Об утверждении правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Северо-Казахстанской области Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелді) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулының деректемелерін ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына жолдасын және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы «09» желтоқсандағы № 408 қаулысына қосымша Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 117-бабы 3-тармағына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көздейтін тетіктерді іске асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – Солтүстік Қазақстан облысы аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;
Тармақша 2
2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту – азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;
Тармақша 3
3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;
Тармақша 4
4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру – сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;
Тармақша 4-1
4-1) арзандатылған баға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын әр адамға белгіленген шекті сауда үстемесі шегінде ай сайын белгіленетін жеңілдікпен сатып алатын баға;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 5-1
5-1) «әлеуметтік әмиян» – жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабарлауға (хабархат), есепке алуға және алуға (көрсетуге) арналған ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 5-2
5-2) жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлерді және жеке практикамен айналысатын адамдарды, заң консультанттарын қоспағанда, жеке тұлғалардың байқуаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе өзге де мемлекеттік қолдау нысандары;
Тармақша 5-3
5-3) мамандандырылған ұйым – агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарықта жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің шешімі бойынша құрылған немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) ұйым;
Тармақша 5-4
5-4) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
Тармақша 6
6) сатып алу интервенциялары – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында бағалар төмендеген кезде, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде мамандандырылған ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 6-1
6-1) тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесі – Ұлттық тауарлар каталогын қолдана отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары туралы ақпаратты жинауға және өңдеуге арналған тауарларды таңбалау және қадағалаудың ақпараттық жүйесінің кіші жүйесі;
Тармақша 7
7) тауар интервенциялары – бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 8
8) тіркелген баға - өндіруге/сатып алуға, сақтауға, табиғи кемуге (кебуге), межелі орынға дейін жеткізуге кеткен шығындарды, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынан маржалық табысты ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы;
Тармақша 9
9) форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттармен базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгілі бір мерзімі өткеннен кейін өзіне міндеттеме алатын туынды қаржы құралы;
Тармақша 9-1
9-1) цифрлық азық-түлік ваучері – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде жеңілдік түрінде берілетін мақсатты қолма-қол ақшасыз қолдау;
Тармақша 10
10) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес іске асырылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің тиімді және уақытылы қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Комиссияның төрағасы болып табылады, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте Комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 7
7. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тетігін іске асыру мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін анықтау;
Тармақша 3
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес қарыз беруге кәсіпкерлік субъектісін анықтау;
Тармақша 4
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау бойынша мамандандырылған ұйымдардың ұсыныстарын қарау.
Тармақ 8
8. Комиссияның жұмысын құруды және ұйымдастыруды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы) қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады. Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді. Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Мамандандырылған ұйымның тұрақтандыру қорын пайдалану кезінде туындаған үстеме, коммуналдық және басқа да шығыстары жыл сайын азық-түлік тауарларының белгіленген және нарықтық бағалары арасындағы айырма есебінен жабылады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) тізбесін Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 13
13. Мамандандырылған ұйымдар Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына электрондық құжат айналымы, пошта байланысы арқылы не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі арқылы қолма-қол осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Сауда және интеграция министрліктеріне электрондық құжат айналымы арқылы осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынады.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі
Тармақ 14
14. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың мынадай тетіктерін іске асырады:
Тармақша 1
1) тұрақтандыру қорларының қызметі;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу үшін қарыз беру.
Тармақ 15
15. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бөлетін, оның ішінде бұдан бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген ақшалай қаражат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қаржыландыру көзі болып табылады.
Тармақ 16
16. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және қайта өңдеуші кәсіпорындарды қаржыландыру бекітілген бағаны белгілей отырып, форвардты қолданумен жүзеге асырылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және өңдеуші кәсіпорындарды форвардтық қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде алдын ала төлем және өнім жеткізілгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу шарттарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Форвардтық шарттар аясында сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көлемі Комиссия шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде Солтүстік Қазақстан облысы (қалалық немесе жалпы) халқының үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына дейін қалыптастырылады.
Тармақ 18
18. Мамандандырылған ұйым ауылшартауарөндірушілерді форвардтық шарттар аясында: ағымдағы қаржы жылының 1 қазанына дейін келесі жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты ерте пісетін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін; ағымдағы қаржы жылының 1 ақпанына дейін келесі жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Мамандандырылған ұйым көкөніс өнімдерін сатуды бастағанға дейін ауылшартауарынөндірушілерде немесе басқа қоймаларда сақтауды жүзеге асырады. Сақтау шығындарын есептеу жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі сақтаудың ұқсас түрлеріндегі сақтаудың орташа құны туралы деректері негізінде жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде көкөніс өнімдерін жеткізу мамандандырылған ұйым Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп маусымаралық кезеңде (қысқы-көктемгі кезең: қаңтар, ақпан, наурыз; көктемгі-жазғы кезең: сәуір, мамыр, маусым) қалыптастыратын график негізінде не ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету қажет болған жағдайда басқа кезеңдерде жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп форвардтық шарт жасалған сәттен бастап көкөніс өнімдерін өндіру циклінің барлық кезеңдерінде егістікке бара отырып, ауылшартауарынөндірушілердің қызметіне мониторингті жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері аясында сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 19-баптарына сәйкес сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 22-1
22-1. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мамандырылған ұйыммен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, жергілікті атқарушы орган мен мамандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халыққа мынадай ақпаратты жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының, тауарлық интервенцияларды жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жерлері тізбесін көрсете отырып, форвардтық сатып алуды жүргізу тәртібі, оның басталғаны және нәтижелері туралы;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік субъектілерінің, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен өткізетін сауда объектілерінің орналасқан жерлері тізбесін көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі, оны берудің басталғаны және нәтижелері туралы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын «әлеуметтік әмиян» арқылы цифрлық азық-түлік ваучерлерін пайдалана отырып арзандатылған бағамен өткізетін және кәсіпкерлік субъектілерінің сауда объектілерінің орналасқан жерлері тізбесін көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі, сондай-ақ оны іске асырудың басталғаны және нәтижелері туралы.
Тармақ 22-2
22-2. Мамандырылған ұйым бағаны тұрақтандыру мақсатында сатып алатын көкөніс өнімдерінің (қырыққабат, картоп, пияз, сәбіз) көлемі Комиссияның шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде Солтүстік Қазақстан облысы халқының (қалалық немесе жалпы) үш айлық қажеттілігінің кемінде 30 пайыз мөлшерінде айқындалады.
Тармақ 22-3
22-3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның Тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Осы Қағидаларда регламенттелмеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың ерекшеліктері (егжей-тегжейі) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағиадаларымен айқындалады.
Тарау 3. 3-тарау. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі
3-тарау. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі
Тармақ 24
24. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, қорлардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, өзге де мәліметтердің негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін, сондай-ақ шекті сауда үстемесін айқындайды.
Тармақ 26
26. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде бюджеттік қаражаттың 70 (жетпіс) пайызы форвардтық шарттар аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына бағытталады.
Тармақ 27
27. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелді) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесінен қалыптастырылады.
Тармақ 28
28. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 19-бабы 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.
Тармақ 29
29. Комиссия Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсынымдар енгізеді.
Тармақ 30
30. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Комиссияның ұсынымдары негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекітеді.
Тармақ 31
31. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден, оның ішінде форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады. Егер өндіруші өнімді өткізуді тікелей жүзеге асырмаса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме сауда жеткізушілерінен (дистрибьютерлерден) жүзеге асырылады.
Тармақ 31-1
31-1. Азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 31-2
31-2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын аймақтық тұрақтандыру қорларына сатып алу кезінде мамандандырылған ұйым ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, қайта өңдеу кәсіпорындарының, азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме жеткізушілердің (дистрибьюторлардың) қаржылық тұрақтылығына талдау жүргізеді. Егер ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (қайта өңдеу кәсіпорны, азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме жеткізуші (дистрибьютор)) салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің және мамандандырылған ұйым алдындағы орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқару құжаттары бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың жоқтығы бойынша жиынтық талаптарға сәйкес келсе, онда қаржылық тұрақты болып саналады.
Тармақ 32
32. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, қорлардың, бағалардың болуы) жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интернвенциялары туралы шешімді қабылдайды.
Тармақ 33
33. Мамандандырылған ұйымның сатып алу интервенциялары туралы шешімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақытылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады.
Тармақ 34
34. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 35
35. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет баға деңгейінің көтерілуі жағдайында, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 36
36. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақытылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде бейнебақылау жүйелерін қолдана отырып, өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдерін қамтамасыз етеді.
Тармақ 37
37. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе кейін дәл сондай көлемдегі жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылғы жаңа шығымнан азық-түлік тауарларын жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық-түлік тауарларын қайтару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 38
38. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйымдар өздерінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері, сондай-ақ шекті сауда үстемесі шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін қайта өңдеу кәсіпорындары арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 39
39. Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында айтылады.
Тармақ 40
40. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мамандандырылған ұйыммен бірлесіп тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органның және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халықтың назарына жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.
Тарау 4. 4-тарау. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
4-тарау. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
Тармақ 41
41. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында мамандандырылған ұйымдар арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік теңгерімі (өндіріс көлемі мен азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілу, олардың қозғалысы, қорлардың болуы), егіс алқаптары (жоспарлы), болжамды өнім, өткен күнтізбелік жылдағы қалыптасқан бағалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны туралы мәліметтер және өзге де мәліметтер негізінде айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз ету және ақылық талаптарының шарттарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 42
42. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз берілген кезде бюджет қаражатының 70 (жетпіс) проценті ауылшартауарын өндірушілері мен өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға жіберіледі.
Тармақ 43
43. Бағаны тұрақтандыру мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына төмендетілген бөлшек/көтерме бағаларды белгілеуі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін пайдалана отырып арзандатылған бағамен өткізу.
Тармақша 43-1
43-1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға монетарлық емес мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда объектілеріне) тиісті өңірдегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын ескере отырып, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия айқындайтын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу үшін қарыздар береді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны мен мәртебелері туралы деректерді өзектендіруді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жүзеге асырады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыға электрондық үкімет порталының eGov Mobile қосымшасы арқылы SMS-хабарлама түрінде хабарландыру жіберіледі, онда цифрлық азық-түлік ваучерін алуға келісімін не бас тартуын растау сұралады. Келісім расталған жағдайда цифрлық азық-түлік ваучері «әлеуметтік әмиян» арқылы есепке алынады және тек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын арзандатылған бағамен сатып алу үшін пайдаланылады. Цифрлық азық-түлік ваучерлері ай сайын, есептік айдың алдындағы айдың соңғы күніне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын отбасының әрбір мүшесіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ақы төлеу сауда объектісінің кассалық жабдығында QR-кодты оқу (сканерлеу) арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бүкіл тізбесін іске асыру цифрлық азық-түлік ваучері есебінен берілетін жеңілдік ескеріле отырып, арзандатылған бағамен жүзеге асырылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын таңбалау оларды сәйкестендіруге арналған арнайы жапсырмалармен (стикерлермен) жүзеге асырылады. Кассалық жабдықты «әлеуметтік әмиянмен» интеграциялау жүзеге асырылады. Тауарларды арзандатылған бағамен өткізу туралы есеп мынадай тәртіппен ұсынылады:
Тармақша 1
1) мамандырылған ұйымдар жиынтық есептерді электрондық нысанда жергілікті атқарушы органдарға жолдайды;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.
Тармақ 44
44. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Комиссия айқындайды. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мынадай бірыңғай талаптар (өлшемшарттар) белгіленеді:
Тармақша 1
1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;
Тармақша 3
3) екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
Тармақша 4
4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің болуы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;
Тармақша 6
6) мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;
Тармақша 7
7) осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы.
Тармақ 45
45. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін айқындағаннан кейін мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектісіне қарыз береді.
Тармақ 46
46. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызын қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелердің орындалуы кепіл, банктік кепілдендіру, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі түрінде қамтамасыз етіледі. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді.
Тармақ 47
47. Қарыз беру шарттары мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалған қарыз шартында белгіленеді.
Тармақ 48
48. Қарыз шарттарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерінің мамандандырылған ұйыммен келісу бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу графигін қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен толық көлемде өткізу; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу фактісін растайтын құжаттарды ұсыну жөніндегі міндеттемелері көзделеді. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттемелерді орындау бөлігінде қарыз шарты талаптарының орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы қарыз шартын елеулі түрде бұзу деп танылады.
Тармақ 49
49. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.
Тармақ 50
50. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.
Басқа 2. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына қосымша Нысан Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және Сауда және интеграция министрліктеріне. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Әкімшілік нысанның атауы: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ӘМАТ нысаны. Кезеңділік: апта сайын. Есепті кезең: 20___жылғы_________ Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын сәрсенбі күндері; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және Сауда және интеграция министрліктеріне апта сайын бейсенбі күндері Бизнес-сәйкестендіру нөмірі Жинау әдіс: электрондық түрде № Та­у­ар­дың ата­уы Са­ты­лып алын­ған та­у­ар­лар ті­ке­лей фор­вард­тық шар­ттар мен оф­тейк-ке­лі­сім­шар­ттар шең­бе­рін­де бе­рі­л­ген қары­здар бой­ын­ша ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер және қай­та өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры азық-тү­лік та­у­ар­ла­рын са­ту­ға ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кө­тер­ме жет­кі­зу­ші­лер (дис­три­бью­тор­лар) ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер және қай­та өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры азық-тү­лік та­у­ар­ла­рын са­ту­ға ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кө­тер­ме жет­кі­зу­ші­лер (дис­три­бью­тор­лар) ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер және қай­та өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры азық-тү­лік та­у­ар­ла­рын өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі тон­на мың тең­ге тон­на мың тең­ге тон­на мың тең­ге тон­на мың тең­ге тон­на мың тең­ге тон­на мың тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 8 11 Сиыр еті 22 Қа­ра­құ­мық жар­ма­сы 3 Орам­жа­пы­рақ 54 Кар­топ 5 Ай­ран 66 Ба­сты пи­яз 7 Тү­тік кес­пе 88 Күн­ба­ғыс майы 89 Са­ры май 10 Сүт 111 Ас­ха­на­лық сә­біз 112 Би­дай ұны 113 Та­уық еті 14 Кү­ріш 15 Құм­ше­кер 16 Тұз 17 Ірім­шік 18 Нан 119 Та­уық жұ­мырт­қа­сы, мың да­на 20 Жал­пы қо­ры­тын­ды, та­уық жұ­мырт­қа­сы мен нан­ды қо­с­па­ған­да Жал­пы қо­ры­тын­ды, та­уық жұ­мырт­қа­сы мен нан­ды қо­с­па­ған­да Кестенің жалғасы Бар та­у­ар­лар тұ­рақ­тан­ды­ру қор­ла­рын­да­ғы фор­вард­тық шар­ттар мен оф­тейк-ке­лі­сім­шар­ттар шең­бе­рін­де бе­рі­л­ген қары­здар бой­ын­ша Са­ты­л­ған кө­лем Қал­дық тон­на мың тең­ге тон­на мың тең­ге тон­на мың тең­ге тон­на мың тең­ге тон­на мың тең­ге 9 10 11 12 13 Атауы: ____________________________________ Мекенжайы ____________________________________________ Телефоны __________________________________________ Электрондық почтасы_ __________________________ Орындаушы ______________________________________ Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам: ______________________________________ __________________________ аты және әкесінің аты (бар болса), тегі (электрондық цифрлық қолтаңбасы) Күні: 20___ жылғы «____» _________ Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 3. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанына қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды: мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын сәрсенбі күндері; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және Сауда және интеграция министрліктеріне апта сайын бейсенбі күндері ұсынады.
Тармақ 5
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 6
6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 2-бағанында тауардың атауы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 3-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және қайта өңдеу кәсіпорындарынан тікелей сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 4-бағанында азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) тікелей сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 5-бағанында форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және өңдеу кәсіпорындарынан сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 6-бағанында форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 7-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына берілген қарыздар бойынша сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 8-бағанында азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздар бойынша сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 9-бағанында тұрақтандыру қорларында бар тауарлардың саны, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 10-бағанында форвардтық шарттар мен оффтейк-келісімшарттар шеңберінде бар тауарлардың саны тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 11-бағанында берілген қарыздар бойынша қолда бар тауарлардың саны тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысанның 12-бағанында өткізілген көлем, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Нысанның 13-бағанында қалдық, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.