Об утверждении Правил оценки участников конкурса на соискание премии Правительства Республики Казахстан "За достижения в области качества" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйақысына ізденуге конкурсқа қатысушыларды бағалау ережесін бекіту туралы Сапа саласында конкурстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібінің талаптарын жетілдіру мақсатында  бұйырамын :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйақысына ізденуге конкурсқа қатысушыларды бағалау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының "Сапа саласында конкурстар өткізудің кейбір Ережелерін бекіту туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде N 1526 тіркелген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық атқару және өзге органдарының бюллетенінде 2001 жылғы, N 27, 457-бабында жарияланған) 2001 жылғы 2 мамырдағы N 128  бұйрығының  1 тармақ 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің аккредиттеу, сертификаттау және сапаны басқару бөлімі осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйақысына ізденуге конкурсқа қатысушыларды бағалау ережесі
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Төраға Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет Төрағасының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйақысына ізденуге конкурсқа қатысушыларды бағалау ережесін бекіту туралы 2004 жылғы 31 мамырында N 139 Бекітілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйақысына ізденуге конкурсқа қатысушыларды бағалау ережесі
Тармақ 1. 1. Негізгі ережелер
1. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйақысына ізденуге конкурсқа қатысушылардың баға өлшемдерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйақысына ізденуге конкурсқа қатысушыларды бағалау ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 "Сапа саласындағы конкурстар туралы"  қаулысына  сәйкес әзірленді.
Тармақ 2. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйақысына ізденуге конкурсқа қатысушылардың баға өлшемдері
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйақысына ізденуге конкурсқа қатысушылардың баға өлшемдері
Тармақ 3
3. Конкурсқа қатысушыларға екі топтағы өлшемнен тұратын үлгі бойынша балл арқылы баға қойылады. Бірінші топ - "Мүмкіндік" өлшемі ұйымның сапа саласында нәтижелерге қалай қол жеткізгені, оған қандай әрекет жасағанын бағалауға арналған. Екінші топ - "Нәтиже" өлшемі ұйымның қол жеткен табыстарын және қазіргі уақыттағы ұйымның талпыныстарын сипаттайды.
Тармақ 4
4. Нәтижелер мен анықталған нәтижелердің тенденциялары барлық "Нәтиже" өлшемдері бойынша:
Тармақша 1
1) ұйым қызметінің нақты нәтижелеріне;
Тармақша 2
2) ұйымның алдына қойған мақсаттарына;
Тармақша 3
3) бәсекелестердің қол жеткізген нәтижелеріне;
Тармақша 4
4) "класс бойынша ең үздік" деп аталған ұйымның қорытындысына қарай бағалануы тиіс.
Тармақ 5
5. Сарапшылар әр өлшем көрсеткіші бойынша бағалау баллын жұмыстардың нақты жай-күйіне және олардың тиімділігіне қарай белгілейді.
Тармақ 6
6. Сыйақы өлшемдері мен олардың көрсеткіштерін Сыйақы тағайындау комиссиясы және Комиссияның жұмысшы органы басқару әдістері мен сапамен қамтамасыз ету әдістерінің дамуына және жетілдірілуіне қарай мерзімді түрде талқылап отыруы мүмкін.
Тармақ 3. 3. Өлшемдердің мазмұны
3. Өлшемдердің мазмұны
Тармақ 7
7. "Мүмкіндік" өлшемі:
Тармақша 1
1) Басшылықтың жетекші ролі;
Тармақша 2
2) Сапа саласындағы саясат пен стратегия;
Тармақша 3
3) Қызметкер;
Тармақша 4
4) Серіктестік және ресурстар;
Тармақша 5
5) Ұйым жүзеге асыратын процестер.
Тармақ 8
8. "Нәтиже" өлшемі:
Тармақша 1
1) тұтынушылардың өнім сапасының (қызмет көрсетуіне) қанағаттануы;
Тармақша 2
2) сапа жөніндегі қызметке қызметкерлердің (персонал) қанағаттануы;
Тармақша 3
3) ұйымның қоғамға ықпалы;
Тармақша 4
4) ұйым жұмысының нәтижесі.
Тармақ 4. 4. 1 Өлшем - Басшылықтың жетекші ролі
4. 1 Өлшем - Басшылықтың жетекші ролі
Тармақ 9
9. Өлшем мазмұны: ұйым басшысының оның міндеттерін қалай белгілейтінін, даму стратегиясын қалай жасайтынын және оның іске асырылуына қалай ықпал ететінін; олардың табысқа қол жеткізуде құндылықтарды қалай қалыптастыратынын және оларды тиісті іс-шаралардың көмегімен және өз тәжірибесімен қалай қолданысқа енгізетінін; олардың сапа менеджменті жүйесін дамыту және қолданысқа ендіру бойынша қаншалықты тартылғанын анықтайды:
Тармақша 1
1) 1 а өлшем көрсеткіші - басшылардың ұйым міндеттерін, дамуы мен құндылықтарының стратегиясын белгілеуі, сапа мәдениетінің жақтаушысы ретінде өз тәжірибесін көрсетуі;
Тармақша 2
2) 1 б өлшем көрсеткіші - басшыларды сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, қолданысқа ендіру және ұдайы жетілдіру ісін қамтамасыз ететін қызметке тарту;
Тармақша 3
3) 1 в өлшем көрсеткіші - басшыларды қоғам тұтынушыларымен, серіктестерімен және өкілдерімен жұмыс істеуге тарту;
Тармақша 4
4) 1 г өлшем көрсеткіші - басшылардың ұйым қызметкерлерін мотивациялауы, қолдауы және көтермелеуі.
Тармақ 5. 5. 2 Өлшем - сапа саласындағы саясат пен стратегия
5. 2 Өлшем - сапа саласындағы саясат пен стратегия
Тармақ 10
10. Өлшем мазмұны - ұйым өз міндеті мен даму стратегиясын мүдделі жақтардың талап-тілегіне бағыттау арқылы қалай іске асырады, саясатын, жоспарларын және мақсаттары мен процестерін қалай әзірлейді:
Тармақша 1
1) 2 а өлшем көрсеткіші - саясаты мен стратегиясын белгілеу мақсатында мүдделі жақтардың бүгінгі және болашақтағы мұқтаждары мен күтілетін нәтижелерін айқындау;
Тармақша 2
2) 2 б өлшем көрсеткіші - саясаты мен стратегиясын әзірлеу үшін өлшеу, зерттеу, танымдық және шығармашылық қызметтердің қорытындысында алынған ақпаратты пайдалану;
Тармақша 3
3) 2 в өлшем көрсеткіші - саясаты мен стратегиясын әзірлеу, талдау және актуалдандыру;
Тармақша 4
4) 2 г өлшем көрсеткіші - саясаты мен стратегиясын шешуші процестердің аясында жандандыру.
Тармақ 6. 6. 3 Өлшем - Қызметкер
6. 3 Өлшем - Қызметкер
Тармақ 11
11. Өлшем мазмұны - ұйым қызметкерді қалай басқарады, оның білімі мен мүмкіндігін жеке алғанда және топтың, бүкіл ұйымның деңгейінде қалай дамытады және пайдаланады; ұйым өз қызметін өзінің саясаты мен стратегиясын жүзеге асыру, сонымен қатар өз процестерін тиімді іске асыру мақсатында қалай жоспарлайды:
Тармақша 1
1) 3 а өлшем көрсеткіші - қызметкерлермен жұмыс істеуді жоспарлау, басқару және жақсарту;
Тармақша 2
2) 3 б өлшем көрсеткіші - қызметкердің білімі мен компетенциясын айқындау, дамыту және қызметкерге қолдау көрсету;
Тармақша 3
3) 3 в өлшем көрсеткіші - қызметкерді ұйымның саясаты мен стратегиясын жүзеге асыру бойынша қызметке тарту және оған уәкілеттік беру;
Тармақша 4
4) 3 г өлшем көрсеткіші - ұйым қызметкерімен қарым-қатынас;
Тармақша 5
5) 3 д өлшем көрсеткіші - қызметкерді көтермелеу және оған қамқорлық ету.
Тармақ 7. 7. 4 Өлшем - Серіктестер мен ресурстар
7. 4 Өлшем - Серіктестер мен ресурстар
Тармақ 12
12. Өлшем мазмұны - ұйым ішкі ресурстарын және өзінің сыртқы серіктестермен қарым-қатынасын қалай жоспарлайды және оларды өз саясаты мен стратегиясын жүзеге асыруда, сонымен қатар өз процестерін тиімді іске асыруда қалай басқарады:
Тармақша 1
1) 4 а өлшем көрсеткіші - сыртқы серіктестер;
Тармақша 2
2) 4 б өлшем көрсеткіші - қаржы ресурстары;
Тармақша 3
3) 4 в өлшем көрсеткіші - инфрақұрылым және материалдық ресурстар;
Тармақша 4
4) 4 г өлшем көрсеткіші - технологиялар;
Тармақша 5
5) 4 д өлшем көрсеткіші - ақпарат және білім.
Тармақ 8. 8. 5 Өлшем - Ұйым іске асыратын процестер
8. 5 Өлшем - Ұйым іске асыратын процестер
Тармақ 13
13. Өлшем мазмұны - ұйым процестерді қалай жоспарлайды, өз саясаты мен стратегиясын қалай іске асырады, сонымен қатар өзінің тұтынушыларын және мүдделі жақтарды толық қанағаттандыру және құндылықтар қалыптастыру мақсатында менеджментті қалай іске асырады және жетілдіреді:
Тармақша 1
1) 5 а өлшем көрсеткіші - жүйелі жобалау және процестер менеджменті;
Тармақша 2
2) 5 б өлшем көрсеткіштері - тұтынушылар мен мүдделі жақтардың қосымша талаптарын толық қанағаттандыру мақсатында жаңартпаларды пайдалану арқылы процестерді жетілдіру;
Тармақша 3
3) 5 в өлшем көрсеткіштері - өнімді тұтынушылардың күткен нәтижелері негізінде жобалау және әзірлеу;
Тармақша 4
4) 5 г өлшем көрсеткіштері - өнім (қызмет) өндіру, жеткізу және қызмет көрсету;
Тармақша 5
5) 5 д өлшем көрсеткіші - менеджмент және тұтынушылармен қарым-қатынас.
Тармақ 9. 9. 6 Өлшем - Тұтынушыларды өнім (қызмет) сапасының қанағаттандыруы
9. 6 Өлшем - Тұтынушыларды өнім (қызмет) сапасының қанағаттандыруы
Тармақ 14
14. Өлшем мазмұны -сыртқы тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандыруда ұйымның қол жеткізген нәтижелері:
Тармақша 1
1) 6 а өлшем көрсеткіші - ұйым тұтынушыларының өнімнің және қызметтердің сапасын қабылдау көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) 6 б өлшем көрсеткіші - тұтынушылар талабын жоғарылату бойынша ұйым жұмысының көрсеткіштері.
Тармақ 10. 10. 7 Өлшем - Қызметкерлердің қанағаттанушылығы
10. 7 Өлшем - Қызметкерлердің қанағаттанушылығы
Тармақ 15
15. Өлшем мазмұны - өз қызметкерлерін қанағаттандыру бойынша ұйымның қол жеткізген нәтижелері:
Тармақша 1
1) 7 а өлшем көрсеткіші - қызметкердің ұйымдағы өз жұмысын қабылдау көрсеткіші;
Тармақша 2
2) 7 б көрсеткіші - сапа жөніндегі қызметке қызметкердің қанағаттанушылығын арттыру бойынша ұйымның жұмыстарының көрсеткіштері.
Тармақ 11. 11. 8 Өлшем - Ұйымның қоғамға әсері
11. 8 Өлшем - Ұйымның қоғамға әсері
Тармақ 16
16. Өлшем мазмұны - қоғам мүддесін жергілікті, ұлттық және әлемдік деңгейде қанағаттандыруда ұйымның қол жеткізген нәтижесі:
Тармақша 1
1) 8 а өлшем көрсеткіші - ұйым қызметін қоғамның қабылдау көрсеткіші;
Тармақша 2
2) 8 б өлшем көрсеткіші - қоғамның қанағаттанушылығын жоғарылату бойынша ұйым жұмысының көрсеткіштері.
Тармақ 12. 12. 9 Өлшем - Ұйым жұмысының нәтижесі
12. 9 Өлшем - Ұйым жұмысының нәтижесі
Тармақ 17
17. Өлшем мазмұны - жоспарлы мақсаттар бойынша ұйымның қол жеткізген нәтижесі:
Тармақша 1
1) 9 а өлшем көрсеткіші - ұйым жұмысының қаржылық көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) 9 б өлшем көрсеткіші - өнімнің сапасы және ұйымдардың өнім сапасында (қызмет көрсету) бойынша басқа да жұмыстарының нәтижесі.