О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в Урджарском районе Күшін жойған
Басқа 0
Үржар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Үржар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Үржар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 %-дан 3 %-ға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.