Об утверждении Правил формирования Государственной комиссии по приемке электронной избирательной системы Қолданыста
Басқа 0
Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны қалыптастыру ережесiн бекiту туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 50-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны қалыптастыру ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны қалыптастыру ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 2 шілдедегі
N 735 қаулысымен
бекiтiлген
Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны қалыптастыру ережесi
Осы Электронды саулау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны қалыптастыру ережесi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес әзiрлендi және электрондық сайлау жүйесiн қабылдауды қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Мемлекеттiк комиссияны (бұдан әрi - Комиссия) құру тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмiмен құрылады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс, стандарттау, метрология және сертификаттау, мемлекеттiк құпияларды қорғау және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттiк органдар өкiлдерiнен қалыптасады.
Тармақ 2
2.
Тармақ 3
3.
Тармақ 4
4. Комиссияға заңнамада белгiленген тәртiппен оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн сарапшылар ретiнде мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тарту, сондай-ақ қажеттi ақпаратты сұрату құқығы берілсін.
Тармақ 5
5. Жүргiзiлген жұмыстың қорытындысы бойынша Комиссия электрондық сайлау жүйесiн пайдалануға қабылдау туралы тиiстi актiнi бекiтедi.