Об утверждении Инструкции о порядке рассмотрения накопительными пенсионными фондами документов, представляемых получателями для осуществления пенсионных выплат Күшін жойған
Басқа 0
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлеуді жүзеге асыру үшін алушылар ұсынған құжаттарды қарау тәртібі туралы нұсқаулық
"Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 20 маусымдағы Заңына және "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру үшін алушылар ұсынған құжаттарды жинақтаушы зейнетақы қорларының қарау тәртібі " туралы
Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлеуді жүзеге асыру үшін алушылар ұсынған құжаттарды қарау тәртібі туралы нұсқаулық
2. Заң бөлімі (Семейская Н.А.) "Зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру үшін алушылар ұсынған құжаттарды жинақтаушы зейнетақы қорларының қарау тәртібі" туралы Нұсқаулықты мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
Келісілген: ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау ҚР Еңбек және халықты
министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің
әлеуметтік қорғау министрі
1998 жылғы "9" маусымдағы N 73-П
бұйрығымен _______________ бекітілген:
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлеуді жүзеге асыру үшін алушылар ұсынған құжаттарды қарау тәртібі туралы нұсқаулық
Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдерді жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысына сәйкес әзірленген.
Нұсқаулық алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған құжаттарды қараудың тәртібі мен құжаттардың тізбесін белгілейді.
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1.1
1.1. Алушы немесе оның уәкілеттігі Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес ресімделген сенімді адамы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқы пайда болған күнге дейінгі бір ай бұрын зейнетақы Қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы Қорға өтінішпен баруға құқылы. Қор алушының өтінішін өтініш түскен күннен бастап бір ай мерзім ішінде қарауға тиіс.
Тармақ 1.2
1.2. Қор кез келген жағдайда зейнетақы төлемдерін алуға ұсынылған, осы Нұсқаулықта көзделген барлық құжаттардың сақталуын жүзеге асырады.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Зейнетақы төлемдерін алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау тәртібі
2. Зейнетақы төлемдерін алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Зейнетақы төлемдерін алу үшін зейнет жасына келгенде алушы бұрын жасалған зейнетақы шартының негізінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру туралы Қорға өтінішпен барады, зейнет жасына келгенін растау үшін жеке басының куәлігін (төл құжатын), салымшының есеп кітапшасын, зейнетақы шартын көрсетеді.
Тармақ 2.2
2.2. Қазақстан Республикасының зейнетақы Заңдарында белгіленген зейнет жасына келгеннен кейін одан әрі еңбек етіп жүрген алушы (жұмыс істеп жүрген, зейнеткер) жинақталған зейнетақысын алу үшін Қорға өтініш береді, салымшының есеп кітапшасын, зейнетақы шартын және жеке басының куәлігін (төл құжатын) көрсетеді.
Тармақ 2.3
2.3. Қор алушының өтініші негізінде зейнетақы төлемдерін алудың бір айда бір реттен жиі емес кезеңділігін және заң актісі белгілеген айлық есептік көрсеткіштен төмен емес айлық төлемдердің сомасын белгілейді. Жинақталған зейнетақы мөлшері айлық төлемнен кем болған жағдайда, зейнетақы төлемдері бүкіл сомасымен бірден төленеді.
Тармақ 2.4
2.4. Бір алушыға бір ай үшін 36 (отыз алты) айлық есептік көрсеткіштен жоғары зейнетақы сомасын төлегенде, бақылауды жүзеге асыру үшін Компанияға тапсырыспен бірге Ұлттық зейнетақы агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) алушылардың тізімдері мен есептелген күнгі жағдай бойынша олардың жеке шоттарынан үзінді беріледі.
Тармақ 2.5
2.5. Қор зейнетақы төлемдерін салымшылардың банкте ашылған шоттарына төлем тапсырмасымен аудару арқылы жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2.6
2.6. Қор алушыға төленуге тиісті жинақталған зейнетақы сомасын белгілейді және Компанияға түскен өтініштердің жалпы сомасына қосады. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырғанда, Қор осымен бір мезгілде зейнетақы төлемдерінен ұсталатын табыс салығын аударуға арналған төлем тапсырмасын кастодиан банкке (бұдан әрі - Кастодиан) тапсыруға міндетті.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткенде жинақталған зейнетақыны алып тастау үшін тапсырылатын құжаттарды қарау тәртібі
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткенде жинақталған зейнетақыны алып тастау үшін тапсырылатын құжаттарды қарау тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. Қазақстан Республикасынан басқа елге визалық тәртіп бойынша тұрақты тұруға кетуіне байланысты жинақталған зейнетақыны алып тастау үшін алушы өтініш береді және Қорға зейнетақы шартын, салымшының есеп кітапшасын, сондай-ақ мыналардың нотариус куәландырған көшірмесін көрсетеді:
Тармақша 1
1) баратын елдің құзыретті органдарының тұрақты тұруға берген шақыруы (шақырып алуы);
Тармақша 2
2) рұқсат берілген жазбасы бар төл құжаты, жазбаға шақыруды рәсімдеген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық және облыстық басқармаларының төлқұжат және визалық жұмыс басқармасының (бөлімінің) лауазымды адамы қол қойып, оны нөмірлі мөрмен бекітіп куәландырады.
Тармақ 3.2
3.2. Қазақстан Республикасынан тыс басқа елге визасыз тәртіп бойынша тұрақты тұруға кетуіне байланысты жинақталған зейнетақыны алып тастау үшін алушы өтініш береді және Қорға зейнетақы шартын, салымшының есеп кітапшасын, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген нысандағы мекен-жайлық кету парағының нотариус куәландырған көшірмесін көрсетеді.
Тармақ 3.3
3.3. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шет елде тұрақты тұратын (оның ішінде уақытша кетіп қалып, тұрақты тұруға қалып қойған) салымшы/алушы осы Нұсқаулықтың 3.1. және 3.2-тармақтарында көрсетілген құжаттардың орнына Қорға оны консульдық есепке қойғаны туралы белгісі бар төл құжат бетінің куәландырылған көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқадағы құжатты тапсырады.
Тармақ 3.4
3.4. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, республика аумағында контракт бойынша жұмыс жасайтын салымшы/алушы контракт мерзімі біткеннен кейін жинақталған зейнетақыны алу үшін Қорға арыз, зейнет шартын, салымшының есеп кітапшасын, төл құжатын, контракт көшірмесін және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасын тапсырады.
Тармақ 3.5
3.5. Алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы шартын бұзғанға дейін 15 (он бес) күннен кешіктірмей Қорға зейнетақы шартын бұзу туралы өтінішін тапсырады.
Тармақ 3.6
3.6. Қор алушыға төленуге тиісті жинақталған зейнетақының сомасын белгілейді және оны өтініштің жалпы сомасына Компанияға қосады. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырғанда, Қор осымен бір мезгілде зейнетақы төлемдерінен ұсталатын табыс салығын аударуға арналған төлем тапсырмасын Кастодианға тапсыруға міндетті. Жинақталған зейнетақы алушыға шарт бұзылған күнге дейін төленуге тиіс.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Алушы қайтыс болған жағдайда төлемдерді жүзеге асыру үшін тапсырылған құжаттарды қарау тәртібі
4. Алушы қайтыс болған жағдайда төлемдерді жүзеге асыру үшін тапсырылған құжаттарды қарау тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасының мүшесіне немесе жерлейтін адамға жерлеу үшін берілетін біржолғы төлемді алу үшін өтініш, алушының қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмесі, жерлейтін адамның жеке басының куәлігі Қорға тапсырылады.
Тармақ 4.2
4.2. Алушы қайтыс болған жағдайда жинақталған зейнетақының мұраға қалдырған бөлігін алу үшін Қорға өтініш, мұраға құқық туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмесі, мұрагердің жеке басының куәлігі тапсырылады.
Тармақ 4.3
4.3. Қор алушының өтініші негізінде Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес жерлеуге арналған зейнетақы төлемдерінің сомасын белгілейді. Төлем өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) банктік күннен кешіктірілмей төленеді.
Тармақ 4.4
4.4. Жинақталған зейнетақы мұрагерлерге өтініш берілген күннен бастап 30 (отыз) күннен кешіктірілмей, жеке зейнетақы шотындағы қалдық ақша шегінде төленеді.
Тармақ 4.5
4.5. Қор алушыға төленуге тиісті жинақталған зейнетақы сомасын анықтайды және оны Компанияға түсетін өтініштердің жалпы сомасына қосады. Қор осымен бір мезгілде зейнетақы төлемдерінен ұсталатын табыс салығын аударуға арналған төлем тапсырмасын Кастодианға тапсыруға міндетті. Алушыға жинақталған зейнетақы шарт бұзылған күнге дейін төленуге тиіс.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Мүгедектігі бойынша зейнетақы төлеуді жүзеге асыруға арналған құжаттарды қарау
5. Мүгедектігі бойынша зейнетақы төлеуді жүзеге асыруға арналған құжаттарды қарау
Тармақ 5.1
5.1. Мүгедек болып қалған жағдайда зейнетақы төлемдері ерікті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақыдан төленеді. Алушы өтініш береді, халықты әлеуметтік қорғау органдары берген зейнеткерлік куәлігін, салымшының есеп кітапшасын, зейнетақы шартын ұсынады.
Тармақ 5.2
5.2. Қор алушының өтініші негізінде зейнетақы төлемдерін алудың бір айда бір реттен жиі емес кезеңділігін және заң актісі белгілеген айлық
есептік көрсеткіштен төмен емес айлық төлемдердің сомасын белгілейді.
Тармақ 5.3
5.3. Қор алушыға төленуге тиісті жинақталған зейнетақы сомасын анықтайды және оны Компанияға түсетін өтініштердің жалпы сомасына қосады. Қор осымен бір мезгілде зейнетақы төлемдерінен ұсталатын табыс салығын аударуға арналған төлем тапсырмасын Кастодианға тапсыруға міндетті. Жинақталған зейнетақы алушыға шарт бұзылған күнге дейін төленуге тиіс.