Об утверждении Правил оказания социальной помощи и установления размера выплаты компенсации отдельным категориям нуждающихся граждан в связи с повышением тарифов на коммунальные услуги Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылдың 31 наурызына дейін қолданылады.
Басқа 3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары
Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 168 шешіміне қосымша Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары
Тармақ 1
1. Осы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары;
Тармақ 3
3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына Коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне өтемақы төлеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) ақшалай нысанда көрсетіледі және Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген азаматтарға ұсынылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек 2024 жылғы 1 шілдеден бастап ай сайын қаржы жылына көрсетіледі. Төлем ай сайын әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алушылар ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
Тармақша 2
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Тармақша 3
3) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Тармақша 4
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
Тармақша 5
5) мүгедектігі бар баласы (балалары) бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
Тармақша 6
6) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға;
Тармақша 7
7) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларына;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасы бойынша зейнеткерлерге;
Тармақша 9
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерді қоспағанда.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген адамдарға республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін 0,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кірісті есепке алмай көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бірнеше санатқа жататын әрбір адамға әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша аударылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген, 2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша әлеуметтік көмек алушылар болып табылған адамдарға уәкілетті органға жүгінбей тағайындалады. Өтініш берушілерге 2024 жылғы 1 шілдеден кейін әлеуметтік көмек тағайындалады және өтініш берілген айдан бастап төленеді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінен немесе отбасы атынан тұрғылықты жерін тіркеу орны бойынша уәкілетті органға немесе «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш береді. Әлеуметтік көмек алуға өтініш осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда беріледі. Өтініш Басқармаға берілген жағдайда, бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің тіркелген жері бойынша уәкілетті органға қарау үшін беріледі. Басқармаға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде өтініш негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталуы;
Тармақша 2
2) тұрғын үй көмегін алуы;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген санаттарға кірмейтін адамға.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек алушылар өздерінің тұрақты тұрғылықты жерін тіркеу орны бойынша уәкілетті органға оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлардың өзгергені туралы он жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Тармақ 15
15. Алушы қайтыс болған жағдайда әлеуметтік көмек төлеу азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан (АХАТ) алынған алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер және (немесе) тізімдер негізінде тоқтатылады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына көзделген Алматы қаласы бюджетінің мүмкіндігін ескере отырып, әлеуметтік көмек алушылардың осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген әрбір жеке санаты бойынша жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек мынадай жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
Тармақша 4
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 5
5) тұрғын үй көмегін тағайындаған. Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 18
18. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
Басқа 45. Өтініш
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу Қағидаларына қосымша Нысан Уәкілетті органның басшысына ___________________________________ (қала, аудан) Өтініш Тегі:_______________________________________________________________________ Аты: ______________________________________________________________________ Әкесінің аты (бар болса)______________________________________________________ Туған күні «____» _____________ _____ жыл ЖСН ______________________________________________________________________ Мәртебесі: _________________________________________________________________ Сізден санат бойынша коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетуіңізді сұраймын_____________________________________________ Үйінің мекенжайы: __________________________________________________________ Телефон: __________________________________________________________________ Банк деректемелері: Банктің атауы ______________________________________________________________ Банк шотының № ___________________________________________________________ Шот түрі: __________________________________________________________________ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін. Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін. Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін. Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардармын. 20____ жылғы «____» ___________ _____________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы Құжаттарды қабылдаған: _____________________________________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы) 20____ жылғы «____» ____________