«О создании районной комиссии по делам семьи и женщин при акимате Зерендинского района» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссиясы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Жарлығына сәйкес және отбасы мүддесін қорғау, әйелдердің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірге атсалысулары үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсаттарында аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 1 қосымшаға сәйкес Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия құрылысы;
Тармақ 2
2. 2 қосымшаға сәйкес Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық Мәслихат сессиясының бекітуіне Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы отбасы жөне әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссияның жеке құрамы ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Б.Нұғымановқа жүктелсін.
Басқа 5. Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы «12» 05 № 158 қаулысына 1 қосымша Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Тармақ 1
1. Нұғыманов Ермек Бекенұлы - аудан әкімінің орынбасары, төраға;
Тармақ 2
2. Таласбаева Әлия Аманжолқызы - аппарат басшысы, төраға орынбасары;
Тармақ 3
3. Карина Роза Зейнедғабиденқызы - аудандық газет редакторының орынбасары, хатшы;
Тармақ 4
4. Құрманғожина Сәуле Шәріпқызы - Зеренді қазақ орта мектебінің мұғалімі, аудандық мәслихат депутары (келісім бойынша);
Тармақ 5
5. Әміржанова Күлбану Қасымбекқызы - аудандық АХАЖ бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша);
Тармақ 6
6. Райымбекова Әсия Мұхтарқызы мәдениет бөлімінің меңгерушісі;
Тармақ 7
7. Тайжанова Бахытжан Баянқызы - кәсіпкер (келісім бойынша);
Тармақ 8
8. Тиштенова Әсем Қалиқайдарқызы - балалар дәрігері;
Тармақ 9
9. Баймырзин Болат Рамазанулы - ішкі істер бөлімінің бастығы;
Тармақ 10
10. Коробченко Татьяна Александровна - экономика және шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы
Басқа 16
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы «12» 05 қаулысына № 158 2 қосымша Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия (бұдан былай – Комиссия) аудан әкімдігінің жанындағы кеңес беру органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссияның қүқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасынъің басқа да нормативтік құқықтық актілері, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның ұсыныстары, сонымен қатар осы Ереже қалайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Комиссяның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) отбасы, әйелдер және балалар мәйслелері бойынша кешенді бағдарламалар жасау;
Тармақша 2
2) отбасыларына, әйелдер мен балаларга өлеумеітік, экономикалық, заңды және психологиялық жалдау көрсету іс-шараларын әзірлеп, іске асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) ана мен бала денсаулығын қорғау, отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;
Тармақша 4
4) шағын және орта бизнестерді әйелдерді қатыстыра отыра дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар дайындап, іске асыру;
Тармақша 5
5) жергілікті атқарушы органдардың отбасы, әйелдер мен балалар жағдайларын жақсартуға бағытталған ұсыныстары мен жобаларын қарауға қатынасу;
Тармақша 6
6) көп балалы және тұрмыс төмен отбасыларын әлеуметтік қолдауға, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, жалпыға бірдей білім беруді қамтамасыз етуге ықпал ету;
Тармақша 7
7) ауданда отбасы, әйелдер мен балалардың жағдайларын толық баяңдау үшін ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекет ету;
Тармақша 8
8) өз құзыры көлемінде барлық мүдделі ұйымдармен, мекемелермен бірлесіп қызмет ету, сонымен қатар құқық қорғау органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша аудандық конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізу.
Тарау 3. 3. Комиссия өкілеттіктер
3. Комиссия өкілеттіктер
Тармақ 4
4. Комиссия өз құзыры көлемінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) мәжілістеріне тікелей әкімге бағынышты мемлекеттік орган басшыларын шақырып, тыңдауға;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіппен өзінің қызметін іске асыру үшін қажетті материалдар мен ақпараттар сұрастыруға;
Тармақша 3
3) өзінен төмен тұрған қызметі ұқсас комиссия қызметтерін реттеуге және бақылауға;
Тармақша 4
4) басшы лауазымдарына әйелдер арасынан үміткерлер ұсынуға ықпал етуге.
Тарау 4. 4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру.
4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру.
Тармақ 5
5. Комиссия өз қызметіи аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген Ереже негізінде іске асырады.
Тармақ 6
6. Комиссияны төраға басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары болуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Комиссияға ереже бойынша жергілікті мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 8
8. Комиссия мәжілісі қажетіне қарай өтеді. Бірақ тоқсанына бір реттен жиі өткізілмейді.
Тармақ 9
9. Кеңес мәжіліске қатысушылардың көп дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болса төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссия мәжілісі егер де оған комиссия мүшелерінің кем дегенде 2/3 қатысқан жағдайда өтеді. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссия қызметін басқаруды ұйымдастырып, іске асырады;
Тармақша 2
2) Комиссия мәжілістерінің күн тәртібін құрады;
Тармақша 3
3) Комиссия мәжілісін шақырып, төрағалық етеді. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның тапсыруы бойынша мәжілісте орынбасар немесе комиссия мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелешнің арасынан комиссия мәжілісінің күн тәртібіне енгізілетін мәселе бойынша баяндамашыны анықтайды.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметін қамтамасыз ету
5. Комиссия қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 11
11. Комиссия қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдастыру жағынан камтамасыз етуді оның секретариаты - аудан әкімі аппаратының бір құрылымдық бөлімшесі іске асырады.