Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Алматинской области Қолданыста
Басқа 0
Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік
тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске
асыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларының 2-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Алматы облысы әкімдігінің
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 370 қаулысына қосымша
Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары
Тарау 1. Тарау 1. Жалпы ережелер
Тарау 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көздейтін тетіктерді іске асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларының негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – Алматы облысының аумағында агроазық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған азық-түлік тауарларының жедел қоры;
Тармақша 2
2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту – азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдері өткенге дейін сату немесе азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдері өткенге дейін өнім берушіге қайтару, кейіннен жаңа сақтау мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен бастап азық-түлік тауарларының осындай көлемін жеткізу;
Тармақша 3
3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;
Тармақша 4
4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру – азық-түлік тауарларын сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларын өңірлік тұрақтандыру қорында орналастыру және сақтау;
Тармақша 4-1
4-1) арзандатылған баға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын әр адамға белгіленген шекті сауда үстемесі шегінде ай сайын белгіленетін жеңілдікпен сатып алатын баға;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 5-1
5-1) «әлеуметтік әмиян» – жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабарлауға (хабархат), есепке алуға және алуға (көрсетуге) арналған ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 5-2
5-2) жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлерді және жеке практикамен айналысатын адамдарды, заң консультанттарын қоспағанда, жеке тұлғалардың бақуаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе өзге де мемлекеттік қолдау нысандары;
Тармақша 5-3
5-3) мамандандырылған ұйым – агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарықта жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің шешімі бойынша құрылған немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) ұйым;
Тармақша 5-4
5-4) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
Тармақша 6
6) сатып алу интервенциялары – «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қонаев» ӘКК» АҚ) Алматы облысының аумағында бағалар төмендеген кезде, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 6-1
6-1) тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесі – Ұлттық тауарлар каталогын қолдана отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары туралы ақпаратты жинауға және өңдеуге арналған тауарларды таңбалау және қадағалаудың ақпараттық жүйесінің кіші жүйесі;
Тармақша 7
7) тауарлық интервенциялар – бағалардың өсуі кезінде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 7-1
7-1) тіркелген баға – өндіруге/сатып алуға, сақтауға, табиғи кемуге (кептіруге), межелі жерге дейін жеткізуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынан түсетін маржалық табысты ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы;
Тармақша 7-2
7-2) форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттармен базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгілі бір мерзімі өткеннен кейін өзіне міндеттеме алатын туынды қаржы құралы;
Тармақша 7-3
7-3) цифрлық азық-түлік ваучері – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде жеңілдік түрінде берілетін мақсатты қолма-қол ақшасыз қолдау;
Тармақша 8
8) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің азық-түлік тауарларын түпкілікті тұтынушыларға өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың осы қағидаларына сәйкес сатылады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының әкімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (бұдан әрі-Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағасы облыс әкімінің орынбасары болып табылады, комиссия мүшелері кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның өкілдері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте Комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның өкілдері болуға тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 8
8. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Алматы облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін айқындау;
Тармақша 3
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін айқындау.
Кәсіпкерлік субъектісінің Комиссия мүшелерінің бірімен үлестес екендігі анықталған жағдайда, соңғысы өздігінен бас тартуды жариялауға тиіс, бұл ретте кәсіпкерлік субъектісін анықтау бойынша шешім қабылдау кезінде оның дауысы ескерілмейді.
Тармақша 4
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін айқындау жөніндегі «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның ұсыныстарын қарау.
Тармақ 9
9. Комиссияның жұмысын құруды және ұйымдастыруды Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін Алматы облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаны белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның қызметтер сатып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 10-1
10-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Алматы облысының әкімдігі «Қонаев» ӘКК» АҚ-мен тұрақтандыру қорының ауыспалы активтері туралы міндеттемелерді заттай және ақшалай түрде көрсете отырып, қосымша келісім жасасады.
Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда «Қонаев» ӘКК» АҚ азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатын жергілікті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Егер «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын сату сатып алу бағасынан төмен бағамен жүзеге асырылса, онда соманы қайтару сатып алу мен өткізу бағасының айырмасын шегергенде жүзеге асырылады.
Тармақ 10-2
10-2. Тұрақтандыру қорын пайдалану кезінде туындаған «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның үстеме, коммуналдық және өзге де шығыстары жыл сайын азық-түлік тауарларына белгіленген және нарықтық бағалар арасындағы айырма есебінен жабылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) тізбесін Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 12
12. «Қонаев» ӘКК» АҚ-ы Алматы облысының әкімдігіне осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат береді.
Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрлігіне осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат береді.
Тарау 2. Тарау 2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тетіктерді іске асыру тәртібі
Тарау 2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тетіктерді іске асыру тәртібі
Тармақ 13
13. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында, Алматы облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың мынадай тетіктерін іске асырады:
Тармақша 1
1) тұрақтандыру қорларының қызметі;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу үшін қарыз беру.
Тармақ 13-1
13-1. Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары бөлетін, оның ішінде бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген ақшалай қаражат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қаржыландыру көзі болып табылады.
Тармақ 13-2
13-2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және қайта өңдеуші кәсіпорындарды қаржыландыру бекітілген бағаны белгілей отырып, форвардты қолданумен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және өңдеуші кәсіпорындарды форвардтық қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде алдын ала төлем және өнім жеткізілгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу шарттарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 13-3
13-3. Форвардтық шарттар шеңберінде сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көлемі Комиссия шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс (қалалық немесе жалпы), республикалық маңызы бар қала, астана халқының үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына дейін қалыптастырылады.
Тармақ 13-4
13-4. «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы ауыл шаруашылық тауарөндірушілерді форвардтық шарттар шеңберінде:
ағымдағы қаржы жылының 1 қазанына дейін келесі жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты ерте пісетін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;
ағымдағы қаржы жылының 1 ақпанына дейін келесі жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тармақ 13-5
13-5. «Қонаев» ӘКК» АҚ көкөніс өнімдерін сатуды бастағанға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде немесе басқа қоймаларда сақтауды жүзеге асырады. Сақтау шығындарын есептеу Алматы облысы әкімдігінің өңірдегі сақтаудың ұқсас түрлеріндегі сақтаудың орташа құны туралы деректері негізінде жүргізіледі.
Тармақ 13-6
13-6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде көкөніс өнімдерін жеткізу «Қонаев» ӘКК» АҚ-ы Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп маусымаралық кезеңде (қысқы-көктемгі кезең: қаңтар, ақпан, наурыз; көктемгі-жазғы кезең: сәуір, мамыр, маусым) қалыптастыратын график негізінде не ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету қажет болған жағдайда басқа кезеңдерде жүзеге асырылады.
Тармақ 13-7
13-7. «Қонаев» ӘКК» АҚ Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, форвардтық шарт жасалған сәттен бастап көкөніс өнімдерін өндіру циклінің барлық кезеңдерінде егістікке шыға отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қызметіне мониторингті жүзеге асырады.
Тармақ 13-8
13-8. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері шеңберінде сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 19-баптарына сәйкес оны сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 13-9
13-9. Алматы облысының әкімдігі «Қонаев» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, жергілікті атқарушы орган мен мамандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халыққа мынадай ақпаратты жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының, тауарлық интервенцияларды жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жерлері тізбесін, көрсете отырып, форвардтық сатып алуды жүргізу тәртібі, оның басталғаны және нәтижелері туралы;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік субъектілерінің, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен өткізетін сауда объектілерінің орналасқан жерлері тізбесін көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі, оны берудің басталғаны және нәтижелері туралы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын «әлеуметтік әмиян» арқылы цифрлық азық-түлік ваучерлерін пайдалана отырып арзандатылған бағамен өткізетін және кәсіпкерлік субъектілерінің сауда объектілерінің орналасқан жерлері тізбесін көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі, сондай-ақ оны іске асырудың басталғаны және нәтижелері туралы.
Тармақ 13-10
13-10. «Қонаев» ӘКК» АҚ-ы бағаны тұрақтандыру мақсатында сатып алатын көкөніс өнімдерінің (қырыққабат, картоп, пияз, сәбіз) көлемі Комиссияның шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана халқының (қалалық немесе жалпы) үш айлық қажеттілігінің кемінде 30 пайыз мөлшерінде айқындалады.
Тармақ 13-11
13-11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның Тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Үлгілік қағидаларда регламенттелмеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың ерекшеліктері (егжей-тегжейі) Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағиадаларымен айқындалады.
Тарау 3. Тарау 3. Азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорының қызмет тәртібі
Тарау 3. Азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорының қызмет тәртібі
Тармақ 15
15. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік теңгерімі (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауар қозғалысы, қорлардың болуы), егіс алқаптары (жоспарлы), болжамды өнім туралы мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін, өткен күнтізбелік жыл үшін қалыптасқан бағалар, өзге де мәліметтер, сондай-ақ шекті сауда үстемеақысы.
Тармақ 16-1
16-1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде бюджет қаражатының 70 (жетпіс) пайызы форвардтық шарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға жіберіледі.
Тармақ 17
17. Азық-түлік тауарларын өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алу үшін қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінен қалыптастырылады.
Тармақ 18
18. «Қонаев» ӘКК» АҚ-ы сататын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі Алматы облысының мемлекеттік статистика органдары және 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 19-бабы 1-тармағындағы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәнінен 10 және одан да төмен пайыз мөлшерінде қалыптастырылады.
Тармақ 19
19. Комиссия Алматы облысының әкіміне сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсынымдар енгізеді.
Тармақ 20
20. Алматы облысының әкімдігі Комиссияның ұсынымы негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекітеді.
Тармақ 21
21. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден, оның ішінде форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады. Егер өндіруші өнімді өткізуді тікелей жүзеге асырмаса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме сауда жеткізушілерінен (дистрибьютерлерден), сондай-ақ мамандандырылған ұйымнан сатып алу жүзеге асырылады.
Тармақ 21-1
21-1. Азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 21-2
21-2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын аймақтық тұрақтандыру қорларына сатып алу кезінде мамандандырылған ұйым ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, қайта өңдеу кәсіпорындарының, азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме жеткізушілердің (дистрибьюторлардың) қаржылық тұрақтылығына талдау жүргізеді.
Егер ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (қайта өңдеу кәсіпорны, азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме жеткізуші (дистрибьютор) салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің және мамандандырылған ұйым алдындағы орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқару құжаттары бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың жоқтығы бойынша жиынтық талаптарға сәйкес келсе, онда қаржылық тұрақты болып саналады.
Тармақ 22
22. «Қонаев» ӘКК» АҚ статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына (өндіріс көлемі мен азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауар айналымы, қорлардың, бағалардың болуы) тұрақты талдау жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интервенциялары туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 23
23. «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның сатып алу интервенциялары туралы шешімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады.
Тармақ 24
24. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды «Қонаев» ӘКК» АҚ тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. «Қонаев» ӘКК» АҚ агроазық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету қажет болған жағдайда, баға деңгейі 10 және одан жоғары пайызға көтерілген жағдайда тауар интервенцияларын 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізу туралы шешім қабылдайды. Баға деңгейінің өсуін болдырмау үшін және өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында, «Қонаев» ӘКК» АҚ-ы тұрақты негізде өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының интервенциясын жүргізеді.
Тармақ 26
26. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде бейнебақылау жүйелерін қолдана отырып, өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдерін қамтамасыз етеді.
Тармақ 27
27. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдері өткенге дейін, өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдері өткенге дейін өнім берушіге қайтару жолымен, кейіннен жаңа сақтау мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен азық-түлік тауарларының осындай көлемін жеткізумен жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауарлық интервенциялар, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін өткізуді «Қонаев» ӘКК» АҚ өзінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері, сондай-ақ шекті сауда үстемесі шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін қайта өңдеу кәсіпорындары арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 29
29. Бұл ретте қайта өңдеуші кәсіпорын өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы Алматы облысының әкімі бекіткен оның шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және «Қонаев» ӘКК» АҚ қайта өңдеуші кәсіпорынмен жасасқан өткізу туралы шартта ескертіледі.
Тармақ 30
30. Алматы облысының әкімдігі «Қонаев» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары, Алматы облысы әкімдігінің және «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның ресми сайттары арқылы тауарлық интервенцияларды жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі туралы ақпаратты халыққа жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.
Тарау 4. Тарау 4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
Тарау 4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
Тармақ 31
31. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында мамандандырылған ұйымдар арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік теңгерімі (өндіріс көлемі мен азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілу, олардың қозғалысы, қорлардың болуы), егіс алқаптары (жоспарлы), болжамды өнім, өткен күнтізбелік жылдағы қалыптасқан бағалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны туралы мәліметтер және өзге де деректер негізінде айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес қарыз береді.
Қарызды беру қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық шарттарында қарыз шарты жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 31-1
31-1. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз берілген кезде бюджет қаражатының 70 (жетпіс) пайызы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға жіберіледі.
Тармақ 32
32. Бағаны тұрақтандыру мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына төмендетілген бөлшек/көтерме бағаларды белгілеуі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін пайдалана отырып арзандатылған бағамен өткізу.
Тармақ 32-1
32-1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға монетарлық емес мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда объектілеріне) тиісті өңірдегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын ескере отырып, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия айқындайтын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу үшін қарыздар береді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны мен мәртебелері туралы деректерді өзектендіруді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жүзеге асырады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыға электрондық үкімет порталының eGov Mobile қосымшасы арқылы SMS-хабарлама түрінде хабарландыру жіберіледі, онда цифрлық азық-түлік ваучерін алуға келісімін не бас тартуын растау сұралады.
Келісім расталған жағдайда цифрлық азық-түлік ваучері «әлеуметтік әмиян» арқылы есепке алынады және тек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын арзандатылған бағамен сатып алу үшін пайдаланылады.
Цифрлық азық-түлік ваучерлері ай сайын, есептік айдың алдындағы айдың соңғы күніне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын отбасының әрбір мүшесіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ақы төлеу сауда объектісінің кассалық жабдығында QR-кодты оқу (сканерлеу) арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бүкіл тізбесін іске асыру цифрлық азық-түлік ваучері есебінен берілетін жеңілдік ескеріле отырып, арзандатылған бағамен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын таңбалау оларды сәйкестендіруге арналған арнайы жапсырмалармен (стикерлермен) жүзеге асырылады.
Кассалық жабдықты «әлеуметтік әмиянмен» интеграциялау жүзеге асырылады.
Тауарларды арзандатылған бағамен өткізу туралы есеп мынадай тәртіппен ұсынылады:
Тармақша 1
1) мамандырылған ұйымдар жиынтық есептерді электрондық нысанда жергілікті атқарушы органдарға жолдайды;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.
Тармақ 33
33. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Комиссия айқындайды.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мынадай бірыңғай талаптар (өлшемшарттар) белгіленеді:
Тармақша 1
1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;
Тармақша 3
3) екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
Тармақша 4
4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің болуы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;
Тармақша 6
6) мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;
Тармақша 7
7) осы қағидалардың 35-тармағына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы.
Тармақ 34
34. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін айқындағаннан кейін «Қонаев» ӘКК» АҚ кәсіпкерлік субъектісіне қарыз береді.
Тармақ 35
35. Кәсіпкерлік субъектісі «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның қарызын қайтару бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету: кепіл, банк кепілдігі, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдігі/кепілгерлігі түрінде беріледі.
Тармақ 36
36. Қарыз беру шарттары «Қонаев» ӘКК АҚ мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын қарыз шартында белгіленеді.
Қарыз шарты бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі міндеттемелерді орындаған жағдайда, несие шартының мерзімін бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға жол беріледі.
Қарыз шартының мерзімін ұзарту туралы шешімді Комиссия қабылдайды.
Тармақ 37
37. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.
Тармақ 38
38. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.
Басқа 1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына қосымша
Кесте
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ӘМАТ нысаны
Кезеңділік: апта сайын
Есепті кезең: 20___жылғы_________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын сәрсенбі күндері;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне апта сайын бейсенбі күндері;
Жинау әдіс: электрондық түрде
№
№
Тауардың атауы
Сатылып алынған тауарлар
тікелей
форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде
берілген қарыздар бойынша
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары
азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілер (дистрибьюторлар)
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары
азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілер (дистрибьюторлар)
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары
азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері
тонна
мың теңге
тонна
мың теңге
тонна
мың теңге
тонна
мың теңге
тонна
мың теңге
тонна
мың теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Сиыр еті
2
Қарақұмық жармасы
3
Орамжапырақ
4
Картоп
5
Айран
6
Басты пияз
7
Түтік кеспе
8
Күнбағыс майы
9
Сары май
10
Сүт
11
Асханалық сәбіз
12
Бидай ұны
13
Тауық еті
14
Күріш
15
Құмшекер
16
Тұз
17
Ірімшік
18
Нан
19
Тауық жұмыртқасы, мың дана
Жалпы қорытынды, тауық жұмыртқасы мен нанды қоспағанда
кестенің жалғасы
Бар тауарлар
Өткізілген көлем
Қалдық
тұрақтандыру қорларындағы
форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде
берілген қарыздар бойынша
тонна
мың теңге
тонна
мың теңге
тонна
мың теңге
өткізу орны
тонна
мың теңге
тонна
мың теңге
9
10
11
12
13
Атауы: ____________________________________
Мекенжайы ____________________________________________
Телефоны __________________________________________
Электрондық почтасы_ __________________________
Орындаушы ______________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам:
______________________________________ __________________________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Күні: 20___ жылғы «____» _________
Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 2. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру етіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат»
нысанына қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды:
мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын сәрсенбі күндері;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне апта сайын бейсенбі күндері ұсынады.
Тармақ 5
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 6
6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 2-бағанында тауардың атауы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 3-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және қайта өңдеу кәсіпорындарынан тікелей сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 4-бағанында азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) тікелей сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 5-бағанында форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және қайта өңдеу кәсіпорындарынан сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 6-бағанында форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 7-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына берілген қарыздар бойынша сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 8-бағанында азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздар бойынша сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 9-бағанында тұрақтандыру қорларында бар тауарлардың саны, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 10-бағанында форвардтық шарттар мен оффтейк-келісімшарттар шеңберінде бар тауарлардың саны тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 11-бағанында берілген қарыздар бойынша қолда бар тауарлардың саны тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысанның 12-бағанында өткізілген көлем, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Нысанның 13-бағанында қалдық, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.