Об утверждении Положения районной земельной комиссии при акимате Тайыншинского района Күшін жойған
Басқа 0
Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы аудандық жер комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-І Жер кодексінің 43 бабының 2 тармағына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 жыл, № 13, 99 бап), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабының 1 тармағының 10 тармақшасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 жыл, № 3, 17 бап), Тайынша ауданындағы жер қатынастарын реттеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы аудандық жер комиссиясы туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы аудандық жер комиссиясы туралы Ереже
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы
7 маусымдағы «Тайынша ауданы
әкімдігі жанындағы аудандық жер
комиссиясы туралы Ережені бекіту
туралы» № 114 қаулысымен
Бекітілген
Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы аудандық жер комиссиясы туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы (әрі қарай - комиссия) Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы аудандық жер комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия жергілікті атқару органы әкімдік жанынан құрылады. Аудан әкімі комиссияның дербес құрамын Тайынша аудандық мәслихаттың сессиясында бекітуге ұсынады.
Тармақ 3
3. Комиссия аудандық мәслихат депутаттары, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар, сәулет пен елді мекен құрылысы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдері санынан құрылады (олардың бар болғанында). Аудан әкімдігінің қарауы бойынша жер комиссиясының құрамына басқа да тұлғалар енгізілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Жер кодексі және жер қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілер, осы Ереже, сонымен қатар Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық келісімшарттар негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Комиссияның қызметі принциптерінде негізделеді:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) ізгілік;
Тармақша 3
3) лауазымды тұлғалардың өз іс-әрекеттері мен қабылдаған шешімдеріне жауапкершілігі.
Тармақ 6
6. Комиссияның шешімі ұсыныс беру сипатында болады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі функциялары
2. Комиссияның негізгі функциялары
Тармақ 7
7. Комиссияның негізгі функциялары өзінің құзыры шегінде жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелеріне жеке меншік құқығын және жер пайдалану құқығын беру мәселесі жөніндегі өтініштерді қарау болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссия материалдарын қарау тәртібі
3. Комиссия материалдарын қарау тәртібі
Тармақ 8
8. Комиссия жеке меншік және (немесе) заңды тұлғалардың жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке меншік құқығын беру мәселесі жөніндегі өтініштерін қарайды.
Өтініштерде мыналар көрсетілуі керек: жер учаскесінің пайдалану мақсаты, оның шамаланған мөлшері, орналасқан жері, пайдалану құқығы, басқа жер учаскесінің бар болуы (жоқ болуы) және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қаралған басқа да мәліметтер. Пайдалы қазбаларды дайындау кезінде кен қазып шығаруға келісім-шарт көшірмесі өтінішке қоса беріледі.
Жер учаскесіне жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын беру туралы өтініш оның келіп түскен кезінен үш айға дейінгі мерзімде қаралады.
Тармақ 9
9. Комиссияның қарауына келіп түскен материалдарды уақытында және дұрыс қарауды қамтамасыз ету мақсатында олар комиссия төрағасымен немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасарымен алдын ала оқылады.
Комиссияның қарауына келіп түскен материалдарды адлын ала оқу процессінде анықталады:
Тармақша 1
1) аймақтауға сәйкес мақсатты тағайындау өтініші бойынша сұраған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі;
Тармақша 2
2) осы материалдарды қарау оның құзырына жататындығы;
Тармақша 3
3) комиссия отырысына шақыртылуға немесе шақыруға жататын тұлғалар.
Материалдарды алдын ала оқу нәтижелері бойынша комиссия істей алады:
Тармақша 1
1) қарауға материалдарды тағайындауды және отырысқа қатысуға міндетті арызданушыны немесе оның заңды өкілдерін, басқа да тұлғаларды комиссия отырысының өткізілетін орны мен күні туралы құлақтандыруды;
Тармақша 2
2) комиссия отырысында қарауға жататын мәселе бойынша өтінішті қарауды;
Тармақша 3
3) өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды.
Жер учаскесіне жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын беруден бас тарту аудан әкімдігінің шешім қабылдағаннан кейінгі жетікүндік мерзімде арызданушыға көшірмені беру қаулысымен ресімделеді.
Тармақ 10
10. Комиссия отырысы қажеттілік бойынша бір жыл мерзім ішінде өткізіледі.
Комиссия отырысы егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысып отырса құқығы өкілетті. Комиссия отырысында комиссия төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары төрағалық етеді.
Тармақ 11
11. Өтініштерді қараудың нәтижелері бойынша комиссия отырысының хаттамасы ресімделеді.
Комиссия хаттамасы материалдарды қарау нәтижелері бойынша ресімделеді және комиссия отырысына қатысқан комиссия мүшелерінің дауыстарының көпшілігімен іске асады. Егер дауыстар тең болса, онда төрағалық етушінің дауысы шешуші дауыс болып табылады.
Комиссияның хаттамасында көрсетіледі:
Тармақша 1
1) аталуы және комиссияның дербес құрамы;
Тармақша 2
2) комиссияның өткізілетін орны мен күні;
Тармақша 3
3) материалдары қаралып жатқан тұлғаның фамилиясы, аты-жөні;
Тармақша 4
4) өтініште мазмұндалған ұсынысы;
Тармақша 5
5) негізінде комиссияның қабылданған қорытынды жағдайлары;
Тармақша 6
6) комиссиямен қабылданған қорытынды.
Хаттамаға төрағалық етушімен және оның жауапты хатшысымен қол қойылады, комиссия отырысында жарияланады және шағым беруге белгіленген мерзімнің аяқталғанынан кейін заң күшіне енеді.
Комиссия қорытындысы жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шығарылады.
Тармақ 12
12. Қаралған материал бойынша комиссиямен қабылданған тұжырымдамаға заңды өкілмен, ақтаушы арыз жазған тұлғамен шағым берілуі мүмкін.
Комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні алғаннан кейін он күн ішінде осы комиссия құрылған атқарушы органымен шағым берілуі мүмкін.
Шағымдарды көрсетілген мерзімде беру комиссияның сәйкес хаттамасын орындауды тоқтата тұрады.
Комиссия шешіміне сот тәртібінде шағым беру мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.
Тарау 4. 4. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету
4. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 13
13. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету Тайынша ауданы әкімі аппаратына жүктеледі.