Об утверждении положения Рабочей группы по вопросам ценообразования и контроля индекса потребительских цен Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Баға белгілеу және тұтыну бағасының индексін бақылау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 37 бабына сәйкес және бағаны тұрактандыру және әлеуметтік маңызы бар тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаның белгіленуіне мониторинг жүргізу жөніндегі шараларды күшейту мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Баға белгілеу және тұтыну бағасының индексін бақылау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жұмыс тобының құрамы облыстық маслихаттың кезекті сессиясында бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Әлмұрзаевқа жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының 2004 ж 1 маусымдағы № 133 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Баға белгілеу және тұтыну бағасының индексін бақылау мәселелері жөніндегі жұмыс тобы туралы ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер. 1. Баға белгілеу және тұтыну бағасының индексін бақылау мэселелері жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) облыс әкімияты жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Жұмыс тобының мақсаты бағаны тұрақтандыру және әлеуметтік маңызы бар тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгіленуіне мониторинг жүргізу жөніндегі шараларды күшейту мәселелері жөнінде ұсынымдар, ұсыныстар әзірлеу. Жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» ҚР 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын, «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚазКСР 1999 жылғы маусымдағы Заңын, басқа да нормативті құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлім 2. 2. Жұмыс тобының негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
2. Жұмыс тобының негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 2
2. Облыстағы әлеуметтік маңызы бар тауарлар, көрсетілетін қызметтер бағаларына мониторинг жүргізу.
Тармақ 3
3. Баға нарығының ағымдағы жай-күйін қадағалау, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бағасының деңгейін және динамикасын болжау.
Тармақ 4
4. Экономика саласындағы көтерме сауда бағаларының дефляторлары- индекстерін және тұтыну бағаларының жиынтық индексін болжау.
Тармақ 5
5. Экономиканың базалық саласындағы өнімдердің, құрылымды кұрайтын және стратегиялық маңызы бар тауарлардың бағаларын реттеу жөніндегі арнайы нысандарды енгізу.
Тармақ 6
6. Сұраныс пен ұсыныстың беталысын зерделеу.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік органдар мен ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер арасында ауыл шаруашылығы өнімдеріне кепілді бекітілген баға орнатуға, егін егу мен өнім жинау кезеңінде ЖЖМ бағасын тұрақтандыруға ұсыныс жасау.
Тармақ 8
8. Баға белгілеуші салықтарға мониторинг жүргізу.
Тармақ 9
9. Отырыстарда тауарлар мен қызметтер түрлерінің бағаларын өзгерту туралы мемлекеттік ұйымдардың ресми өтініштерін қарау.
Тармақ 10
10. Бағаны өзгерту жөнінде негіздемелі ұсынымдар жасау және Үкіметке ұсыну.
Тармақ 11
11. Тауарлар мен қызметтердің қолданыстағы бағаларын қайта қарау жөніндегі ұсыныстарды қарау және ұсыну.
Тармақ 12
12. Баға және тариф мәселесі бойынша облыстың атқарушы өкімет органдарымен және жергілікті өзін өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау.
Тармақ 13
13. Жұмыс тобы атқарушы мемлекет органдарынан өзінің қызметіне қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұратуға және өзінің отырыстарында өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша атқарушы өкімет органдарының лауазымдық тұлғаларын тыңдауға құқығы бар.
Бөлім 3. 3. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру
3. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру 14. Жұмыс тобын төраға басқарады. Жұмыс тобының отырысын төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша қажет болған жағдайда, бірақ тоқсанына кемінде бір рет төраға орынбасары шақырады. 15. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдар мен ұсынымдарды хатшы жұзеге асырады. 16. Жұмыс тобының шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларды жақтап жұмыс тобы мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілген болса қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. 17. Жұмыс тобының өткізілген отырысының қорытындысы бойынша жұмыс тобының төрағасы бекітетін хаттама жазылады. 18. Жұмыс органы «Ақтөбе облысының экономика және индикативті жоспарлау департаменті» мемлекеттік мекемесі.