О комиссии при акимате Жаркаинского района по вопросам малого и среднего бизнеса Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелер жөніндегі комиссия туралы Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № а-2/43 «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы» қаулысына сәйкес Жарқайың ауданы әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Жарқайың аудан әкімдігі жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын. (1 - қосымша)
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.(2 - қосымша)
Тармақ 4
4. Аудан әкімі аппаратының экономикалық реформа бөлімі Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ететін жұмысшы орган болып белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2004 жылғы «21 «05 № 238 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қаулысына № 1 Қосымша Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы
Тармақ 1
1. Ахметова Үлболсын Асқарқызы Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Базарбаев Қабдусәлем Қылышбайұлы экономикалық реформа бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары
Тармақ 3
3. Ниязбаева Айгуль Алтынбекова экономикалық реформа бөлімінің бас маманы
Тармақ 4
4. Миллер Виктор Семенович Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Қазақстан» АҚ басшысы (Келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Оспан - Ұлы Серік Әбдетшұлы Жарқайың ауданы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы (Келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Гладких Екатерина Ануфриевна Жарқайың ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары (Келісім бойынша)
Тармақ 7
7. Сидорина Вера Калияқызы Аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Тармақ 8
8. Камидшілин Мейрам Камидоллаұлы Ауылшаруашылық бөлімінің бастығы
Тармақ 9
9. Баяғызов Октябрь Маркенұлы Державин қаласы әкімінің орынбасары
Тармақ 10
10. Қоржынбаева Зәмзәгүл Нұралықызы Жарқайың қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Басқа 17
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2004 жылғы «21» 05 № 238 Қаулысына №2 қосымша Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі Комиссия туралы ереже.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңес органы болып табылады және Ақмола облысының 2004 жылғы 23 ақпандағы № а-2/43 «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы» қаулысына сәйкес құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Президентінің кесімдерін, шағын және орта бизнес саласындағы қызметтерді реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуында шағын және орта бизнес субъектілеріне жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлер қоғамдық бірлестіктерінің сындарлы бастамаларына қолдау көрсету, әрбір кәсіпкердің экономикалық дамыған мемлекетті құрудағы және аудан азаматтарының әл-ауқатын арттырудағы белсенді өміршең ұстанымын насихаттау;
Тармақша 3
3) Жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік қызмет мәселелері жөніндегі шешімдерінің жобаларын бастамашылықпен даярлау және қоғамдық сараптау;
Тармақша 4
4) шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғау жөніндегі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге, үйлестіруге және іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) кредит ресурстарына қол жеткізуді жеңілдету жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін ұсынымдар даярлау;
Тармақша 6
6) әкімшілік рәсімдер мен рұқсаттарды оңайлату мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
Тармақша 7
7) шағын және орта бизнесті қолдау өңірлік инфрақұрылымдарын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 8
8) ауылда шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақ 4
4. Комиссияға жүктелінген міндеттерге сәйкес негізгі функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) шағын бизнестің салалық, кәсіптік және аумақтық одақтарымен, қауымдастықтарымен және бірлесті терімен, басқа да кәсіпкерлік құрылымдармен өзара іс-әрекет ету;
Тармақша 2
2) шағын және орта бизнес саласында келісілген шешімдер шығару және мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай - ақ шағын және орта бизнесті қолдауды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-әрекетті жүзеге асыру ;
Тармақша 3
3) тиісті мемлекеттік органдар, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары өкілдерінің, сондай - ш кәсіпкерлердің өздерінің қатысуымен тақырыптық отырыстар өткізу;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінің жобаларын даярлау және шағын кәсіпорындарға, кәсіпкерлердің одақтарына, бірлестіктеріне, қауымдастықтарына ұйымдастыру, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен шағын және орта бизнес өкілдерін тарту;
Тармақша 5
5) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік, аумақтық кәне салалық бағдарламаларын әзірлеуге үйлестіру мен іске асырылуын қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативті-құқықтық кесімдердің жобаларын бастамашылықпен даярлауды және сараптауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) өңірлердің өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды іске асыруға қатысу, келісім бойынша оларды орындауға шағын және орта бизнес субъектілерін, олардың бірлестіктерін, одақтары мен қауымдастықтарын қатыстыру;
Тармақша 8
8) заңнамада белгіленген тәртіппен Комиссияда жұмыс жасау үшін келісім бойынша ғалымдардың, кәсіпкерлердің, басқару органдары өкілдерінің және басқа да мамандардың ішінен сарапшылар мен консультанттарды тарту;
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссияны төраға басқарады.
Тармақ 6
6. Комиссияның жұмыс органы:
Тармақша 1
1) комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
Тармақша 3
3) комиссия мүшелерінің және олардың қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
Тармақ 7
7. Комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелері қол қояды. Хаттама отырыста қаралған барлық құжаттар мен материалдар қосымша ретінде қоса беріледі. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен жай көпшілік дауыспен қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 8
8. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
Тармақ 9
9. Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол білдірген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.
Тармақ 10
10. Комиссия отырыстарын қажеттігіне қарай шақырады, бірақ тоқсан сайын 1 - ден кем емес.
Тармақ 11
11. Төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның отырыстарында мүдделі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, кәсіпкерлер мен олардың қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысуы мүмкін.