О компенсации расходов за питание отдельных категорий воспитанников в государственных дошкольных организациях города Шымкент Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды өтеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына, «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай жекелеген санаттарын:
Тармақша 1
1) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды;
Тармақша 2
2) мүгедектігі бар балаларды;
Тармақша 3
3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларды;
Тармақша 4
4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көп балалы отбасылардан шыққан балаларды тамақтандыруға жұмсалатын шығыстар толығымен өтелсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шымкент қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қыркүйектен туындайтын қатынастарға қолданылады.