Об утверждении Инструкции по выдаче разрешения организациям, претендующим на проведение энергетической экспертизы Күшін жойған
Басқа 0
Энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер ұйымдарға рұқсат беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының ұйымдарын энергетикалық зерттеуді ретке келтіру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер ұйымдарға рұқсат беру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Электр энергетикасы және қатты отын департаменті белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті (Рамазанов М.З.) осы бұйрықты энергетикалық сараптама жүргізетін ұйымдарға жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Электр энергетикасы және қатты отын департаментіне (Бертісбаев Н.Б.) жүктелсін.
Тармақ 5. Энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер ұйымдарға рұқсат беру жөніндегі Нұсқаулық
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
2004 жылғы 28 мамырдағы
N 120 бұйрығымен бекітілген
"Энергетикалық сараптама
жүргізуге үміткер ұйымдарға
рұқсат беру жөніндегі
Нұсқаулықты бекіту туралы"
Энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер ұйымдарға рұқсат беру жөніндегі Нұсқаулық
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер ұйымдарға рұқсат беру жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Электр энергетикасы туралы" , "Энергия үнемдеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Іске қосылған және салынып жатқан объектілердің энергияны үнемдеуіне сараптама жүргізу туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы N 167 қаулысына және "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 1822 қаулысына сәйкес жобаланатын, салынып жатқан, пайдалануға енгізілетін, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен объектілердегі энергетикалық зерттеуді ретке келтіру, сондай-ақ энергетикалық рыноктағы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулық электр энергетикасы саласының жұмыс істеп тұрған ұйымдары мен тұтынушыларының жобаланатын, салынып жатқан, пайдалануға енгізілетін жеке энергия тұтынатын жабдықтарына сараптаманы жүзеге асыру құқығын алуға үміткер ұйымдарға қатысты қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
арыз беруші - сараптау ұйымы мәртебесін алуға үміткер заңды тұлға;
сараптау ұйымы - электр энергетикасы мен энергияны үнемдеу мәселелері бойынша энергетикалық сараптама жүргізуге белгілі бір тәртіппен аккредитацияланған ұйым.
Тармақ 2. 2. Энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер ұйымдарға рұқсат беру
2. Энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер ұйымдарға рұқсат беру
Тармақ 4
4. Арыз беруші сараптау ұйымының мәртебесін алу үшін уәкілетті органға мыналар қамтылуға тиіс құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркін нысандағы арыз;
Тармақша 2
2) құрылтайшылық құжаттардың, тіркеу және статистикалық есеп туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмелері;
Тармақша 3
3) ұйымның ұйымдастыру құрылымдары туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) энергетика саласындағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес білікті қызметкерлер жөніндегі мәліметтер;
Тармақша 5
5) қызметкерлердің орналастыру үшін қажетті өндірістік базасы туралы, мәлімделген жұмыс түрлері бойынша энергетикалық зерттеу жүргізу үшін қажетті, сынақтық, метрологиялық және өлшеу аспаптары жөніндегі мәліметтер;
Тармақша 6
6) мәлімделген жұмыс түрлері бойынша энергетикалық зерттеу жүргізу үшін қажетті стандарттау, метрология және сертификаттау органдарында тексеруден өткен аттестацияланған өлшеу және сынақ аспаптарының тізбесі;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган бекіткен мәлімделген жұмыс түрлері бойынша энергетикалық зерттеулер жүргізудің тиісті әдістемелері;
Тармақша 8
8) ұйымдарды энергетикалық зерттеу жөніндегі қорытынды құжаттардың нысандары (сараптамалық бағалау актілері, тексерістер мен сынақтар хаттамалары);
Тармақша 9
9) қызметкерлердің саладағы басшылыққа алынатын құжаттарды білетінін растайтын құжаттар немесе куәліктер.
Тармақ 5
5. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Тармақ 6
6. Сараптау ұйымын белгілеу немесе бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган қарау нәтижелері негізінде қабылдайды. Қарау нәтижелері сәйкестілікті бағалауда қамтылатын қорытындыда көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Сараптау ұйымдарына энергетикалық зерттеу жүргізуге арналған рұқсатты уәкілетті орган 5 жылдан аспайтын мерзімге береді.
Тармақ 3. 3. Сараптау ұйымының қызмет саласы мен жұмыс түрлері
3. Сараптау ұйымының қызмет саласы мен жұмыс түрлері
Тармақ 8
8. Сараптау ұйымының қызмет саласы энергия көздері, жылу және электр тораптары, тұтынушылардың жылу және электр тұтыну қондырғылары болып табылады, олар үшін сараптау ұйымы жұмыстардың мынадай түрлерін:
Тармақша 1
1) жылу және электр энергиясы шығындарының нормативтік техникалық сипаттамаларын анықтау жөніндегі есептеулердің энергетикалық сараптама жүргізуді;
Тармақша 2
2) жөндеу жұмыстарының көлеміне энергетикалық сараптама, энергия жабдықтарына қайта құру мен жаңғырту жүргізуді;
Тармақша 3
3) электр энергетикасы мен энергия үнемдеу мәселелері бойынша, соның ішінде қайта құрылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектілер бойынша энергетикалық сараптама жүргізуді;
Тармақша 4
4) электр энергетикасы мен энергия үнемдеу саласында инженерлік және консультациялық қызметтер көрсетуді;
Тармақша 5
5) зерттеу жөнінде қызметтер көрсетуді және электр жабдықтары мен тораптарды сынау жөніндегі зертханаларды пайдалануға сараптамалық баға беруді;
Тармақша 6
6) электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге және қайта қарауға қатысуды;
Тармақша 7
7) энергетикалық және сынақ жабдықтарды, тораптарды зерттеу жөнінде белгіленген тәртіппен қызметтер көрсетуді және қорытындылар беруді;
Тармақша 8
8) заңнамаға сәйкес ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді;
Тармақша 9
9) электр энергетикасы саласында лицензияланатын қызмет түрлері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге біліктілік талаптарының сәйкестілігіне сараптамалық бағалар беруді;
Тармақша 10
10) электр энергетикасы мен энергия үнемдеу мәселелері бойынша сот талқылауларын жүргізу кезінде тәуелсіз сараптау қызметтерін көрсетуді;
Тармақша 11
11) техникалық қызметшілерді энергетикалық жабдықта жұмыс істеуге дайындау және қайта дайындау бойынша қызметтер көрсетуді;
Тармақша 12
12) электр энергетикасы саласы мамандарының біліктілігін арттыру жөнінде қызметтер көрсетуді;
Тармақша 13
13) энергетикалық жабдыққа қызмет көрсетуші қызметкерлердің білімін білікті тексеруге қатысуды;
Тармақша 14
14) энергетикалық жабдықтағы және өндірістік жарақат алған жағдайларда тораптардағы технологиялық бұзылушылықтар мен авариялардың себептері мен мән-жайларын тексеру жөнінде қызметтер көрсетуді;
Тармақша 15
15) электр және жылу энергиясын пайдаланудың тиімділігін талдаумен энергия үнемдеу мәселелері бойынша ұйымдарды зерттеу жөнінде қызметтер көрсетуді және ұсынымдар беруді;
Тармақша 16
16) авариялық және технологиялық бронь актілерін белгіленген тәртіппен жасау жөнінде қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.