О комиссии по предоставлению земельных участков в собственность и землепользование Қолданыста
Басқа 0
Жерді пайдалануға және жер учаскесін меншікке беруге ұсыну комиссиясы туралы
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 17) тармақшасы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43 бабының 2 тармағына сәйкес, меншікке жер учаскелерін беру және жер пайдалану мәселесін шешу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жерді пайдалану және жер учаскесін меншіктеу үшін аудандық комиссиясы құрылсын (бұдан әрі - Комиссия).
Тармақ 2
2. Комиссия туралы Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Комиссияның жеке құрамын бекіту белгіленген тәртіп бойынша аудандық мәслихат сессиясына ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Касенов Е.Б. жүктелсін.
Басқа 5. Жер учаскелерін жеке меншікке немесе пайдалануға беру жөніндегі аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы
«17» маусым «Жерді пайдалануға
және жер учаскесін меншікке беруге
ұсыну комиссиясы туралы» № 154/5
қаулысымен бекітілді
Жер учаскелерін жеке меншікке немесе пайдалануға беру жөніндегі аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Жер учаскелерін жеке меншікке немесе пайдалануға беру жөніндегі Ертіс аудандық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабы 2 тармағына сәйкес құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия консультативтік-кеңестік орган болып табылады, оның құрамын жергілікті өкілетті органның депутаттары, жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері бекітеді. Жергілікті атқарушы органның қарауы бойынша Комиссияның құрамына басқа да адамдар енгізілуі мүмкін. Комиссия жұмысы осы Ережеге сәйкес жоспарланды және жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өз әрекетінде Комиссия Қазақстан Республикасы Жер кодексінің, жер қатынастарын реттейтін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссия міндеттері және қызметтері
2. Комиссия міндеттері және қызметтері
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері:
Тармақша 1
1) жер учаскелерін беру туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Тарау 3. 3. Комиссия мүшелерінің құқықтары
3. Комиссия мүшелерінің құқықтары
Тармақ 5
5. Комиссия мүшелері:
Тармақша 1
1) Комиссия отырыстарында мәселелерді талқылауға, өзінің ойын жазбаша немесе ауызша жеткізуге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан қаралап жатқан мәселелер бойынша қосымша ақпарат сұрауға;
Тармақша 3
3) шаруа қожалықтарын ашу үшін, оларға жер учаскелерін беру мәселелерін қарау кезінде, жеке азаматтардан ауылшаруашылық бөлімінің ауылшаруашылық техникасының, жанар-жағар майдың, тұқымның, кепілді мүліктің бары туралы деректер сұрауға құқылы.
Тарау 4. 4. Комиссия отырыстарын дайындау және өткізу
4. Комиссия отырыстарын дайындау және өткізу
Тармақ 6
6. Комиссия отырыстары жер учаскелерін беру туралы өтініштердің жинақталуына байланысты айына 2 рет өткізіледі.
Тармақ 7
7. Комиссия отырыстары Комиссия төрағасының, ол болмаған жағдайда – Комиссия төрағасы орынбасарының төрағалық етуімен өткізіледі.
Тарау 5. 5. Комиссия жұмысының регламенті
5. Комиссия жұмысының регламенті
Тармақ 8
8. Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган:
Тармақша 1
1) өтініштегі нысаналы мақсаты бойынша сұралып жатқан учаскенің пайдалану мүмкіндігінің анықтайды;
Тармақша 2
2) жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы Комиссияға материалдар мен ұсынымдар дайындайды;
Тармақша 3
3) Комиссия отырысында қаралуы жоспарлаған мәселелер тізімін дайындайды;
Тармақша 4
4) отырыстың күн тәртібі жобасын дайындайды;
Тармақша 5
5) отырысқа шақырылғандар тізімін дайындайды, олардың хабарландырылуын, келуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) отырысқа 3 күн қалғанда Комиссия мүшелеріне, Комиссия төрағасымен келісілгін күн тәртібін таратады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырысының хаттамасын жүргізіледі;
Тармақша 3
3) Комиссия қорытындысың жобасын дайындайды, оны Комиссия мүшелерімен келісуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Жер учаскелерін алған рет беруде Комиссия отырысына, жер учаскелерін беру туралы өтінім берген жеке немесе заңды тұлға шақырылады.
Тармақ 11
11. Комиссия отырысында хаттама жүргізіледі, онда келген және шақырылған тұлғалар тізімі, талқыланып жатқан мәселелердің аталуы және заты, сөз сөйлеушілер, олардың сөйлеулерінің қысқаша мазмұны және олардың айтқан ескертулері мен ұсынымдары көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Хаттама Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күн ішінде ресімделеді. Бір мезгіледі жер учаскесін беру немесе беруден бас тарты туралы, комиссияның барлық мүшесімен қол қойылған, Комиссияның қорытындысы дайындалады. Комиссияның оңтайлы қорытындысы өтініш берушіге 7 күн ішінде оның жер учаскесіне құқығын, одан әрі ресімдеу үшін беріледі.
Тармақ 13
13. Комиссия қорытындысының әрекет жасау мерзімі оның тіркелу күннен бастап 60 күнмен шектеледі. Аталған мерзім өткенге дейін жерге құқықты куәландыратын құжаттар ресімделмеген жағдайда қорытынды күшін жояды, және жер учаскесін өтініш бойынша басқа тұлғаға беруді жүзеге асыруға болады.
Тармақ 14
14. Комиссия жеке немесе заңды тұлғаларға жер учаскелерін беруден дәлелді бас тарту қорытындысы жергілікті атқарушы органның шешімімен (әкімдік қаулысымен) ресімделеді. Шешімнің көшірмесі өтінім берушіге шешім қабылданғаннан кейін 7 – күндік мерзім ішінде тапсырылады.