О создании штаба при акимате Есильского района по координации деятельности районных исполнительных органов, организаций и учреждений по формированию электронных списков, регистрации и учету избирателей Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сайлаушылардың есебін, тіркеуді және электрондық тізімді қалпына келтіру үшін аудандық атқарушы органдар, ұйым және мекеме қызметтерін үйлестіру үшін Есіл аудандық әкімдігі жанынан штаб құру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2004 жылдың 9 наурызындағы № 1 «Сайлаушылардың есебін, оларды тіркеуді және электорондық тізімді қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасы ведомствасы, министрлік және агенттік қызметтерін үйлестіру үшін Республикалық штаб құру туралы» өкімін негізге ала отырып, аудан әкімі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Сайлаушылардың есебін, тіркеуді және электрондық тізімді қалпына келтіру үшін аудандық атқарушы органдар, ұйым және мекеме қызметтерін үйлестіру үшін Есіл аудандық әкімдігі жанынан штаб құрылысын (әрі қарай – аудан әкімдігі жанындағы штаб).
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігі жанындағы штабтың персоналдық құрамын бекіту аудандық маслихат сессиясына енгізілсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігі жанындағы штабтың ұсынылған Ережесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдық округ әкімдері сайлаушылар тізімін қалпына келтіру үшін электрондық банк мәліметтері түрінде «Сайлаушы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің компьютерлік бағдарламасын пайдалана отырып, осыған ұқсас штабтар құрып және бекітілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Е.Т.Қасеновке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Ақмола облыстық Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 7. Сайлаушылардың есебін, тіркеуді және электрондық тізімді қалпына келтіру үшін аудандық атқарушы органдар, ұйым және мекеме қызметтерін үйлестіру үшін Есіл аудандық әкімдігі жанынан құрылған штабтың ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің 2004 жылдың 9 сәуіріндегі № а-4/52 «Сайлаушылардың есебін, тіркеуді және электрондық тізімді қалпына келтіру үшін аудандық атқарушы органдар, ұйым және мекеме қызметтерін үйлестіру үшін Есіл аудандық әкімдігі жанынан штаб құру туралы» қаулысына № 1 қосымша Сайлаушылардың есебін, тіркеуді және электрондық тізімді қалпына келтіру үшін аудандық атқарушы органдар, ұйым және мекеме қызметтерін үйлестіру үшін Есіл аудандық әкімдігі жанынан құрылған штабтың ҚҰРАМЫ Шаяхметов Қабиболла Шаяхметұлы комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Цимбал Николай Андреевич сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық жіне жол шаруашылығы бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Қасенов Ерхан Ташмағамбетұлы Аудан әкімі аппаратының жетекшісі Тұрсынов Қабдеш Әбдешұлы ұйымдастыру және бақылаужұмысы бөлімінің бастығы Шаяхметова Алтынсара Аяған қызы аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі Мусин Талғат Әбдіхалықұлы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Қарасаева Көгершін Әділ қызы аудандық статистика бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Гульпа Анатолий Иванович аудандық телекоммуникация торабының бастығы (келісім бойынша)
Басқа 8
Аудан әкімдігінің 2004 жылдың 9 сәуіріндегі № а-4/52 «Сайлаушылардың есебін, тіркеуді және электрондық тізімді қалпына келтіру үшін аудандық атқарушы органдар, ұйым және мекеме қызметтерін үйлестіру үшін Есіл аудандық әкімдігі жанынан штаб құру туралы» қаулысымен бекітілген Аудан әкімдігінің сайлаушылардың есебін, тіркеуді және электрондық тізімді қалпына келтіру үшін аудандық атқарушы органдар, ұйым және мекеме қызметтерін үйлестіру үшін Есіл аудандық әкімдігі жанынан штаб құру туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Есіл аудандық әкімдігі жанындағы сайлаушылардың есебін, тіркеуді және электрондық тізімді қалпына келтіру үшін аудандық атқарушы органдар, ұйым және мекеме қызметтерін үйлестіру жөніндегі штабтың міндетін, рөлін, құқықтық және қызметтің ұйымдастырушылық негізін анықтайды (әрі қарай – Аудандық штаб).
Тармақ 2
2. Аудандық штаб сайлаушылар тізімінің дұрыстығын, олардың «Сайлаушы» автоматтандырылған ақпараттық жүйе ибағдарламасы режимінде өңдеу кезінде атқарушы органдар, ұйым және мекеме араларында нәтижелі іс-қимыл жасау мақсатында құрылған.
Тармақ 3
3. Аудандық штаб Есіл ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 4
4. Аудандық штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережені жетекшілікке алады.
Тарау 2. 2. Аудандық штабтың міндеттері
2. Аудандық штабтың міндеттері
Тармақ 5
5. Аудандық штабтың міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) аудан, қала, әр елді мекен және сайлау учаскілерін толық алғанда сайлаушылар бойыншаэлектрондық банк мәліметтері болуға мүмкіндігі бар жергілікті жерде «Сайлаушы» автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасында сайлаушылар тізімін жасау үшін атқарушы органдар қызметін үйлестіру;
Тармақша 2
2) атқарушы органдар бөлімшелерінде сайлаушылар есебін және тіркеудің нәтижелі қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Сайлаушылар тізіміне уақытылы түзетулер жасап, сайлау туралы заңның талаптарын сапалы және уақытылы орындауы үшін атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру.
Тарау 3. 3. Аудандық штабтың құқығы
3. Аудандық штабтың құқығы
Тармақ 6
6. Аудандық штаб Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген ретте өз құзыры шегінде:
Тармақша 1
1) атқарушы органдар жетекшілерінің, ұйым және мекеме, Есіл қаласы, Красногорский кенті, ауылдық округ әкімдерінің есебін тыңдауға;
Тармақша 2
2) халықтың есебін алу және тіркеуді әрі қарай жүргізу мәселесі бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) Сайлаушылар тізімін сапалы жасап, оларды тіркеу, есебін алуда Қазақстан Республикасы заңының талаптарын орындамаған мемлекеттік органдар жетекшілеріне тәртіптік шара қолдануға ұсыныс енгізуге құқылы.
Тарау 4. 4. Жұмысты ұйымдастыру
4. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Аудандық штаб төрағасы оның қызметіне жетекшілік жасайды, аудандық штаб отырысында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды.
Тармақ 8
8. Аудандық штаб төрағасы болмаған жағдайда отырыс оның орынбасарының төрағалық етуімен өтеді.
Тармақ 9
9. Аудандық штабтың кезекті отырысының күн тәртібін аудандық штаб мүшелерінің ұсынысымен аудандық штаб төрағасы жасайды.
Тармақ 10
10. Аудандық штабтың кезекті отырысына ұсынылатын мәселені дайындау үшін персоналдық құрамын төрағалық етуші анықтайтын жұмыс тобы құрылады.
Тармақ 11
11. Аудандық штабтың отырысы айына бір реттен кем емес.