О региональной и апелляционной комиссиях Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өңiрлiк және апелляциялық комиссиялар туралы Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде 2004 жылғы 6 сәуiрдегi N 2795 тiркелген "Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және оны өткiзу ережесiн бекiту туралы" Бiлiм және ғылым министрiнiң 2004 жылғы 31 наурыздағы N 264 бұйрығына сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және оны өткiзу жөнiнде өңiрлiк және апелляциялық комиссиялар туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Олардың базаларында 2 (3) курс студенттерiне кешендi тестiлеу өткiзiлетiн жоғары оқу орындарының ректорлары:
Тармақша 1
1) өңірлік және апелляциялық комиссиялардың құрамына кандидатураларды Бiлiм және ғылым министрлiгiне бекiтуге ұсынсын;
Тармақша 2
2) өңiрлiк және апелляциялық комиссиялардың жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Бiлiм берудi дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаментi (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау бойынша өңірлік және апелляциялық комиссиялар туралы Ереже
"Өңірлік және апелляциялық комиссиялар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 532 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау бойынша өңірлік және апелляциялық комиссиялар туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды 2 (3) курстан кейін аралық аттестаттау жөнінде өңірлік және апелляциялық комиссиялар (бұдан әрі - өңірлік комиссия және апелляциялық комиссия) Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес құрылады.
Тармақ 2
2. Өңірлік және апелляциялық комиссиялар базаларында 2 (3) курстан кейін аралық аттестаттау (бұдан әрі - БАА) өткізілетін әрбір жоғары оқу орындарында құрылады.
Тармақ 3
3. Өңірлік және апелляциялық комиссиялар өз жұмысында осы ережені, Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережесін және басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Өңірлік комиссия
2. Өңірлік комиссия
Тармақ 1. 1. Өңірлік комиссияны құру
1. Өңірлік комиссияны құру
Тармақ 4
4. Өңірлік комиссияның құрамы базаларында аралық аттестаттау өтетін жоғары оқу орындарының ұсыныстары бойынша БАА дайындау және өткізу кезеңінде құрылады. Өңірлік комиссияның құрамына студенттері БАА бойынша кешенді тестілеуден өтіп жатқан жоғары оқу орындарының өкілдері кіреді. Өңірлік комиссияның құрамына бақылаушылар ретінде құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кіргізуге болады. Өңірлік комиссияның төрағасы болып базасында БАА өтетін жоғары оқу орнының ректоры немесе осы жоғары оқу орнында БАА өткізуге жауапты адам тағайындалады. Өңірлік комиссияның құрамын жыл сайын Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекітеді.
Тармақ 2. 2. Өңірлік комиссияның міндеттері мен функциялары
2. Өңірлік комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. Өңірлік комиссияның негізгі міндеті - жоғары оқу орындарында БАА өткізу жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.
Тармақ 6
6. Өңірлік комиссия алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін:
Тармақша 1
1) БАА бойынша ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 2
2) БАА-ға қатысатын студенттер туралы мәліметтер базасын құруды іске асырады;
Тармақша 3
3) студенттерді кешенді тестілеуден өткізуге қажетті жағдай жасайды;
Тармақша 4
4) аудиториялар бойынша кезекшілерге нұсқау береді;
Тармақша 5
5) емтихан аяқталғаннан кейін дұрыс жауаптардың кодын іледі және кешенді тестілеудің нәтижелерін хабарлайды;
Тармақша 6
6) апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік сертификаттар беруді ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) сынақ кітапшасына нәтижелерді (сынақ бағаларын) қояды;
Тармақша 9
9) БАА нәтижелерімен бірге топ бойынша тізімдемелері және тестілеуді қайта өтетін студенттер туралы мәліметтер қоса берілген анықтаманы дайындайды және оны Министрлікке жібереді.
Тармақ 3. 3. Өңірлік комиссияның құқығы
3. Өңірлік комиссияның құқығы
Тармақ 7
7. Өзіне жүктелген негізгі функцияларды іске асыру үшін өңірлік комиссия:
Тармақша 1
1) өз құзыретінің шегінде БАА өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) БАА мәселелері және өңірлік комиссия жұмысының тиімділігін арттыру бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) өңірлік және апелляциялық комиссиялардың жұмысына жоғары оқу орындарының қызметкерлерін тартуға құқылы.
Тармақ 4. 4. Өңірлік комиссияның жұмысы
4. Өңірлік комиссияның жұмысы
Тармақ 8
8. Өңірлік комиссия төраға бекіткен жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Өңірлік комиссияның хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстардың күн тәртібін жасайды, комиссия мүшелерінің өзара әрекеттерін ұйымдастырады және іс қағаздарын жүргізуге жауап береді.
Тармақ 9
9. Егер комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысқан болса, онда өңірлік комиссияның отырысы өтті деп есептеледі.
Тармақ 10
10. Өңірлік комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелері санының басым көпшілік дауысымен қабылданады және барлық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып саналады.
Тармақ 5. 5. Апелляциялық комиссия
5. Апелляциялық комиссия
Тармақ 11
11. Апелляциялық комиссия мамандықтар пәндері мен даярлық бағыттары бойынша жоғары оқу орындарының оқытушыларынан құрылады. Апелляциялық комиссияның құрамын Министрлік бекітеді.
Тармақ 12
12. Апелляциялық комиссия тестілеу нәтижелерімен келіспеген студенттердің арыздарын қабылдап алады және оны қарайды.
Тармақ 13
13. Апелляцияға арыз тестілеу нәтижелерін хабарлағаннан кейін бір тәулік ішінде апелляциялық комиссияға беріледі және апелляцияға берілгеннен кейін бір тәулік ішінде қаралады.
Тармақ 14
14. БАА өткізу технологиясын білім алушының бұзуына байланысты мәселелер бойынша апелляция қабылдайды.
Тармақ 15
15. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының басым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы шешуші дауысқа құқылы.
Тармақ 16
16. Апелляциялық комиссияның шешімін комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді және комиссияның төрағасы бекітеді.
Тармақ 17
17. Апелляциялық комиссия студенттерді апелляция қорытындыларымен хабардар етеді.