Мүгедектер жөніндегі аудандық кеңес құру туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер жөніндегі аудандық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 16 наурыздағы «Мүгедектерді оңалтудың аудандық 2003 – 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы» № 79/3 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Кеңестің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Закирьяновқа жүктелсін.
Басқа 4. Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңестің ЕРЕЖЕСІ
Май ауданы әкімдігінің 2004 жылғы «22» маусымдағы «Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы» № 97/1 қаулысымен бекітілген Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңестің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мүгедектерді ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімдігі жанындағы консультативтік – кеңестің органы болып табылады. Кеңесті құрудағы мақсат мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметтерін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 2
2. Негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) қоғамда мүгедектерді оңалту үшін жағдайлар жасау және мүгедектің деңгейін төмендету;
Тармақша 2
2) мүгедектік және мүгедектер мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 3
3) мүгедектер мәселелері жөніндегі ұсыныстар дайындау Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады.
Тарау 3. 3. Негізгі функциялары
3. Негізгі функциялары
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) мүгедектерді кешенді оңалтуды қамтамасыз ету, оңалту мекемелерінің желісін дамыту мен материалдық – техникалық базасын анықтау жөніндегі практикалық іс – шараларды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жергілікті мемлекеттік органдардың мүгедектің алдын алу, оңалту, әлеуметтік қорғалуы, білім алуы кәсіптік даярлануы, мүгедектердің жұмыспен қамтылуы мәселелері жөніндегі іс – қимылын үйлестіру үшін ұсыныстарды пысықтау;
Тармақша 3
3) білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру мен спорт жүйелері ұйымдарының мүгедектері оңалту мәселелері жөніндегі жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіру;
Тармақша 4
4) мүгедектерді оңалтудың 2004 – 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасының жүзеге асырылуына бақылау жасау кеңестің негізгі функциялары болып табылады.
Тарау 4. 4. Кеңестің құқықтары
4. Кеңестің құқықтары
Тармақша 1
1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге;
Тармақша 2
2) мүгедектік және мүгедектер проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
Тармақша 3
3) өз шешімдерінің орындалуына бақылау жасауға;
Тармақша 4
4) мүгедектік және мүгедектер проблемаларына байланысты мәселелерді қарайтын жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар кәсіподақ бірлестіктер, жұмыс берушілер (келісім бойынша) өткізетін мәжілістерге қатысуға құқылы.
Тарау 5. 5. Кеңес қызметін ұйымдастыру
5. Кеңес қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Кеңесті төраға басқарады. Кеңес отырыстарын қажетіне қарай, кем дегенде тоқсанына бір рет төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары шақырады.
Тармақ 6
6. Кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдар мен ұсыныстарды дайындауды кеңес хатшысы қамтамасыз етеді. Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімі кеңестің жұмыс органы болып табылады.