О проведении аттестации работников органов системы Министерства финансов Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүйесі органдарының қызметкерлерін аттестациялауды өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 Заң күші бар Жарлығын орындау және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088 Жарлығымен бекітілген "Мемлекеттік қызметшілерді аттестациялауды өткізу және шарттары туралы ережені" жүзеге асыру үшін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі алқасының 1998 жылғы 30 шілдедегі N 21 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесі органдарының қызметін жетілдіру және кадрларды іріктеуді және орналастыруды жақсарту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Департаменттердің және комитеттердің (заңды тұлға құқығы бар), облыстық аумақтық бөлімшелердің басшылары 1998 жылдың қыркүйек-қазанында Қармин жүйесі органдарының қызметкерлерін аттестациялау жүргізсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүйесі органдарының мемлекеттік қызметшілерін аттестациялауды өткізу тәртібі және шарттары туралы ереже (1 қосымша) және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Орталық аттестациялық комиссиясы туралы ереже (2 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Орталық аттестациялық комиссияның құрамы (3 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 4
4. Орталық аттестациялық комиссияның жұмыс графигі және министрліктің орталық аппараты қызметкерлерін (4 қосымша), аумақтық органдар қызметкерлерінің (5 қосымша) аттестациялауды өткізу графигі бекітілсін.
Тармақ 5
5. Қаржы жүйесі кадрларын даярлау мен қайта даярлау және персоналмен жұмыс істеу департаменті (Ә.Ж. Сұлтанғазин) белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі орталық аппаратының қызметкерлеріне, сондай-ақ департаменттердің, комитеттердің, аумақтық органдардың басшыларына аттестациялық құжаттарды ресімдеуді қамтамасыз етсін және оларды орталық аттестациялық комиссияға тапсырсын.
Тармақ 6
6. Заңды тұлға болып табылатын департаменттердің және комитеттердің, қаржы жүйесінің облыстық аумақтық органдары бөлімшелерінің және Алматы мен Астана қалаларының басшылары:
Тармақ 6.1
6.1. Аттестациялық комиссиялардың құрамын және тиісті бөлімшелерде аттестациялауды өткізудің графигін бекітсін және оларды 1998 жылдың 20 тамызына қарай Қаржы жүйесі кадрларын даярлау мен қайта даярлау және персоналмен жұмыс істеу департаментіне тапсырсын.
Тармақ 6.2
6.2. Тамыз айында мыналарды бекіту жөніндегі жұмыстар: - аттестация өткізудің графиктерін және аттестация материалдарын беру мерзімін; - комиссиялар аттестациялайтын тиісті бөлімшелер қызметкерлерінің лауазымдар тізбесін; - аттестациялық комиссиялар туралы ережені аяқтасын.
Тармақ 6.3
6.3. Тиісті бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілеріне аттестациялық құжаттарды белгілеген тәртіппен ресімдеуді және осы құжаттарды департаменттердің, комитеттердің (заңды тұлға құқығы бар), Қаржымин жүйесі органдарының облыстық, қалалық және аудандық бөлімшелерінің аттестациялық комиссияларына жоғарыда аталған қызметкерлері аттестациялау басталғанға дейін екі апта бұрын кешіктірмей тапсырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Орталық аттестациялық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
7. Аттестациялық комиссиялардың төрағалары (Қаржыминнің барлық бөлімшелерінің) аттестациялаудың қорытындылары туралы есепті аттестациялау аяқталғаннан кейін он күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аттестациялық комиссиясына тапсырсын. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 25 тамыздағы N Л-1709 бұйрығына 2 қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Орталық аттестациялық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Орталық аттестациялық комиссиясы орталық аппаратының қызметкерлерін, Қаржымин жүйесі аумақтық органдарының басшылары аттестация ұйымдастыру және өткізу үшін, сондай-ақ департаменттер мен комитеттердің (заңды тұлға құқығы бар) аттестациялық комиссиялардың жұмысында туындайтын даулы мәселелерді шешу үшін құрылады. Орталық аттестациялық комиссия қызметінің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі органдарында кадрлармен жұмыс істеу мәселелерін сапалы шешуді қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Орталық аттестациялық комиссия кеңесші орган болып табылады, оның шешімі Қаржы министрі бекіткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Орталық аттестациялық комиссия вице-министрлердің, департаменттер мен комитеттердің басшыларының, олардың орынбасарларының, басқармалар мен бөлімдер басшыларының арасынан тағайындалатын төраға, оның орынбасары және комиссия мүшелері құрамында құрылады.
Тармақ 4
4. Орталық аттестациялық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бекітеді.
Тармақ 5
5. Орталық аттестациялық комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясымен Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088  U963088_  Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді аттестациялауды өткізу тәртібі және шарттары туралы ережені, Қаржы министрінің бұйрықтарын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 6
6. Орталық аттестациялық комиссияның жұмыс графигін Қаржы министрі бекітеді.
Тарау 2. 2. Орталық аттестациялық комиссияның функциялары
2. Орталық аттестациялық комиссияның функциялары
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесі органдарының қызметкерлерінің 1998 жылғы 16 шілдедегі N 19 лауазымдар номенклатурасы туралы Қазақстан Республикасы Қаржымині алқасының қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қаржы вице-министрлерінің бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі алқасы мәжілісінің бекітуімен Қаржы министрінің бұйрығымен тағайындалатын қызметкерлерге аттестациялауға ұсынылған құжаттамаларды (сипатнама, өтініш және т.б.) қарайды.
Тармақ 8
8. Департаменттер мен комитеттердің (заңды тұлға құқығы бар) аттестациялық комиссиялар жұмысының жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады, оларға әдістемелік көмек көрсетеді, олар ұсынған есептерді талдайды.
Тармақ 9
9. Департаменттер мен комитеттердің (заңды тұлға құқығы бар), қаржы жүйесі органдарының облыстық аумақтық бөлімшелері аттестациялық комиссиялардың жұмыс барысында туындайтын дау-жанжалдық жағдайларды қарайды.
Тармақ 10
10. Қаржымин жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 Заң күші бар Жарлығында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде", "Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі N 267-1 ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңында және басқа да Заң актілерінде мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.
Тармақ 11
11. Аттестацияланушы қызметкердің атқарып отырған қызметіне сай келу дәрежесін және оны қызмет бабында пайдаланудың перспективасын айқындайды.
Тармақ 12
12. Аттестацияланушылардың кәсіби қызметін оған жүктелген жұмыс учаскелеріндегі істердің жай-күйін талдауды жүзеге асырады, аттестацияланушылардың қызметіндегі кемшіліктерді анықтайды.
Тармақ 13
13. Аттестацияланушылардың тарапынан олар аттестациялаудың материалдарын танысқан күннен бастап бір айлық мерзімнен кешіктірмей шағымдарын қарайды.
Тарау 3. 3. Орталық аттестациялық комиссияның құқықтары
3. Орталық аттестациялық комиссияның құқықтары Мыналарға:
Тармақ 14
14. Департаменттер мен комитеттерден комиссияның жұмысына қажетті құжаттарды және материалдарды сұратуға және алуға.
Тармақ 15
15. Орталық аттестациялық комиссияда департаменттердің және комитеттердің жоғары білікті мамандарын сарапшылар және консультанттар ретінде жұмысқа тартуға.
Тармақ 16
16. Департаменттердің, комитеттердің (заңды тұлға құқығы бар), Қаржымин жүйесі аумақтық органдарының аттестациялық комиссияларының төрағаларынан аттестациялаудың қорытындылары туралы есептер беруін талап етуге.
Тармақ 17
17. Даулы мәселелерді шешу үшін Орталық аттестациялық комиссияның мәжілістеріне шағым берген аттестацияланушыларға сипатнама дайындаған қызметкерлерді шақыруға.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппаратының аттестацияланушы қызметкерлерінің қызметін немесе біліктілік сыныбын көтеру немесе төмендету туралы ұсыныстар енгізуге.
Тармақ 19
19. Орталық аппаратының қызметкерлерін, Қаржы министрлігі жүйесінің аумақтық органдарының басшыларының мемлекеттік қызметте қол жеткізген табыстары үшін көтермелеуге ұсынуға.
Тармақ 20
20. Егер аттестация өткізген кезде аттестациялау туралы Ереженің бұзылғандығы анықталса, қызметкерді қайта аттестациялау туралы шешім қабылдауға.
Тармақ 21
21. Департаменттердің, Комитеттердің (заңды тұлға құқығы бар), Қаржымин жүйесінің аумақтық органдарының аттестациялық комиссиялардың қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге құқықтары бар.
Тарау 4. 4. Орталық аттестациялық комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Орталық аттестациялық комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 22
22. Комиссияның мәжілісі графикке сәйкес жүргізіледі, бірақ тоқсанда бір реттен кем болмауы тиіс.
Тармақ 23
23. Комиссияның мәжілістерінде қаралатын мәселелер бойынша шешімдер комиссия мүшелерінің құрамының 2/3 болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс берудің нәтижелері көпшілік дауыспен анықталады, хаттамамен ресімделеді, бұған комиссияның төрағасы және хатшысы қол қояды және дауыс беруден кейін аттестацияланушыға беру хабардар етіледі.
Тармақ 24
24. Қызметшіні аттестациялау комиссияның мәжілісінде оның қатысуымен жүргізіледі. Аттестациялау барысында комиссия сипатнама дайындаған адамға аттестацияланушыға жан-жақты мінездеме беруге мүмкіндік жасайды. Аттестациядан өтетін мемлекеттік қызметші өз жұмысы туралы есеп әзірлейді. Аттестацияланушының жұмысын талқылау принциптілік, ізгі ниеттілік, объективтік жағдайда өтуі тиіс.
Тармақ 25
25. Аттестациялық комиссия дауыс беру нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылдайды:
Тармақша 1
1) атқарып отырған қызметіне сай, болмаса оның кәсіби деңгейін ескере отырып қызмет бабында көтеруге немесе кезекті біліктілік сыныбын беруге лайықты;
Тармақша 2
2) бір жылдан кейін қайта аттестациялау өткізу арқылы комиссияның ақыл-кеңесін міндетті түрде орындаған жағдайда атқарып отырған қызметіне сай;
Тармақша 3
3) атқарып отырған қызметіне сай емес, кәсіби қайта даярлауға жіберілуі, болмаса қызметі немесе біліктілік сыныбы төмендетілуі мүмкін.
Тармақ 26
26. Аттестациялық комиссия мәжілісінің хаттамасын орталық аттестациялық комиссияның төрағасы бекітеді.
Тармақ 27
27. Орталық аттестациялық комиссияның төрағасы: - комиссияның жұмыс тәртібін белгілейді; - комиссияның қызметіне консультанттарды, сарапшыларды тарту туралы мәселені шешеді; - орталық аттестациялық комиссия мәжілістерінің күн тәртібін құрайды; - комиссияның шешімдерін орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Тармақ 28. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аттестациялық комиссиясы
28. Комиссияның хатшысы: - комиссияның қарауына материалдардың дер кезінде ұсынылуына бақылау жасауды жүзеге асырады; - комиссия мүшелерін мәжілістерді өткізу мерзімі туралы хабарлайды, қажетті материалдармен қамтамасыз етеді; - комиссияның шешімдерін лауазымды адамдарға хабардар етеді, комиссияның шешімдерінің орындалуын бақылайды; - комиссияның іс-қағаздарын жүргізеді. 3-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аттестациялық комиссиясы Төраға:
Тармақ 1
1. Министр -                             С.М. Мыңбаев Төрағаның орынбасары:
Тармақ 2
2. Вице-министр -                       Н.С. Молдахметов Комиссия мүшелері:
Тармақ 3
3. Бюджет департаментінің директоры                               Д.Р. Әбілғазин
Тармақ 4
4. Инспекторлық-ұйымдастыру жұмыстары департаментінің директоры                               Е.С. Ағайдаров
Тармақ 5
5. Заң қызметі департаментінің директоры                               Ғ.И. Қанатбеков
Тармақ 6
6. Фискальды саясат департаментінің директоры                               С.С. Қанатов
Тармақ 7
7. Қаржы жүйесінің кадрларын дайындау және қайта дайындау және персоналмен жұмыс істеу департаментінің директоры               Ә.Ж. Сұлтанғазин
Тармақ 8
8. Қазынашылық департаментінің директоры                               В.И. Малышева
Тармақ 9
9. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснама департаментінің директоры                               Р.М. Рақымбекова
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті директорының бірінші орынбасары                              А.М. Шұқпытов
Тармақ 11
11. Сыртқы қарыз алу жөніндегі комитетінің төрағасы                    А.Б. Зейнелғабдин
Тармақ 12
12. Салық комитетінің төрағасы                                Б.Ш. Тәджіяқов
Тармақ 13
13. Салық полициясының төрағасы                                Р.М Әлиев
Тармақ 14
14. Кеден комитетінің төрағасы                                Ғ. Е. Қасымов
Тармақ 15
15. Заң қызметі департаменті директорының орынбасары                 Қ.А. Әбдіхалықов
Тармақ 16
16. Қаржы жүйесінде кадрларды дайындау және қайта дайындау және персоналмен жұмыс істеу департаменті мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және біліктілікті көтеру басқармасының мемлекеттік қызметті ұйымдастыру бөлімінің бастығы                       А.К. Тоқсейітов Комиссияның хатшысы:
Тармақ 17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық аттестациялық комиссиясының жұмыс және орталық аппарат қызметкерлерін аттестациядан өткізу Кестесі
17. Қаржы жүйесінде кадрларды дайындау және қайта дайындау және персоналмен жұмыс істеу департаменті мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және біліктілікті көтеру басқармасының мемлекеттік қызметті ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы                          М.А. Токарева 4-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық аттестациялық комиссиясының жұмыс және орталық аппарат қызметкерлерін аттестациядан өткізу Кестесі 1.7-8.09.98 ж.      - Қазынашылық, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, бухгалтерлік есеп және аудит департаменттері, салық, салық полициясы, кеден сырттан қарыз алу комитеттері (департамент директорлары және комитет төрағалары, олардың
Тармақша орынбасарлары
орынбасарлары). 2.9-11.09.98 ж.    - Бюджет департаменті (директор, оның орынбасарлары, басқарма бастықтары, олардың орынбасарлары, басқарманың ішіндегі бөлімдердің бастықтары және олардың орынбасарлары, сектор меңгерушілері, бас жетекші, аға мамандар,
Тармақша мамандар
мамандар). 3.11-12.09.98 ж.     - Заң қызметі департаменті (директор, оның орынбасарлары, басқарма бастықтары, ішкі басқарма бөлімдерінің бастықтары, бас, жетекші мамандар). 4.14-15.09.98 ж.     - Фискальды саясат департаменті (директор, оның орынбасарлары, басқарма бастықтары, олардың орынбасарлары, департамент ішіндегі жеке бөлім бастығы, басқарма ішіндегі бөлімдердің бастықтары, бас, жетекші мамандар).
Тармақ 5
5. 16-18.09.98 ж.    - Инспекторлық ұйымдастыру жұмыстары департаменті (директор, оның орынбасарлары, департамент ішіндегі басқармалардың бастықтары, олардың орынбасарлары, басқарма ішіндегі бөлімдердің бастықтары, олардың орынбасарлары, бөлім бастығы - бас бухгалтер, бас, жетекші мамандар (инспекторлар) және басқа қызметкерлер).
Тармақ 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық аттестациялық комиссиясының жұмыс және орталық аппарат қызметкерлерін аттестациядан өткізу Кестесі
6. 21.09.98 ж.         Қаржы жүйесіндегі кадрларды дайындау және қайта дайындау және персоналмен жұмыс істеу департаменті (директор, оның орынбасары, департамент ішіндегі басқармаларының бастықтары, олардың орынбасарлары, департамент ішіндегі басқармалар бастықтары, олардың орынбасарлары, департамент ішіндегі жеке бөлім бастығы, басқарма ішіндегі бөлімдер бастықтары, олардың орынбасарлары, бас, жетекші инспекторлар). 5-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық аттестациялық комиссиясының жұмыс және орталық аппарат қызметкерлерін аттестациядан өткізу Кестесі
Тармақ 1.01
1.01.-02.10.98 ж.       Астана қаласы, Ақмола, Қостанай облыстары (қаржы басқармаларының, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттерінің, салық комитеттерінің, қазынашылық басқармаларының, бухгалтерлік есеп және аудит әдіснама басқармаларының, салық полициясы комитеттерінің, облыстық және Астана қалалық кедендер, кеден басқармаларының бірінші жетекшілері; облыстық қаржы басқармалары және Астана қалалық қаржы басқармасы жетекшілерінің орынбасарлары және бөлім бастықтары - бас бухгалтерлер; қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінің бірінші жетекшілері, облыстардағы қазынашылықтың аумақтық басқармалары және бөлімдерінің бастықтары; ауданаралық (аймақтық) салық комитеттерінің, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерінің төрағалары.
Тармақ 2.05
2.05.-06.10.98 ж.       Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл облыстары (қаржы басқармаларының, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттерінің, салық комитеттерінің, қазынашылық басқармаларының, бухгалтерлік есеп және аудит әдіснама басқармаларының, салық полициясы комитеттерінің, облыстық және Алматы қалалық кедендер, кеден басқармаларының бірінші жетекшілері; облыстық қаржы басқармалары және Алматы қалалық қаржы басқармасы жетекшілерінің орынбасарлары және бөлім бастықтары - бас бухгалтерлер; қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінің бірінші жетекшілері, облыстардағы қазынашылықтың аумақтық басқармалары мен бөлімдердің бастықтары; ауданаралық (аймақтық) салық комитеттерінің, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерінің төрағалары. 3.09-10.10.98 ж.     Ақтөбе қаласы, Атырау, Маңғыстау облыстары (қаржы басқармаларының, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттерінің, салық комитеттерінің, қазынашылық басқармаларының, бухгалтерлік есеп және аудит әдіснама басқармаларының, салық полициясы комитеттерінің, облыстық кедендер, кеден басқармаларының бірінші жетекшілері, облыстық қаржы басқармалары жетекшілерінің орынбасарлары және бөлім бастықтары - бас бухгалтерлер; қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінің бірінші жетекшілері, облыстардағы қазынашылықтың аумақтық басқармалары мен бөлімдердің бастықтары; ауданаралық (аймақтық) салық комитеттерінің, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерінің төрағалары.
Тармақ 4. Аттестациялық комиссия мәжілісінің ХАТТАМАСЫ (қорытындылар)
4. 13-14.10.98 ж.       Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары (облыстық қаржы басқармаларының, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттерінің, салық комитеттерінің, қазынашылық басқармаларының, бухгалтерлік есеп және аудит әдіснама басқармаларының, салық полициясы, кедендер, кеден басқармалардың бірінші жетекшілері; қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінің бірінші жетекшілері, облыстардағы қазынашылықтың аумақтық басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары; ауданаралық (аймақтық) салық комитеттерінің, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерінің төрағалары. 5.19-20.10.98 ж.        Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары (қаржы басқармаларының, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттерінің, салық комитеттерінің, қазынашылық басқармаларының, бухгалтерлік есеп және аудит әдіснама басқармаларының, салық полициясы, кедендер, кеден басқармаларының бірінші жетекшілері; облыстық қаржы басқармалары жетекшілерінің орынбасарлары және бөлім бастықтары - бас бухгалтерлер; облыстардағы қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінің бірінші жетекшілері, облыстардағы қазынашылықтың аумақтық басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары. Аттестациялық комиссия мәжілісінің ХАТТАМАСЫ (қорытындылар) ____________________________________________________________________                        (органның атауы) Төраға (төрайым)______________________________________________ (қызметі, атақ-дәрежесі, тегі, аты) Комиссия мүшелері:  ____________________________________________________________________ (қызметі, атақ-дәрежесі, тегі, аты)   ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Комиссия хатшысы   ____________________________________________________________________                   (қызметі, атақ-дәрежесі, тегі, аты) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Аттестацияланатын        |Аттестация бойынша тұжырым қызметкердің тегі, аты, қызметі,|және ұсыным арнайы атағы           | _________________________________|__________________________________ Төраға (төрайым)_________________ Хатшы           _________________ "____"_____________1998 ж. Аттестациялық парақ
Тармақ 1
1. Тегі, аты, әкесінің_________________________________________
Тармақ 2
2. Туған жылы__________________________________________________
Тармақ 3
3. Білім және біліктілікті арттыру туралы мәлімет______________ ____________________________________________________________________ (нені және қашан бітірді, мамандығы және білім бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы)
Тармақ 4
4. Аттестация кезінде және белгіленген күндегі қызметі ____________________________________________________________________ (осы қызметке сайлануы және бекітілуі)
Тармақ 5
5. Жалпы еңбек стажы___________________________________________
Тармақ 6
6. Аттестацияланатынға қойылатын сұрақтар және оған берілетін жауаптар ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 7
7. Аттестация комиссиясы мүшелерінің айтқан ескертпелері және ұсыныстары ____________________________________________________________________
Тармақ 8
8. Аттестацияланатын қызметшіге айтылған ескертпелер мен ұсыныстар ____________________________________________________________________
Тармақ 9
9. Дауыс беру нәтижесі бойынша қызметші қызметінің бағасы: қызметіне сәйкес_______________________________________________ сынып беру бойынша ұсыныс______________________________________ Дауыс беру саны қарсы емес__________           қарсы___________
Тармақ 10. Аттестацияны рәсімдеу бойынша түсіндірме Аттестациядан өтетіндерге ұсынылатын тексте
10. Ескерту____________________________________________________ Аттестация комиссиясының төрағасы (төрайымы) Аттестация комиссиясының хатшысы Аттестация комиссиясының мүшелері Аттестация өткізілген күн____________________ Аттестациялық парақпен таныстым___________________ (аттестациядан өткеннің қолы және күні) Аттестацияны рәсімдеу бойынша түсіндірме Аттестациядан өтетіндерге ұсынылатын тексте қамтылады: мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының конституциясын және нормативтік құқықтық актілерді білуі; қызмет бойынша біліктілік талаптарына мемлекеттік қызметшінің кәсіби дайындығына сәйкес жан-жақты бағасы; жұмысқа және қызмет міндеттерін орындауға қатысуы; білімі; өткен кезең ішіндегі жұмыс көрсеткіштері; жаңа жағдайда қойылған мемлекеттік аппарат жұмыс тапсырмаларын орындауды ұйымдастыра білуі, бастама көтеруі, кемшіліктерді жоюы; еңбек және орындау тәртіптерін сақтауы, ұжым мүшелерімен өзара қарым-қатынас болуы. Басқарма, бөлім бастығы: ұйымдық-әкімшілік жұмыстарды орындауы; жоспарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруы; бөлімше қызметінің саясаты мен стратегиясын жасауы; басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылды жүзеге асыруы; зерттеулерді, нормативтерді жасауға басшылығы; оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі мәселелері бойынша талдау жұмыстарын өткізуге басшылығы; азаматтардың өтініштерін, хаттарын, сұрауларын қарау тәртібін қамтамасыз етуі; ұжымға басшылықты жүзеге асыруы. Басқарма, бөлім бастықтарының орынбасарлары, сектор меңгерушісі: мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі шараларды жасауға қатысуы; оның құрылымдық бөлімшелерді қызметі мәселелері бойынша талдау жұмыстарын дайындау және келісім үшін басқарма органына түсетін жобалау құжаттары бойынша қорытындыларды дайындауды ұйымдастыруы; жоғары басшылық қабылдаған басқару шешімдерін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі; жоғары басшылықтың тапсырмасы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыстарды ұйымдастыруы; азаматтардың өтініш-хаттарын қарауға қатысуы; кешен сипатындағы материалдарды дайындау кезінде басқа мемлекеттік органдары мен бөлімшелердің жұмыстарын үйлестіруі. Бас маман: болжамдардың, бағдарламалардың, шаралардың бөлек бөлімдерін, заңдардың жобаларын және әдіснама сипатындағы материалдарды әзірлеуге қатысуы; бөлімшелердің қызметі мәселелері бойынша келісуге түсетін құжаттар бойынша қорытынды жобаларын дайындауы; экономикалық және әлеуметтік дамытуға арналған бағыттағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жасауға қатысуы; мемлекеттік органдармен хат алмасу жөніндегі қажетті материалдарды, өз қызметі мәселелері бойынша азаматтардың үндеулеріне арналған жауаптарды дайындауы. Қазынашылықтың жетекші маманы, аға қазынашы, жетекші бухгалтер - экспертші: өздеріне тапсырылған бағыттағы жұмыстарды орындауы; бір топ мамандарды үйлестіру және әдістемелік басшылығын жүзеге асыруы; әр түрлі сипаттағы жұмыстарға басшылық бойынша тапсырмаларды орындауы; бөлімшелердің қызмет мәселелері бойынша нұсқаулық-әдістемелік, нормативтік құжаттарды құжат айналымын жүйелеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруы; тапсырылған жұмысты өз бетімен жүзеге асыра білуі; басқару құжаттарын: анықтама, ақпаратты жазбаша дайындауы. Қазынашылық департаментінің мамандары: маман, аға маман, қазынашы, бухгалтер - экспертші: жетекші бақылауында оларға көрсетілген нақты міндеттерді шешудің әдістемелері негізінде мамандандырылған қызмет саласы шеңберінде жұмыстарды орындауы; талдау жұмыстарын жүргізу үшін ақпараттың статистикалық есебі, жүйелендіруі, жинауы; басқару құжаттарын дайындауға қатысуы: анықтама, ақпаратты жазбалар және т.б.; бөлімдердің қызмет мәселелері бойынша азаматтардың үндеулерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдар үшін қажетті материалдарды дайындауы.