Об утверждении нормативов потребления природного газа населением, не имеющим приборов учета Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есептегіш приборлары жоқ тұрғындар үшін табиғи газды пайдалану нормативін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 400 , "Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы" 1996 жылғы 12 сәуірдегі N 437 қаулыларына сәйкес, тұрғындардың табиғи газды пайдалану тарифтерінің нақты деңгейін "Газжобалау" ҒЗИ ашық акционерлік қоғамының қорытындысына сәйкес келтіру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Есептегіш приборлары жоқ тұрғындар үшін табиғи газды пайдалану нормативі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Оралоблгаз" ашық акционерлік қоғамына және "Газжобалау" ҒЗИ ашық акционерлік қоғамына 2004 жыл ішінде көп қабатты үйлерде тұратын абоненттердің табиғи газды пайдалануының нақты көлемін есептеу жөнінде статистикалық мәліметтерді жинауды және өңдеуді жалғастырсын. Статистикалық мәліметтерді өңдеудің және талдаудың қорытындысы бойынша облыс әкіміне тұрғындардың табиғи газды пайдалану нормативін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасасын.
Тармақ 3
3. «Есептегіш приборлары жоқ тұрғындар үшін табиғи газды пайдалану нормативін бекіту туралы» облысы әкімдігінің 2004 жылғы 12 мамырдағы №135
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. П. Качалоға жүктелсін.
Басқа 5. Есептегіш приборлары жоқ тұрғындар үшін табиғи газды пайдалану нормативі
Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 17 маусымдағы N 22 шешімімен бекітілген Есептегіш приборлары жоқ тұрғындар үшін табиғи газды пайдалану нормативі N п/п Атаулары Өлшем бірлігі Есептегіш приборлары жоқ жағдайда табиғи газды пайдалану нормативі 1 Орталықтан жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелері бар жағдайда айына бір адамға газ плитасында тамақ дайындауға нм 3 13 2 Орталықтан жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелері жоқ жағдайда айына бір адамға газ плитасында тамақ дайындауға және су ысытуға нм 3 22 3 Жергілікті жылыту газ приборларымен тұрғын ғимаратты жылыту (күнтізбелік жылға теңдей төлеу) жылытылатын алаңның 1 шаршы метріне жылытылатын алаңның нм 3 /м 2 10 Ескерту: есептегіш приборлары бар жағдайда табиғи газды пайдалану көлемі, табиғи газды қандай мақсаттарға пайдаланылуына қарамастан есептегіш бойынша анықталады.