О создании районной Комиссии по государственным символам при акиме Аккайынского района Күшін жойған
Басқа 0
Аққайың аудан әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жөнінде аудандық комиссия құру туралы
Мемлекеттік нышандарды зерделеу, насихаттау және қолдану, мемлекеттік стильді қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аққайың аудан әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жөнінде аудандық комиссия қосымшадағы құрамына сәйкес құрылсын.
Комиссияның дербес құрамын бекіту үшін аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына жіберілсін.
Тармақ 2
2. Қосыла берілген, Аққайың аудан әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жөнінде аудандық комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Комиссия өз жұмысын «Қазақстан Республикасының мемлекетттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және Аққайың аудан әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жоніндегі аудандық комиссия туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Р.Ридеге жүктелсін.
Басқа 5. Аққайың аудан әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жөнінде аудандық комиссияның дербес кұрамы
«Аққайың аудан әкімі жанынан
мемлекеттік нышандар жөнінде
аудандық комиссия құру туралы»
Ақкайың аудан әкімдігінің
2004 жылғы 21 мамырдағы
№112 қаулысына
қосымша
Аққайың аудан әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жөнінде аудандық комиссияның дербес кұрамы
Шұғаев Жанат Рашитұлы - Аудан әкімі, комиссия төрағасы
Риде Валерий Рейнгольдович - Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Жүкенова Айгүл Кәкімқызы - Аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы
Билялов Бейбіт Зарапұлы - аудандық білім бөлімінің бастығы
Ғалымов Орал Шаймерденұлы - Смирново селолық округінің әкімі
Күшенов Кайырлықан Айдарханұлы - аудандық мәдениет және спорт бөлімінің бастығы
Лесикова Татьяна Михайловна – аудандық «Колос» газетінің редакторы (келісім бойынша)
Полищук Анатолий Ильич – аудандық мәслихаттың хатшысы (келісім бойынша)
Харченко Екатерина Филипповна – аудандық әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы
Басқа 6. Аққайың аудан әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жөніндегі аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
«Аққайың аудан әкімі жанынан
мемлекеттік нышандар жөнінде
аудандық комиссия құру туралы»
Ақкайың аудан әкімдігінің
2004 жылғы 21 мамырдағы
№112 қаулысымен
Бекітілген
Аққайың аудан әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жөніндегі аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аққайың аудан әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі -Комиссия) аудан әкімі жанындағы мемлекеттік нышандарды зерделеу, насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» 1996 жылғы 24 қаңтардағы 2797 Конституциялық заң күші бар Жарлығына сәйкес мемлекеттік стильді қалыптастыру және оларды қолдану практикасын қорыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комисси өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Аудан әкімі лауазымы бойынша Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссияның дербес құрамы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) халықтың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына құрмет қатынастарын қалыптастыру,
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану мәселелрі, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті мемлекеттік стильді қалыптастыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) мемлекеттік бірдейлендіру нышандары мен геральдикалық, белгілерді жасау және енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нашандарын қолданудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның өкілетігі
3. Комиссияның өкілетігі
Тармақ 5
5. Осы Ережемен анықталған міндеттерді іске асыру үшін Комиссия:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану жөніндегі мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік бірдейлендіру нашандары мен геральдикалық белгілерді жасаудың және енгізудің әлемдік тәжірибесін зерделейді және Мемлекеттік нышандар жөніндегі облыстық Комиссияға Қазақстан Республикасында оларды қолдаудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) облыс аумағында ресми іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік нышандарды қолданудың рәсімдік ережелерін әзірлеуге қатысады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік нышандарды насихаттау және мемлекеттік стильді қалыптастыру жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған зерттеулерді жүргізуге бастамашылық етеді;
Тармақша 5
5) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың жазбаша өтініштерін қарайды;
Тармақша 6
6) Комиссия өз өкілеттерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыру кезінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдармен, қоғамдық бірлестіктермен, басқа да мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 6
6. Комиссия:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шеңберіңде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мүдделі ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан жұмысқа қажетті ақпараты және өзгеде материалдар мен мәліметтерді сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) өздерінің отырыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын, олардың өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының
заңнамалық кесімдерін орындау жөнінде жүргізген жұмыстары туралы тыңдауға;
Тармақша 3
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану мәселелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін өкітті мемлекеттік органдардың тексеру жүргізуіне бастамашылық жасауға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану мәселелері жөнінде семинарлар, «дөңгелек үстелдер», мәжілістер өткізуге құқылы.
Тарау 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
Тармақ 8
8. Комиссия жұмысы қоғамдық негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссияға жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, Комиссия отырыстарында төраағлық етеді;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік нышандар жөніндегі облыстық комиссия төрағасын Комиссияның қызметі туралы тұрақты түрде хабардар етеді және оған мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану жөнінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың
қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді
Тармақша 3
3) Комиссия мүшелері арасында тапсырмаларды бөледі;
Тармақша 4
4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделі ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға Комиссия отырыстарында материалдар, өзінің атына келіп түскен ұысыныстар бойынша қорытындылар дайындауды тапсырады;
Тармақша 5
5) Комиссия отырыстарының хаттамаларына, жұмыс жоспарларына қол қояды;
Тармақша 6
6) Комиссияның жұмысын жетілдіру және оның құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша Комиссия мүшелерінің ұсыныстарын қарайды;
Тармақша 7
7) Комиссия отырыстарының күн тәртібін анықтайды.
Тармақ 10
10. Комиссия төағасының орынбасары:
Тармақша 1
1) Төраға тапсырмаларының және Комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Комиссия ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын Комиссия төрағасына бекітуге енгізеді;
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстарын дайындау үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Комиссия төрағасының келісімімен Комиссия хатшысына немесе мүшелеріне Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдарды, азаматтардың жазбаша өтініштерін қарауға жібереді;
Тармақша 5
5) осы Ережеге сәйкес Комиссия төрағасының өзге де тапсырмаларын орындауды.
Тармақ 11
11. Аудан әкімі аппаратаның ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы лауазымы бойынша Комиссияның жұмыс органына басшылықты жүзеге асыратын Комиссия хатшысы болып табылады.
Тармақ 12
12. Комиссияның мүшелері:
Тармақша 1
1) халық арасында мемлекеттік нышандарға құрмет қатынастарын қалаптастыруға жәрдемдеседі, бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерінде және қаражат есебінен насихаттауға қатысады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырыстарына қатысады;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының және төраға орынбасарының тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 4
4) Комиссия құзырына жататын мәселелер бойынша ұсынымдар дайындауға қатыеады;
Тармақша 5
5) Комиссияның жұмыс органынан Комиссия отырыстарына қажетті материалдар алады;
Тармақша 6
6) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыстарын жоспарлауға қатысады;
Тармақша 7
7) жазбаша түрде баяндалатын және хаттамаға берілетін ерекше пікірге құқығы бар
Тармақ 13
13. Комиссияның жұмыс органы аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі болып табылады.
Жұмыс органы:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмысын жалпы ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік нышандарды қолдану және насихатату мәселелері қарауына жататын селолық округ әкімдері аппараттың лауазымды тұлғаларына әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат жинауды, өндеуді, мемлекеттік нышандарды қолдану және насихаттау практикасын талдауды, бұл саладағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және өзге де мүдделі ұйымдарға Комиссия ұсынымдарын түсіндіреді және жолдайды;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті аудан аумағында мемлекеттік нышандарды насихаттауға және қолдануға бағытталған комиссия қызметін жариялау жөнінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) өз өкілеттері шегінде өтінім білдірушілерге олар енгізген ұсыныстар бойынша қорытынды жолдайды;
Тармақша 7
7) Комиссия отырыстарына материалдарды, Комиссияның ағымдағы және преспективалық жұмыс жоспарларының жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) Комиссия мүшелерінің Комиссия жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қорытады;
Тармақша 9
9) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен және мүдделі ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізеді;
Тармақша 10
10) іс жүргізуге жауап береді, Комиссия материалдарын сақтаулы және оларды мұрағатқа өткізуді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Комиссия отырыстарын қажеттігіне қарай жылына кемінде екі рет Төраға шақырады.
Тармақ 15
15. Комиссия отырысы, егер оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан болса, заңды деп саналады.
Тармақ 16
16. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Қажет болған жағдайда олар Комиссия Төрағасының - аудан әкімі өкімімен ресімделеді.
Тармақ 17
17. Шешімдер оның отырысында қатысушылар санының кемінде үштен екісінің дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, Комиссияның отырысын төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданады деп саналады.