О военно-патриотической работе, подготовке молодежи к службе в армии и мерах по ее улучшению Күшін жойған
Басқа 0
Жастарды әскери қызметке даярлау, әскери-патриоттық жұмыс және оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 «Алғашқы әскери даярлық туралы» қаулысымен сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысында 2004-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің, басқа да әскер және әскери құрылымдарына жастарды әскери қызметке даярлау жоспары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Баймағамбетоваға жүктелсін.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы қарулы Күштері,
басқа да әскер және әскери құрылымдарда
облыс жастарын әскер қызметіне даярлаудың
2004-2005 жылдарға арналған жоспары
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 7 маусымдағы «Жастарды әскери қызметке даярлау, әскери-патриоттық жұмыс және оны жақсарту» қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы қарулы Күштері,
басқа да әскер және әскери құрылымдарда
облыс жастарын әскер қызметіне даярлаудың
2004-2005 жылдарға арналған жоспары
Р/с
№
Іс- шаралар атауы
Өткізілу мерзімі
Орындаушылар
1
2
3
4
1. Жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу
1
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі үйлестіру кеңесіне ҚР қарулы Күштері мен соғыс ардагерлері тарапынан, штаттан тыс тілшілердің жұмысын ұйымдастыру. Қостанайлық әскери қызметшілердің ерлік және әскери борыштарын өтеуінің үлгілерін көрсететін бұл материалдар «Олар Конституция мен антқа адал» айдарымен берілсін, Қостанай горнизоны әскерлерінің жеке құрамымен журналистер кездесуін өткізу.
Тұрақты
Қалалар мен аудандардың үйлестіру кеңестері, Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Соғыс және еңбек ардагерлерінің облыстық кеңесі, БАҚ басшылары, жауынгерлер аналарының кеңестері (келісім бойынша)
2
Қалалар мен аудандардың әкімдері Қостанайлық жауынгерлер борыштарын өтеп жатқан әскери бөлімшелерге, олардың қызметімен, өмірімен және тұрмыстық жағдайларымен танысу үшін бұқаралық ақпарат құралдары, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері, жастар ұйымдары, жауынгерлер аналары кеңесінің өкілдерін жіберуге практикалық көмек көрсетсін.
Тұрақты
Қалалар мен аудандар әкімдері, Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша), әскери бөлімдердің командирлері
3
Қорғаныс істері жөніндегі департамент жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен келісе отырып, ҚР қарулы Күштерінің
12-жылдығына, Жеңістің 59-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» айдарымен теле және радио хабараларды циклін ұйымдастырсын.
Сәуір - мамыр
Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
4
Облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаменті:
ішкі саясат департаменті, ТЖ жөніндегі басқармасы, облыстық ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып, ҚР қарулы Күштерінің 13-жылдығына , 1941-1945 жылдардағы ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60-жылдығына арналған қорғаныс-көпшілік жұмыс айлығын ұйымдастырып өткізсін;
Қалалар мен аудандардың әкімдері және ардагерлер кеңесімен ҚР қарулы Күштерінің 13-жылдығына және Жеңістің 60 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өткізсін
Қостанай облысы спорт және туризм басқармасымен қалалар мен аудандарда әскерге шақырылғандар күнін» ұйымдастырып, өткізсін.
2005 жылғы
10 сәуірден
10 мамырға дейін
Мамыр ,
маусым,
қазан
Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша), Облыстың ардагерлер кеңесі (келісім бойынша)
Қостанай облысының спорт және туризм басқармасы
5
Қорғаныс істері жөніндегі департаменті ішкі саясат департаментімен бірлесіп, қалалар мен аудандардағы жастармен әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі үйлестіру кеңестерінде әскерге шақырылған және шақырылатын жастарды патриоттық тәрбиелеу, оларды әскери қызметке даярлау және жалпы білім беретін мектептерде бастауыш әскери даялықты жүргізу жөніндегі жұмыс жағдайын талдау.
тамыз
Ішкі саясат департаменті, Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша), Қостанай облысының білім департаменті, үйлестіру кеңестері
6
Білім департаменті қорғаныс істері жөніндегі департаментпен бірлесіп, жалпы білім беретін мектептерде әскери-патриоттық бағыттағы сыныптар, үйімелер және клубтар ұйымдастырсын.
тұрақты
Қостанай облысының білім департаменті, қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
7
ҚР қарулы Күштерінің 13- жылдығы және ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60- жылдығы жылы өткізілсін.
жалпы білім беретін мектептерде «Менің өлкемнің батырлары» ұранымен соғыс ардагерлері мен қарулы Күштерге арналған кездесулер, ашық сабақтар, әңгімелер, шығармалар ұйымдастыру;
мектептер, ұйымдар және мекемелерде, мұражайлар мен ерлік және еңбек даңқы бұрыштарының байқау- конкурстарын;
Жергілікті ақындар мен композиторлардың ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60- жылдығына арналған облыстық тарихи-өлкелік мұражайда 151-ші атқыштар бригадасы мен 150-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлеріне арналған фотокөрме өткізу;
151- ші атқыштар бригадасы мен 150- ші атқыштар дивизиясының құрамында әр жылдары қызмет атқарған соғыс және еңбек ардагерлерімен жастар және гарнизон
жауынгерлерінің теле және радиода дөңгелек стол басында кездесулерін ұйымдастыру.
Жыл бойы
2004 жылғы сәуір - мамыр
2005 жылғы
сәуір - мамыр
2004-2005 жылдардағы мамыр
Қостанай облысының білім департаменті, Облыстың ардагерлер кеңесі (келісім бойынша)
Қостанай облысының мәдениет департаменті, облыстық ардагерлер кеңесі (келісім бойынша)
Қостанай облысының қорғаныс істер жөніндегі департаменті (келісім бойынша), соғыс және еңбек ардагерлерінің облыстық кеңесі (келісім бойынша),
Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
2. Алғашқы әскери дайындық
8
Облыстың барлық оқу орындарында алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқулық-материалдық базасын құру және тұрақты жетілдіру.
Оқу мерзімі кезінде
Қостанай облысының білім департаменті, Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
9
Облыс қалалары мен аудандарында оқушылардың оқу-әскери жиындарын өткізу үшін қорғаныс-спорт сауықтыру лагерлерін құру
2004 жылғы
мамыр
қалалар мен аудандардың әкімияттары, Қостанай облысының білім департаменті, Қостанай облысының спорт және туризм басқармасы
10
Облыс оқу орындарын тәжірибелі алғашқы әскери даярлық оқытушыларымен және дәрігерлік-санитарлық дайындық оқытушыларымен қамтамасыз ету.
2004 жылғы 20 тамызға дейін
Қостанай облысының білім департаменті
11
Әскери басқарудың жергілікті органдарында алғашқы әскери даярлық жөніндегі штаттан тыс әдістемелік кеңестер құру
2004 жылғы қыркүйек
Қостанай облысының білім департаменті
12
Облыс оқу орындарының алғашқы әскери даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушыларының әдістемелік дайындықтарын тұрақты жетілдіру
тұрақты
Қостанай облысының білім департаменті
13
қорғаныс-спорт сауықтыру лагерлерінде 10- сынып оқушыларымен жиын өткізу
2004-2005 жылдардағы мамыр
Қостанай облысының білім департаменті, қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
3. Жастардың денесін шынықтыру
14
Облыс қалалары мен аудандарында әскерге шақырылғандар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша спартакиадалар дайындау және өткізу
2005 жылғы ақпан, сәуір, мамыр
Қостанай облысының спорт және туризм басқармасы, қостанай облысының білім департаменті, Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
15
Президенттік көпсайыс түрлері бойынша әскерге шақырылған жастардан сынақ қабылдауды ұйымдастыру
2004-2005 жылдардағы сәуір-мамыр, қазан - қараша
Қостанай облысының спорт және туризм басқармасы, Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
16
Әскерге шақырылған жастар арасында әскери-техникалық спорт түрлері бойынша жарыс өткізу
2004-2005 жылдардағы сәуір - қазан
Қостанай облысының спорт және туризм басқармасы, Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
4. Емдеу-сауықтыру жұмысы
17
Әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыруға қатынасатын медициналық комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандармен толықтыру.
қаңтар, сәуір-қазан
Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті
18
Әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру жөніндегі медициналық комиссия дәрігер-мамандарымен, нұсқаулық-әдістемелік сабақтарды ұйымдастыру және өткізу.
наурыз,қыркүйек
Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті,
Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
19
Шақыру учаскелеріне азаматтарды тіркеу және әскери қызметке шақыру кезінде анықталған науқас әскерге шақырылғандарды әрі қара емдеу үшін облыстың емдеу мекемелеріне уақытында бекіту.
Сәуір, маусым, қараша
Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті,
Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
20
Облыс қалалары мен аудандарындағы әскерге шақырылған және шақырылатын жастар арасындағы емдеу-сауықтыру жұмысы жағдайын тексеруді жүзеге асыру.
тұрақты
Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті
Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
5. Әскери-оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу
21
Әскери оқу орындарына іріктеу жоспарын әзірлеу және оны облыс қалалары мен аудандарының орта оқу орындарына жеткізу
2004 жылғы
желтоқсан
Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
22
Барлық орта оқу орындарында әскери оқу орындарына қабылдау жағдайы мен түсу ережесін көрнекі насихаттауды ресімдеу.
2004 жылғы желтоқсан
Қостанай облысының білім департаменті, қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
23
Бұқаралық ақпарат құралдары, оқу орындары арқылы оқу бітіруші сыныптар оқушыларының кәсіби бағдарландыруын өткізу
2005 жылғы қаңтар
Қостанай облысының білім департаменті, Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
24
Оқу бітіруші сыныптар оқушыларымен демалысқа келген әскери училище курсанттарының кездесулерін ұйымдастыру және өткізу.
Тұрақты
Қостанай облысының білім департаменті, Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)