Об утверждении Правил использования средств резерва акимата города Степногорска Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласы әкімдігі резервіндегі қаражатты пайдалану ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 б. 1 т. 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервіндегі қаражатты пайдалану ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Степногорск қаласы әкімдігі резервіндегі қаражатын пайдалану Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 4
Степногорск қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № ә-3/131 «Степногорск қаласы әкімдігі резервіндегі қаражатты пайдалану ережелерін бекіту туралы» қаулысымен Бекітілген қосымша Степногорск қаласы әкімдігі резервіндегі қаражаттарды пайдалану Ережелері Осы Ереже Степногорск қаласы әкімдігінің резерв қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы әкімдігінің резерві Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Занының 13 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 261 Заңымен енгізілген соңғы өзгерістерді ескере отырып, осы қаржыландыру жылына қалалық бюджеттің бекітілген шығындары құрамында қалалық бюджетті жасау кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржыландыру жылында кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін күтілмеген шығындарды қаржыландыру үшін құрылады.
Тармақ 2
2. Степногорск қаласы әкімдігі резервінің құрамында Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-I «Бюджет жүйесі туралы» Занының 13 бабының 1 тармағына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін; Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысымен белгіленген қалалық бюджетті әзірлеген кезде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кідірісіз қаржыландыруды талап ететін күтілмеген шығындарды қаржыландыру үшін, сот шешімдері бойынша қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен олардың ведомствоға қарасты мекемелерінің, Степногорск қаласы әкімдігінің міндеттемелерін өтеу үшін қаражаттар көзделген.
Тармақ 3
3. Степногорск қаласы әкімдігі резервінің көлемі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-I «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 13 бабының 3 тармағына сэйкес қалалық бюджетке түскен түсім көлемінің екі пайызынан аспауға тиісті.
Тармақ 4
4. Степногорск қаласы әкімдігі резервінен қаржы бөлу қалалық қаржы бөлімімен осы мақсатқа қаржы жылға сәйкес қалалық бюджеттің шығындар құрамында бекітілген шегінде жүзеге асырылады. Қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіппен, алушының аты - жөні, бөлінген қаражат көлемі және оның пайдалану мақсаты, сондай-ақ қаражаттар қайтарылу негізімен берілген, оның берілу шарты мен қайтару мерзімі көрсетілген жағдайда Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысын негізге алып жасалады.
Тармақ 5
5. Степногорск қаласы әкімдігі резервінің қаражаты мақсатты тағайындалады және осы Ережемен, Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысымен қаралмаған қажеттерге пайдаланылуға тиісті емес.
Тармақ 6
6. Степногорск қаласы әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы Степногорск қаласы әкімдігі қаулысының күші ағымдағы қаржыландыру жылының соңында жойылады. Степногорск қаласы әкімдігі резерві қаражатының пайдаланылмаған қалған бөлігі қайтарылып беріледі.
Тармақ 7
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Степногорск қаласы әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы өтінішті Степногорск қаласы әкімінің аппараты қарайды. Дәлелді деректерді және олардың тізімін беру тәртібін Степногорск қаласының әкімі аппараты белгілейді. Жергілікті масштабтағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі кезінде Степногорск қаласының әкімі аппараты қалалық қаржы бөліміне тиісті есепті қосып қаулы жобасын қарауға береді. Қабылданған Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысын заңнамада белгіленген тәртіппен Степногорск қаласының әкімдігіне бекітуге береді.
Тармақ 8
8. Степногорск қаласының әкімдігі қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдары және ведомствоға қарасты мекемелердің міндеттемелерін өтеу үшін сот шешімі бойынша сот атқару құжаттары болған жағдайда Степногорск қаласы әкімдігі резервінің каражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Қапалық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдары және оның ведомствоға қарасты мекемелері сот шешімі бойынша қолданылып жүрген заңнамалармен қарастырылған жағдайда негіз болғанда төлем жасауға міндетті, көрсетілген шешімдер барлық сот инстанцияларында шағымдалуға тиіс. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдары және оған тиісті мекемелер қалалық қаржы бөліміне шағымданған сот актілерінің көшірмесін беруге тиіс. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдары және оған тиіс мекемелер өздерінің заңға қайшы келетін актілеріне, сондай-ақ өздерінің әкімшілік басқару аясындағы лауазымды тұлғалардың заңға қайшы келетін әрекеттеріне тиісті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша оларға бөлінген ақшамен жауап береді. Степногорск қаласының әкімдігі қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдары және оған тиісті мекемелерінің міндеттемелерін өтеу үшін Степногорск қаласы әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы Степногорск қаласы әкімдігі қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық қаржы бөлімі дайындайды.
Тармақ 9
9. Жергілікті бюджетті әзірлеу кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз қаржыландыруды қажет ететін күтілмеген шығындарға Степногорск қаласының әкімдігі резервінен қаражат бөлу үшін қалалық бюджет бағдарламаларының әкімшілері қалалық қаржы бөліміне тиісті негіздемелері мен есептерімен сәйкес қаражат бөлу туралы өтініш береді.
Тармақ 10
10. Қалалық бюджет бағдарламалары әкімшілерінің өтініші бойынша дұрыс қорытынды берген жағдайда басқа да күтілмеген шығындарға Степногорск қаласы әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы Степногорск қаласы әкімдігі қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен осы қалалық бюджет бағдарламаларының әкімшілері дайындайды.
Тармақ 11
11. Кенттердің және Қарабұлақ селолық округі әкімдерінің өтініші бойынша дұрыс қорытынды берген жағдайда басқа да күтілмеген шығындарға Степногорск қаласының экімдігі резервінен қаражат бөлу туралы Степногорск қаласының әкімдігі қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық қаржы бөлімі дайындайды.
Тармақ 12
12. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да күтілмеген шығындарды өтеу үшін өтініштерді қарау кезінде Степногорск қаласы әкімдігі резерві қаражатының тиімді бөліну мақсатында, қаржыландыру жылы ішіндегі Степногорск қаласының әкімдігі резервінен күтілмеген шығындарға ағымдағы әр тоқсанда бөлінетін қаржы қөлемі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да күтілмеген шығындарды өтеуге қалалық бюджетте карастырылған жылдық соманың 25 пайызынан аспауы тиіс. Осыған орай бұрынғы қабылданған Степногорск қаласының әкімдігі резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға күтілмеген шығындарды өтеуге қаражат бөлу туралы бұрынғы қабылданған Степногорск қаласы әкімдігінің қаулылары есепке алынады.
Тармақ 13
13. Резервтен кідіріссіз каржыландыруды талап ететін іс шаралар, міндеттер туындаған жағдайда, ағымдағы қаржыландыру жылында қаржы бөлу, қаржы жылындағы қалалық бюджетте қарастырылған қаржы болу шегінде осы Ережеге сәйкес басымдық тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Егер бюджетті орындау процесінде шығын кірістен асып кетсе немесе бюджетке түсетін түсім айтарлықтай төмендеп кетсе, онда Степногорск қаласының әкімдігі Степногорск қаласы әкімдігінің резервін жұмсау бойынша секвестрлеу енгізуге құқылы.
Тармақ 15
15. Резервтен бөлінген қаражатты алушылар оларды пайдалану, орындалған жұмыстарының көлемі және құны жөнінде қалалық қаржы бөлімі белгілеген мерзімде және тәртіпте есеп беруі тиіс.
Тармақ 16
16. Резервтен бөлінген қаражаттың мақсатсыз пайдалануына алушы Қазақстан Республикасынының заңнамаларымен қарастырылған тәртіпте жауап береді. Степногорск қаласы әкімдігі резервіндегі қаражаттарды мақсатты пайдайанылуын бақылау қалалық қаржы бөлімі жүзеге асырады.