Положение о системе регистрации налогоплательщиков в Республике Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында салық төлеушілерді тіркеу жүйесі туралы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Заң күші бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы салық төлеушілерді сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Салық төлеушілерді тіркеу жүйесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Б.Ш. Тәжияқов) екі апталық мерзімде Қазақстан Республикасындағы салық төлеушілерді тіркеу жүйесі туралы ережені жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірлесін және бекітсін.
Тармақ 3
3. Мыналардың күші жойылған деп танылсын: ВХ-01Ю-94, ВХ-01Ф-94, ВХ-02Ю-94, ВХ-02Ф-94, ВЫХ-01Ю-94 және ВЫХ-01Ф-94 нысандары; 1993 жылғы 24 желтоқсандағы N 11 салық тіркеу нысанын (N ВХ-01Ф-94) толтыру жөніндегі жеке тұлғаларға көмекші нұсқау; 1993 жылғы 24 желтоқсандағы N 12 салық тіркеу нысанын (N ВХ-01Ю-94) толтыру жөніндегі заңды тұлғаларға көмекші нұсқау; 1993 жылғы 24 желтоқсандағы N 13 "Салық төлеушіні тіркеу және оған тіркелу нөмірін беру тәртібі туралы (СТТН)" нұсқаулығы; 1993 жылғы 24 желтоқсандағы салық инспекцияларында салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТТН) күшіне енгізу жоспары.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықты орындауға бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің төрағасына (Б.Ш.Тәжияқовқа) жүктелсін. Бірінші Вице-Министр Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді.
Тармақ 1. 1. Негізгі ережелер
1. Негізгі ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің бөлімшелерінде салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТТН) берудің біртұтас жүйесін қамтамасыз етуге, салық төлеушілер туралы деректердің ұлттық базасын жасауға, қаржы, сот, құқық қорғау, кеден органдарымен, нотариалдық кеңселермен, банктермен және құқықтық мәмілелер мен қаржылық операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған. Әрбір салық төлеушіні бір тұрақты нөмір арқылы сәйкестендіру салық қызметінің компьютерлік жүйесін жасаудың негізгі шарты болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі: Салық төлеушілердің есебін жүйелендіруге және тәртіптеуге; Деректерді компьютерлік өңдеуді қамтамасыз етуге; Салық төлеушілердің заңдарды сақтау жөніндегі ақпаратын тоғыспалы тексеруді жүргізу; Салық органдарының арасында жедел ақпараттар алмасуды қамтамасыз етуге; Салықтарды, алымдарды және мемлекет алдындағы өзге қаржылық міндеттемелерді толық жинауды қамтамасыз етуге; Салық төлеушілер туралы уақтылы жедел ақпаратты алуға арналған.
Тармақ 1.3
1.3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: СТТН - салық органының мемлекет алдында салықтық және өзге де қаржылық міндеттемелері бар заңды немесе жеке тұлғаға берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі; Төлеуші - заңды немесе жеке тұлға; Алушы - аумағында салық салудың объектісі орналасқан салық органы; Тіркеуші - салық төлеушіні есепке алу және тіркеу үшін материалдар даярлаумен айналысатын салық комитеттері. Тіркеу орталығы - СТТН беруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті.
Тармақ 1.4
1.4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТТН) "Әкімшілік-аумақтық органдарды білдіретін жүйе" (ӘАОБЖ) жалпы сыныптаушының облыстар кодтарын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде қабылданған облыстар аудандарының кодтарын ескере отырып беріледі. ӘАОБЖ жалпы сыныптаушы облыстар кодтары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінде қабылданған облыс аудандарының кодтары өзгерген кезде облыстық және аудандық салық комитеттері облыс пен ауданның жаңа кодтарын пайдалана отырып өздеріне жаңадан СТТН береді. Бұл ретте заңды және жеке тұлғаға берілген СТТН өзгеріссіз қалады.
Тармақ 1.5
1.5. Салық төлеушіге СТТН оны бастапқы тіркеу кезінде бір рет беріледі, бұл Қазақстан Республикасының аумағында барлық салықтық және қаржылық міндеттемелер бойынша пайдаланылады, және де ол таратылғанға дейін өзгеріссіз қалады. Салық комитеті төлеушіге жіберілетін оның салықтық және қаржы міндеттемелеріне қатысы бар барлық хабарламаларында (салық декларацияларында, есеп айыру және басқа да құжаттарда) салық төлеушінің СТТН көрсетіледі.
Тармақ 1.6
1.6. Төлеуші басқа салық комитетіне қатысты салық міндеттемелері пайда болған кезде Алушының төлем құжаттарының шетіне өздеріне байланысты салық міндеттемелері пайда болған салық органының СТТН көрсетеді.
Тармақ 1.7
1.7. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер және басқа да ұйымдар: - салық төлеушіге банк шоттарын ашқан кезде салық органдарына хабарлаған оның тіркеу нөмірін ескеруге, соңғыларды 10 банктік күн ішінде салық төлеушіге аталған шоттардың ашылғаны туралы хабарлауға және төлем құжаттарында СТТН қойылмаған шоттар бойынша операциялар жүргізбеуге; - төлем құжаттарын өңдеген кезде осы Ереженің екінші бөліміне сәйкес СТТН бақылауға міндетті.
Тармақ 1.8
1.8. Қазақстан Республикасының аумағында табыс алатын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар СТТН бойынша басқа мемлекеттердің азаматтары ретінде есепке алынуы және Қазақстан Республикасында тұрғылықты жеріндегі (оның ішінде уақытша) салық органына тіркелуі тиіс және салық міндеттемелері туындаған кезде төлем құжаттарында олардың салықтық және қаржы міндеттемелері пайда болған аумақтағы салық органының СТТН көрсетеді. Бұл ретте СТТН алу үшін олар Қазақстан Республикасының аумағында табыс алғанын растайтын құжатты тапсыруға міндетті.
Тармақ 1.9
1.9. Мұраға жылжымайтын мүлік алған шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар СТТН бойынша басқа мемлекеттердің азаматтары ретінде есепке алынуы және салық салу объектісі орналасқан жердегі салық органында тіркелуі тиіс.
Тармақ 2. 2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірінің құрылымы және бақылау разрядын есептеудің алгоритмі
2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірінің құрылымы және бақылау разрядын есептеудің алгоритмі
Тармақ 2.1
2.1. Салық төлеушіні "Тіркеу нөмірі" құрылымы СТТН 12 разрядты сан болып табылады. ХХ ХХ Х ХХХХХХ Х __ __ _ ______ __ |  |  |  |      |5 фасет - бағалау разряды |  |  |  |      |______________________________________ |  |  |  | |  |  |  | 4 фасет - салық төлеушінің реттік нөмірі |  |  |  |_____________________________________________ |  |  | |  |  |  3 фасет - 0 заңды тұлға; 1-ден 9-ға дейін жеке тұлға |  |  |________________________________________________ |  | |  | 2 фасет - ауданның коды |  |___________________________________________________ | | 1 фасет - облыстың коды |______________________________________________________ Бірінші фасет (2 разряд) - облыстың коды. Кодтау үшін "Әкімшілік-аумақтық органдарды білдіретін жүйе" (ӘАОБЖ) сыныптаушы кодтың 3, 4 разрядтары пайдаланылады. Екінші фасет (2 разряд) - ауданның коды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде қабылданған облыс аудандарының кодтарына сәйкес келетін салық комитеттерінің тізбесі және нөмірі. Үшінші фасет (1 разряд) - мынадай мағынасы бар: 0 - заңды тұлғалар үшін, 1-ден 9-ға дейін - жеке тұлғалар үшін. Төртінші фасет (6 разряд) - салық органы беретін салық төлеушінің рет нөмірі. Бесінші фасет (1 разряд) - "модуль 11" алгоритмі бойынша есептеп шығарылатын бақылау разряды. Ескерту:  СТТН барлық разрядтарының мағынасы бірдей болмауы тиіс. Мұндай сандар СТТН ретінде жіберілмейді. 1 мысал: 111111111111, 222222222222, және т.б.
Тармақ 2.2
2.2. СТТН бақылау разрядын есептеп шығарудың алгоритмі Бақылау разряды компьютерлік жүйелерде СТТН тұтастығын автоматтық бақылау үшін қажет. Соңғы 12 разрядты қоспағанда СТТН әрбір разрядына 1-ден бастап 10-ға дейін салмақ беріледі (яғни салмақтың 10-нан артық мағынасы болмайды). 11-разрядтың 1-ге тең салмағы болады. 1 мысал: СТТН: 6 0 0 4 0 0 0 0 0 0  9 Салмақ: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 Әрбір разряд мағынасының оның салмағына көбейтіндісінің сомасы анықталады. 11 S = E  a * b , мұнда: a -СТТН i-разрядының мағынасы і=1  і   і          і b -СТНН i-разрядының салмағы і Алынған сома 11-ге бөлінеді және тұтас бөлігі бөлініп көрсетіледі. С=S/11 - Көбейтінділер сомасымен 11 модул бойынша осы сомаға тұтас сандық кіру арасындағы айырма анықталады. K=S-C*11 - Егер алынған айырма 10-нан кем болса, ол бақылау разрядының мәні болып  табылады. Егер бірінші өтуден кейін бақылау саны 10-нан артық немесе тең алынған болса, есептеу қайталанады, бірақ әрбір разрядқа 2-ден бастап салмақ беріледі. Үшінші өту үшін тиісінше 3-тен бастап және т.б. салмақ беріледі. Егер есептеуді қайталаудың 10 циклынан кейін нәтиже ылғи да 10-нан артық немесе тең мәнге ие болса, онда СТТН үшін осы сан алынып тасталады. 2 мысал: 60050000742Б СТТН үшін бақылау разрядын есептеу 1 өту СТТН: 6 0 0 5 0 0 0 0 7 4  2 Салмақ: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 S1= 6*1+0*2+0*3+5*4+0*5+0*6+0*7+0*8+7*9+4*10+2*1=131 С1= 131/11=11 К1= 131-11*11=10 2 өту СТТН: 6 0 0 5 0 0 0 0 7  4 2 Салмақ: 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 2 S2= 6*2+5*5+7*10+4*1+2*2=115 С2= 115/11=10 К2= 115-10*11=5 СТТН: 600500007425 3 мысал: 6004000000Б СТТН үшін бақылау разрядын есептеу СТТН: 6 0 0 4 0 0 0 0 0 0  9 Салмақ: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 S= 6*1+0*2+0*3+4*4+0*5+0*6+0*7+0*8+0*9+0*10+9*1=31 С= 31/11=2 К= 31-2*11=9 СТТН: 600400000099
Тармақ 3. 3. Салық төлеушіні есепке қою тәртібі
3. Салық төлеушіні есепке қою тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері ретінде тіркелген заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарында мөр дайындауға рұқсат алғанға дейін мемлекеттік тіркелу (құрылу) күнінен бастап 10 күн ішінде, басқа салық төлеушілер - салықтық және қаржылық міндеттемелер пайда болған жағдайда 10 күн ішінде Тіркемешіге тіркеу нөмірі үшін өтініш беруге міндетті.
Тармақ 3.2
3.2. Есепке қою кезінде операцияның түрін: оларды толтыру жөніндегі басшылыққа сәйкес "Бастапқы тіркеу" (N 2 қосымша және N 4 қосымша) көрсете отырып заңды тұлға N ВХ-01Ю-98 (N 1 қосымша), жеке тұлға - N ВХ-01Ф-98 (N 3 қосымша) толтырады. Тіркеу нысанын қабылдау үшін нысанда көзделген толтырылатын реквизиттерден басқа мынадай құжаттар қажет:
Тармақша а
а) заңды тұлғалар мен олардың оқшауланған құрылымдық бөлімшелері (филиалдар, өкілдіктер) үшін: Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте куәландырылған құрылтай құжаттың көшірмесі (құрылымдық бөлімше үшін - Ереже); мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгілеген нысандағы құжаттың көшірмесі; статистикалық орган берген құжаттың көшірмесі (N 1 нысанның статистикалық карточкасы).
Тармақша б
б) жеке тұлғалар үшін: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар үшін). Аталған құжаттарды СТТН бастапқы берген кезде төлеуші табыс етеді.
Тармақ 3.3
3.3. Тіркеуші ұсынылған деректерге сай СТТН беру үшін материалдарды (деректерді) даярлайды және Тіркеу Орталығына электрондық байланыс арқылы тіркеу нысанын және СТТН беруге қажетті Төлеуші туралы деректі табыс етеді.
Тармақ 3.4
3.4. Тіркеу Орталығы тіркеу нысанын тексереді және Тіркеушіге СТТН берілгені туралы хабарлай отырып СТТН береді. Тіркеуде ауытқулар пайда болған жағдайда Тіркеу Орталығы Тіркеушіге ауытқулардың себебін хабарлайды.
Тармақ 3.5
3.5. Тіркеуші СТТН берілгеннен кейін Төлеушіге есепке алудың тіркеу карточкасын ашады және мұнда берілу фактісін белгілейді. Бұл ретте Тіркеуші тіркелген күннен бастап 3 күн ішінде оған салық органы басшысының қолы және мөрімен куәландырылған заңды тұлғалар үшін N ВЫХ-01Ю-98 (N 5 қосымша) нысаны бойынша және жеке тұлғалар үшін ВЫХ-01Ф-98 (N 6 қосымша) нысаны бойынша тіркеу туралы растама жібереді.
Тармақ 3.6
3.6. Төлеушінің тіркеу нысандары және тиісті құжаттарының көшірмелері заңды және жеке тұлғалардың тіркелген жеріндегі салық органында сақталады. Салық органы заңды тұлғаның оқшауланған құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар мен өкілдіктерін) есепке қойған кезде тіркеу нысанының тиісті шетінде бас кәсіпорынның СТТН көрсетіледі.
Тармақ 4. 4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірлерін есепке алу тәртібі
4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірлерін есепке алу тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Төлеушінің тіркеу деректері (атауы, меншік нысаны, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, қызмет түрі және т.б.) өзгерген кезде СТТН өзгермейді. Төлеуші тіркеу нысанының реквизиттері өзгерген кезде 10 күн ішінде Тіркеушіге операцияның түрін: "Тіркеу деректерін өзгертуді көрсете отырып заңды тұлға үшін N ВХ-01Ю-98 (N 1-қосымша), жеке тұлға үшін N ВХ-01Ф-98 (N 3-қосымша) тіркеу нысанын беруге міндетті. Бұл ретте осы өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмесі қажет.
Тармақ 4.2
4.2. Төлеуші офистің орналасқан жерін (мекен-жайын) немесе тұрғылықты жерін ауыстырған және салықтық және қаржылық міндеттемелерін басқа салық органына берген жағдайда Төлеуші 10 күндік мерзімде өзі тұрған Тіркеушіден есептен шығуға, және де офис орналасқан немесе тұратын жаңа жерде есепке тұруға міндетті. Бұл ретте заңды тұлға операция түрі: "Тіркеу деректерінің өзгеруін" көрсете отырып N ВХ-02Ю-98 (N 8-қосымша) нысан бойынша және N ВХ-01Ю-98 (N 1-қосымша) тіркеу нысаны, жеке тұлға - N ВХ-01Ф-98 (N 3-қосымша) тіркеу нысаны бойынша өтініш беруге міндетті. Тіркеуші берілген өтініш және тіркеу нысаны негізінде Төлеушіге 10 күн ішінде заңды тұлға үшін N ВЫХ-02Ю-98 (N 8 қосымша), жеке тұлға үшін N ВЫХ-02Ф-98 (N 9 қосымша) нысаны бойынша нұсқау береді.
Тармақ 4.3
4.3. Салық төлеуші көшіп келген жердегі Тіркеуші оны оған бұрын берілген тіркеу нөмірімен есепке қояды және тіркеу туралы растама, нұсқау, есептен шыққан сәттегі салыстыру актісі және дербес шоттардың көшірмесі негізінде төлемдерді есепке алуды одан әрі жалғастырады.
Тармақ 4.4
4.4. Заңды тұлға қосылған немесе бөлінген жағдайда әрбір салық төлеуші 10 күндік мерзім ішінде операциялардың тиісті түрін көрсете отырып, N ВХ-02Ю-98 (N 7 қосымша) нысан бойынша бөлек өтініш береді. Жаңадан құрылған заңды тұлғалар жалпы белгіленген тәртіппен есепке тұрады және операцияның түрін: "Бастапқы тіркеу" көрсете отырып N ВХ-01Ю-98 (N 1 қосымша) тіркеу нысанын толтырады.
Тармақ 4.5
4.5. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының тысқары жерге көшкен, болмаса заңды тұлға таратылған немесе банкротқа ұшыраған, болмаса жеке тұлға жазатайым мерт болған кезде СТТН 5 жыл бойы өзгеріссіз қалады.
Тармақ 4.6
4.6. Тіркеуші тіркеу деректерінің және тіркеу нысаны реквизиттерінің барлық өзгерістерін тіркеу орталығына хабарлауға міндетті.
Тармақ 5. 5. Салық төлеушіге тіркеу нөмірі берілген кездегі жауапкершілік
5. Салық төлеушіге тіркеу нөмірі берілген кездегі жауапкершілік
Тармақ 5.1
5.1. Салық төлеуші салық есебіне қою мерзімін және қолданыстағы заңдарға сәйкес СТТН берілген кезде деректерді дұрыс ұсынуды бұзғаны үшін жауап береді.
Тармақ 5.2. Заңды тұлғаларға арналған салықтық тіркеу нысаны
5.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті СТТН есебін жүргізуге және дұрыс беруге жауап береді. N 1 қосымша ВХ-01Ю-98 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитеті Заңды тұлғаларға арналған салықтық тіркеу нысаны Операцияның түрі:
Тармақ 01
01. Бастапқы тіркеу __ 02. Тіркеу деректерінің өзгеруі __ СТТН _____
Тармақ 03
03. Ұйымның атауы___________________________________________________ ________________________________________________________________ Салық төлеушінің орналасқан жері (заңды мекен-жайы);
Тармақ 04
04. Почта индексі     ________________
Тармақ 05
05. Облыс/қала    _________________________________________________
Тармақ 06
06. Қала (аудан)  _________________________________________________
Тармақ 07
07. Ауыл (село)   _________________________________________________
Тармақ 08
08. Көшенің аты шан.)______________________________________________
Тармақ 09
09. Үй нөмірі         ___________ 10. Пәтер нөмірі _________ Салық төлеушінің іс жүзіндегі мекен-жайы:
Тармақ 11
11. Почта индексі     _______________
Тармақ 12
12. Облыс/қала_________________________________________________
Тармақ 13
13. Қала (аудан) ______________________________________________
Тармақ 14
14. Ауыл (село)  ______________________________________________
Тармақ 15
15. Көшенің аты(шан.)__________________________________________
Тармақ 16
16. Үй нөмірі         ___________    17. Пәтер нөмірі _______ Салық төлеуші туралы мәліметтер:
Тармақ 18
18. Басшы:     Тегі    ________________________________________ Аты__________________________    Жөні _________________________ Қалааралық код        ___________    Телефон нөмірі _________
Тармақ 19
19. Бас бухгалтер:     Тегі      ______________________________ Аты      ____________________    Жөні _________________________ Қалааралық код        ___________    Телефон нөмірі _________ Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер:
Тармақ 20
20. Тіркеуші органның атауы____________________________________
Тармақ 21
21. Мемтіркелімге N енгізілген________ 22. Тіркелген күні _____ Салық төлеуші туралы басқа да мәліметтер:
Тармақ 23
23. Сәйкестендірілген нөмірі (код ОКПО)   _____________________
Тармақ 24
24. Қызметтің негізгі түрі              ОКЭД коды _____________
Тармақ 25
25. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны_____________________ ___________________________________________________________________
Тармақ 26
26. Меншіктің түрі Бас кәсіпорын туралы мәліметтер:
Тармақ 27
27. Атауы       _______________________   CTTH ________________ Құрылтайшы туралы мәліметтер:
Тармақ 28
28. Атауы (немесе аты-жөні)____________________________________ CTTH ______________________________ Атауы (немесе аты-жөні)________________________________________ СТТН ______________________________ Банк туралы мәліметтер:
Тармақ 29
29. Атауы     _________________________________________________
Тармақ 30. Заңды тұлғалар үшін N ВХ-01Ю-98 тіркеу нысанын толтыру жөнінде нұсқама
30. Банк коды ____________________ 31. Есеп шоты ______________ Ұйымның басшысы __________________________  ____________________ (Аты-жөні)                      (қолы) Күні ____________________ MO         Қабылдады ____________________________   Қолы____ (қабылдаған инспектордың аты-жөні) Күні___ N 2 Қосымша Заңды тұлғалар үшін N ВХ-01Ю-98 тіркеу нысанын толтыру жөнінде нұсқама Тіркеу нысаны анық әрі дәл толтырылуы тиіс. Салық төлеуші толтыруға тиісті нысандардың бөлімдері баспа әріптермен қаламмен толтырылуы тиіс. Толтырылуға көзделген әрбір квадраттың шетіне бір цифр немесе бір әріп қойылатындай болуы қажет, бұл ретте сөздер мен цифр топтарының арасында бос кеңістік сақталуы керек. Егер қажетті ақпарат жоқ болса немесе анық көрсетілмесе, салық органы дұрыс деректерді енгізуге және (немесе) нысандарды қайта толық толтыруға салық төлеушіге қайтарады. Тіркеу нысанының шеті нөмірленеді. Бұл нысанды толтыру кезінде шетін ретімен нөмірлеуді ұстаған жөн.
Тармақ 1
1. "Операцияның түрі" - 01-02 шетін толтырған кезде тиісті шетіне "Х" қойылуы қажет. Егер салық төлеуші тіркеу нысанын алғаш рет толтырса, операцияның түрі: "Бастапқы тіркеу" көрсетіледі, егер тіркеу деректері өзгерген жағдайда толтырылатын болса, операция: "Тіркеу деректерінің өзгеруі" көрсетіледі. Бұл жағдайда СТТН шетіне заңды тұлғаның СТТН қойылуы қажет.
Тармақ 2
2. 03 "Ұйымның атауы" шетіне - мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес заңды тұлғаның толық атауы толтырылады.
Тармақ 3
3. "Салық төлеушінің орналасқан жері (мекен-жайы)" 04-10 шетін толтыру салық органы мен салық төлеушінің арасында бақылауды жүзеге асыру үшін қажет. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес салық төлеушінің заңды мекен-жайы көрсетіледі.
Тармақ 4
4. "Салық төлеушінің нағыз мекен-жайы" - 11-ден бастап 17 қоса алғандағы шет заңды мекен-жай бюджетке салықтарды, төлемдерді және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді толық және уақтылы төлеуге жауап беретін тұлғалардың нағыз орналасқан жері болып табылмайтын жағдайда ғана толтырылады.
Тармақ 5
5. "Салық төлеушілер туралы мәліметтер" - 18-19 шетіне бірінші басшының және бас бухгалтердің тегі, аты-жөні және телефон нөмірлері толтырылады. Қалаларды телефон нөмірі алты мағыналы нөмірлерден тұратындарда бірінші кіші квадратта дефис ("-") қойылады. Мұның өзі телефон жүйелері кеңейетін жағдайларға арналып көзделген. Осыған ұқсас басқа да елді мекендер бойынша телефон нөмірі белгілерінің жалпы саны жеті белгіден тұруы мүмкін деген жерлерде дефистердің осындай саны қойылады.
Тармақ 6
6. "Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер" - 20-22 шеті мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес толтырылады.
Тармақ 7
7. "Салық төлеуші туралы басқа да мәліметтер": 23 "Сәйкестендірілген нөмір" шеті N 1 нысанының статистикалық карточкасының бірінші тармағына сәйкес толтырылады. 24 "Қызмет түрі" шеті N 1 нысанның статистикалық карточкасы "ОКЭД бойынша код" шетінің "Қызметтің негізгі түрінің" 15 тармағына сәйкес толтырылады. Осы шетті толтыру кірістер түсімінің негізгі көзін көрсету үшін қажет. 25 "Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны" - шеті ұйымдардың (филиалдар және өкілдіктер бұл шетті толтырмайды) нысандар тізбесіне сәйкес толтырылады:
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын (ШЖМК)
Тармақ 2
2. Жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын (қазыналық кәсіпорын) (ҚЗП)
Тармақ 3
3. Толық серіктестік (ТЛС)
Тармақ 4
4. Аралас серіктестік (АРС)
Тармақ 5
5. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)
Тармақ 6
6. Жауапкершілігі қосымша серіктестік (ЖҚС)
Тармақ 7
7. Акционерлік қоғам (АКҚ)
Тармақ 8
8. Еншілес шаруашылық серіктестігі (ЕШС)
Тармақ 9
9. Тәуелді акционерлік қоғам (ТАҚ)
Тармақ 10
10. Өндірістік кооператив (ӨНК)
Тармақ 11
11. Мекеме (МЕК)
Тармақ 12
12. Қоғамдық бірлестік (ҚОҒБ)
Тармақ 13
13. Тұтыну кооперативі (ТҰК)
Тармақ 14
14. Қоғамдық қор (ҚОҚ)
Тармақ 15
15. Діни бірлестік (ДНБ)
Тармақ 16
16. Ассоциациялар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі (АНЗБ) 26 "Меншік түрі" - шеті меншік нысандарының мынадай тізбесіне сәйкес толтырылады:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік меншік (Мемлекеттік)
Тармақ 2. Жеке тұлғаларға арналған салықтық тіркеу нысаны
2. Жеке меншік (Жеке) Шетінде жақшада тұрғанның мәні толтырылады. 8 "Бас кәсіпорын туралы мәліметтер" - 27 шеті заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар және өкілдіктер) тіркеген кезде ғана толтырылады. 9 "Құрылтайшы туралы мәліметтер" - 28 шет құрылтайшы болған кезде ғана толтырылады. 10 "Банк туралы мәліметтер" - 29-31 шет тіркеу деректері өзгерген кезде толтырылады. 11 Тіркеу нысаны толтырылғаннан кейін ұйымның басшысы қорлы қояды, ұйымның мөрін немесе мөр таңбасын басады және толтырылған күнді көрсетеді. 12 Шеттерді датасын көрсетіп толтыру: кк аа жж жж Мысал: 2 мамыр 1998 жыл       - 02 05 1998, 30 желтоқсан 2001 жыл  - 30 12 2001. N 3 Қосымша ВХ-01Ф-98 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Жеке тұлғаларға арналған салықтық тіркеу нысаны Операцияның түрі:
Тармақ 01
01. Бастапқы тіркеу  ___
Тармақ 02
02. Тіркеу деректерінің өзгеруі     __ СТТН б-ша_______ Жалпы мәліметтер:
Тармақ 03
03. Тегі_______________________________________________
Тармақ 04
04. Аты _______________________________________________
Тармақ 05
05. Жөні_______________________________________________
Тармақ 06
06. Туған күні      ________________ Төлқұжат деректері:
Тармақ 07
07. Серия _______________
Тармақ 08
08. Нөмірі ______________
Тармақ 09
09. Беріл.күні___________
Тармақ 10
10. Кім берген_________________________________________ Тұрақты мекен-жайы:
Тармақ 11
11. Почта индексі     ________________
Тармақ 12
12. Елі________________________________________________
Тармақ 13
13. Мекен-жайы_________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ Қазақстан Республикасындағы іс-жүзіндегі мекен-жайы:
Тармақ 14
14. Почта индексі _______________
Тармақ 15
15. Облыс/қала_________________________________________
Тармақ 16
16. Қала (аудан) ______________________________________
Тармақ 17
17. Ауыл (село) _______________________________________
Тармақ 18
18. Көшенің аты (шан.)_________________________________
Тармақ 19
19. Үй нөмірі    ___________ 20. Пәтер нөмірі _________ Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны:
Тармақ 21
21. Қалааралық код __________ 22. Телефон нөмірі_______ Негізгі мекендеген елдегі байланыс телефоны:
Тармақ 23
23. Қалааралық код __________ 24. Телефон нөмірі ______ Кәсіпкерлік қызметтен айналысатын тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер:
Тармақ 25
25. Тіркеуші органның атауы ___________________________
Тармақ 26
26. Мемтіркелімге N енгізілген ____________
Тармақ 27
27. Тіркелген күні ______
Тармақ 28
28. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік    Серия ____ N _______
Тармақ 29
29. Қызметтің негізгі түрі: _____________
Тармақ 30. Жеке тұлғалар үшін N ВХ-01Ф-98 Тіркеу нысанын толтыру жөніндегі Нұсқама
30. Ұйымның нысаны _______________     ____________________________________________________________________ Салық төлеушінің қолы ________________ Күні ____________________ Қабылдаған: _________________________________ Қолы____ (қабылдаған инспектордың аты-жөні) Күні___ N 4 қосымша Жеке тұлғалар үшін N ВХ-01Ф-98 Тіркеу нысанын толтыру жөніндегі Нұсқама Тіркеу нысаны анық әрі дәл толтырылуы тиіс. Салық төлеуші толтыруға тиісті нысандардың бөлімдері баспа әріптермен қаламмен толтырылуы тиіс. Толтырылуға көзделген әрбір квадраттың шетіне бір цифр немесе бір әріп қойылатындай болуы қажет, бұл ретте сөздер мен цифр топтарының арасында бос кеңістік сақталуы керек. Егер қажетті ақпарат жоқ болса немесе анық көрсетілмесе, салық органы дұрыс деректерді енгізуге және (немесе) нысандарды қайта толық толтыруға салық төлеушіге қайтарады. Тіркеу нысанының шеті нөмірленеді. Бұл нысанды толтыру кезінде шетін ретімен нөмірлеуді ұстаған жөн.
Тармақ 1
1. "Операцияның түрі" - 01-02 шетін толтырған кезде тиісті шетіне "Х" қойылуы қажет. Егер салық төлеуші тіркеу нысанын алғаш рет толтырса, операцияның түрі: "Бастапқы тіркеу" көрсетіледі, егер тіркеу деректері өзгерген жағдайда толтырылатын болса, операция: "Тіркеу деректерінің өзгеруі" көрсетіледі. Бұл жағдайда СТТН шетіне жеке тұлғаның СТТН қойылуы қажет.
Тармақ 2
2. "Жалпы мәліметтер" - 03-06 шеттерінде төлқұжат деректеріне сәйкес жеке тұлғаның тегі, аты-жөні және туған күні толтырылады.
Тармақ 3
3. "Төлқұжат деректері" - 07-10 шеттерінде төлқұжаттың сериясы, нөмірі, төлқұжат деректеріне сәйкес қашан және кімнің бергені көрсетіледі.
Тармақ 4
4. "Тұрғылықты тұратын мекен-жайы" - 11-13 шеттерде шетелдік азаматтың елінің мекен-жайы және қайдан келгені толтырылады.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасында нағыз тұратын мекен-жайы" - 14-20 шеттерінде салық төлеушінің Қазақстан Республикасында тұрып жатқан толық мекен-жайы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасында байланыс телефоны" - 21-22 шеттерде халықаралық код және байланыс телефонының нөмірі толтырылады. Қалаларда телефон нөмірі алты мағыналы нөмірлерден тұратындарда бірінші кіші квадратта дефис ("-") қойылады. Мұның өзі телефон жүйелері кеңейетін жағдайларға арналып көзделген. Осыған ұқсас басқа да елді мекендер бойынша телефон нөмірі белгілерінің жалпы саны жеті белгіден тұруы мүмкін деген жерлерде дефистердің осындай саны қойылады.
Тармақ 7
7. "Негізгі тұрғылықты тұратын елдегі байланыс телефоны" - 23-24 шеттерде халықаралық қол және шетелдік азаматтың келген елінің байланыс телефонының нөмірі толтырылады.
Тармақ 8
8. "Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер": 25-29 шеттерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар толтырады. 30 шетте "Ұйымның нысаны" көрсетіледі және ұйымның нысандары тізбесіне сәйкес толтырылады: Шаруа (фермер) қожалығы (ШАҚ) Жай серіктестік (ЖАС) Жеке кәсіпкер (ЖЕК) Бірлескен кәсіпкерлік (БРК) Шетте жақшада тұрған мағынасы, ал сызық бойынша - ұйым нысанының толық атауы толтырылады.
Тармақ 9
9. Тіркеу нысанын толтырылғаннан кейін салық төлеуші нысанға қол қояды және қол қойған күнін көрсетеді.
Тармақ 10. Салық төлеушінің тіркелуі туралы растама заңды тұлға
10. Шеттерді күнін көрсетіп толтыру: кк аа жж жж Мысал: 2 мамыр 1998 жыл       - 02 05 1998, 30 желтоқсан 2001 жыл  - 30 12 2001. N 5 Қосымша ВЫХ-01Ю-98 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитеті Салық төлеушінің тіркелуі туралы растама заңды тұлға Салық төлеушінің тіркеу нөмірі        ____________________ Ұйымның атауы:____________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Салық төлеушінің орналасқан жері (мекен-жайы): Почта индексі_____________________________________________ Облыс/қала    ____________________________________________ Қала (аудан)  ____________________________________________ Ауыл (село)   ____________________________________________ Көшенің аты (шан)_________________________________________ Үй нөмірі _________________ Пәтер нөмірі _________________ Салық төлеушінің іс жүзіндегі мекен-жайы: Почта индексі_____________________________________________ Облыс/қала    ____________________________________________ Қала (аудан)  ____________________________________________ Ауыл (село)   ____________________________________________ Көшенің аты(шан)__________________________________________ Үй нөмірі    ________________  Пәтер нөмірі ______________ Салық төлеуші туралы мәліметтер: Басшының аты-жөні ________________________________________ ___________________________________________________________ Қалааралық код ________________ Телефон нөмірі ___________ Бас бухгалтердің аты-жөні ________________________________ Қалааралық код ______________ Телефон нөмірі _____________ Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер: Тіркеуші органның атауы___________________________________ Мемтіркелімге N енгізілген________________________________ Тіркелген күні____________________________________________ Салық төлеуші туралы басқа да мәліметтер: ОКПО б-ша сәйкестендірілген   ______________________ нөмірі                        _____________________ Қызметтің негізгі түрі: ОКЭД коды _____________ Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны____________________ __________________________________________________________ Меншіктің түрі____________________________________________ Бас кәсіпорын туралы мәлімет: Атауы _______________________ Бас кәсіпорынның  CTTH _______________________ Құрылтайшы туралы мәліметтер: Атауы (аты-жөні) _________________________________________ Құрылт-ң CTTH ______________________________ Банк туралы мәліметтер: Атауы ____________________________________________________ Банк коды ____________________  Есеп шоты  _______________ Салық органы туралы мәліметтер: Салық комитетінің СТТН     ___________________ Аудандық (қалалық) салық комитетінің атауы _______________ __________________________________________________________ Жергілікті салық комитетінің телефон нөмірі ______________ __________________________    ____________________ (аты-жөні)                   (қолы) MO         Инспектор  __________________________ __________ ( аты-жөні)              (қолы) Күні_____________ N 6 Қосымша ВЫХ-01Ф-98 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Салық төлеушінің тіркелуін растау жеке тұлға Салық төлеушінің тіркеу нөмірі        ____________________ Жалпы мәліметтер: Тегі______________________________________________________ Аты ______________________________________________________ Жөні______________________________________________________ Туған жылы________________________________________________ Төлқұжат деректері: Серия _________ Нөмірі___________Қашан берілген __________ Кім берген________________________________________________ Тұрақты мекен-жайы: Почта индексі_____________________________________________ Елі_______________________________________________________ __________________________________________________________ __________________________________________________________ Қазақстан Республикасындағы іс-жүзіндегі мекен-жайы: Почта индексі_____________________________________________ Облыс/қала   _____________________________________________ Қала (аудан) _____________________________________________ Ауыл (село)  _____________________________________________ Көшенің аты (шан)_________________________________________ Үй нөмірі _________________ Пәтер нөмірі _________________ Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны: Қалааралық код ________________ Телефон нөмірі ___________ Елдегі негізгі мекен-жайының байланыс телефоны: Қалааралық код ________________ Телефон нөмірі ___________ Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер: Тіркеуші органның атауы___________________________________ Мемтіркелімге N енгізілген________________________________ Тіркелген күні____________________________________________ Мемлекеттік тіркелу туралы куәлік серия_____N_____________ Қызметтің негізгі түрі____________________________________ __________________________________________________________ Ұйымның нысаны____________________________________________ Салық органы туралы мәліметтер: Салық органының СТТН ____________________________ Аудандық (қалалық) салық комитетінің атауы________________ __________________________________________________________ Жергілікті салық комитетінің телефон нөмірі_______________ Салық комитетінің төрағасы _________________ _____________ (аты-жөні)         (қолы) MO         Инспектор  ________________________ __________ (аты-жөні)                (қолы) Күні_____________ N 7 Қосымша ВХ-02Ю-98 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Заңды тұлғаның есептен шығару туралы өтініші Салық төлеушінің тіркеу нөмірі ________________________ Ұйымның атауы      ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________ Есептен шығарудың себептері: __ - Ұйымды қосу (қайта ұйымдастыру)-N ВХ-01Ю-98 тіркеу нысаны қоса берілген __ - Ұйымды бөлу - N ВХ-01Ю-98 тіркеу нысаны қоса берілген __ - салық төлеушінің таратылуы, банкротқа ұшырауы __ - басқа себептер Атап көрсету:     _______________________________________________ ____________________________________________________________________ Ұйымның басшысы _______________________  ______________________ (аты-жөні)                (қолы) Күні _________________________ МО Қабылдаған ________________________________ Қолы ______ (қабылдаған инспектордың аты-жөні) Күні ______ N 8 Қосымша ВЫХ-02Ю-98 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Заңды тұлғаның тіркеме есебі туралы нұсқау Салық төлеушінің тіркеу нөмірі   __________________________ Ұйымның атауы: ____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________ Салық комитетінің төрағасы _______________________ ________________ (аты-жөні)                (қолы) МО               Инспектор _______________________ ____________ (аты-жөні)                 (қолы) Күні __________ N 9 Қосымша ВЫХ-02Ф-98 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Жеке тұлғаның тіркеме есебі туралы нұсқау Салық төлеушінің тіркеу нөмірі   _____________________________ Жалып мәліметтер: Тегі _________________________________________________________ Аты __________________________________________________________ Жөні _________________________________________________________ Туған жылы ___________________________________________________ Төлқұжат деректері: Серия _______________ Нөмірі ____________ Қашан берілген______ Кім берген____________________________________________________ Салық комитетінің төрағасы _______________________  __________ (аты-жөні)            (қолы) МО               Инспектор _____________________ ______________ (аты-жөні)               (қолы) Күні __________