О проведении конкурса на получение гранта из областного бюджета для развития инфраструктуры туризма в Актюбинской области Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысында туризмнің инфрақұрылымын дамыту үшін облыстық бюджеттен грант алуға конкурс өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес, «Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы № 9 шешімін іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ (Р. Ә. Юсупова) Ақтөбе облысында туризмнің инфрақұрылымын дамыту үшін облыстық бюджеттен грант алуға облыстық конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Ақтөбе облысында туризмнің инфрақұрылымын дамыту үшін облыстық бюджеттен грант алуға конкурс өткізу жөніндегі Қағида;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Ғилымовқа жұктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 146 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Ақтөбе облысында туризмнің инфрақұрылымын дамыту үшін облыстық бюджеттен грант алуға конкурс өткізу жөніндегі Қағида
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида «Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы № 9 шешімін іске асыру мақсатында жасалды.
Тармақ 2
2. Осы Қағида Ақтөбе облысында туризмнінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үздік бизнес-жоба конкурсын өткізуге дайындалу тәртібін, шарттарын және мерзімін анықтайды.
Тармақ 3
3. «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» мемлекеттік мекемесі конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
Тармақ 4
4. Қағидада мынадай түсінік қолданылады: туризм инфрақұрылымының объектісі - сан-қилы туристік қызметтерде туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін ұйым.
Бөлім 2. 2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Конкурс Ақтөбе облысында туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үздік бизнес-жобаларды анықтау мақсатында өткізіледі және мына міндеттерді көздейді:
Тармақша 1
1) туристік саланы дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған мемлекеттік және аймақтық бағдарламасын іске асыруға қатынасу;
Тармақша 2
2) туризм инфрақұрылымының объктілеріне жергілікті бюджеттен гранттар бөлу арқылы туризмде мемлекеттік реттеудің жаңа көзқарасын қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) туризмнің материальдық-техникалық базасын жаңартуға және жаңа құрылыс объектілерін салуды жандандыра түсуге септесу;
Тармақша 4
4) алуан түрлі сапалы туристік қызметтерде қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
Тармақша 5
5) туризм саласында шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету және олардың инвестицияларын тарту;
Тармақша 6
6) халықтың туризм және оған қызмет көрсету саласына жұмыс істеуін ынталандыру.
Бөлім 3. 3. Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар
3. Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар
Тармақ 6
6. Мыналар:
Тармақша 1
1) туристік саланы дамытуға, атап өткенде, туризм инфрақұрылымының объектілерін ұйымдастыруда белгілі мақсаттары мен міндеттері бар;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатынасушының қызметі облыста бірегей тарихи-табиғи- мәдени ескерткіштер орналасқан жерлерде туризмнің инфрақұрылымы маусымды шатырлы және киіз үйлі қалашықтарды, шаңғы базаларды, кемпингтерді, сондай-ақ спорттық туризм маршруттары - демалыс жайларын, жағажайларды және т. б. дамытуға бағытталған;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатынасушының қызметі жергілікті халықтың туристік және қызмет көрсету салаларына қатынасуларын қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жергілікті өнімдерді өткізуге, кәдейсыйлық өнімдерді өндіру жөнінде қолөнер кәсібін дамытуға себепші заңды тұлғалар конкурсқа қатынасушы бола алады.
Тармақ 7
7. Қатысушылар:
Тармақша 1
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
Тармақша 2
2) тіркелуге тиісті құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (заңды тұлғаны тіркегені туралы куэлік, статистикалық карточка, салық төлеушінің тіркеу номері);
Тармақша 3
3) құрылтайшылардың құрамы туралы құрылтай шартынан алынған нотариалды куэландырылған үзінді көшірме;
Тармақша 4
4) қызмет түрлерінің тізбесі бар заңды тұлға жарғысынан алынған үзінді көшірменің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 5
5) бухгалтерлік баланс;
Тармақша 6
6) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама. Бұл анықтама конкурс туралы жарияланған күннен бұрынғы айға беріледі.
Тармақша 7
7) банктің алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
Тармақша 8
8) бизнес-жоба ұсыну конкурсқа қатысу үшін қойылатын міндетті шарт болып табылады.
Тармақ 8
8. Бизнес-жоспарда міндетті түрде:
Тармақша 1
1) кәсіби біліғінің, тәжірибесінің, мәртебесінің бар-жоғын бірінші басшы растаған конкурсқа қатысушы - ұйым туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) туризмнің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ұйымның мақсаттары, міндеттері;
Тармақша 3
3) объектінің орналасқан жері, объектінің қысқаша аңцатпасы;
Тармақша 4
4) объектіні орналастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
Тармақша 5
5) барлық нақты шығындар көрсетілген қажетті қаржы қаражаттары;
Тармақша 6
6) жобаны жұзеге асырудан күтілетін нәтиже және әлеуметтік көзқарас көрсетілуі қажет.
Тармақ 9
9. Конкурстық өтінімдер бағдарлама әкімшісіне: Ақтөбе облысы, Ақтобе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы», 401 бөлмесі мекенжайы бойынша беріледі.
Бөлім 4. 4. Конкурс өткізу тәртібі мен шарттары
4. Конкурс өткізу тәртібі мен шарттары
Тармақ 10
10. Конкурс 2004 жылғы 1 шілдеден 1 тамыз аралығында өткізіледі.
Тармақ 11
11. Конкурстық құжаттарды және бизнес-жоспарды облыс әкімиятының қаулысымен бекітілген конкурс комиссиясы қарайды және іріктейді.
Тармақ 12
12. Комиссия Конкурстың мақсаты мен міндеттеріне толық жауап беретін бизнес-жобалардыіріктейді.
Тармақ 13
13. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу хабарлама алған күні басталады және конкурсқа 1 күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 14
14. Конкурстың қатысушысы ретінде тіркеу үшін осы Қағиданың 6- тармағында айтылған құжаттарды тапсыру қажет.
Тармақ 15
15. Егер оған кемінде екі қатысушы қатысса конкурс өтті деп есептеледі.
Тармақ 16
16. Конкурс жеңімпазын таңцау критерийі:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысушы қызметінің осы конкурстың мақсаты мен міндетіне сәйкес келуі;
Тармақша 2
2) туризм инфрақұрылымының объектілерін құруға бағытталған нақты мақсаттары мен міндеттерінің болуы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыста туристік қызметті үйлестіру уәзинасын жұзеге асырушы туризм және спорт жөніндегі уэкілетті органмен өзара тығыз қарым-қатынасты жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) жобаны жұзеге асыру жаңадан туристік объктілер ашуға, туристік маршруттарды орналастыруға, ықтимал клиенттер - казақстандық және шетелдік туристерді тартуға себепші болады.
Тармақ 17
17. Комиссияның соңғы шешімі конкурс қорытындысы жөніндегі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия торағасы мен барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 18
18. Қосымша мәліметтер алу қажет болған жағдайда, жеңімпазды анықтау жөніндегі Комиссияның қорытынды шешімі 10 күндік мерзімде шегерілуі мүмкін.
Бөлім 5. 5. Конкурс қорытындысын шығару
5. Конкурс қорытындысын шығару 19. Конкурс қорытындысы бойынша «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті қолдауды ұйымдастыру» 2720200 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын үздік бизнес-жоспаранықталады. 20. Конкурс жеңімпазымен «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікгі қолдауды ұйымдастыру» бағдарламасын орындау ауқымында бірлесіп қызмет ету туралы шарт жасалады, оған сәйкес жеңімпаз бюджеттен бөлінген қаржыны қатаңтүрде мақсатты жұмсауға міндеттенеді.
Басқа 57
№ 1 Қосымша (Кімге)_______________________________________________________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы) КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ Мекеме атауы (қатысушының ТАӘ)________________________________________________ _____________________________________________________________________________, Ақтөбе облысында туризмнің инфрақұрылымын дамыту үшін облыстық бюджеттен грант алуға конкурс өткізу Қағидасын қарап,_________________________________________ ______________________________________________________________________________ (бизнес-жобаның қысқаша сипаттамасы) ______________________________________________________________________________ бизнес-жобаның орындалуын іске асыруды ұсынамын. Жобаның атауы: ______________________________________________________________________________ Жалпы құны: ______________________________________________________________________________ Қажетті грант сомасы:_________________________________________________________ Меншікті қаражаты: ______________________________________________________________________________ Жобаны игеру уақыты: ______________________________________________________________________________ Өтінімге төмендегі құжаттар тіркеледі: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. _____________________ _______________________ (қолы) (ТАӘ) М. Ө. Өтінім берілген уақыты
Басқа 58
Облыс әкімиятының 2004 жылғы «18» маусымдағы № 146 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Конкурстық комиссия ҚҰРАМЫ Юсупова Рашида Әбілсағитқызы «Ақтөбе облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бастығы, комиссия төрағасы Өмірбекова Сәуле Рәхімқызы «Ақтөбе облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бастығының орынбасары Еңсегенұлы Сағат «Ақтөбе облысы қаржы департаменті» МК директоры Ниязмағамбетов Марат Қожабекұлы «Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар жөніндегі облыстық басқарма» ММ бастығы Скендиров Мұратбек Нұрмағамбетұлы «Облыстық туризм және спорт басқарма» ММ бастығы