О создании Совета по делам инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектердің істері жөніндегі кеңес құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" қаулысын және Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 24 наурыздағы № 391 "Мүгедектердің істері жөніндегі кеңес құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 25 қарашадағы № 242, тіркеу нөмірі 1535 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысының негізінде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және шоғырландыру қоғамында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Ұлан аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектердің істері жөніндегі аудандық кеңес мына құрамда құрылсын:
Сұлтанғазин Қапар
аудандық ардагерлер кеңесі
төралқасының мүшесі,
Мүгедектердің істері жөніндегі
кеңес төрағасы (келісім бойынша)
Аскерова Раиса Бекенқызы
аудандық еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау бөлімі
бастығының орынбасары,
Мүгедектердің істері жөніндегі
кеңес төрағасының орынбасары
Кеңес мүшелері:
Бояубаева Гүлбақыт Әмірқызы
аудандық білім беру бөлімінің
қорғаншылық пен қамқоршылық
бойынша бас маманы
Капезова Сара Баймуханқызы
аудандық денсаулық сақтау
бөлімінің бас маманы
Амренов Самат Құрмантайұлы
аудандық мәдениет және спорт
бөлімінің бас маманы
Магауянова Гафура Бақытқызы
аудан әкімі аппаратының маманы
Тойбазарова Нағима
Балтабайқызы
аудандық АХАЖ бөлімінің бастығы,
әйелдер кеңесі төрайымының
орынбасары
Серғазина Гүлмира Кеңесқызы
аудандық жұмыспен қамту
орталығының бас маманы
Абдрахманова Айгүл
Алдабергенқызы
халық театрының режиссері
Тармақ 2
2. Мүгедектердің істері жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Ұлан ауданы әкімдігінің 2004 жылы 27 қаңтар № 831 "Мүгедектердің істері жөніндегі кеңес құру туралы" қаулысының күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 4
4. Мүгедектер ісі бойынша кеңестің дербес құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына енгізілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Ү.Сейсембинаға жүктелсін.
Басқа 6. Мүгедектердің істері жөніндегі кеңес туралы
ереже
Ұлан аудандық әкімдігінің
2004 жылғы 21 мамырдағы
№ 956 қаулысымен
бекітілді
Мүгедектердің істері жөніндегі кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1. 2. Кеңестің негізгі міндеттері және функциялары
1. Ұлан ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектердің істері жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Кеңесті құрудың мақсаты мемлекеттік органдардың, барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-әрекетін үйлестіру, аудандағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық және қайырымдылық мекемелерімен қарым-қатынастар.
Кеңес өз іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері және функциялары
Тармақ 2
2. Мүгедектерді және кемтар балалардың мәселесімен қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылда болу.
Тармақ 3
3. Мүгедектерді және кемтар балалардың мүгедектігін алдын алу,оңалту, әлеуметтік қорғалуы, білім, кәсіби дайындау, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің үйлесімділігі жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Тармақ 4. 3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
4. Мүгедектердің және кемтар балалардың мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу, оларды тиісті органдарға енгізу.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Кеңесті төраға басқарады.
Кеңестің мәжілісін төраға немесе оның тапсырмасы бойынша - қажеттілікке байланысты төрағаның орынбасары, тоқсанына бір реттен кем емес шақырады.
Тармақ 6
6. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, Кеңестің ұсыныстарын әзірлеуді Кеңестің хатшысы жүзеге асырады. Кеңес өз іс-әрекетін қоғамдық бастауларда жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Кеңестің шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады, егер Кеңес мүшелерінің жалпы санынан көбі ол үшін дауыстарын берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар бірдей болғанда, төраға дауыс берген жақ шешімі қабылданады.
Тармақ 8
8. Кеңес өткізген отырыстарға хаттама жазылады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Тармақ 9
9. Кеңестің жұмысшы органы болып аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі болып табылады.
Ұлан аудандық еңбек,
жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік қорғау
бөлімінің бастығы