Инструкция о порядке перевода пенсионных накоплений из накопительных пенсионных фондов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақыны аудару тәртібі туралы нұсқаулық "Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 20 маусымдағы Заңына және "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Жинақталған зейнетақыны аудару тәртібі" туралы Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2. Жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақыны аудару тәртібі туралы нұсқаулық
2. Заң бөлімі (Семейская Н.А.) "Жинақталған зейнетақыны аудару тәртібі" туралы Нұсқаулықты мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін. Келісілген: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық қорғау министрі зейнетақы агенттігінің 1998 жылғы "9" маусымдағы _____________________ N 74-П бұйрығымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақыны аудару тәртібі туралы нұсқаулық Жалпы ережелер Осы Нұсқаулық жинақталған зейнетақыны салымшы/алушы басқа жинақтаушы қорға ауысқан жағдайда, оның өтініші бойынша аудару, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақыны аудару тәртібін белгілейді. 1. Жинақталған зейнетақыны бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 1.1
1.1. Жинақталған зейнетақыны бір жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі - қор) басқа Қорға аударған кезде алушы Қорға өзінің жинақталған зейнетақысын аудару туралы өтініш береді, онда жаңа Қордың деректемелері, жаңадан жасалған зейнетақы шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.
Тармақ 1.2
1.2. Салымшының/алушының жинақталған зейнетақыны басқа Қорға аудару туралы өтінішін алған соң, Қор салымшының есеп кітапшасы бойынша ауыстырудың жылына екі реттен аспайтын тәртібінің сақталуын тексереді. Бір күнтізбелік жыл ішінде жинақталған зейнетақының екі рет аударылғаны туралы мәлімет болған жағдайда, Қор алушыға аударудан бас тартып, оған бас тартудың себебін көрсете отырып жазбаша жауап қайтарады.
Тармақ 1.3
1.3. Қор аударуды жүзеге асырмас бұрын үш банктік күннен кешіктірмей зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияға(бұдан әрі - Компания) басқа Қорға аударылатын жинақталған зейнетақы сомасы туралы мәлімет береді.
Тармақ 1.4
1.4. Аударылатын жинақталған зейнетақы сомасы алушының жеке зейнетақы шоты бойынша аудару күніне есептелген инвестициялық кіріс ескеріле отырып белгіленеді.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Жинақталған зейнетақыны Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды жүзеге асыру тәртібі
2. Жинақталған зейнетақыны Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - мемлекеттік Қор) салымшының/алушының өтініші бойынша, сондай-ақ мемлекеттік емес қор ұсынған салымшылардың/алушылардың тізімі бойынша мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі - мемлекеттік емес Қор) аударуды жүзеге асыра алады.
Тармақ 2.2
2.2. Мемлекеттік емес Қор тізім бойынша аударуды жүзеге асырғанда мемлекеттік Қорға мынадай мәліметтер ұсынады: салымшының/алушының аты-жөні, туған күні, жеке әлеуметтік коды және мемлекеттік емес Қордың салымшымен/алушымен жасасқан зейнетақы шартының нөмірі мен күні көрсетілген салымшылардың/алушылардың тізімі.
Тармақ 2.3
2.3. Мемлекеттік емес Қор мемлекеттік Қорға салымшылардың/алушылардың басшы және бас бухгалтер қол қойып, дөңгелек мөрмен расталған тізімі электронды түрде және қағазға шығарып жібереді.
Тармақ 2.4
2.4. Мемлекеттік Қор мемлекеттік емес Қордан түскен мәліметтерді жинақталған зейнетақыны аудару үшін өзіндегі бар деректермен салыстырып тексереді. Мәліметтер бірдей болған жағдайда мемлекеттік Қор жинақталған зейнетақыны қайтару жөнінде жалпы сомаға төлем тапсырмасын толтырады, ол тізіммен бірге (МТ-102 үлгісі бойынша электрон жазбасымен) мемлекеттік емес Қордың есебіне алу үшін кастодиан-банкке (бұдан әрі - Кастодиан) жіберіледі.
Тармақ 2.5
2.5. Мемлекеттік Қордан жинақталған зейнетақыны аударған кезде жинақталған зейнетақының сомасы жеке зейнетақы шоты бойынша аударған күнге есептелген инвестициялық кіріс ескеріле отырып белгіленеді.
Тармақ 2.6
2.6. Төлем тапсырмасында мемлекеттік емес Қордың толық атауы, референсі (аударылатын соманың банктік коды) және жинақталған зейнетақы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 2.7
2.7. Тізім бойынша аударуды жүзеге асырғанда салымшының/алушының мемлекеттік емес қормен жасасқан шарты туралы мәліметтерінің дұрыстығына мемлекеттік емес Қор Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді.
Тармақ 2.8
2.8. Жекелеген салымшының/алушының жинақталған зейнетақысын аударған кезде мемлекеттік Қорға жинақталған зейнетақыны аудару туралы мемлекеттік емес қордың деректері, жасалған зейнетақы шартының нөмірі мен күні көрсетілген өтініш тапсырылады.
Тармақ 2.9
2.9. Мемлекеттік Қор жинақталған зейнетақыны өтініш түскен күннен бастап жеті банктік күн ішінде аударады.