Вопросы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігі туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігi төрағасының үш орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 743 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттігі (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiрмейтін, табиғи монополия субъектiлерiнің және белгілi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн бақылау мен реттеу, бәсекелестiктi қорғау және дамытуды үйлестiру, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiнiң және белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға уәкiлетті орталық атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Агенттiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Агенттiк туралы Ереженi, штат санын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Тармақ 4
4. Агенттiк заңды тұлға - мемлекеттiк орган болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында ашатын шоты, өзiнiң атауы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады. Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Агенттіктiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттік берілсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Агенттiк өзiнiң мемлекеттік өкiлеттiктерiнiң шеңберiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен, өзiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша бұйрықтар нысанында Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар кесiмдер шығарады.
Тармақ 6
6. Агенттіктің аумақтық органдары - заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша департаменттерi бар.
Тармақ 7
7. Агенттіктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бөкейхан көшесi, 14.
Тармақ 8
8. Толық атауы - "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Агенттіктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Агенттікке Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заң кесiмдерiмен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер белгiленген тәртiппен мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жіберіледi.
Тарау 2. 2. Агенттіктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары және мiндеттемелерi
2. Агенттіктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары және мiндеттемелерi
Тармақ 10
10. Агенттіктiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу;
Тармақша 2
2) монополиялық қызметтің, рынокта үстем жағдайын терiс пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, теріс пиғылды бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау;
Тармақша 3
3) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндiру саласында бәсекелестiктi дамытуды мемлекеттік қолдау және жәрдем көрсету;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсетуiнiң тәртiбiн бақылау мен мемлекеттік кәсiпорындар өндiретін және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) бағаларын мемлекеттiк реттеу;
Тармақша 5
5) өз қызметін мемлекеттiк монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындардың қызметiн бақылау;
Тармақша 6
6) табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестiру;
Тармақша 7
7) өз құзыретiнiң шегiнде кәсiпкерліктiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) табиғи монополия субъектілерi мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.
Тармақ 11
11. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн, Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiркелiмiн қалыптастыру және жүргiзу;
Тармақша 2
2) табиғи монополия саласында тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) белгiлеудiң кемсiтпеушiлiк әдiснамасын әзiрлеу, бекiту және қолдану;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын қолдану тәжiрибесiн қорыту, осы негiзде әдiснамалық ұсынымдар әзiрлеу;
Тармақша 4
4) табиғи монополия субъектiлерiнiң шығындарын қалыптастырудың ерекше тәртiбiн қолдану және олардың iс жүзiндегі шығыстарын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) мемлекеттік ұйымдар монополиялық түрде жүзеге асыратын қызмет көрсетулерге бағалар белгілеудiң есебi мен тәртіптерінің әдiснамасын әзiрлеу;
Тармақша 6
6) табиғи монополиялардың, тауар рыногының жұмыс iстеуiне, бәсекелестiктi дамыту, баға белгiлеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерiне қатысты заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық кесiмдер жобаларына сараптама жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) рыноктың және ондағы бәсекелестiктiң жай-күйі туралы баяндамалар, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамалары мен оны қолданудың тәжiрибесiн жетiлдiру туралы ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасының Үкiметіне жiберу;
Тармақша 8
8) оның құзыретіне жататын мәселелер жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзу;
Тармақша 9
9) оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметiн тексерулерді жүргiзу;
Тармақша 10
10) табиғи монополия субъектiлерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және енгізу;
Тармақша 11
11) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, бәсекенi шектейтін және монополистiк қызметтi жүзеге асыратын рынок субъектiлерiн анықтау мақсатында талдау жүргізу;
Тармақша 12
12) тауар рыноктарында бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды әзiрлеу және iске асыру;
Тармақша 13
13) шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылдар мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, сондай-ақ Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Тармақша 14
14) рынок субъектілерінің орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi өз құзыретінiң аясында әзiрлеу және бекiту;
Тармақша 15
15) өз құзыретінiң шегiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық туралы iстердi қарау және олар бойынша шешiмдер қабылдау;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi бойынша акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 12
12. Агенттiктің өз құзыретiнiң шегiнде мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) табиғи монополия субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызметтерiне) және мемлекеттiк орган болып табылатын мемлекеттік мекемелер көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекітуге;
Тармақша 2
2) табиғи монополия субъектiлерi жүргiзетiн сатып алуларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) табиғи монополия субъектiлерi үшін мiндеттi мемлекеттiк реттеудi енгiзу, өзгерту немесе тоқтату туралы шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 4
4) табиғи монополия субъектiлерінің материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алу бойынша тендер жүргізу тәртiбiн анықтауға;
Тармақша 5
5) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнің қызметтерiне тұтынушылармен шарт жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы орындауға мiндеттi ұйғарымдар енгiзуге;
Тармақша 6
6) табиғи монополия субъектiлерiнiң тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынуға;
Тармақша 7
7) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге бастамашылық танытуға;
Тармақша 8
8) табиғи монополия субъектiсiнің тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) қолданысын кемiнде алты ай мерзiмге белгiлеуге;
Тармақша 10
10) өз құзыретiнiң шегінде орындау үшiн мiндеттi шешiмдер беруге және нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
Тармақша 11
11) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайдың болуын белгiлеуге;
Тармақша 12
12) өз құзыретiнiң шегiнде бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және кiнәлiлердi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
Тармақша 13
13) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан, жергілікті өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi таратуға қойылған талаптарын сақтай отырып, өзiнiң өкiлеттіктерiн жүзеге асыру үшін қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзудың нәтижесінде алынған кiрiстердi бюджетке аудару туралы, сондай-ақ тiкелей немесе тарифтердi уақытша төмендету арқылы залалды және (немесе) зияндарды өтеу туралы шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 15
15) бәсекенi дамытуға кедергi келтiретiн, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген өзге де бұзушылықтар үшiн рынок субъектiлерi мен олардың басшыларына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына айыппұл салу туралы шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 16
16) мемлекеттiк органдарға, олардың лауазымды тұлғаларына, тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;
Тармақша 17
17) Агенттiктің мәжiлiстерiнде мемлекеттiк органдардың, тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
Тармақша 18
18) Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге;
Тармақша 19
19) ғалымдар мен мамандар, Агенттiк қызметкерлерi, мемлекеттiк органдар мен рынок субъектілерiнiң өкiлдерi қатарынан сараптамалық кеңес құруға;
Тармақша 20
20) тексерiстер мен сараптамалар өткiзуге басқа да ұйымдардан мамандар тартуға;
Тармақша 21
21) мемлекеттiк баға тәртiбiнiң, монополияға қарсы заңнаманың, Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамасының бұзылуын жою мақсатында сотқа талап-арызбен жүгінуге, оларды қарауға қатысуға;
Тармақша 22
22) өзiнiң өкілеттiктерi мен функцияларының бір бөлiгін аумақтық органдарға табыстауға;
Тармақша 23
23) егер бұл тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң пайда болуына жеткiзетiн болса, сондай-ақ тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерiн қайта ұйымдастыруға, таратуға әкеп соғатын болса, рынок субъектiлерiн құруға қорытындылар беруге;
Тармақша 24
24) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзатын олар қабылдаған кесiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн материалдар мен нормативтiк құқықтық кесiмдердi прокуратура органдарына жiберуге;
Тармақша 26
26) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) бағаларды мемлекеттiк реттеудi енгiзу туралы шешiм қабылдауға;
Тармақша 27
27) мыналарға: рынок субъектiлерiнiң жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестердi, пайдаларды) сатып алу кезiнде және өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын; табиғи монополия субъектiсiнiң акцияларды (үлестердi), сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы Заңымен рұқсат етiлген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге де нысандарымен сатып алуын; табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлiктi иелiктен айыруға және онымен өзге де мәмiлелер жасауға; табиғи монополия субъектiсінің өзiнiң тұтынуына емес, олар тасымалдайтын немесе беретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) алуын; табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына жататын өзге қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасымен белгiленген қызметті жүзеге асыруын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 13
13. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) табиғи монополия субъектісінің тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) заңсыз көтерумен және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыс құнын тарифке (бағаға алым ставкасына) енгiзумен тұтынушыларға келтiрген залалды өтеу үшін уақытша өтемдiк тариф бекiту туралы шешiм қабылдауға;
Тармақша 2
2) табиғи монополия субъектісінің тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
Тармақша 3
3) табиғи монополия субъектілерiнiң Мемлекеттік тіркелімiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектілерiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге берген өтінімдерiн қарау кезiнде тұтынушының немесе табиғи монополия субъектісiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша жария тыңдаулар өткiзу қажеттілігін анықтауға;
Тармақша 4
4) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтерден басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселесі жөнiнде қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
Тармақша 5
5) табиғи монополия субъектілерiнiң Мемлекеттік тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектілерiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізуге;
Тармақша 6
6) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының), уақытша төмендету коэффициентiнiң жобаларын ұсыну тәртiбiн белгілеуге мiндеттi.
Тарау 3. 3. Агенттіктiң мүлкі
3. Агенттіктiң мүлкі
Тармақ 14
14. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Агенттіктің мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады.
Тармақ 15
15. Агенттікке бекiтiп берілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 16
16. Агенттiктің өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк eтуге құқығы жоқ. Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкін.
Тарау 4. 4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Агенттікті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Тармақ 18
18. Агенттiк төрағасының үш орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады, оларды төрағаның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 19
19. Агенттік төрағасы Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап бередi.
Тармақ 20
20. Агенттіктiң төрағасы осы мақсатта:
Тармақша 1
1) бұйрықтар шығарады;
Тармақша 2
2) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының міндеттерiн анықтайды;
Тармақша 3
3) Агенттiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттіктiң орталық аппаратының қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Агенттіктi бiлдiредi;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттіктің қызметкерлерiне және аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларына тәртiптік жазалар қолданады және оларды көтермелейдi;
Тармақша 7
7) сараптамалық кеңестердiң жеке құрамын бекiтедi;
Тармақша 8
8) Агенттiктiң құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Тармақ 21
21. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.
Тарау 5. 5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 743 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегі агенттiгінiң Ақмола облысы бойынша департаментi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегі агенттігінiң Ақтөбе облысы бойынша департаментi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегі агенттігінiң Алматы облысы бойынша департаментi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігінiң Атырау облысы бойынша департаментi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментi.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментi.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттiгінiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментi.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды peттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігiнiң Қарағанды облысы бойынша департаментi.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Қостанай облысы бойынша департаментi.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша департаментi.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегi агенттiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігiнің Павлодар облысы бойынша департаменті.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша департаментi.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Алматы қаласы бойынша департаменті.