Положение о Центральной комиссии по разработке нефтяных и газовых месторождений Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұнай және газ орындарын игеру жөніндегі Орталық комиссия туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 21.03.2001 № 70 бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 шілдедегі қаулысымен бекітілген Энергетика, индустрия және сауда министрлігі туралы Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағындағы мұнай, газ және газ конденсаты орындарын игеру жөніндегі жобалық технологиялық құжаттарға талаптарды реттеу, мұнай және газ кен орындары мүмкіндіктерін игеру мен тиімді пайдалану жағдайын бақылау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі Орталық комиссиясы (ОИК) Энергетика, индустрия және сауда министрлігі жанында құрылсын.
Тармақ 2
2. ОИК-на мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын игеру жөніндегі технологиялық жобалық және нормативтік құжаттарды сараптау және бекіту, осы кен орындарын игеруді бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ мұнай және газ жер асты қойнауларын пайдалану құқықтары мен функциялары жүктелсін.
Тармақ 3
3. ОИК-ның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдері мен нұсқаулары Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындауы үшін, соның ішінде мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын игеруді жобалаумен жүзеге асырумен, мұнай және газ жер асты қойнауларын пайдаланумен айналысатын шетел субъектілері үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 4
4. ОИК құрамы бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 5
5. Тәуелсіз сарапшылардың құрамы бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 6
6. ОИК туралы Ереже бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 7
7. Энергетика және табиғи ресурстар Министрлігінің 1997 жылғы 24 маусымдағы N 60 бұйрығы күшін жойған деп танылсын.
Басқа 8. Мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі Орталық комиссияның құрамы туралы
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда Министрінің 1998 жылғы 19 қазандағы N 200 бұйрығымен бекітілген Мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі Орталық комиссияның құрамы туралы
Тармақ 1
1. Бозымбеков Қ.А. - Мұнай және газ департаментінің директоры, комиссия төрағасы;
Тармақ 2
2. Еламанов Б.Д. - ҚР Меминвесткомы Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақ 3
3. Нұпов Қ.Ш. - Мұнай және газ департаменті директорының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері:
Тармақ 4
4. Сейдағалиев Ш.С. - Мұнай және газ департаментінің нормативтер және лицензиялау бөлімінің бастығы;
Тармақ 5
5. Ташметов А.Ж. - Мұнай және газ департаментінің газ рыногы бөлімінің бастығы;
Тармақ 6
6. Қарабалин Ұ.С. - "Қазақойл" ҰМҚ-ның Вице-президенті
Тармақ 7
7. Шағыров А.Б. - Төтенше жағдайларды, өнеркәсіпте жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді Мемлекеттік қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегі департаменттің мұнайгаз және химия өнеркәсібінде, геологияда қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы;
Тармақ 8
8. Өтеев Т. - Экология және табиғи ресурстар министрлігінің көмірсутегі шикізаты бөлімінің бастығы;
Тармақ 9
9. Сағынғалиев Т. - Геология және жер қойнауын қорғау комитеті Запастар жөніндегі Мемлекеттік комиссияның көмірсутегі шикізаттар бөлімінің бастығы;
Тармақ 10
10. Нысанғалиев А. - "Каспимұнайгаз" институтының директоры
Тармақ 11
11. Герштанский О.С. - Мұнайгаз ҒЗЖИ-ның бас директоры
Тармақ 12
12. Досмұхамбетов М.Д. - "Қазақойл" ҰМҚ-ның геология жөніндегі бас менеджері;
Тармақ 13
13. Асқарова М.Т. - Мұнай және газ департаментінің бас маманы, комиссия хатшысы.
Басқа 22. Тәуелсіз сарапшылардың құрамы:
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрінің 1998 жылғы 19 қазандағы N 200 бұйрығымен бекітілген Тәуелсіз сарапшылардың құрамы:
Тармақ 1
1. Қуантаев Н.Е. - "Қазақстанкаспишельф" АҚ-ның вице-президенті;
Тармақ 2
2. Сисембаев К.Ж. - "Қазақойл" ҰМК-ның Техникалық саясат департаментінің бас технологы;
Тармақ 3
3. Просвирнов А.А. - Мұнайгаз ҒЗЖИ институты бас директорының орынбасары;
Тармақ 4
4. Нұғманов Я.Д. - "Геотекс" АҚ-ның даму жөніндегі директоры;
Тармақ 5
5. Бадоев Т.И. - "Алау" ЖШС-тың бас директоры
Басқа 28. Мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі Орталық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда Министрінің 1998 жылғы 19 қазандағы N 200 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН Мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі Орталық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі Орталық комиссия (келешекте ОИК) Энергетика, индустрия және сауда министрлігі (келешекте "Министрлік") жанындағы алқалы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Құзыретті орган атынан ОИК мұнай, газ, газконденсатты кен орындарын игеру, мұнаймен газды жер асты қойнауларын пайдалану, жобалық технологиялық құжаттар сапасын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. ОИК өз жұмысында Қазақстан Республикасы заңдарын, "Қазақстан Республикасы Мұнай және газ кен орындарын игерудің бірыңғай ережелерін", Министрлік пен Мұнай және газ департаментінің бұйрықтары мен өкімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. ОИК құрамын Мұнай және газ департаменті директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бекітеді. ОИК құрамына, келісім бойынша, мүдделі министрліктер мен ведомствалардың өкілдері кіреді.
Тармақ 5
5. ОИК қызметін ұйымдастыру, іс қағаздарын жүргізу, ОИК-тің материалдары мен құжаттарын жинау мен сақтауды Мұнай және газ департаментінің мұнай операцияларын нормативті реттеу және лицензиялау бөлімі жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Міндеттері
2. Міндеттері
Тармақ 6
6. ОИК-ның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын игеруді жобалау мен жүзеге асыру, мұнай жер асты қойнауларын пайдалану саласында Қазақстан Республикасы аумағында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 2
2) республиканың мұнайгаз мүмкінділігін ұтымды пайдалану, келісім шарттар талаптары мен жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мақсатында мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын игеруге, мұнай мен газдың жер асты қойнауларының пайдалануына бақылау жасау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы аумағында жобалау құжаттарына бірыңғай талаптарды әзірлеу мен орындау, мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын игеру мен пайдаланудың ең тиімді әдістері мен технологиялары жобалар енгізуді қамтамасыз ету және оларды іске қосуға бақылау жасау болып табылады.
Тарау 3. 3. Қызметтері
3. Қызметтері
Тармақ 7
7. Жүктелген міндеттерге сәйкес ОИК мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мұнай алудың жаңа технологияларын, газ және газды конденсатты кен орындарын игеру, мұнай мен газ жер асты қойнауларын пайдалану жөніндегі жобалық технологиялық құжаттарды қолдана отырып, жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жұмыс бағдарламаларын, сынама пайдалану, технологиялық схемалар, жобаларын мұнай кен орындарын игеру жобаларын, игерудің нақтыланған жобаларын, тәжірибе-өнеркәсіптік әзірлеу жобаларын міндетті толық сараптау және бекітуді;
Тармақша 2
2) ЗМК-да бекіту үшін мұнай, газ, конденсат алу коэффициентінің техникалық-экономикалық негіздемесінің сараптамасын;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай, газ және газ конденсат кен орындарын игерудің ағымдағы жағдайы жөніндегі табыс еткен материалдары мен есептерін талдауды және бағалауды;
Тармақша 4
4) мұнай, газ және газ конденсат кен орындарын игеруге қатысты материалдарды, сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттардың мазмұны, оларды ресімдеу және ЗМК-ға табыс ету тәртібі туралы ережелер мен нұсқаулар әзірлейді;
Тармақша 5
5) кен орындарын игеру саласында мәжілістер, семинарлар дайындауды және өткізуді ұйымдастыруды.
Тарау 4. 4. Құқықтары
4. Құқықтары
Тармақ 8
8. Жүктелген міндеттерге сәйкес ОИК мыналарға:
Тармақша 1
1) ОИК-ға табыс етілген материалдар бойынша тәуелсіз сараптама және дайындық жүргізу үшін ғылыми-зерттеу, өндірістік кәсіпорындардың, консалтингтік фирмалардың білікті мамандарын және қажет жағдайда шетел сарапшыларын тартуға (шартты негізде);
Тармақша 2
2) жерқойнауын пайдаланушылардан, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарынан қажетті жобалау, зерттеу және ғылыми тәжірибелік материалдар соның ішінде мыналарды алуға: игеріліп жатқан және игеруге енгізуге жоспарланып отырған мұнай, газ және конденсат кендері мен кен орындарының жобалау-техникалық құжаттамалармен қамтамасыз етілуі туралы жыл сайынғы ақпаратты; мұнай және газ кен орындары мен ғылыми тәжірибелік өндірістерді игеру барысы туралы жыл сайынғы есепті; игерудің бекітілген технологиялық көрсеткіштерін ауытқулар орын алатын кендер мен кен орындары бойынша, негізгі себептері мен оларды жою жөніндегі шараларды көрсетіп жыл сайын түсіндірме жазбаны;
Тармақша 3
3) құзыретті органға мұнай және газ өндіру жөніндегі Келісім-шарттың ережелеріне түзетулер мен өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 4
4) жер қойнауын пайдаланушының мұнай және газ кен орындарын игерудің Бірыңғай ережелерін және ОИК-мен бекітілген технологиялық жобалау құжаттарды бұзғаны анықталған жағдайда Құзыретті органға және басқа да тиісті ведомстволарға мұнай операцияларын кідірте тұру және тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
Тарау 5. 5. Материалдарды қарау тәртібі
5. Материалдарды қарау тәртібі
Тармақ 9
9. ОИК-ның жұмыс жоспарына енгізу үшін жер қойнауын пайдаланушылар технологиялық жобалау құжаттарын қарау жөніндегі өтінішті ОИК-ға материалдарды табыс ету мерзімінен 3 (үш) ай бұрын жібереді.
Тармақ 10
10. ОИК-ның жұмыс жоспарына енгізу үшін көмірсутегі шикізатын өндіруге лицензиясы бар (немесе барлау мен өндіруге қоса лицензиясы) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Құзыретті органымен Келісім-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылардан технологиялық жобалау құжаттары, игерудің талдаулары және басқа да материалдар қабылданады.
Тармақ 11
11. Материалдар 5 данада және белгіленген нысандағы өтінішпен қоса беріледі (1-қосымша).
Тармақ 12
12. Сонымен қатар ОИК-ға технологиялық жобалау құжаттардың жер қойнауын қорғау, экологиялық, тау-кен-техникалық және санитарлық қадағалаудың орталық немесе жергілікті органдарымен келісу және сараптама материалдары табыс етіледі.
Тармақ 13
13. ОИК алынған жобалау құжаттарды қарап және белгіленген талаптарға сәйкес келсе оларды тәуелсіз сараптамадан өткізу үшін жібереді.
Тармақ 14
14. ОИК мына жағдайларда табыс етілген жобаларды қараудан бас тарта алады:
Тармақша 1
1) технологиялық құжаттарда қабылданған көмірсутегі запастары мұнай, газ және конденсаттың, жолай құрамдас бөліктерді қоса алғанда Мемлекеттік балансында бекітілген запастарына сәйкес келмесе;
Тармақша 2
2) табыс етілген материалдар Қазақстан Республикасының мұнай және газ кен орындарын игерудің Бірыңғай Ережелеріне, мұнай және газ кен орындарын игерудің технологиялық құжаттарын жасау жөніндегі белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.
Тармақ 15
15. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін жұмыс жоспарына сәйкес ОИК табыс етілген жобалау технологиялық құжаттарды қарайды. ОИК-ның шешімі отырыста қаралған күннен бастап 10 күнге дейін мерзімде хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 16
16. ОИК-ның шешімдері отырыста қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия отырыстары комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. ОИК-ның жалпы құрамының 50%-тен кем емесі комиссия отырыстарына қатынасса ол құқылы. Дауыстар теңдігінде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 17
17. ОИК-ның сараптамалар мен қорытындылар өткізуге шығыстары, соның ішінде жоба бойынша функционалдық міндеттерді орындаумен байланысты ОИК-ның мүшелері мен сарапшыларының іс сапар шығындарын жер қойнауын пайдаланушылар өтейді.
Тармақ 18
18. Оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ОИК-ның шешімдері мен нұсқаулары мұнай, газ және газ конденсат кен орындарын жобалаумен және игеруді жүзеге асырумен, мұнай және газдың жерасты қоймаларын пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық жүргізуші соның ішінде шетел субъектілері үшін орындауға міндетті. ОИК туралы Ережеге
Басқа 66. ОИК-да технологиялық құжаттарды қарау үшін ӨТІНІШ
1-қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі Орталық Комиссиясы ОИК-да технологиялық құжаттарды қарау үшін ӨТІНІШ
Тармақ 1
1. Жер қойнауын пайдаланушы_______________________________________ ________________________________________________________берілген (объектілер, пайдалану мерзімі)
Тармақ 2
2. Лицензия сериясы___________, N____________ Берілген күні______________________________________________________ Беру мақсаты_______________________________________________________ (өндіру, барлау мен өндіруді қоса) 3._____________________________________________________арасындағы (құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы) жер қойнауын пайдалану үшін келісім-шарт______________жасалды (күні) Мемлекеттік тіркеу актісінің N________, күні______________ 4. Технологиялық құжаттың атауы _________________________ _________________________________________________________________ 5. Техникалық құжатты әзірлеуші ұйымның атауы____________________ _________________________________________________________________ Жобалау жұмыстарын жүргізу құқығы берілген Лицензияның (сертификаттың) нөмірі, күні, және мерзімі __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Өтінішке технологиялық құжаттың 5 (бес) данасы қоса берілген. Технологиялық құжатты ұсынушы кәсіпорын басшысының тегі, аты, әкесінің аты және қолы М.О.