Қызметке депутатты белгілеу және сайлау депутаттың заңдылыққа сәйкес депутаттық міндеттерін орындалумен үйлеспесе.
Тармақша 2
2) Депутатты қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі заң күшіне ену.
Тармақша 3
3) Аудандық мәслихатының өкілетін тоқтату.
Тармақша 4
4) Депутат өлімі.
Тармақша 5
5) ҚР азаматтығын жоғалту.
Тармақша 6
6) Соттың айыптауына заң күшінде депутаттың қатысына ену.
Тармақша 7
7) Аудан шегіне тұрақты орын ауыстыруы.
Тармақша 8
8) Депутаттық қызметтен кету туралы өтінішіне байланысты.
Тармақша 9
9) Депутаттың өзінің міндетін жүйелі орындамау, соның ішінде себепсіз пленарлық отырыстарға аудандық мәслихат сессиясына қатарынан үш реттен көп қатыспауы.
Тармақ 90
90. Депутаттың өкілетін жедел тоқтату туралы шешім аудандық мәслихат сессиясында аудандық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша қатысқан депутаттардың жалпы санынан дауыстың көпшілігімен қабылданады.
Тармақ 91
91. Депутат аудандық мәслихат біліктілігіне қатысты мәселелер бойынша сессия төрағасына, аудандық мәслихат хатшысына, аудан әкіміне, ұйымдар кәсіпорындар жетекшілеріне сұраныспен бара алады. Сұраныс аудандық мәслихат сессиясында ауызша және жазбаша түрде енгізіледі. Жазбаша түрде енгізілген сұраныс жариялауға жатады. Аудандық мәслихат сессиясында сұраныс берген мемлекеттік орган, лауазымды тұлға ол бойынша ауызша жауап беруі керек. Сұраныс жауабы 20 күн ішінде, ал қосымша-тексерісті қажет етпейтін сұраныстарға жауап - 10 күн ішінде берілуі керек. Қосымша тексеріс жүргізуді қажет ететін жағдайда аудандық мәслихатпен жауап мерзімі созылуы тиіс, ол туралы аудандық мәслихат депутатына хабарланады. Сұранысқа жауап бойынша және оны талқылау қорытындысы бойынша қажетіне қарай аудандық мәслихат шешім қабылдайды.
Тарау 18. 18 тарау. Аудандық мәслихат депутатының өкілетін жүзеге асыру
кезіндегі міндеттері және құқықтары
18 тарау. Аудандық мәслихат депутатының өкілетін жүзеге асыру
кезіндегі міндеттері және құқықтары
Тармақ 92
92. Депутат құқылы.
Тармақша 1
1) Аудандық мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына, тексеру комиссия төрағасына немесе ұдайы жұмыс істейтін комиссия төрағасына немесе мүшесіне басқа аудандық мәслихат органдарына сайлауға және сайланыла алады.
Тармақша 2
2) Аудандық мәслихат сессиясында және оның ұдайы жұмыс істейтін комиссия және басқа органдарда қарастыру үшін мәселелер ұсынуға, шешім қабылдауда және қарастыруда қатысу.
Тармақша 3
3) Мәслихат құзырлығына қатысты мәселелер бойынша аудан аймағындағы орналасқан жергілікті ұйымдар атқарушы органдарына үндеулерін жолдайды және сұраныстармен үндейді.
Тармақша 4
4) Өзінің округіндегі сайлаушылармен және сол сияқты жергілікті өзін өзі басқару органдарымен және ұйымдарымен жиналыстар және кездесулер өткізу.
Тармақша 5
5) Аудандық мәслихат біліктілігіне қатысты мәселелер бойынша аудан маңында орналасқан жергілікті атқарушы ұйымдар және органдардың лауазымды тұлғаларының есептерін аудандық мәслихат сессиясында тыңдау туралы ұсыныстар енгізеді.
Тармақша 6
6) Аудандық мәслихат отырыстары жұмыстарына қатысады.
Тармақша 7
7) Аудандық мәслихатының және оның органдарының отырыстары хаттамаларымен және стенограммаларымен танысады.
Тармақша 8
8) Саяси партияның депуттатық топтар түрінде депутаттық бірлестіктерді құрады. Саяси партияның депутаттық топтарын бес адамнан кем емес біріктірулері қажет. Саяси партияның депутаттық топтарын аудандық мәслихат сессиясында тіркейді.
Тармақша 9
9) Заңдылықтармен қарастырылған басқа әрекеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 93
93. Депутат міндетті:
Тармақша 1
1) Ол құрамына сайланған аудандық мәслихат және оның органдары жұмыстарына қатысу.
Тармақша 2
2) Өз округінің сайлаушыларымен үнемі байланыста болуға, аудандық мәслихат шешімдерінің орындалуы, ұдайы жұмыс істейтін комиссия және басқа органдарының қызметтері және аудандық мәслихат жұмыстар туралы үнемі ақпараттар беруге, аудандық мәслихат шешімдерін орындауға тексеруге және ұйымдастыруға қатысуға.
Тармақша 3
3) Оған түскен сайлаушылар үндеулерін қарастырады, үнемі азаматтарды қабылдауын жүргізеді.
Тармақ 94
94. Аудандық мәслихаттың әр депутатына кедергісіз және тиімді өкілетін жүзеге асыру үшін оның құқын, намысын және абыройын қорғауға кепілдік береді.
Тарау 19. 19 тарау. Депутаттық қызметті жүзеге асырумен байланысты
шығындардың орнын толтыру
19 тарау. Депутаттық қызметті жүзеге асырумен байланысты
шығындардың орнын толтыру
Сессияны, ұдайы жұмыс істейтін комиссия және басқа органдардың отырыстарын өткізген кезде, бекітілген тәртіппен депутаттық өкілет тәртібімен жүзеге асыру кезінде көрсетілген қызмет бойынша бір жылға дейін жұмыс өтілімен орта көлемдегі еңбекақысы аудан әкімі аппараты жетекшісінің еңбекақысынан аспайтын, негізгі жұмыс орны бойынша орта еңбекақысы көлемінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен депутатты қызметтік міндетінен жол уақытын есептеумен сессияны жүргізу мерзіміне іс сапарлық шығындардың орнын толтырумен босатылады.
Тарау 20. 20 тарау. Аудандық мәслихат өкілетін доғару үшін негіздер
20 тарау. Аудандық мәслихат өкілетін доғару үшін негіздер
Тармақ 95
95. Аудандық мәслихаттың өкілеті Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген оның өкілетінің мерзімі аяқталуы бойынша тоқтатылады.
Тармақ 96
96. Аудандық мәслихаттың өкілеті Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының ұсынысы бойынша Қазақстан Республика Сенатының Парламентімен келесі жағдайда тоқтатылады.
Тармақша 1
1) Әлденеше (екі және одан көп) сот тәртібімен заңсыз деп танылған, шешім қабылдауда көрсетілген қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұзу.
Тармақша 2
2) Ауданды тарату және жабу.
Тармақша 3
3) Депутаттар санынан үштен екі дауысы кем болмағанда жасырын дауыс берумен өзін-өзі тарату туралы мәслихатпен шешім қабылдау.
Тармақша 4
4) Ауданды дамыту әлеуметтік және экономикалық бағдарламасының жоспарларын екі еселі жергілікті бюджетпен бекітілмеген көрсететін аудан әкімдігімен жеңілмейтін келіспеушілігінде.
Тармақша 5
5) Аудандық басқару сызбасы екі еселі бекітілмегенін білдіретін аудан әкімімен жеңілмейтін келіспеушілігінде.
Тарау 21. 21 тарау. Аудан әкіміне сенімсіздігін білдіретін аудандық мәслихат өкілеттіктері
21 тарау. Аудан әкіміне сенімсіздігін білдіретін аудандық мәслихат өкілеттіктері
Тармақ 97
97. Аудандық мәслихат депутаттардың жалпы санынан үштен екісінің дауысымен аудан әкімінің сенімсіздігін білдіріп, облыс әкімі алдында қызметінен босатуы туралы сұрақ қоюға құқылы.
Тармақ 98
98. Аудан әкіміне сенімсіздігін білдіру туралы мәселелерін аудан мәслихатымен қарастыру үшін негіз, аудандық бюджеттің ауданның дамуының әлеуметтік және экономикалық бағдарламасының жоспарларын орындау туралы әкіммен екі еселі бекітілмеген ұсынылған есептері болып табылады.
Тарау 22. 22 тарау. Аудандық мәслихаттың аппараты
22 тарау. Аудандық мәслихаттың аппараты
Тармақ 99
99. Аудандық мәслихаттың аппараты аудандық мәслихатты және оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалды-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асырады, депутаттарға өкілеттерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
Тармақ 100
100. Аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтері Қазақстан Республикасы заңдылығымен сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 101
101. Аудандық мәслихат өкілеттігінің аяқталуымен, аудандық мәслихат өкілеті жедел тоқтатылған жағдайда және оның құрамына жаңа депутаттарды сайлағанда, аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтері тоқтатылмайды.
Тармақ 102
102. Аудандық мәслихат аппараты аудандық бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Тармақ 103
103. Аудандық мәслихат аппаратының жұмысы аудандық мәслихат хатшысымен бекітілген ол туралы ереже негізінде құрылады.