Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета Жамбылского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау және Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттары
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылдың 05 желтоқсанындағы № 342 қаулысына қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар (бұдан әрі – ынталандырушы үстемеақылар) белгілеудің тәртібі мен шарттары «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – ұйым) қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1 - бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.
Тарау 2. 2 тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
2 тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес қосымша бюджет қаражатына қажеттілік қалыптастырады және «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджеттік өтінім жібереді.
Тармақ 4
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес, аудандық бюджет комиссиясының қарауына ынталандырушы үстемеақылар бойынша қосымша қажеттілікті шығарады.
Тармақ 5
5. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақыларға бюджет қаражатын бөлу кезінде ұйым басшысы кадр қызметі қызметкерінің не оны алмастыратын адамның жазбаша ұсынуы (бұдан әрі - ұсынымы) негізінде қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы ай сайын шешім қабылдайды. Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде ол тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келіседі не лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыны белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып, тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бас тартады. Қызметкер шешім шығарылғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бас тарту туралы хабардар етіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының 12-тармағында көрсетілген шарттар қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
Тармақ 7
7. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, ынталандырушы үстемеақының мөлшері және тәртіптік жазаның жоқтығы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
Тармақ 8
8. Ынталандырушы үстемеақылар қызметкерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
Тармақ 9
9. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
Тармақ 10
10. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақылар, үстеме жұмыс және басқалар).
Тармақ 11
11. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Еңбекақы төлеудің негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдау негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда ынталандырушы үстемеақылар жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Лауазымдық айлықақыларға ынталандырушы үстемеақы төленбейді:
Тармақша 1
1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
Тармақша 2
2) ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;
Тармақша 3
3) қызметкердің сынақ мерзімінде болу кезеңі;
Тармақша 4
4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;
Тармақша 5
5) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
Тармақша 6
6) оқу демалысы кезеңінде;
Тармақша 7
7) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
Тармақша 8
8) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
Тармақша 9
9) қызметкерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;
Тармақша 10
10) қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
Тармақ 11
11. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджеті бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.
Тармақ 12
12. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімі бойынша осы бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарына 1, 2,3 және 4-қосымшаларда көрсетілген санаттар бойынша белгіленеді.
Басқа 1. «Сафуан Шаймерденов атындағы Жамбыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарына 1-қосымша «Сафуан Шаймерденов атындағы Жамбыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар № р/н Ла­у­а­зым­дар­дың то­лық жа­зы­луы (ата­уы) Ла­у­а­зым­дық жа­ла­қы­ға үсте­ме­а­қы 1 2 3 1. Кү­зет­ші 30% 2. Қыз­мет­тік үй-жай­лар­ды та­за­ла­у­шы 30% 3. Аула та­за­ла­у­шы 30% 4. Жүр­гі­зу­ші 50% 5. Қа­зан­дық ма­ши­ни­сі (от жа­ғу­шы) 30% 6. Биб­лио­граф (С-2, С-3 бло­гы­на қа­ты­сты) 30% 7. Кі­та­п­ха­на­шы (С-2, С-3 бло­гы­на жа­та­тын) 30% 8. Хат­шы 30%
Басқа 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарына 2-қосымша «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар № р/н Ла­у­а­зым­дар­дың то­лық жа­зы­луы (ата­уы) Ла­у­а­зым­дық жа­ла­қы­ға үсте­ме­а­қы 1 2 3 1. Ди­рек­тор 30% 2. Бас бух­гал­тер 30% 3. Бар­лық ата­у­лар бой­ын­ша ке­ңес­ші 30% 4. Бар­лық ата­у­лар­дың әдіс­ке­рі 30% 5. Жүр­гі­зу­ші 50% 6. Сек­тор мең­ге­ру­ші­сі 30%
Басқа 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет үйі» шұғыл басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарына 3-қосымша «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет үйі» шұғыл басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар № р/н Ла­у­а­зым­дар­дың то­лық жа­зы­луы (ата­уы) Ла­у­а­зым­дық жа­ла­қы­ға үсте­ме­а­қы 1 2 3 1. Жүр­гі­зу­ші 50% 2. Мә­де­ни ұй­ым­да­сты­ру­шы (С-2, С-3 бло­гы­на жа­та­тын) 30% 3. Ин­спек­тор (С-2, С-3 бло­гы­на қа­ты­сты) 30% 4. Су­рет­ші (С-2, С-3 бло­гы­на қа­ты­сты) 30% 5. Аран­жи­ров­щик (С-2, С-3 бло­гы­на қа­ты­сты) 30% 6. Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы (С-2, С-3 бло­гы­на жа­та­тын) 30% 7. Аула та­за­ла­у­шы 30% 8. Кү­зет­ші 30% 9. Қыз­мет­тік үй-жай­лар­ды та­за­ла­у­шы 30%
Басқа 4
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарына 4-қосымша D, С-2, С-3 блогына (қосалқы персонал) және жұмысшыларға (біліктілік разряды) жататын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар келесі ұйымдарда:
Тармақша 1
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 2 «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 7
7) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 8
8) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 9
9) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі № р/н Ла­у­а­зым­дар­дың то­лық жа­зы­луы (ата­уы) Ла­у­а­зым­дық жа­ла­қы­ға үсте­ме­а­қы 1 2 3 1. Жүр­гі­зу­ші 50% 2. Мұ­ра­ғат­шы 30% 3. Аула та­за­ла­у­шы 30% 4. Аудар­ма ре­дак­то­ры 30% 5. Бас­шы­ның хат­шы­сы 30% 6. Ста­ти­стик 30% 7. Кү­зет­ші 30% 8. Қыз­мет­тік үй-жай­лар­ды та­за­ла­у­шы 30% 9. Кө­ші­ру-кө­бей­ту ма­ши­на­ла­ры­ның опе­ра­то­ры 30% 10. Қой­ма­шы 30% 11. Ком­пью­тер­лік тех­ни­ка (бағ­дар­ла­ма­лар)опе­ра­то­ры 30% 12. Ко­мен­дант 30% 13. Қа­зан­дық ма­ши­ни­сі (от жа­ғу­шы) 30%