Об утверждении Правил, перечня и формы сведений, подлежащих передаче посредством интеграции аппаратно-программных комплексов организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, с информационными системами уполномоченного органа по финансовому мониторингу Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру қағидаларын, олардың тізбесі мен нысанын бекіту туралы «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ереженің 19-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған: 1) Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
Тармақша 2
2) Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер тізбесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
Тармақша 3
3) Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараттық жүйелерін букмекерлік кеңсені және (немесе) тотализаторды басқаратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық жүйелермен интеграциялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының Бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру қағидалары
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына 1 қосымша Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 4-тармағына (бұдан әрі – Ойын бизнесі туралы заң) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ереженің 19-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардан қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аппараттық-бағдарламалық кешен-ақпараттық процесстерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
Тармақша 2
2) бәс тігу – қатысушылардың өзара не ойын бизнесін ұйымдастырушымен олар қатыспайтын ұтысты болжайтын оқиғаның нәтижесіне жасалған тәуекелге негізделген келісім;
Тармақша 3
3) бәс тігуге қатысушы – бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;
Тармақша 4
4) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган –қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және өзге де шаралар қабылдайтын мемлекеттік орган;
Тармақша 5
5) ойын бизнесін ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар, Ойын бизнесі туралы заңның 6-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қолданылады:
Тармақша 1
1) букмекерлік кеңсе;
Тармақша 2
2) тотализатор.
Тарау 2. 2 тарау. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру тәртібі
2 тарау. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру тәртібі
Тармақ 4
4. Ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешендерді қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ҚМА АЖ) интеграциялау арқылы мәліметтерді беру мақсатында мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша аппараттық-бағдарламалық кешен серверінің болуы;
Тармақша 2
2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптармен ҚМА АЖ-мен интеграциялауымен;
Тармақша 3
3) бәс тігудің әрбір қатысушысы, бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігудің шығу нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты жинауды ҚМА АЖ жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері бойынша онлайн-режимде жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) күнделікті негізде мәліметтерді тәулік бойы үздіксіз өңдеу және автоматты режимде беру;
Тармақша 5
5) аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмыс режиміндегі ақаулар немесе оны ауыстыру кезінде жұмыстың ақаулыққа төзімділігі және резервтік деректер жасайды;
Тармақша 6
6) деректердің өспелі қорытындысымен есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 7
7) деректерді: бәс тігуге қатысушылар арасында бәс тігу жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 (бес) жылдан кем емес ойын бизнесін ұйымдастырушылармен сақтайды.
Тармақ 5
5. Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес алынған мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын;
Тармақша 2
2) ҚМА АЖ сервистерінің тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) мәліметтерді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, себебін көрсете отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушыларға жазбаша хабарлайды.
Басқа 2. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру тізбесі
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына 2 қосымша Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру тізбесі Ойын бизнесін ұйымдастырушы туралы мәліметтер
Тармақ 1
1. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Тармақ 2
2. Ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы. Бәс тігуге қатысушы туралы мәліметтер
Тармақ 3
3. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Тармақ 4
4. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН).
Тармақ 5
5. Сәйкестендіру деректері (тұлға мәртебесіне қарай): • шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатта көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі немесе шетелдік паспорттың нөмірі (шетел азаматы үшін). • Азаматтығы жоқ адамның куәлігінде көрсетілген ЖСН (азаматтығы жоқ адам үшін).
Тармақ 6
6. Азаматтығы (бар болса).
Тармақ 7
7. Ұялы байланыс абоненттік нөмірі.
Тармақ 8
8. Жеке тұлғаның банктік шоты (бар болса). Бәс тігуге қатысушының аккаунты туралы мәліметтер
Тармақ 9
9. Бәс тігуге қатысушы аккаунтының сәйкестендіргіні.
Тармақ 10
10. Аккаунтты тіркеу күні мен уақыты.
Тармақ 11
11. Аккаунттың мәртебесі (белсенді, бұғатталған). Төлем операциялары туралы мәліметтер
Тармақ 12
12. Төлем операциясына қатысушы (банк және (немесе) төлем ұйымы және (немесе) ұялы байланыс операторы) берген төлем операциясының сәйкестендіргіні.
Тармақ 13
13. Төлем операциясын орындауға қатысатын төлем инфрақұрылымы қатысушысының атауы (банк және (немесе) төлем ұйымы және (немесе) ұялы байланыс операторы).
Тармақ 14
14. Операция түрі: ойын шотын толықтыру, ұтысты төлеу, ақшалай қаражатты қайтару.
Тармақ 15
15. Операцияның күні мен уақыты.
Тармақ 16
16. Операция сомасы.
Тармақ 17
17. Операция валютасы (бар болса).
Тармақ 18
18. Төлем инфрақұрылымы қатысушысы қалыптастырған операция мәртебесі (орындалды, қабылданбады, тоқтатылды, жойылды, қайтарылды).
Басқа 3. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына 3- қосымша Нысан Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер № 1 2 3 4 5 Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Ой­ын биз­не­сін ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның ата­уы. Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН) Сәй­кестен­ді­ру де­ректе­рі (тұл­ға мәр­те­бе­сіне қа­рай): ше­тел аза­ма­ты­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­руы­на ық­ти­яр­хат­та көр­се­ті­л­ген же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се ше­тел­дік пас­порт­тың нө­мі­рі (ше­тел аза­ма­ты үшін). Аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін­де көр­се­ті­л­ген ЖСН (аза­мат­тығы жоқ адам үшін) 6 7 8 9 10 Аза­мат­тығы (бар бол­са) Ұя­лы бай­ла­ныс або­нент­тік нө­мі­рі Же­ке тұл­ға­ның банк­тік шо­ты (бар бол­са) Бәс тігу­ге қа­ты­су­шы ак­ка­ун­ты­ның сәй­кестен­дір­гі­ні Ак­ка­унт­ты тір­кеу кү­ні мен уа­қы­ты 11 12 13 14 15 Ак­ка­унт­тың мәр­те­бе­сі (бел­сен­ді, бұ­ғат­тал­ған) Тө­лем опе­ра­ци­я­сы­на қа­ты­су­шы (банк және (неме­се) тө­лем ұй­ы­мы және (неме­се) ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры) бер­ген тө­лем опе­ра­ци­я­сы­ның сәй­кестен­дір­гі­ні Тө­лем опе­ра­ци­я­сын орын­да­у­ға қа­ты­са­тын тө­лем ин­фра­құ­ры­лы­мы қа­ты­су­шы­сы­ның ата­уы (банк және (неме­се) тө­лем ұй­ы­мы және (неме­се) ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры) Опе­ра­ция тү­рі: ой­ын шо­тын то­лық­ты­ру, ұты­сты тө­леу, ақ­ша­лай қа­ра­жат­ты қай­та­ру Опе­ра­ци­я­ның кү­ні мен уа­қы­ты 16 17 18 Опе­ра­ция со­ма­сы. Опе­ра­ция ва­лю­та­сы (бар бол­са) Тө­лем ин­фра­құ­ры­лы­мы қа­ты­су­шы­сы қа­лып­та­стыр­ған опе­ра­ция мәр­те­бе­сі (орын­дал­ды, қа­был­дан­ба­ды, тоқ­та­тыл­ды, жой­ыл­ды, қай­та­рыл­ды)