«О координационном Совете по борьбе с туберкулезом при акимате Зерендинского района» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Зеренді ауданы әкімдігінің жанында туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 10 қыркүйекте 2046 нөмірімен тіркеуге алынған Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № а-10/266 «Ақмола облысында туберкулезбен күресуді күшейту жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама туралы» қаулысының 2 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 1 қосымшаға сәйкес Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. 2 қосымшаға сәйкес Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық Мәслихат сессиясының бекітуіне Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесінің жеке құрамы ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Б.Нұғымановқа жүктелсін.
Басқа 5. Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамы
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы «12» 05 қаулысына № 159 1 қосымша Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамы
Тармақ 1
1. Нұғыманов Ермек Бекенұлы – аудан әкімінің орынбасары, төраға;
Тармақ 2
2. Жолдаспаев Серәлі Есләмұлы – мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы, төраға орынбасары (келісім бойынша);
Тармақ 3
3. Ыбыраева Үміт Қуандыққызы – фтизиатр дәрігер, хатшы;
Тармақ 4
4. Разина Нелли Станиславовна – денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі;
Тармақ 5
5. Жанғалов Банұржан Баянұлы – аурухананың бас дәрігері;
Тармақ 6
6. Хаметов Ғалымжан Қайырлыұлы – бас ветеринарлық дәрігер (келісім бойынша);
Тармақ 7
7. Рыскельдинов Қайыр Өмірсадықұлы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аудандық аумақты басқармасының бастығы (келісім бойынша);
Тармақ 8
8. Баймырзин Болат Рамазанұлы – ішкі істер бөлімінің бастығы;
Тармақ 9
9. Кушко Валентин Никлаевич – «Бірлік - Единство» газетінің редакторы (келісім бойынша);
Тармақ 10
10. Әбутәліпов Беркіжан Нұртайұлы – қаржы бөлімінің меңгерушісі;
Тармақ 11
11. Мухамбеталлина Райхан Айдарбекқызы – білім бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы.
Басқа 17
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы «12» 05 № 159 қаулысына 2 қосымша Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы туберкулезбен куресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан былай - Кеңес) кеңес беруші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес қүрамына аудандық қаржы, денсаулық сақтау, ішкі істер, білім, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, редакцияның өкілдері кіреді.
Тарау 2. 2. Кеңестің міндеттері мен қызметі.
2. Кеңестің міндеттері мен қызметі.
Тармақ 3
3. Кеңестің негізгі міндеттері және қызметі:
Тармақша 1
1) ауданның атқарушы органдарының туберкулезбен күресуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметтерін реттеу;
Тармақша 2
2) білім, ауыл шаруашылығы, ішкі істер бөлімдері мен баска да аудандық органдар басшыларынын жер-жерде туберкулезбен күресу жағдайлары туралы ақпараттарын тыңдау;
Тармақша 3
3) аудан әкімдігінің қарауына туберкулезбен күресуді жетілдіру жөніндегі дәлелді ұсыныстарды енгізу.
Тарау 3. 3. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
3. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Кеңес Кеңестің төрағасынан, оның орынбасарынан және мүшелерінен тұрады.
Тармақ 5
5. Кеңес төрағасы оның мәжілістерін өткізеді. Кеңес төрағасы оның шешімдері мен басында құжаттарына қол қояды, мәжіліс мәселелерін анықтайды және басқа ұйымдастыру қызметтерін орындайды. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның қызметін орынбасары атқарады.
Тармақ 6
6. Мәжілісі жартыжылдықта бір реттен жиі өткізілмейді.
Тармақ 7
7. Кеңес мүшелері қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, селолық округтер мен поселкілердің өкімдерімен, аудандық басқармалармен, ұйымдармен өзара іс әрекет етуге құқылы.
Тармақ 8
8. Кеңес шешімі ұсыныс түрінде сипатталады.
Тармақ 9
9. Кеңес мүшелері мәжілістерге олардың атынан басқа тұлғалардың қатысуына өкілеттік беруге құқылы.
Тармақ 10
10. Кеңес мәжіліске қатысқан мүшелерінің көп дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болса төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.