О создании областного штаба по координации деятельности местных исполнительных органов по формированию электронного банка данных избирателей Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сайлаушылардың электронды мәліметтер банкін қалыптастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру жөніндегі облыстық штаб құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлаушылардың тізімін жасаудың автоматтандырылған ақпарат жүйесін ендіру жөніндегі тапсырмасын және "Қазақстан Республикасының сайлаушыларының электронды тізімдерін қалыптастыру, тіркеу және есепке алу жөніндегі министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың қызметтерін үйлестіру жөніндегі Республикалық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2004 жылғы 9 наурыздағы N 1 өкімін жүзеге асыру мақсаттарында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Сайлаушылардың электронды мәліметтер банкін қалыптастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру жөніндегі облыстық штаб (ілгеріде - Облыстық штаб) құрылсын, құрамы және 1 және 2 қосымшаларға сәйкес Облыстық штаб туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Петропавл қаласы мен аудандар әкімі бір апталық мерзімде сайлаушылардың электронды мәліметтер банкін қалыптастыру жөніндегі облыстық және аудандық орталықтарда өңірлік штабтар құрылсын, олардың жұмысын сапалы және тиімді ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық штаб қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету облыс әкімінің аппаратына және облыстық сайлау комиссиясына, аудандар мен Петропавл қаласы әкімі жанындағы штабтарға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Облыстық штабпен қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының ұйымдық-инспекторлық бөліміне жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 16 шешіміне 1 қосымша "Сайлаушылардың электронды мәліметтер банкін қалыптастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру жөніндегі облыстық штаб құру туралы" Сайлаушылардың электронды мәліметтер банкін қалыптастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың құрамы Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлы облыс әкімінің аппарат басшысы, штаб басшысы Корабельников Анатолий Андреевич облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, штаб басшысының орынбасары Штаб мүшелері Галыгин Юрий Борисович Қорғаныс министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша) Гвоздьев Владимир Гаврилович Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі ҚР Агенттігі басқармасының бастығы (келісім бойынша) Дурдин Виктор Алексеевич Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ОАК консультант-өкілі (келісім бойынша) Ковецкий Василий Александрович облыс әкімінің бас инспекторы Литфуллин Фанис Хатимуллаұлы Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Мағзұмов Азамат Белгібайұлы денсаулық сақтау департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрмағамбетов Марат Мағзұмұлы облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің меңгерушісі Сағдат Саида Сағдатқызы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әділет департаменті бастығының орынбасары м. а. (келісім бойынша) Тоқсанбаев Ысқақ Батайұлы Ішкі істер басқармасының орынбасары Ушакова Надежда Анатольевна облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша) Шәріпов Руслан Раульұлы облыс әкімі аппаратының офистік жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі топтың бас маманы
Басқа 6
Облыс әкімінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 16 шешіміне 2 қосымша "Сайлаушылардың электронды мәліметтер банкін қалыптастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру жөніндегі облыстық штаб құру туралы" Сайлаушылардың электронды мәлiметтер банкiн қалыптастыру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерiн үйлестiру жөнiндегi облыстық штабы туралы ЕРЕЖЕ Осы ереже сайлаушылардың электронды мәлiметтер банкiн қалыптастыру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерiн үйлестiру жөнiндегi облыстық штабтың» (iлгерiде - Облыстық штаб) мiндеттерiн, функцияларын, құқықтық және ұйымдастыру негiздерiн айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыстық штаб сайлаушылардың» электронды тiзiмдерiнің» нақтылығын және оларды "Избиратель" АИС бағдарламасы режимiнде өңдеу мүмкiндiктерiн, сайлаушыларды есепке алу жөнiндегi барлық деңгейдегi әкiм аппараттарының, облыстық және аумақтық атқарушы органдардың, қызметтер мен ведомстволардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiмдi өзара әрекеттерiн қамтамасыз ету және үйлестiру.
Тармақ 2
2. Облыстық штаб облыс әкiмi жанындағы үйлестiрушi орган болып табылады, штаб өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамаларын және осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Облыстық штабты» мiндеттерi
2. Облыстық штабты» мiндеттерi
Тармақ 3
3. Мыналар облыстық штабтың мiндеттерi болып табылады: барлық деңгейдегi әкiм аппараттарының, жалпы облыс, аудан, қала, әр елдi мекендер мен сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар жөнiнде мәлiметтерiн алу мүмкiндiгiн беретiн қолданыстағы "Избиратель" АИС бағдарламасы базасында сайлаушыларды» тiзiмiн қалыптастыру жөнiнде облыстық және аумақтық атқарушы органдардың, қызметтер мен ведомстволардың», олардың жергiлiктi жердегi бөлiмшелерiнiң iс-әрекеттерiн үйлестiру; сайлаушыларды есепке алу жөнiндегi орталық атқарушы органдардың облыстық және аумақтық бөлiмшелерiнiң өзара тиiмдi байланыстарын қамтамасыз ету; сайлаушылар тiзiмiн жасау және кезеңдеп түзетiп отыру үшiн ақпараттар беру бөлiгiнде сайлау туралы заң талаптарын дер уақытында және сапалы орындау үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың жауапкершiлiктерiн арттыру;
Тарау 3. 3. Облыстық штабтың құқы
3. Облыстық штабтың құқы
Тармақ 4
4. Облыстық штаб Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген тәртiпте және өзiнiң құзыретi шеңберiнде мыналарға құқылы: облыстық департаменттерiн, басқармаларды», комитеттердiң, қызметтер мен ведомство басшыларының және өңiрлiк штаб басшыларының есептерiн тыңдауға; обләкiмдiкке, жоғары тұрған атқарушы органдарға халықты,сайлаушыларды тiркеу, есепке алу жөнiндегi жұмыстарын одан әрi жетiлдiру мәселесi бойынша ұсыныстар енгiзуге; сайлаушылар тiзiмiн сапалы жасауды, оларды тiркеудi және есепке алуды, облыстық штаб шешiмдерiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын тиiсiнше орындауды қамтамасыз етпейтiн мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларына тәртiптiк әсер шарасын қабылдау жөнiнде ұсыныстар енгiзу.
Тарау 4. 4. Жұмысты ұйымдастыру
4. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Облыстық штаб басшысы оның қызметiн жоспарлайды және ұйымдастырады, штаб мәжiлiсiнде төрағалық етедi.
Тармақ 6
6. Облыстық штаб басшысы болмаған жағдайда мәжiлiс оның орынбасарының төрағалығымен өткiзiледi.
Тармақ 7
7. Облыстық штабтың кезектi мәжiлiсiнiң» күн тәртiбi штаб мүшелерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, басшымен немесе оның орынбасарымен қалыптастырылады.
Тармақ 8
8. Облыстық штабтың кезектi мәжiлiсiне енгiзiлетiн мәселелердi дайындау үшiн дербес құрамын штаб басшысы айқындайтын жұмыс тобы құрылады.
Тармақ 9
9. Облыстық штаб мәжiлiсiнiң мерзiмдiлiгi - айына бiр реттен кем емес.