«О создании земельной комиссии Зерендинского района» Күшін жойған
Басқа 0
«Ауданның тұрақты жер комиссиясын құру туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-11 Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 23 маусымдағы № 442-11 Жер Кодексінің 43 бабының негізінде аудан әкімдігі қаулы етті:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданның жер комиссиясы құрылсын (1 қосымша)
Тармақ 2
2. Зеренді аудандық жер комиссиясы туралы жағдайы бекітілсін (2 қосымша)
Тармақ 3
3. Жер комитетінің персоналдық құрамы аудандық Маслихатқа бекітуге енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан орынбасарына Қ.Е. Аққазеновке жүктелсін.
Басқа 5. Меншікке және пайдалануға жер учаскелерін беру жөніндегі Зеренді аудандық жер комиссиясының ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы
«6» мамыр «Ауданның тұрақты
жер комиссиясын құру туралы»
№ 145 қаулысына 1 қосымша
Меншікке және пайдалануға жер учаскелерін беру жөніндегі Зеренді аудандық жер комиссиясының ҚҰРАМЫ
Комиссия төрағасы:
Тармақ 1
1. Майдан Наскенұлы Әлбеков – Ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы
Комиссия хатшысы:
Тармақ 2
2. Қазбек Жамалиденұлы Әубәкіров – аудандық жер комитетінің жетекші маманы
Тармақ 3
3. Серік Жазитұлы Жақиянов – аудандық жер комитетінің төрағасы
Тармақ 4
4. Кеңтай Құшайырұлы Хасенов – маслихат депутаты
Тармақ 5
5. Серік Ғазизұлы Ғазизов – Коммуналдық-өндірістік сала бөлімінің бас маманы
Тармақ 6
6. Балтабай Таубаев – Ардагерлер Кеңесінің мүшесі
Басқа 12
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы
«6» мамыр № 145 қаулысына
қосымша 2 бекітілді
Аудандық жер комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудандық жер комиссиясы (бұдан әрі Комиссия) ауданда жер қатынастарын реттеу мақсатымен құрылған, Ақмола облысының Зеренді ауданында тұрақты әрекет етуші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссияның аудан әкімдігі құрайды. Аудан әкімі Комиссиясының жеке құрамын аудандық мәслихатта бекітуге ұсынады.
Тармақ 3
3. Комиссия аудандық мәслихат депутаттарының, аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, сәулет, құрылыс және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, ауыл шаруашылық бөлімінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар бар болса), жер инпекциясы өкілдерінің қатарынан құрылады. Әкімдіктің қарау бойынша комиссия құрамына басқа да тұлғалар енгізілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Комиссия Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әрекет етеді.
Тармақ 5
5. Комиссия өзінің қызметінде мына принциптерді басшылыққа алады:
Заңдылық;
Лауазымды тұлғалардың өз әрекеттері мен қабылданған шешімдерді үшін жауапкершіліктері.
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметі үшін әкімдік алдында жауапкершілік тартады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі қызметтері
2. Комиссияның негізгі қызметтері
Тармақ 7
7. Комиссияның негізгі міндеті өз құзіретінің шегінде заңды және жеке тұлғалардың меншік құқығын және (немесе) жер учаскесін пайдалану құқығын беру мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау балып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі
3. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі
Тармақ 8
8. Меншік құқытын және (немесе) жер учаскесін пайдалану құқығын алуға мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жерігілікті атқару органына өтініш береді. Өтініште:
Жер учаскесін пайдалану мақсаты;
Оның мөлшерінің шамасы;
Құқық пайдаланудағы сұраныстары;
Жеке тұлғалардың жеке меншігіне ақысыз жер учаскелері берілген жағдайда, басқа жер учаскесінің барлығы (жоқтығы);
Пайдалы қазбаларды игерген жағдайда, өтінішіне жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттың көшірмесі тіркеледі;
Жеке куәлігі немесе төлқұжатының көшірмесі;
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелеу туралы куәлігінің көшірмесі көрсетілуі тиіс.
Жеке куәлігі немесе төлқұжатының көшірмесі;
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелеу туралы куәлігінің көшірмесі көрсетілу тиіс.
Өтініш иесі құқық пайдалану сұраныстарына байланысты мыналарды ұсынады:
Мекемелерге (құрылыстарға, ғимараттарға) құқық беруші құжаттарды;
Жер учаскесіне құқын растайтын құжатты немесе нотариуспен куәландырылған құжаттын көшірмесін;
Бюджетке қарызы (жер салығы және (немесе) жер учаскесін пайдаланғаны үшін ақысы) барлығы немесе жоқтығы туралы салық орғанының анықтамасын;
Салық төлеушінің куәлігінің көшірмесін;
Жылжымайтын мүліктер орталығының жер учаскесіне мәміле жасауға қиындық туғызатын ауыртпалықтарының жоқтығы туралы анықтамасын;
Кондоминиум қатысушыларының жазбаша келісімін.
Тармақ 9
9. Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш, оның түскен күнінен бастап үш айға дейін қаралуы тиіс.
Аудандық жер ресурстарын басқару жөншдегі комитет атқару орғанының тапсырмасы бойынша (елді мекендерде сәулет, құрылыс және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесіп), сұралушы жер учаскесінің аумақтық қоршалуына сәйкес өтінген мақсатты тағайындалуы бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтайды.
Тармақ 10
10. Комиссия мәжілісін дайындау:
Комиссияның қарауына түскен материалдардың уақытымен және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында, оларды комиссия төрағасы алдын ала зерттейді де, комиссия мәжілісіне шақыруға жататын тұлғаларды анықтайды.
Комиссия анықтайды:
Берілген материалды қарау оның құзыретіне жататындағын немесе жатпайтындығын;
Сұралған учаскенің аумақтық қоршалуына сәйкес өтінген мақсатты тағайындалуы бойынша пайдалану мүмкіндігін.
Мәжіліс қорытындысы бойынша Комиссия:
өтініш комиссия мәжілісіне қаралауға жататын мәселелердің мәні бойынша қарай алады:
өтінішті қанғаттандырудан бас тарта алады.
Өтінішті қанағаттандырудан бас тарту жергілікті органың шешімімен ресімделеді, ал көшірмесі өтініш иесіне олар шешім қабылданғаннан кейін 7 күннің ішінде тапсырылады.
Тармақ 11
11. Комиссия мәжілісін өткізу тәртібі:
Комиссия мәжілісі жыл бойына қажеттілігіне қарай өткзіле береді. Комиссия мәжілісі, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының 75 пайызы қатысса ғана құқылы. Мәжілісте комиссия төрағасы төрағалық етеді. Комиссия хатшысы дауыс беруге құқығы жоқ.
Тармақ 12
12. Комиссия хаттамасы:
Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша комиссия мәжілісі қатысушы комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен жасалды. Дауыстар тең бөлінген жағдайда, төрағалық, етушінің дауысы шешуші дауыс болып есептеледі.
Комиссия мәжілісінің өткізілуі күні мен орны, қаралап отырған материалдарға қатысты тұлғалардың аты-жөні және тегі;
өтініште мазмұндалған тілегі;
негізінде комиссия қорытындысы қабылданған жағдайлар;
Комиссия қабалданған қорытынды көрсетіледі.
Хаттамаға мәжіліске қатысқан барлық комиссия мүшелері қол қояды, хаттама комиссия мәжілісінде оқылады және білгіленген шағым беру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді. Комиссия мәжілісінің хаттамасының үзіндісі өтініш иесіне беріледі.
Тармақ 13
13. Комиссия қорытындысына шағым беру:
Қаралған материалдар бойынша қабылданған Комиссия қорытындысына оның қабылдануына қатысты бар тұлға, оның заңды өкілі немесе қорғаушысы шағым бере алады.
Комиссия мәжілісінің хаттамасынан ұзынды алынғаннан кейін 10 күннің ішінде ол әкімдікте шағымдалына алады.
Арыздың белгіленген мерзімде берілуі, Комиссиясының сәйкес қорытындысының орындалуын тоқтата тұрады.
Комиссия қорытындысына сотқа, прокурордың қорытындысына шағым беру мерзімі және тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Комиссия қызмет материалдық-техникалық қамтамасыз ету
4. Комиссия қызмет материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 14
14. Комиссия қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі аудан әкімі аппаратына жүктеледі.