О порядке выкупа занимаемого жилища, приравненного к служебному Күшін жойған
Басқа 0
Қоныстанып отырған, кызметтікке теңес
тұрғын үйлерді сатып алу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына
облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 37-213 шешіміне
сәйкес, Алматы облысында тұрғын үй құрылысын және ипотекалық кредиттеуді дамыту мақсатында облыс Әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің
қоныстанып отырған, қызметтікке теңестірілген тұрғын үйлерін сатып алу
тәртібі туралы Ереже (№ 1 қосымша) және қоныстанып отырған, кызметтік
теңестірілген тұрғын үйлерді сатып алу шартының нысаны бекітілсін (№ 2
қосымша).
Тармақ 2
2. Облыс Әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі (Ә. Қайбуллаев) тұрғын үйлерді сатып алуды жүргізуге қажет құжаттарды дайындасын.
Тармақ 3
3. Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаметі (Б. Мұқадиев) жұмыс тобының шешіміне сәйкес тұрғын үйлерді сатып алу шартын жасасын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (М. Сәтқалиев) қаржының мақсатты пайдаланылуын ескерсін.
Тармақ 5
5. Облыс Әкімдігінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 99 қаулысы күшін жойсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Облыс Әкімдігінің 2004 ж. «30» сәуір «Қоныстанып отырған, қызметтікке теңестірілген тұрғын үйлерді сатып алу тәртібі туралы» № 73 қаулысына келісім беті
Енгізуші:
Облыс Әкімі
аппаратынын басшысы
Н. Сүлейменов
Келісілді:
Облыс Әкімінің орынбасары
Ә.Тойбаев
Облыс Әкімінің орынбасары
Б.Тәкенов
Облыс Әкімінің орынбасары
А.Баталов
Заң және мемлекеттік- құқықтық
бөлімнің меңгерушісі
Б. Төлеген
Жіберілсін: заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімге - Здана, кадрмен жұмыс бөліміне, коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаметіне, қаржы-шаруашылық бөліміне, облыстык қаржы басқармасына.
Жалпы бөлімнің меңгерушісі
М. Сыдықов
Жіберілді: 2004ж. «30» сәуір
Басқа 7
Алматы облысы Әкімдігінің
2004ж. «30» сәуір
«Қоныстанып отырған, қызметтікке
теңестірілген тұрғын үйлерді сатып
алу тәртібі туралы» № 73 қаулысына
№ 1 қосымша
Мемлекеттік кызметшілер мен бюджеттік ұйымдар
қызметкерлсрінің коныстанып отырған, қызметтікке теңестірілген
тұрғын үйлерін сатып алу тәртібі туралы
Ереже
Тарау 1. 1. Негізгі ережелер
1. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Конституциясьна, ҚР Азаматтық құқық нормаларына және ҚР «Тұрғын үйлер қатынастары туралы» Заңына сәйкес әзірленген, қоныстанып отырған, қызметтікке теңестірілген тұрғын үйлерді сатып алудың құкықтық негізін, тәртібін және процедурасын белгілейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлеріне берілген тұрғын үйлер екі санатқа бөлінеді:
Тармақша 1
1) қызметтік тұрғын үй - мемлекеттік органдар мен мекемелердің кызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау мерзіміне берілетін, сатып
алуға жатпайтын тұрғын үй;
Тармақша 2
2) қызметтікке теңестірілген тұрғын үй - мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлеріне осы Ережемен белгіленген тәртіпте және меншік иесі мен тұрғын үйді жалдаушы арасындағы шарт бойынша сатып алу құқымен берілетін тұрғын үй.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік тұрғын үйді сатып алу кезіндегі негізгі шарттар
2. Мемлекеттік тұрғын үйді сатып алу кезіндегі негізгі шарттар
Тармақ 1
1. Талдықорған қаласына көшкеннен кейін кем дегенде екі жыл ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істеген мемлекеттік кызметшілер, бюджеттік ұйымдардың кызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызметтегілер меншік иегерінің келісімімен, қоныстанған, қызметтікке
теңестірілген тұрғын үйді сатып алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Қызметтікке теңестірілген тұрғын үйді сатып алу өз қаражаты немесе екінші деңгейдегі банктердсн алынған кредиттер есебінен төмендегі жағдайларда жүзеге асырылады:
- сатып алу кезіндегі аммортизациялық шығындарды есепке ала отырып, баланстық қүұнының есебінен 10 % мөлшерінде бір жолғы төлеу немесе баланстық құнының 20 % мөлшерінде, баланстық құнының 5 % көлеміндегі міндетті жарнаны төлей отырып, ары кеткенде үш жыл мерзімге ұзартып төлеу.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйді сатып алу үшін кызметкер жұмысшы комиссиясына төмендегі құжаттарды тапсырады:
- қызметтікке теңестірілген тұрғын үйді сатып алу туралы облыс Әкімі аппараты басшысының атына өтініш;
- тұрғын үйге берілген ордер,
- жұмыс орнынан берілген анықтама;
- тұрғын үйдің баланстық құны туралы анықтама;
- өтініш иесіне және әйеліне (еріне) «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-нан Талдықорған қаласында тіркелген тұрғын үйінің жоқтығы туралы анықтама .
- өтініш берушінің және әйелінің (ерінің) жеке куәлігінің көшірмесі;
- өтініш берушінің отбасы жағдайын растайтын құжаттар (неке туралы және бірге тұрғатын балаларынын тууы туралы куәліктер);
Тармақ 4
4. Жұмысшы комиссиясы екі апта мерзім ішінде өтініш берушінің тапсырған құжаттарын қарап, тұрғын үйді сатьш алуға келісім беру немесе
бермеу туралы шешім шығарады.
Тармақ 5
5. Жұмысшы комиссиясының оң шешімі болған жағдайда коммуналдық меншікті баскару және жекешелендіру жөніндегі департамент мемлекеттік органның (мекеменің) қызметкерімен, сатып алынатын тұрғын үйдің құнын төлегендігі немесе жарна құйғандығы жөнінде құжат тапсырғаннан кейін белгіленген тәртіппен тіркей отырып, қоныстанып отырған тұрғын үйді сатып алу жөнінде шартқа отырды.
Басқа 19
Алматы облысы Әкімдігінің
2004ж. «30» сәуір
«Қоныстанып отырған,
қызметтікке теңестірілген тұрғын
үйлерді сатып алу тәртібі
туралы» № 73 қаулысына
№ 2 қосымша
Талдықорған қ. 2004ж. «30» сәуір
Қызметтікке теңестірілген тұрғын үйді сатып алу
ШАРТЫ
Жақтар:
Сатушы: Коммуналдық меншікті баскару және жекешелендіру жөніндегі
департамент, Алматы облысы Әкімдігінің 200 жылғы «__»_________№___қаулысына
сәйкес___________________________________________________________ және
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
сатып алушы________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлнінің нөмері)
__________________________________________________________________
(қашан және кім берген)
мына мекен-жайдағы қызметтікке теңестіріліген тұрғын үйде тұрушы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(оның лауазымы және республикалық немесе жергілікті бюджеттен
___________________________________________________________
қаржыландырылатын мемлекеттік органның аталуы)
мына төмендегілер бойынша осы шартқа отырсын:
1. Сатушы сатады, ал сатып алушы 200____ж.«___»______берілген
ордерге сәйкес__________бөлмеден тұратын жалпы алаңы_______шаршы метр,
тұрғын алаңы_______шаршы метр болатын
_______________________________________________________________
мекен жайындағы қызметтікке теңестірілген тұрғын үйді меншігіне сатып
алады.
2. Сатып алынатын пәтердің баланстық құны облыс Әкімі аппараты
қаржы-шаруашылық бөлімінің анықтамасы бойынша_______теңге.
3. Сатушы пәтерді сатып алушының меншігіне Алматы облысы
Әкімдігінің 200 жылғы «___»_______№___каулысымен бекітілген
«Қызметтікке теңестірілген, қоныстанып отырған тұрғып үйді сатып алу тәртібі туралы»
Ережеге сәйкес__________________________________________________теңгеге өткізіп береді.
(құны санмен және толық жазыла отырып)
4. Сатып алушы 3 тармақта көрсетілген соманы жұмыс тобы шешім шығарған күннен бастап,
30 (отыз) күнтізбелік күнде_____________________________________________________
есеп шотына төлейді.
5. Пәтер (үй) несиеге жекешелендірілген жағдайда_______теңге
мөлшеріндегі қалған сома теңдей бөлікпен осы Ереже тіркелгеннен кейінгі келер айдан
бастап_________мерзімде төленеді. Сатып алушы төлемнің соңғы мерзімі келгенін күтпей,
мерзімінен бүрын толық есептесуіне' болады.
6. Сатып алушы төлемнің мерзімін өткізіп алған жағдайда ол өткен мерзімге мерзімі,
кешіктірілген сомадан 3 пайыз мөлшерінде жылдық есім төлеуге міндетті.
7. Иелікке алынатын пәтер осы Келісім-шартқа отыру сәтінде ешкімге сатылмаған,
салынбаған, талас тудырмайтын және тұтқынға алынбаған, мемлекеттің меншігі болып табылады.
8. Осы шарттың 3 тармағында көрсетілген; соманы толық төлеген кезде және осы шарт
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік
жөніндегі орталығы» РМК-да тіркелгеннен кейін сатып алушы сатып алынған пәтерге
иелік ету құқығына ие болады.
9. Осы шарт сатып алушы, сатушы және жылжымайтын мүлікті тіркеу органдары үшін
3 данада жасалады және Жақтар қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Сатушы:
Коммуналдық меншікті Сатып алушы:
басқару және жекешелендіру
жөніндегі департаменті _____________
_________Б.Мұқадиев
М.О.
Төлегені туралы белгі__________
М.О.