О запуске пилотного проекта по оказанию услуги «Предоставление ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной и жилищной помощи» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер беру» қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 168) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 128 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қ.Б. Есекеевтің төрағалығымен өткен Деректерді өңдеу орталығын және суперкомпьютер салу жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының 2024 жылғы 29 қазандағы № 24-62-2,26 хаттамасының 3-тармағын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында «Әлеуметтік әмиян» арқылы халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесінде іске асырылған «Отбасының цифрлық картасы» талдамалық шешімі арқылы проактивті тәсілмен «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер беру» қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске қосылсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Пилоттық жобаның қолданылу мерзімі 2024 жылғы 5 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 30 сәуірді қоса алған кезеңге дейін белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі, цифрландыру департаменттері және «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы (келісу бойынша):
Тармақша 1
1) «Smart Bridge»-ге өтінім беру арқылы дербес деректерге қолжетімділікті бақылаудың мемлекеттік сервисіне (бұдан әрі – ДДҚ сервисі) қосылуды;
Тармақша 2
2) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пилоттық жоба шеңберінде қызмет көрсету кезінде ДДҚ сервисі арқылы субъектіден дербес немесе оның заңды өкілінің деректерін алуды;
Тармақша 3
3) пилоттық жобаны тауарлық газды есепке алу аспаптары бар атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ төлеміне жеңілдіктер қолдану үшін «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 6014 және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы № 309 қаулыларымен бекітілген Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысындағы айлық тұтыну нормаларын ескере отырып іске асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі, Цифрландыру департаменттері, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 54-бабы 3-тармағының 3-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8-тармақтарына сәйкес пилоттық жоба мерзімі аяқталғаннан кейін және өзінің ақпараттық жүйесінің өнеркәсіптік іске қосылуына дейін:
Тармақша 1
1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес сынаудың оң нәтижелерімен хаттамаларды алуды;
Тармақша 2
2) өзінің ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының (бұдан әрі – Орталық) болуын және оның жұмыс істеуін немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы қызметін сәйкес үшінші тұлғалардан сатып алуын, сондай-ақ Орталықтың Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік координациялық орталығымен өзара әрекеттесуін;
Тармақша 3
3) мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бірлескен жұмыстар шартының болуын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарына сәйкестендіру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 30 сәуірге дейін қолданылады.
Басқа 0. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер ұсыну» қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру және пилоттық жобаны іске асыру барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасу алгоритмі
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 446,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 759/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 107 мен
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 440
Бірлескен бұйрығына
қосымша
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер ұсыну» қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру және пилоттық жобаны іске асыру барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасу алгоритмі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер ұсыну» қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға цифрлық ваучерлер ұсыну жолымен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын тиімді атаулы қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Тармақ 2
2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) абоненттік нөмір – ұялы байланыс операторымен шарт жасасу кезінде Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыға пайдалануға берілетін нөмір, басқа абоненттік жабдықпен байланыс орнатылады және абонентті желіде сәйкестендіруге мүмкіндік береді;
Тармақша 2
2) әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы – есепті айдың алдындағы айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша пилоттық жоба жүргізілетін өңірлерде тұратын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және (немесе) тұрғын үй көмегін алушы;
Тармақша 3
3) «Әлеуметтік әмиян» сервисі (бұдан әрі – Әмиян) – цифрлық ваучерлерді есепке алуға және сақтауға арналған, оларға иeлік етуді қамтамасыз ететін, еGov Mobile-ға енгізілген жеке тұлғаның электрондық әмияны;
Тармақша 4
4) «Әлеуметтік әмиян» сервисін әзірлеуші – eGov Mobile қосымшасында орналастырылған «Әлеуметтік әмиян» сервисіне айрықша авторлық құқығы бар «Aitu – Төлем шешімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 5
5) ваучер сомасы (бұдан әрі – Шегерім) – Кызметті көрсетуші Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынатын тауарлық газдың есептелген көлеміне жеңілдік сомасы. Жеңілдік Қызмет алушы тұтынатын тауарлық газ көлемінің жеңілдікке көбейтіндісі ретінде есептеледі. Ең жоғары жеңілдік «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 6-2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган бекіткен Айлық тұтыну нормасына жеңілдіктің туындысынан аспайды.
Тармақша 6
6) дербес шоттың нөмірі (бұдан әрі – дербес шот) – тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің жария шарты шеңберінде Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелерінде тауарлық газды тұтыну көлемін есепке алу үшін Көрсетілетін қызметті алушыға берілген бірегей сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 7
7) жеңілдік – тұрмыстық тұтынушылар (халық) (тұтынушылардың 1 тобы) және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) (тұтынушылардың 9 тобы) үшін тауарлық газ бағасының айырмасы;
Тармақша 8
8) көрсетілетін қызмет – Көрсетілетін қызметті алушыларға ваучерлер ұсыну;
Тармақша 9
9) көрсетілетін қызметті алушы – Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес жауап берілген SMS-хабарлама арқылы Көрсетілетін қызметті алуға келісім берген Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы;
Тармақша 10
10) көрсетілетін қызметті беруші – қызмет көрсететін ұйым болып табылатын «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы;
Тармақша 11
11) қосымшалар дүкені – мобильді қосымшалардың цифрлық дүкені, оның көмегімен абоненттің смартфонына «электрондық үкімет» порталының «eGov Mobile» мобильді қосымшасын орнатуға болады;
Тармақша 12
12) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) – ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдауы және беру бойынша көрсететін қызметі;
Тармақша 13
13) мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес тұрғын үй көмегін алушыларға ақшалай баламасы жоқ тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер түрінде беретін көмек;
Тармақша 14
14) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – «электрондық үкімет» пайдаланушыларының ұялы байланыс желісі абоненттік нөмірлерінің бірыңғай базасы, абоненттік смартфондар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық хабарламалар жіберу, сондай-ақ Көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз Проактивті тәсілмен мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылады.
Тармақша 15
15) «Отбасының цифрлық картасы» талдамалық шешімі (бұдан әрі – ОЦК) – «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдамалық жүйесінде іске асырылған талдамалық кейс;
Тармақша 16
16) пилоттық жоба – «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы Халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде қызмет көрсету бойынша Проактивті тәсілмен қызмет көрсетудің орындылығын, талап етілетін уақытты, шығындарды, жанама құбылыстардың болуын немесе болмауын бағалау және әсер мөлшерін бағалау мақсатында жүзеге асырылатын жоба;
Тармақша 17
17) проактивті тәсіл – Көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызмет;
Тармақша 18
18) тауарлық газға ваучер (бұдан әрі – ваучер) – ОЦК арқылы Проактивті тәсілмен жүзеге асырылатын, цифрлық түрде алынатын «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы мемлекеттік қолдаудың Монетарлық емес шараларын көрсету құралы;
Тармақша 19
19) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны, электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділікті қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 20
20) «Электрондық үкімет» порталының «eGov Mobile» мобильді қосымшасы (бұдан әрі – eGov Mobile) – абонент смартфонына орнатылған және іске қосылған, Интернет желісі арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;
Тармақша 21
21) халыққа қызмет көрсету операциялық қызметі – көрсетілетін қызметті беруші құрған, газ тұтынушыларымен сапалы және жедел ақпараттық-консультациялық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызмет;
Тармақша 22
22) «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі (бұдан әрі – SDU) –мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталатын деректерді жинауға, сақтауға және кешенді талдауға арналған жүйе және мемлекеттік органдарға деректерге негізделген тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін талдамалық платформа ұсынады.
Осы Алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мағынада пайдаланылады.
Тарау 2. 2-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру
2-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған Пилоттық жоба осы Алгоритмде айқындалған тәртіппен Әмиян арқылы халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде Проактивті тәсілмен іске асырылады.
Тармақ 4
4. Пилоттық жоба 2024 жылғы 5 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 30 сәуірді қоса алған кезеңде Қазақстан Республикасының Шымкент қаласында және Батыс Қазақстан облысында 5 (бес) айға дейінгі мерзімде іске асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Ваучерлер
3-тарау. Ваучерлер
Тармақ 5
5. Пилоттық жоба кезеңінде Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті немесе оның аумақтық департаменті «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы тұтынушылары үшін келісілген тұрмыстық тұтынушыларға (1-топ тұтынушылары) арналған бағалар қолданылады.
Тармақ 6
6. Ваучерлер әрбір Көрсетілетін қызметті алушыға бөлінеді.
Тармақ 7
7. Ваучерді белсендіруді Көрсетілетін қызметті алушы ай сайын ағымдағы айдың 7-нен бастап 29-ін қоса алған күні жүзеге асырады. Ваучерді ағымдағы айдың 29-інен кейін белсендіру мүмкін болмайды.
Тармақ 8
8. Бір Жеке шотқа тек бір ваучер белсендіріледі.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызмет шеңберінде берілген, белсендірілмеген ваучерлердің ағымдағы айдың 29 - күніне дейін қолданылу мерзімі бар.
Тармақ 10
10. Ваучердің белсендірілуі болмаған жағдайда тұрмыстық тұтынушылар (халық) (тұтынушылардың 1-тобы) үшін тауарлық газдың бағасы қолданылады.
Тарау 4. 4-тарау. Ваучерді беру және пайдалану тетігі
4-тарау. Ваучерді беру және пайдалану тетігі
Тармақ 11
11. SDU Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысымен бекітілген Деректерді басқару жөніндегі талаптар мен қызмет көрсету үшін қолданыстағы шарттарға сәйкес ОЦК-ден алынған мәліметтер негізінде Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін сегменттейді және қалыптастырады.
Тармақ 12
12. SDU Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін ЭҮП-ге береді.
Тармақ 13
13. ЭҮП-де алынған Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі бойынша SMS-хабарлама жіберу үшін көрсетілетін қызметті алушының МАБ-да абоненттік нөмірінің бар-жоғына автоматты тексеру жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың абоненттік нөмірлердің өзектілігі мен дұрыстығына «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ-ға тиесілі МАБ жауап береді.
Тармақ 15
15. МАБ-та Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмір болмаған жағдайда, ЭҮП Көрсетілетін қызмет процесін аяқтауға бастамашылық жасайды. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірдің жоқтығы туралы жазба ЭҮП тіркеу журналында тіркеледі және SDU-ға беріледі.
Тармақ 16
16. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының МАБ-да абоненттік нөмірі болған жағдайда, ағымдағы айдың 7-сі күні осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес Көрсетілген қызметті көрсетуге оның келісімін алу үшін сұрау салуға бастамашылық жасайтын Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына SMS-хабарлама жіберу жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі SDU-да қажеттілігіне қарай ағымдағы айдың 14-күніне дейін жаңартылады.
Тармақ 18
18. Ағымдағы айдың 7-нен бастап 14-ін қоса алғанда Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі SDU-да жаңартылған жағдайда, Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың ұялы байланысының абоненттік құрылғысына SMS-хабарлама жіберу жүзеге асырылады, онда осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес Көрсетілетін қызметті көрсетуге оның келісімін алу үшін сұрау салуға бастама жасалады. Алгоритмнің осы тармағына сәйкес SMS-хабарлама ағымдағы айда бұрын SMS-хабарлама жіберілмеген Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыларға ғана жіберіледі.
Тармақ 19
19. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан SMS-хабарламаға жауап болмаған жағдайда, 7 күнтізбелік күн өткеннен кейін Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыға қайтадан SMS–хабарлама жіберіледі. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан ағымдағы айдың 29-күніне дейін жауап болмаған кезде немесе Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілген қызметтен бас тартқан кезде ағымдағы айда ваучерді белсендіру мүмкіндігі тоқтатылады.
Тармақ 20
20. Алгоритмге 1–қосымшаға сәйкес жауап SMS-хабарлама арқылы Көрсетілетін қызметті алуға келісім берген Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті алушы болады.
Тармақ 21
21. Келісімді алғаннан кейін ЭҮП Көрсетілетін қызметті алушылардың деректерін Әмиянға жібереді, оның негізінде тауарлық газға ваучерлер ашылады. Көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша өтіп не eGov Mobile қосымшалар дүкені арқылы өз бетінше жүктеп алып, Әмиянға кіру үшін eGov Mobile-ға ауысады.
Тармақ 22
22. Әмиянда ЭҮП-ден алынған Көрсетілетін қызметті алушылардың деректері негізінде ваучерлер автоматты түрде қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Көрсетілетін қызметті алушыда eGov Mobile қолжетімділігі бар құрылғы болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті берушінің халыққа қызмет көрсету операциялық қызметтерінде ваучерді белсендіре алады.
Тармақ 24
24. Көрсетілетін қызметті алушы Әмиянға Дербес шотты енгізеді. Әрі қарай Әмиян ваучерлерді пайдаланудың барлық шарттары көрсетілген ақпараттық хабарламаны (жария оферта) шығарады.
Тармақ 25
25. Көрсетілетін қызметті алушы «Жалғастыру» түймешігін басу арқылы офертамен танысқанын растайды.
Тармақ 26
26. Көрсетілетін қызметті алушы Дербес шотты, Әмиянды енгізген кезде ағымдағы айда енгізілген Дербес шотта белсендірілген ваучердің болуын тексеру жүргізіледі, белсендіру болған кезде Көрсетілетін қызметті алушыда қате шығады.
Тармақ 27
27. Дербес шот Әмиянмен көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші өзінің ақпараттық жүйелерінде Дербес шоттың болуын тексеруді жүргізеді.
Тармақ 28
28. Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелерінде енгізілген Дербес шот болмаған жағдайда, бұл туралы ақпарат Әмиянға беріледі. Әмиян Көрсетілетін қызметті алушыға қате туралы – Дербес шоттың немесе дұрыс енгізілмеген Дербес шоттың жоқтығы туралы хабарламаны көрсетеді және Дербес шотты қайта енгізуге мүмкіндік береді.
Тармақ 29
29. Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелерінде Дербес шот болған жағдайда Дербес шоттың деректері Көрсетілетін қызметті алушыға көрсету үшін Әмиянға беріледі.
Тармақ 30
30. Көрсетілетін қызметті алушы Жеке шоттың көрсетілетін деректерін салыстырып тексеруден кейін «Растау» батырмасын басу арқылы ваучерді белсендіреді. Әмиян Көрсетілетін қызметті алушыға ваучердің сәтті белсендірілгені туралы хабарламаны көрсетеді.
Тармақ 31
31. Әмиян, ағымдағы айдың 30-күні белсендірілген ваучерлердің қалыптастырылған тізімін Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне жібереді.
Тармақ 32
32. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тауарлық газды тұтыну көлемін есептегеннен кейін Жеңілдікті есептейді.
Тармақ 33
33. Көрсетілетін қызметті беруші Жеңілдікті ескере отырып, тұрмыстық тұтынушылар (халық) (тұтынушылардың 1-тобы) үшін баға бойынша тауарлық газдың тұтынылған көлеміне түбіртекті береді.
Тармақ 34
34. Көрсетілетін қызметті беруші қолданылған Жеңілдік бойынша ақпаратты Әмиянға береді. Әмиян осы ақпаратты Көрсетілетін қызметті алушыға көрсетеді.
Тармақ 35
35. Әмиянды әзірлеуші Әмиянның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Басқа 1
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер ұсыну» қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және пилоттық жобаны іске асыру барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасу алгоритміне
қосымша
Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыға Проактивті тәсілмен қызмет көрсетуге оның келісімін алу үшін сұрау салу.
1. SMS-хабарлама – бастапқы:
«Құрметті азамат(ша)! Сіздің отбасыңыз «QazaqGaz Aimaq» АҚ-да ваучер түрінде тауарлық газға жеңілдік ала алады. Ваучерлерді шығару үшін дербес деректерді өңдеуге келісім немесе бас тарту мынадай комбинациямен жүзеге асырылады: 21*1 – «Келісемін» дегенді білдіреді. Келісімді ағымдағы айдың 29-күніне дейін беру қажет. Сұрақтар туындаған жағдайда 5169 нөміріне хабарласа аласыз».
2. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы келісім берген жағдайда, берілетін жауап, SMS-хабарлама (Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы 21*1 тереді):
«Сіздің «Әлеуметтік әмиянда» тауарлық газға ваучер алуға келісіміңіз» оң өңделді. Ваучерді алу үшін Сіз eGov mobile мобильді қосымшасына https://egovmobile.page.link/socwallet сілтемесі арқылы өтіп, тіркелуіңіз қажет».