О Совете по взаимодействию с неправительственными организациями при акимате города Күшін жойған
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі Кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" қаулысын, 2003 жылғы 3 қарашадағы № 16-24.149 "Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарын және Астана қаласында 2003 жылғы 15 қазандағы Азаматтық форумға қатысушылардың айтқан ұсыныстарын" және Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 310 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі Кеңес құрылсын (бұдан әрі - Кеңес).
Тармақ 2
2. Қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау туралы Кеңес туралы қосымша берілген ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қала әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі (Нұрғазиев А.Қ.) үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі Кеңестің дербес құрамын қалалық мәслихатқа бекіту үшін қала әкіміне келісімге ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е.Ә.Байбатчинге жүктелінсін.
Басқа 5. Қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі Кеңес туралы
Өскемен қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 27 мамырдағы
№ 860 қаулысына
қосымша
Қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) консультативтік кеңес органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз жұмысына Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа құқықтық-нормативтік актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңестің төрағасы қала әкімі болып табылады. Кеңестің дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 және 33 бабына сәйкес қалалық мәслихатта бекітіледі.
Тармақ 2. 2. Кеңестің мақсаты мен міндеттері
2. Кеңестің мақсаты мен міндеттері
Тармақ 4
4. Кеңестің мақсаты - қаланың үкіметтік емес ұйымдарының даму және үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара әрекет жасау жүйесін жетілдіру.
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі кешенді өңірлік саясатты қалыптастыру үшін ұсыныстар дайындау және басымдықты анықтау;
Тармақша 2
2) үкіметтік емес ұйымдарды ұйымдастыру-техникалық жағынан қолдау, ақпараттық, әдістемелік, кеңес беру кешендік жүйелерін әзірлеуге жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) үкіметтік емес ұйымдармен жергілікті атқарушы органдарының өзара әрекет жасау мен қарым-қатынас жүйесін жетілдіру;
Тармақша 4
4) Кеңес құзыретіне кіретін мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және азаматтардың мәселелері жөніндегі ұсыныстарын қарау, қала әкіміне ұсыныстар дайындау;
Тармақша 5
5) әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламалық құжаттарды дайындауға және қарауға қатысу;
Тармақша 6
6) қаланың үкіметтік ұйымдарының ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыруға, үкіметтік емес сектор мәселелері жөнінде ғылыми зерттеулерді жүргізуге жәрдемдесу;
Тармақша 7
7) үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс аспектілеріне толық мағна беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет жасау;
Тармақша 8
8) үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын, азаматтардың өтініштерін қарау;
Тармақша 9
9) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату демек үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына арналған семинар кеңестерге, конференцияларға қатысу болып табылады.
Тармақ 3. 3. Кеңестің өкілеттілігі
3. Кеңестің өкілеттілігі
Тармақ 6
6. Кеңес өз құзыреті шегінде құқылы:
Тармақша 1
1) өз мәжілістеріне қалалық мемлекеттік басқару органдарының басшыларын шақыруға;
Тармақша 2
2) жергілікті өкімет органдарынан үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысты ақпаратты сұрауға;
Тармақша 3
3) бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, Кеңестің отырыстарын дайындауға үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамның кәсіби дайындалған және беделді өкілдерін штаттан тыс сарапшылар ретінде шақыруға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарға және қоғамдық бірлестіктерге үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы туралы статистикалық, аналитикалық, әдістемелік және басқа ақпараттық материалдарды жіберуге;
Тармақша 5
5) Кеңес бұқаралық ақпарат құралдарынан түскен хабарларды, азаматтардың үндеулерді қаралған қорытындысы бойынша материалдарды тиісті қалалық мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың шешім қабылдау үшін қарауына жолдауға.
Тармақ 4. 4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Кеңестің төрағадан, орынбасардан, хатшыдан және Кеңес мүшелерінен тұрады.
Тармақ 8
8. Төраға Кеңестің мәжілісін өткізеді. Кеңестің шешімдеріне және тағы да басқа құжаттарына қол қояды, мәжіліске енгізілген мәселелерді анықтайды, басқа ұйымдастыру-реттеуші қызметтерді орындайды. Кеңестің төрағасы жоқ болған уақытта оның міндетін орынбасары атқарады.
Тармақ 9
9. Кеңестің кезекті мәжілісін дайындауды Кеңестің хатшысы атқарады, Кеңес мүшелерін құлақтандырады, іс-қағаздарын жүргізеді. Кеңес хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.
Тармақ 10
10. Кеңес мәжілісі жарты жылда бір реттен жиі емес өткізіледі. Егерде оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 мүшесі қатысса Кеңес мәжілісі өтті деп саналады.
Тармақ 11
11. Кеңес мүшелерінің қаралып жатқан мәселелерді талқылауға, ұсыныстар енгізуге, ескертулер жасауға, қалалық басқармалар мен ұйымдармен өзара әрекет жасауға құқығы бар.
Тармақ 12
12. Кеңес мүшелерінің шешімі ұсыныс сипатында болады.
Тармақ 13
13. Кеңес мүшелерінің мәжіліске қатысу өкілеттігін басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 14
14. Кеңес мәжіліске қатысып отырған Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 15
15. Кеңестің дербес құрамы 2 жылда 1 рет қайта қаралып отырады.
Қала әкімінің кеңесшісі