О введении временного запрета на вывоз дизельного топлива Қолданыста
Басқа 0
Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы
Ел экономикасының мұқтаждары үшін дизель отынының қажетті қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы 1 шілдеден 15 қазанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыстық пештік отынды қоспағанда, дизель отынын (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) әкетуге тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге Қазақстан Республикасының тыйым салуды енгізуі туралы хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.