Об утверждении Правил использования средств резерва акимата Алтынсаринского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану Ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың Ережелерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінің қаражатын пайдалану Ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары И.И. Нащекинге жүктелсін.
Басқа 3. Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану Ережелері
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімиятының 2004 жылғы 18 мамырдағы № 48 "Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану Ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілді Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану Ережелері Осы Ережелер Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану және бөлу тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Аталған Ережелерде төмендегі келесі түсініктер қолданылады: Алтынсарин ауданы әкімиятының резерві - үстіміздегі қаржы жылына аудандық бюджетте қаралып және Алтынсарин ауданы әкімиятының қаулысы бойынша бір жолғы күтпеген шығындарды қаржыландыруға бөлінетін - қаражаттар; күтпеген шығындар - үстіміздегі қаржы жылы ауданның бюджетін құру барысында оларды алдын-ала болжау және жоспарлау мүмкін болмағандықтан және кідіріссіз қаржыландыруды қажет ететін - шығындар. Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің құрамындағы Алтынсарин ауданы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу ушін қаражаттар - Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша Алтынсарин ауданы әкімияты немесе жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне бөлінетін - қаражаттар.
Тармақ 2
2. Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің қаражаттарынан қаржыландырылатын бір жолғы күтпеген шығындарға келесі іс-шаралар енеді:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, ол мыналарды қамтиды: төтенше жағдайлардың орын алуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету; зардап шеккендер үшін уақытша тұратын және тамақтандыру тіректерін ұстау және оларды қаржыландыру; шұғыл іс-әрекет жасайтын апаттан құтқару және апаттарды қалпына келтіру бөлімшелерін құтқару техникалық құрал-жабдықтармен қосымша жабдықтау; төтенше жағдайлар орын алған аймақтарға құтқару күштері мен құрал-жабдықтардың жеткізілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) сот шешімдері бойынша Алтынсарин ауданы әкімияты міндеттемелерін өтеу.
Тарау 2. 2. Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану және бөлу тәртібі
2. Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану және бөлу тәртібі
Тармақ 3
3. Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлуді Алтынсарин ауданы әкімиятының қаулысы негізінде белгіленген заң тәртібінде шығарылатын, қаржыландыруды ресімдеу арқылы, тиісті қаржы жылына осы мақсаттарға, аудандық бюджеттің шығындар құрамында бекітілген мөлшерлер шегінде аудандық қаржы басқармасы жүзеге асырады, онда қаражатты алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі және оларды пайдалану мақсаттары көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің қаражаттары қатаң мақсатта тағайындалады және оны осы Ережеде және резерв қаражаттарын бөлу жөніндегі Алтынсарин ауданы әкімиятының қарастырылмаған қажеттілікке болмайды.
Тармақ 5
5. Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлу жөніндегі Алтынсарин ауданы әкімиятының қаулыларын әзірлеу барысында келесі жағдайлар ескеріледі:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржы жылында аудандық бюджеттен бөлінген қаражаттың жоқтығы;
Тармақша 2
2) Алтынсарин ауданы әкімиятының резерв қаражаттарының қажеттілігі ағымдағы қаржы жылында туындады және оның қажеттілігі қаражат алушының соттың шешімдері бойынша Алтынсарин әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуден басқа, бұрынғы міндеттемелерімен байланысты емес.
Тармақ 6
6. Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлу жөніндегі Алтынсарин ауданы Алтынсарин әкімиятының қаулысы бір жылдық мерзімге дейінгі сипатта болады, ол Алтынсарин ауданы әкімиятының тиісті қаулысы негізінде ғана күшін жояды.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
Тармақ 7
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы өтінішті Алтынсарин ауданы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қарайды.
Тармақ 8
8. Негізделген мәліметтерді ұсыну тәртібі мен тізбесі Алтынсарин ауданы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиямен анықталады.
Тармақ 9
9. Аймақтық және кең ауқымдық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, қажеттілігіне байланысты аудан бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия белгіленген заңдылық тәртіп бойынша Алтынсарин ауданы әкімиятының қарауына төтенше жағдайларды жоюға қаражат жөніндегі қаулының жобасын ұсынады.
Тармақ 10
10. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жергілікті атқарушы органдары резервінің есебінен қаржыландырылуы тиіс.
Тарау 4. 4. Алтынсарин ауданы әкімиятының, сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін қаражат бөлу
4. Алтынсарин ауданы әкімиятының, сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін қаражат бөлу
Тармақ 11
11. Алтынсарин ауданы әкімиятының, сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу соттың орындаушылық құжаттары болған жағдайда Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 12
12. Алтынсарин ауданы әкімиятының міндеттемелерін өтеу үшін Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен қаражат бөлу жөніндегі Алтынсарин ауданы әкімиятының қаулы жобасын белгіленген заңдар тәртібімен аудандық қаржы басқармасы дайындайды.
Тармақ 13
13. Жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен қаражат бөлу жөніндегі Алтынсарин ауданы әкімиятының қаулы жобасын белгіленген заңдар тәртібімен жергілікті атқарушы орган дайындайды.
Тарау 5. 5. Бақылау және есептік
5. Бақылау және есептік
Тармақ 14
14. Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен бөлінген қаржыны алушылар, орындалған жұмыстың құны мен көлемі, олардың қолданылуы жөніндегі есепті ауданның аудандық қаржы басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімінде ұсынуы қажет.
Тармақ 15
15. Ауданның аудандық қаржы басқармасы Алтынсарин ауданы әкім әкімиятының резервтік қаражаттарын пайдалану және оның тиісті кезеңге қалдығы жөніндегі ақпаратты ай сайын Алтынсарин ауданының әкіміне ұсынады.
Тармақ 16
16. Алтынсарин ауданы әкiмиятының резервiнен бөлiнген қаражаттарды мақсатсыз пайдаланғаны үшін қаржыны алушы Қазақстан Республикасының заңдылығында қаралған тәртiппен жауап береді.
Тармақ 17
17. Алтынсарин ауданы әкімиятының резервтік қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды аудандық қаржы басқармасы жүзеге асырады.