Ауданда аз қамтылған азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемін белгілеу Ережесін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Ауданда аз қамтылған азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемін белгілеу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа алу негізінде аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің ұсынысын қарап талқылап аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданда аз қамтылған азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемін белгілеу Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақжайық аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 21 тамыздағы "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын жай және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемін белгілеу Ережесін бекіту туралы" 21-2 шешімнің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі осы шешімді басшылыққа алып орындауға қабылдасын.
Басқа 4. Ауданда аз қамтылған азаматтарға тұрғын жай
ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге
тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемін белгілеу
Ережесі
Қосымша
Aқжайық аудандық мәслихаттың
2004 жылғы 1 маусымдағы
N 6-1 шешімімен бекітілген
Ауданда аз қамтылған азаматтарға тұрғын жай
ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге
тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемін белгілеу
Ережесі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақысы
Тармақша 1
1) Тұрғын үй жәрдемақысы - аз қамтылған азаматтар санаттарына басқа әлеуметтік қорғау түрлеріне, тұрғын жайдың меншік нысанына, арнайы мемлекеттік жәрдемақы түрлеріне, сондай-ақ басқа да әлеуметтік қорғау нысандарына байланыссыз берілетін жәрдемақы.
Тармақша 2
2) Тұрғын үй жәрдемақысы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлғаларға пайдаланып отырған нақты алаңы мен тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығындарының нормативтері шеңберіндегі шығындары осы мақсаттарға жұмсалып, ең жоғары шығын деңгейінен асып кеткен жағдайда беріледі. Тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығының ең жоғары деңгейі отбасы бюджетінің 30 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақша 3
3) Жәрдемақы пайдаланушы немесе меншіктенуші өтемақы шараларымен қамтамасыз нормалар шеңберінде тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлейтін нақты төлемақы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсай алатын ең жоғары шығын деңгейі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
Тармақша 4
4) Тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысы сомақысының құрамына мыналар енеді: тұрғын қорының өмірін қамтамасыз ету жүйелері мен жалпы пайдаланудағы орындарды күрделі жөндеуден өткізуге, пайдалану шығындары электр, су, газ, жылу энергиясы, отын-ағаш және қоқыс шығару.
Тармақша 5
5) Өтемақы төлеу шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңы нормаларға сай нақты пайдаланып отырған бір тұрғынға кемінде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегіз шаршы метр болып, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде Заңға сәйкес белгіленсін.
Тармақша 6
6) Тұрғын үй жәрдемақысын еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі арқылы есептеліп беріледі.
Тармақша 7
7) Тұрғын үй жәрдемақысы Ақжайық ауданы аумағында тұрақты тұратын, тұрғын жай меншіктенушісі немесе меншігінде тұрғын жайы жоқ пайдаланушы (жалдаушы) болып танылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
Ведомстволық тұрғын жайда тұратын үй жәрдемақысы осы Ережеде белгіленген жалпы негізінде тағайындалады.
Тармақша 8
8) Жекеменшігінде бір тұрғын жай бірлігінен артық тұрғын жайы (екі және одан да көп) бар немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген тұлға тұрғын жай жәрдемақысын алу құқынан Заң талаптарына сай айырылады.
Күтімге мұқтаж деп танылған тұлғаларды күтіп отырған немесе 3 жасқа дейінгі баланы (бір және одан да көп), сондай-ақ кішісі бірінші сыныпты аяқтағанға дейін (жасы 9-дан аспаған) үш және одан да көп баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларды, стационарлық емдеуде бір айдан астам уақыт болған адамдарды, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, I,II топтағы мүгедектерді, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, соғысқа қатынасқандардың жесірлерін және сексен жастан асқан қарияларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыспен қамту қызметтерінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшесі бар отбасының тұрғын үй жәрдемақысын алуға Заңға сәйкес құқы жоқ.
Тармақша 9
9) Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау барысында туындайтын барлық даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар сот арқылы Заңға сәйкес шешіледі.
Тармақша 10
10) Тұрғын үй жәрдемақысы ақшалай төлем түрінде белгіленеді және тұрғын жай меншіктенушіге немесе пайдаланушыға тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін есептелген сомамен салыстырғанда төлемақының азаюы ретінде аударым нысанында беріледі және қызмет көрсетуші кәсіпорындарының есеп шоттарына, белгілі нысандағы жеке шотқа сәйкес есептеледі. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін белгіленген нормаларға сәйкес есептелген нақты төлемақы сомасынан аспауы тиіс.
Тармақша 11
11) Тұрғын үй жәрдемақысы Қазақстан Ұлттық банкісінің келісімімен қаржы министрлігі тізімін бекіткен екінші дәрежелі банкілер арқылы, жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне бөлінген қаржы есебінен азаматтардың салым шоттарында аудару жолымен төленетін болып белгіленсін.
Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тәртібі мен шарттары еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, тиісті банк және алушы арасында жасалған үш жақты келісіммен белгіленеді.
Тармақша 12
12) Тұрғын үй жәрдемақысы арыз берілген күннен бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өткен тоқсанның табысы есепке алынады. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға төленетін ақының ұйғарылды шекті шығының үлесі, отбасының табысы, коммуналдық тарифтері өзгерсе әлеуметтік қорғау органдары бұрынғы есептелген соманы қайта есептейді.
Тармақша 13
13) Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар отбасы құрамындағы және бюджетіндегі қандай да болмасын өзгерістері, сондай-ақ жәрдемақының қате есептеу жайттары жөнінде 10 күн мерзімінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне хабарлауға немесе заңсыз өтемақы алуға әлеуметтік қорғау органдарына біле тұра жалған мәлімет берген меншік иесі (жалдаушы) тұрғын үй көмегі алу заңын белгіленген тәртіпке сай қайтарылуға жатады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу
Тармақша 1
1) Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім үй иесінің берілген отбасы құрамы туралы, отырған үйдің (пәтердің) оған жататындығы туралы, арыз берердің алдындағы тоқсан ішіндегі отбасының жиынтық табысы туралы құжаттардың негізінде әлеуметтік қорғау органымен қабылданады.
Тармақша 2
2) Берілген құжаттарды қарағаннан кейін отбасына шарт жасалады. Шарт екі дана жасалып, біреуі меншік иесінде сақталады. Шарт тұрғын үй жәрдемақысын беруге негіз болып танылады.
Тармақша 3
3) Отбасының бюджетіне (табысына) отбасының барлық мүшелерінің еңбекақысы, мүліктік табысы, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақысы атаулы әлеуметтік көмекпен, тұрғын үй жәрдемақысын қоспағанда басқа әлеуметтік көмек түрлері, ақшалай және заттай ұтыстар түрінде алынған, кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде және қосалқы шаруашылығынан алған нақты табысы енеді.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көзі
Тармақша 1
1) Барлық меншік түріндегі үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет ақысына материалдық көмек жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен төленеді.
Тармақша 2
2) Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен осы Ережеге сәйкес белгіленеді.
Тармақша 3
3) Аудандық қаржы бөлімі, аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы кем дегенде жылына бір рет алғашқы құжаттар бойынша тұрғын үй жәрдемақысына бюджеттік қаржының жұмсалуының дұрыстығын тексеруге және қорытындылары туралы тиісті мемлекеттік мекемелерге хабарлауға міндетті.
Тармақша 4
4) Қате рәсімделген құжаттар бойынша тұрғын үй жәрдемақысы заңсыз тағайындалған жағдайда кінәлі лауазым иелері заң тәртібі бойынша жауапқа тартылады.