Об утверждении Регламента Астраханского районного маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Астрахан аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 10 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Астрахан аудандық мәслихатының Регламенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы
21 мамырдағы «Астрахан аудандық
мәслихатының Регламентін бекіту
туралы» № С-10 шешіміне қосымша
Астрахан аудандық мәслихатының Регламенті (одан әрі - Регламент)
Тарау 1. 1-Бөлім. Жалпы ереже.
1-Бөлім. Жалпы ереже.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес Астрахан аудандық мәслихаты тұрғындармен сайланатын, олардың ерігін білдіретін және ортақ мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны жүзеге асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және іске асырылуын қадағалайтын сайланбалы орган болып табылады.
Аудандық мәслихат пен оның органдарының жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, аудандық мәслихаттың шешімдерімен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың жұмыстары негізделеді: мәселелердің ұйымдасып еркін шешілуіне; жариялылыққа; құрған органдарының аудандық мәслихат алдында есептілігімен жауаптылығына, және сайланатын немесе тағайындалатын қызмет адамдарының да есептілігімен жауаптылығына; қоғамдық пікірді тұрақты есепке алып, азаматтарды мемлекет басқару ісіне кеңінен таратуға.
Тармақ 3
3. Осы Регламент мәслихаттың сессияларын, оның органдарының мәжілістерін өткізу, оларға мәселелер ұсынып қарау, мәслихаттың органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртібі, соңдай-ақ дауыс беру тәртібі, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа рәсім және ұйымдастыру мәселелерін белгілейді.
Тарау 2. 2-Бөлім. Аудандық мәслихат жұмыстарының тәртібі және ұйымдастыру.
2-Бөлім. Аудандық мәслихат жұмыстарының тәртібі және ұйымдастыру.
Тармақ 1. 1-тарау. Мәслихат сессияларының отырыстарын жоспарлау.
1-тарау. Мәслихат сессияларының отырыстарын жоспарлау.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихат қызметінің негізгі формасы сессия болып табылады, онда заң бойынша оның құзырына жататын мәселелер шешіледі. Аудандық мәслихаттың сессиясы аудандық мәслихатқа сайланған депутаттардың кемі үштен екісі қатысқанда заңды.
Аудандық мәслихат сессиясының жалпы мәжілісін төраға шақырады.
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Аудандық мәслихат кезектен тыс сессиясын осы аудандық мәслихатқа сайланған депуттар санының кемінде үштен бірінің, соңдай-ақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімінен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
Мәслихат хатшысы аудандық мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессиясының қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге - сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кешінде үш күн бұрын хабарлайды.Сессия отырыстары жұмыс уақытында өткізіледі.
Тармақ 5
5. Аудан мәслихатының мәжілістері қазақ және орыс тілідерінде өтізіледі.
Тармақ 6
6. Сессиясының ұзақтығын аудандық мәслихат белгілейді.
Жалпы мәжілістерде төраға депутаттар санының басым көпшілігінің ұсынысымен үзіліс жариялайды.
Тармақ 7
7. Депутаттарды тіркеу сессиясының жұмысына 2 сағат қалғанда басталады және оның жұмысы басталған сәтте аяқталады. Сессия жұмысына қатысатын депутаттардың келіп тіркелгенің сессияның төрағасы мәлім етеді.
Тармақ 8
8. Аудандық мәслихаттың депутаты аудандық мәслихаттың сессия мәжілісіне қатысуға міндетті. Аудандық мәслихаттың депутаты дәлелді себеппен сессия мәжілісіне қатысуға ешбір мүмкін еместігі жайында сессия өтуден бір күн бұрын аудандық мәслихаттың хатшысына хабарлауға міндетті.
Тармақ 9
9. Жабық сессияларды сессия төрағасының, аудандық мәслихат хатшысының ұсынысымен, егерде қатысып отырған депутаттардың басым көпшілігі яки үштен бірі оны жақтап дауыс берген жағдайда аудандық мәслихаттың шешімі бойынша өткізуге болады.
Аудандық мәслихаттың сессиясының жабық мәжілістерінің мазмұны туралы мағлұматтарды жария етуге болмайды ,тек депутаттар аудандық мәслихаттағы қызметі үшін пайдалануы мүмкін.
Тармақ 10
10. Аудандық мәслихат сессия төрағасының мәслихат қызметіне қатысты мәселелер бойынша хабарламамен таныс болу үшін ауданда орналасқан жергілікті атқарушы органдардың басшыларын, ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдарын аудандық мәслихаттың сессиясына шақыруға құқы бар. Бұл ретте шақырылғандар заң бойынша міндетті түрде келулері тиіс.
Хабарлама жасауға тиісті басшылардың және лауазымды адамдардың аудандық мәслихаттың сессиясына себепсіз келмей қалуы аудандық мәслихат хатшысының іс үстіндегі заңдылықтарға сәйкес оларды тәртіпшілік жауапкершілікке тарту туралы тиісті органдардың алдына мәселе қоюға негіз болып табылады.
Тармақ 11
11. Сессияға шақырылғандардың тізімін аудандық мәслихаттың хатшысы қаралатын мәселелерді және тиісті тұрақты комиссиялар төрағаларының ұсыныстарын ескеріп, сессия төрағасының келісімі бойынша жасайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аудандық мәслихаттың ашық сессия мәжілістеріне редакциялардың тапсырмасы негізінде шақырусыз-ақ куәліктерін көрсетіп қатысуға құқылы.
Тармақ 12
12. Аудандық мәслихаттың сессиясына шақырылған адамдарға мәжіліс залында арнайы орындар қалдырылады. Олардың аудандық мәслихаттың қызметіне араласуға құқы жоқ, оның жұмысын мақұлдаудан немесе құптаудан қалыс қалуға, белгіленген тәртіпті сақтауға және төрағалық етушінің'үкіміне бағынуға міндетті.
Аудандықық мәслихат сессиясының төрағасының ұсынысы бойынша шақырылғандардың сессияда сөйлеуге және депутаттардың сұрақтарына жауап беруге құқы бар.
Осы талаптар сақталмаған сәтте олардың залдан аластатылуы әбден-ақ мүмкін. Депутаттардың қызметін қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихаттың аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер аудандық мәслихат хатшысы айқындаған тәртіпке сай аудандық мәслихат сессияларының мәжілістеріне қатысады.
Тармақ 13
13. Аудандық мәслихаттың мәжілісін аудандық мәслихат аппаратының қызметкері хаттамалайды. Сөйлеуші өзінің сөз көшірмесін мәжіліс аудандық мәслихат аппаратының хаттамалаушы қызметкеріне береді.
Тармақ 14
14. Сессияның күн тәртібін аудандық мәслихаттың ағымдағы жылға жасаған жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ тұрақты комиссиялардың және аудандық мәслихат хатшысының ұсыныстары негізінде аудандық мәслихат сессиясының төрағасы тиянақтайды, сөйтіп шешімдердің жобасы ретінде алдын ала барлық депутаттарға таратылады.
Тармақ 15
15. Аудандық мәслихаттың сессиясында мәселелерді қараған кезде кандидатураны талқылағанда, дауыс беру рәсімі мәжілісті алып бару тәртібі бойынша, сондай-ақ сұрау салу, арыздану, жолданымдар бойынша сөз сөйлеудің төмендегі түрлері пайдаланылады: баяндама, қосымша баяндама, талқыланған мәселе бойынша қорытынды сөз, хабарлама, жарыссөз.
Тармақ 16
16. Аудандық мәслихаттың депутаты бір мәселе бойынша екі-ақ рет сөйлей алады.
Тармақ 17
17. Сессияда сөз сөйлеушілер өзінің сөзін дөрекі түрде құруына немесе заңсыз әрекет жасауға шақыруға болмайды. Ондай жағдайда төрағалық етуші осындай сөздер мен қылықтарды болдырмау жөнінде ескерту жасауға құқылы. Екі рет ескерту жасалғаннан кейін сөз сөйлеушіге сөз берілмейді. Аталған адамдарға талқылаған мәселе бойынша сөз берілмейді.
Баяндама, қосымша баяндамалардың, қорытынды сөздің уақытын, төрағалық етуші баяндамашымен келісу арқылы белгілейді, - баяндама 30 минут мөлшерінде және қосымша баяндамаға 10 минут береді.
Жарыссөзге 10 минутқа дейін, қайта жарыссөзге 5 минутқа дейін, кандидатуралар жөнінде отырыстың сұрау кіргізу, сұрақтарға, сұранысқа анықтама мен хабарларға - 3 минутқа дейін.
Кейбір жағдайларға байланысты төрағалық етуші депутаттардың келісумен баяндаманы созуға болады.
Сөз беру туралы өтініш сессия төрағасының атына жазбаша түрде беріледі. Сессия төрағасы депутат ауызша өтінгенде де сөз бере алады.
Сессияда тек трибунадан ғана сөйлеуге болады.
Тармақ 18
18. Төрағалық етуші жарыссөз кезінде түрлі пікірлер айтылуын қамтамасыз етеді.
Жарыссөз ашық дауысқа салынып тоқтатылады. Мәселе бойынша / жарыссөздің тоқтатылуы туралы төрағалық етуші депутаттарға хабарлайды және кім сөз сұрағасы келгенін сұрайды.
Жарыссөзден кейін баяндамашы мен қосымша баяндамашы қорытында сөз сөйлеуге құқығы бар.
Тармақ 2. 2-тарау. Аудандық мәслихаттың сессиясында дауыс беру тәртібі
2-тарау. Аудандық мәслихаттың сессиясында дауыс беру тәртібі
Тармақ 19
19. Аудандық мәслихаттың сессиясы ашық және жасырын дауыс беру түрінде өткізіледі. Жасырын дауыс беру кез келген сұрақтар бойынша болуы мүмкін, егерде депутаттардың көпшілігі өтінсе, немесе осындай дауыс беру заңмен көзделсе.
Тармақ 20
20. Ашық дауыс беру кезінде дауыстарды есептеу есеп комиссиясына тапсырылады, оның құрамын сессия белгілейді.
Ашық дауыс берудің алдында төрағалық етуші дауысқа салынған ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың формулировкасын анықтайды, шешімді қабылдау тәртібін еске салады.
Дауыс беру дауыс берушілерді есептемей, басым жағдайды ескеру жолымен өткізілуі мүмкін. Ашық дауыс беру кезінде әрбір депутат бір дауысқа ие болады және оны «жақтау» және «қарсы» етіп береді немесе қалыс қалады.
Дауыс беру еспетелгеннен кейін төрағалық етуші санын көрсетіп хабарлап, ұсыныстың қабылдағанын немесе қабылданбағандығын хабарлайды.
Тармақ 21
21. Жасырын дауыс беру бюллетень бойынша өткізіледі.
Есеп комиссиясының байқауымен бюллетень формасы мен саны қарастырылады. Жасырын дауыс беру керекті анықтамаларымен құрастырылған. Бюллетенді сайлау бойынша уақыты мен есеп комиссияның төрағасы хабарлайды.
Тармақ 22
22. Аудандық мәслихаттың хатшысы мен тексеруші комиссияның төрағасы жасырын немесе ашық дауысқа салынып сайланады, тұрақты комиссияның төрағасы ашық дауыс берумен сайланады. Кандидаттарға тексеруші комиссияның төрағасына аудандық мәслихаттың тұрғылықты комиссиясының төрағасына сөз беріледі, алдағы бағдарламаларды айтуға құқылары бар.
Мәслихат сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында аудандық мәслихат депутаттарының жалпы санының басым көпшілік дауысмен ашық дауысқа салу арқылы сайланады.
Әр депутат аудандық мәслихаттың хатшысына, тексеру комиссиясының төрағасына және аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасына кандидаттарға сұрақ берулеріне және өз пікірлерін айтуға, жақтап немесе қарсы үгіттеуге құқылары бар.
Кандидатураларды талқылау депутаттардың шешімі бойынша,қатысушы депутаттардың көпшілігінің дауысымен тоқтатылады.
Аудандық мәслихаттың хатшысы, тексеруші комиссияның төрағасы мен тұрақты комиссияның төрағасы, егер де бұларды басқа кандидатураларға
қарағанда депутаттардың көпшілігі жақтаса немесе егер бюллетенге бір кандидатура енгізілген жағдайда «жақтаушылар» саны «қарсы» болушылар санынан артық болса сайланды деп саналады.
Тармақ 23
23. Әрбір аудандық мәслихаттың депутатына бір бюллетень беріледі.
Жасырын дауыс салу бюллетені аудандық мәслихаттың депутаты куәлігі көрсетсе ғана беріледі.
Бюллетеньді толтыру жасырын дауыс беру кандидаттарды сызу арқылы жүргізіледі. Бюллетеньде жобалау шешімі бойынша «кейісемін» және «қарсымен» сөздері шешім варианттарының жанында, белгіленді.
Егерде бюллетеньде екі немесе оданда көп кандидатура сайлауда өшірілмесе әр кандидатураға санау кезінде бір дауыс саналады.
Бюллетень белгілі формасы болмаса жарамсыз деп саналады. Бюллетеньде жазылған аты-жөні санау кезінде есепке алынбайды.
Тармақ 24
24. Жасырын дауыс беру қорытындысына есеп комиссиясы хаттама жазады. Есеп комиссиясы өздерінің қолдарын қояды. Есеп комиссияның баяндамасы туралы аудандық мәслихат ашық дауыс беру арқылы шешіммен бекітеді.
Дауыс беру кезінде қателіктер бойынша аудандық мәслихаттың шешімімен қайта дауыс берілуі мүмкін.
Тармақ 25
25. Депутат дауыс беру кезінде өзінің құқығын жүзеге асыруға міндетті. Дауыс беру кезінде болмаған депутат, сойында дауыс беруге құқығы жоқ.
Тармақ 3. 3-тарау. Аудандық мәслихат сессиясына мәселелер енгізу және шешімдер жобасын қарау
3-тарау. Аудандық мәслихат сессиясына мәселелер енгізу және шешімдер жобасын қарау
Тармақ 26
26. Сессияда бекітілуге енгізілетін барлық материалдар (шешімдер жобасы, қосымшалар, түсініктеме қағаздар, келісім парақшалар) аудандық мәслихатқа әкімнің ұсынысы бойынша тұрақты комиссияларда алдын ала қарау үшін екі тілде аудандық мәслихаттың хатшысына беріледі.
Тармақ 27
27. Аудандық мәслихаттың аппараты зерттеу барысында немесе оның нәтижелері бойынша жобаны мемлекеттік органға мыңдай негізде кейін қайтаруға құқықты:
Тармақша 1
1) жоғары органдардың құкықты кесімдеріне оның сәйкессіздігі анықталғанда;
Тармақша 2
2) жоба мәтінінің мемлекеттік және орыс тілдерінде түпнұсқаға сай болумауы анықталғанда;
Тармақша 3
3) заңнама және осы Регламенттің талаптарын бұрмалау анықталғанда.
Тармақ 28
28. Қабылданған шешімдердің жобаларын, басқа да актілерді сессияның төрағасы немесе аудандық мәслихаттың хатшысы тұрақты комиссияларға қарауға және ұсыныстар дайындауға жібереді. Бір мезгілде сессияға қосымша баяндама бойынша қортынды дайындау, қосымша аппаратты тексеру және жинау өткізу жүктелуі мүмкін.
Тармақ 29
29. Сессияның төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы, тұрақты комиссиясы, жұмыс топтары шешімдердің жобаларын ғылыми сараптауға жіберіп, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың пікірлерін сұрайды, дайындалған мәселені және шешімдердің жобаларын еңбек ұжымдары мен азаматтардың жиналыстарында алдын ала талқылай алады.
Тармақ 30
30. Сессияда мәселені қарағанда әдетте баяндама, ал қажет болған жағдайда жетекші комиссияның, жұмыс тобының, уақытша комиссияның қосымша баяндамалары. Тұрақты комиссиялардың, комиссияның және жұмыс топтарының қосымша баяндаманың немесе шешімнің жобасы жөніндегі қорытындыларының қағидаларымен келіспейтін жекелеген мүшелері өз пікірлерін осы мәселе бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейін мазмұндап бере алады.
Тармақ 31
31. Депутаттар баяндаманы, қосымша баяндаманы және шешімнің жобасы жөнінде тұрақты комиссия қорытындысын талқылайды, шешімнің жобасына түзету ретінде ұсыныстар мен ескертпелер айтады. Жобаны талқылау баптар бойынша өткізіледі. Жобаға түзетулер сессияның хатшысына жазбаша түрде беріледі.
Тармақ 32
32. Әрбір мәселені талқылау аяқталған соң сессия ол бойынша шешім қабылдайды. Егер бір мәселе бойынша шешімдердің жобалары бірнешеу болса, олардың әрқайсысы талқыланғанша барлық депутаттарға берілуі тиіс. Редакциялық комиссия өз пікірін айтады және дәлелдейді: шешімдер жобасының қайсысын негізге алып, қайсысын қабылдамау керек. Дауыс беруге барлық енгізілген шешімдердің жобалары қойылады, жобалардың біріне қатысушы депутаттар көпшілігі негізге алынғаннан кейін депутаттар оған түзетулер енгізу процедурасына көшеді.
Тармақ 33
33. Шешім жобасына түзетулер енгізіліп болғаннан кейін дауыс беру мынадай ретпен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ұсынылған (өңделген) жоба негізге алынады, ол қабылданбаған жағдайда одан әрі дауыс беру тоқтатылады.
Тармақша 2
2) дауыс беруге міндетті түрде кезекпен негізге алынған жобаға кірмеген барлық түзетулер қойылады, дауыс беру арқылы сайланған депутаттардың көпшілігі дауыс бергендері шешімге енгізіледі.
Қабылданбаған жобалар, шешімдер және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайрадан дауыс беруге жол берілмейді.
Тармақ 34
34. Бірін-бірі жоятын түзетулер бойынша дауыс берілер алдында оларды төрағалық етуші оқып береді. Түзетуді енгізуші оның мәні бойынша түсініктерге немесе дауыс берер алдында оны алып тастауға құқылы. Дауыс беру қабылданатын шешімнің әрбір бабы бойынша жеке өткізіледі.
Тарау 3. 3-бөлім. Аудандық мәслихаттың органдарының жұмысы және сайлау тәртібі
3-бөлім. Аудандық мәслихаттың органдарының жұмысы және сайлау тәртібі
Тармақ 4. 4-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
4-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
Тармақ 35
35. Қазақстан Республикасының Заңдары және басқада жоғарғы мемлекеттік органдар актілерін жүзеге асыру, мәселелерді алдын ала қарап дайындау үшін, аудандық мәслихат қатысы бар, сондай-ақ мәслихат шешімін өмірге енгізуде, аудан мәслихаты депутаттары арасынан тұрақты комиссия құрады.Олардың саны 7 аспау керек.
Тұрақты комиссиялар қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау мақсатында өз отырыстарында кезекпен қарап қажет болса келесі сессияға мәселе қояды.
Тармақ 36
36. Тұрақты комиссияның төрағасы қажет болған кезде комиссияның бір жылғы жұмыс жоспарына сәйкес мәжілісін шақырады және егерде комиссия құрамына кіретін депутаттардың жалпы санының жартысынан астамы қатысса заңды деп есептеледі.
Тұрақты комиссияның барлық мәселелер қатысып отырған депутаттар санының көпшілігі дауысымен қабылданады. Тұрақты комиссияның мәжілісі туралы депутаттарға, сондай-ақ басқа да мәжіліске қатысушыларға ең кемі екі тәулік бұрын мәлім етіледі.
Тұрақты комиссияның мәжілісіне оның құрамына кірмейтін аудандық мәслихаттың депутаттары кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
Тұрақты комиссияның мәжілісіне қатысу үшін шақырушылар тізімін тұрақты комиссияның төрағасы анықтайды.
Аудандық мәслихаттың депутаты өзі мүше болған тұрақты комиссияның мәжілісіне қатысуға міндетті.
Тұрақты комиссияның мәжілісіне не себеппен қатыса алмайтындығы туралы аудандық мәслихаттың депутаты уақтылы тұрақты комиссияның төрағасына хабарлайды.
Тұрақты комиссияның мәжілісін тұрақты комиссияның төрағасы өткізеді. Тұрақты комиссиялардың мәжілістеріне хаттама жасалады. Хаттамаларды тұрақты комиссияға бекітілген аудандық мәслихаттың аппарат қызметкері жүргізеді.
Тұрақты комиссияның қаулысына және мәжіліс хаттамасына оның төрағасы немесе орынбасары қол қояды.
Тұрақты комиссиялар бірлесе мәжіліс өткізуге құқылы, бұл ретте мәжіліс хаттамасына және қабылданған шешімдерге бірлескен мәжіліске қатысушы тұрақты комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Тармақ 37
37. Тұрақты комиссиялар өзінің құзырындағы мәселелер бойынша тиісті тұлғалармен белгіленген мерзімдерде қарау үшін міндетті болып табылатын қаулы қабылдайды.
Тұрақты комиссиялардың қаулылары мәжіліске қатысушы комиссия мүшелері жалпы санының басым көпшілігімен дауысқа ие болғанда қабылданады.
Тұрақты комиссияның төрағасы, егерде комиссия мәжілісінде депутаттардың дауыстары теңдей түссе, шешуші дауыс беру құқымен пайдаланады.
Тармақ 38
38. Тұрақты комиссиялар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық әкімшіліктен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінен, атқарушы органдардан,ауданда жайғасқан кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды сұрап алуға құқылы, жоғарыда аталған органдардың және мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғалары аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының сұраған мәліметтерін мерзімінде беруге міндетті.
Лауазымды тұлғалар тұрақты комиссияларға жалған ақпарат берсе, яки қасақана ақпаратты жасырып қалса, заңға сәйкес жауап береді.
Тармақ 39
39. Тұрақты комиссиялардың ұсыныстары бойынша аталған органдар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдері олардың мәжілістерінде қаралатын мәселелер бойынша түсініктемелер мен ақпарат табыс етеді.
Тармақ 40
40. Тұрақты комиссиялар аудандық мәслихатқа бағынышты және ең кем дегенде жылына бір мәрте өз қызметі туралы есеп береді.
Тұрақты комиссиялардың жұмысы туралы есептер сессияда тыңдалады.
Тармақ 5. 5-тарау. Тұрақты комиссияларды көпшілікте тыңдау
5-тарау. Тұрақты комиссияларды көпшілікте тыңдау
Тармақ 41
41. Тұрақты комиссиялар өз ынтасы немесе аудандық мәслихаттың шешімі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізеді. Көпшілік тыңдау тұрақты комиссиялардың қызметіне жататын аса маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында, депутаттардың, атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен бұл комиссиялардың кеңейтілген мәжілістері формасында өткізіледі.
Тармақ 42
42. Көпшілік тыңдаулардың тақырыбы, уақыты және оларды өткізудің орны туралы құлақтандыру ашықтан ашық тыңдаулар басталғанға дейінгі ең кемі жеті күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беріледі. Көпшілік тыңдауларға шақырылған тұлғалардың құрамын бұл тыңдауларды ұйымдастырған тұрақты комиссиялар анықтайды. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары бірлескен ашықтан ашық тыңдауларды да өткізе алады. Көпшілік тыңдаулар бұқаралық ақпарат құралдары және жұртшылық үшін ашық. Оларды өткізудің есептері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 43
43. Көпшілік тыңдауларды тиісті тұрақты комиссияның төрағасы жүргізеді. Көпшілік тыңдаулар төрағалық етушінің қысқаша кіріспе сөзімен басталады.
Ол талқылайтын мәселенің зәрулігі, оның маңызы, мәжілісті өткізудің тәртібі, шақырылған тұлғалардың құрамы туралы хабарлайды. Талқылайтын мәселе бойынша баяндама үшін 30 минутке дейін сөз беріледі, содан соң ашықтан ашық тыңдауларға қатысушы депутаттар мен шақырылғандар сөйлейді.
Шақырылған тұлғалар ашықтан ашық тыңдауларда тек төрағалық етушінің рұқсатымен сөйлейді. Сөйлеудің уақыты - 10 минуттен аспайды. Көпшілік тыңдауларда баяндамадан және сөйлегендерден кейін депутаттар баяндамашыға, тыңдауға арнайы шақырылған лауазымды тұлғаларға, мамандарға, сарапшыларға сауалдар беріп, тиісті жауаптар алады. Сауалдар ауызша, жазбаша түрінде беріледі. Шақырылған тұлғалардың ашықтан ашық тыңдаулардың барысында араласуға, оларды үзуге, реніш немесе мақұлдау сыңай танытуға құқы жоқ. Төрағалық етушінің шақырылғандар арасынан тәртіп бұзғандарды залдан аластауға құқы бар.
Тармақ 44
44. Көпшілік тыңдаулардың қорытындысы бойынша тыңдауға қатысушы депутаттардың көпшілігінің мақұлдауымен ұсыныстамалар қабылданады. Көпшілік тыңдауларда қабылданған ұсыныстамалар аудандық мәслихаттың барлық депутаттарына жеткізіледі.
Тармақ 45
45. Көпшілік тыңдауларға арнайы хаттама жүргізіледі және төрағалық етуші қол қояды.
Тармақ 6. 6-тарау. Уақытша комиссия
6-тарау. Уақытша комиссия
Тармақ 46
46. Аудандық мәслихат кез-келген сұрақтар бойынша уақытша комиссия құрайды. Аудан мәслихаты уақытша комиссияны депутаттар арасынан ашық дауыс беріп өткізіп, төраға мен комиссия сайлайды. Комиссия мамандарды өзінің жұмысына шақыруы мүмкін.
Уақытша комиссияның құрылған уақытынан бастап тәртібі мен қызметін аудандық мәслихат анықтайды.
Уақытша комиссия берліген жұмысты бітіргеннен кейін аудандық мәслихаттың шешімі бойынша қызметін тоқтатады.
Тармақ 47
47. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары өздерінің шегіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды, олар баяндамалар, қосымша баяндамалар, шешімдердің жобаларын әзірлеу кезінде пайдалану үшін тиісті тұрақты комиссияларға жолданады.
Тармақ 48
48. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.
Тармақ 7. 7-тарау. Тексеру комиссиясы.
7-тарау. Тексеру комиссиясы.
Тармақ 49
49. Жергілікті бюджеттің орындалуына бақылау жасау үшін аудандық мәслихат өкілетті мерзімге тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Процедура сайлауына сәйкес Регламентқа белгіленген аудандық мәслихат депутаттардың арасынан тексеру комиссиясының төрағасын сайлайды. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16 және 20 бабтарына сәйкес аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы өз міндетін босатылған және босатылмаған негізгі жағдайларда атқарады.
Тексеру комиссиясының төрағасы басқа жұмыстан босатылған негізде төрағасы болып сайланған жағдайда, оған тиісті Астрахан аудан әкімінің аппаратының жетекшісі үшін белгіленген мөлшерде жалақы белгіленеді.
Тарау 4. 4-Бөлім. Аудандық мәслихат депутаттарының өкілеттілігін жүзеге асыру туралы
4-Бөлім. Аудандық мәслихат депутаттарының өкілеттілігін жүзеге асыру туралы
Тармақ 8. 8-тарау. Депутаттық сауалдар (одан әрі - сауалдар).
8-тарау. Депутаттық сауалдар (одан әрі - сауалдар).
Тармақ 50
50. Мәслихат депутаттары аудандық мәслихат құзырына жататын мәселелер бойынша аудан аумағына жататын мекеме, ұйым мемлекеттік атқарушы органдар басшылары, аудан мәслихаты хатшылысына, мәслихат сессиясының төрағасына ауызша немесе жазбаша сауалдар беруге құқықты.
Тармақ 51
51. Сауалдар мен берілген жауаптар бойынша мәслихат сессиясында шешім қабылданды.
Тармақ 52
52. Сауал жазбаша түрде бірнеше депутаттың атынан берілсе, онда олардың аты-жөні мен сайлау округтерінің номері көрсетіліп, барлық депутаттар қол қоюы тиіс. Аудандық мәслихатың тұрақты немесе уақытша комиссиясының атынан жасалатын жазбаша сауалға оның төрағасы қол қояды. Тексеру комиссияның атынан сауал беру туралы шешім комиссияның отырысында қабылданып, хатталады.
Тармақ 53
53. Сессияның басталуына дейін енгізілген сауалдар сессияның төрағасына, аудандық мәслихаттың хатшысына беріледі де мәселе оның отырысында сессияның күн тәртібіне енгізуді шешу қойылғанда қаралады. Сауалдардың көшірмесін аудандық мәслихаттың хатшысы мерзімі және жауап беру тәртібін көрсете отырып, ол бағытталған органға немесе лауазымды адамға жолдайды. Сессияны өткізу барысында енгізілген сауалдар төрағалық етушіге отырыста беріледі. Сауалдар жауапты оқу және кейін талқылау үшін аудандық мәслихат хатшысы мемлекеттік органның басшысы немесе оның орнындағы адамды сессияға шақырады.
Тармақ 54
54. Мәслихат сауалды қарауды басқа сессияға ауыстыруы мүмкін.
Сессияның күн тәртібін бекіткенге дейін оны енгізген депутаттар қайтарып ала алады. Күн тәртібі бекітілгеннен кейін сауалды қараудан алып тастау тек ғана мәслихаттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Жазбаша түрде берілген сауалдар сессияның хаттамасына тіркеледі.
Тармақ 55
55. Депутаттық сауал жолданған мемлекеттік органның басшысы, немесе лауазымды адам, егер сауалда жауап берудің бөдан ұзақ мерзімі көрсетілмесе, осы сессияда оған аудандық мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша жауап беруге міндетті.
Тармақ 56
56. Депутаттық сауал, оған жауап, сауал бойынша қабылданған шешім ол туралы қысқаша ақпарат аудандық баспасөзде жарияланып, радио немесе телевизия арқылы берілуі мүмкін.
Тармақ 9. 9-тарау. Депутаттық топтар
9-тарау. Депутаттық топтар
Тармақ 57
57. Аудандық мәслихат депутаттары белгіленген заң тәртібімен тіркеуден өткен саяси партиялардың депутаттық тобы түріндегі депутаттар бірлестіктерін құруға, құқылы.
Депутаттық топ - тиісті саяси партияның аудандық мәслихаттағы мүддесін білдіру мақсатында құрылатын депутаттар бірлестігі. Саяси партияның депутаттық тобы кем дегенде аудандық мәслихаттың бес депутатын біріктіруі қажет. Мәслихат хатшысы депутаттық топқа кірмейді. Мәслихат сессиясының төрағасы уақытша міндетін атқару кезінде мүшелігін тоқтатады.
Тармақ 58
58. Саяси партиялардың депутаттық тобын тіркеу аудандық мәслихаттың сессиясында жүзеге асырылады. Депутатты депутаттық топқа енгізу оның жекелеп арызымен жүзеге асады.
Депутаттық топты тіркеу үшін аудандық мәслихатқа жазбаша хабарлама жіберіледі, онда оның атауы, мақсаты, құрамы және депутаттық топтың атынан сөйлейтін және оның аудандық мәслихаттың сессиясында, мемлекеттік органдарда, саяси партияларда және қоғамдық ұйымдарда өкілі болатын адамдары белгіленеді.
Аудандық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарына депутаттық топтың құрамы туралы мәліметтер береді.
Депутаттың топ өзінің шешімдері туралы аудандық мәслихат хатшысына ақпарат беріп тұрады.
Тармақ 59
59. Аудандық мәслихаттың депутаттары тіркелу кезінде депутаттық топтың бірде біріне кірмеген болса, кейіннен олардың кез келгеніне кіре алады.
Депутаттық топ жаңа мүшелерді қабылдағаны немесе депутаттардың олардың құрамынан шыққандығы туралы аудандық мәслихатқа хабарлайды. Депутаттардың депутаттық топтан шыққан жағдайындағы олардың сан құрамы тіркеу кезіндегі мөлшерінен азайып кетсе, онда депутаттық топ өзінің жұмысын тоқтатады.
Аудандық мәслихаттың депутаты бір ғана депутаттық топқа мүше болуы мүмкін.
Тармақ 60
60. Депутаттық бірлестік өкілдері топ атынан құқылы:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихаттың күн тәртібі, талқыланатын мәселенің қаралу тәртібі және мәні бойынша ескертпелер мен ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихатқа сайланатын қызмет адамының кандидатуралары бойынша, сондай-ақ аудандық әкімияттың жеке құрамын келісу кезінде, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық - кеңесші органдардың жеке құрамын бекіткенде пікірлерін білдіруге;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихат шешімінің жобасына, аудандық мәслихат қабылдайтын өзге де актілерге түзету енгізуге;
Тармақша 4
4) депутаттық топтың азаматтар үндеуі бойынша қабылдарын шешімдерімен
аудандық мәслихат депутаттарын таныстыруға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан депутаттық топты қызмет жасауы үшін қажетті материалдар мен құжаттарды сұрауға;
Тармақша 6
6) жарыссөз тоқтатылған кезде депутаттың топ атынан сөз сөйлеуді талап етуге. Бұл жағдайда төрағалық етуші оларға сөз беруге міндетті.
Тармақ 61
61. Депутаттық бірлестіктердің ішкі қызметін олар дербес ұйымдастырады.
Тармақ 62
62. Депутаттың бірлестіктер қызметін ұйымдық, құжаттық, ақпараттық-талдау және өзге де қамтамасыз етуді аудандық мәслихат аппараты аудандық мәслихат хатшысы және сессия төрағасы жүзеге асырады.
Депутаттық топ мүшелері сөз сөйлеу тоқтағаннан кейінде өз өкілдігінің сөйлеуін сұрануы мүмкін. Ондайда төраға оған сөз беруі керек.
Тарау 5. 5-Бөлім. Мәслихат сессиясының төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы
5-Бөлім. Мәслихат сессиясының төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы
Тармақ 63
63. Мәслихат сессиясының төрағасын оның депутаттары қатарынан сайланады.
Тармақ 64
64. Жаңа сайланған мәслихаттың сессиясын аудандық, аумақтық комиссияның төрағасы шақырады. Мәслихат сессиясының төрағасы мәслихаттың келесі сессиясында сайланады.
Тармақ 65
65. Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметін босалқы емес негізде жүзеге асырады.
Тармақ 66
66. Сессия төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 67
67. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.
Тармақ 68
68. Мәслихат сессиясының төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңмен айқындалады.
Тарау 9. 9-Бөлім Аудандық мәслихаттың депутаттарын оқыту
9-Бөлім Аудандық мәслихаттың депутаттарын оқыту
Тармақ 69
69. Депутаттардың белсенділігін арттыру, олардың мемлекеттік құрылыс, құқық, экономика мәселелері бойынша білімдерін тереңдету және жаңадан шыққан заң актілерімен шұғыл таныстыру үшін мәслихат депутаттарға арнап оқу ұйымдастырады.
Тармақ 70
70. Оқу мамандармен жүргізілетін дәріс, семинар, кеңес ретінде ұйымдастыру білімімен тұрақты комиссиялардың төрағаларымен бірлесіп жасалған оқудың күнтізбелік жоспары бойынша өтеді. Оқу жоспары аудандық мәслихаттың хатшысымен бекітіледі.
Тарау 6. 6-Бөлім. Аудандық мәслихат аппаратының жұмыстарын ұйымдастыру
6-Бөлім. Аудандық мәслихат аппаратының жұмыстарын ұйымдастыру
Тармақ 71
71. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 25 бабына сәйкес аудандық мәслихаттың және оның органдарының қызметін ұйымдастыру, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға олардың өкілеттігін жүзеге асыру жөнінде көмек көрсету мәслихат әкімдігімен құрылатын аппаратқа жүктеледі.
Тармақ 72
72. Аудандық мәслихаттың іс жүргізуі мен мәслихатқа түсетін хат-хабарлардың өңдеуі аппаратқа жүктеледі және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңының, басқа нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзірленетін және мәслихат хатшысымен бекітілетін тәртіпте іске асырылады.
Тармақ 73
73. Ұйымдастыру бөлімінің қызметі аудандық мәслихатпен бекітілетін аппарат туралы қағидаға сәйкес және «Астрахан аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы жағдайға сәйкес, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің міндеттері туралы аудандық мәслихат хатшысы бекіткен құжатпен жүргізіледі.
Тарау 7. 7-Бөлім. Қортынды ережелер
7-Бөлім. Қортынды ережелер
Тармақ 74
74. Аудандық мәслихаттың Регламенті, оған өзгертулер мен қосымшалар депутаттар жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады және аудандық мәслихаттың шешімімен хатталады.
Регламенттің қарауы және бекітілуі, оған өзгертулер енгізу аудандық мәслихат шешімін қабылдау тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 75
75. Регламент ережелерін түсіндіруді және оның сақталуын бақылауды депутаттық өкілеттік, әдептілік, жастар жөніндегі, ұлтаралық қатынас, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқылық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы жүзеге асырады. Осы комиссияның төрағасы өзінің қадауы немесе сессия төрағасының, аудандық мәслихат хатшысының және депутаттардың ұсынысы бойынша Регламентінің ережелерін түсіндіру үшін кез-келген уақытта сессияда сөз алуға құқы бар.
Тарау 8. 8 бөлім. Аудандық мәслихаттың сайлауға қатысуы.
8 бөлім. Аудандық мәслихаттың сайлауға қатысуы.
Тармақ 9. 9 тарау. Сайлау комиссияларын құру.
9 тарау. Сайлау комиссияларын құру.
Тармақ 76
76. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау сайлау комиссиялары өкілеттерінің мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын басталады және кемінде үш күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 77
77. Мәслихаттың хатшысы депутаттардан және тиісті мәслихат аппаратынан бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлама жарияланғанға дейін кемінде үш күн қалғанда сайлау комиссияларының құрамын құру жөніндегі Уақытша комиссия немесе жұмыс тобы (бұдан әрі - Уақытша комиссия) құрады.
Мәслихаттың Уақытша комиссиясы саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын комиссияның құрамына кандидатуралар туралы келіп түсетін ұсыныстарды жинаумен және өңдеумен айналысады. Сайлау комиссияларының құрамына саяси партияның ең көп дегенде бір өкілі кіруі мүмкін. Саяси партия, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы.Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер олардың құрылымдық бөлімшелері олар ұсынылған сайлау комиссияларын көрсете отырып нысан бойынша кандидаттардың тізімін жібереді оларға мыналарды қоса жібереді:
Тармақша 1
1) Саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;
Тармақша 2
2) Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырыстың кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан көшірмені;
Тармақша 3
3) кандидаттың аудандық мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.
Тармақ 78
78. Сайлау комиссияларының құрамын дайындау кезінде Уақытша комиссия бірінші кезекте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, егер сайлау комиссиясының мүшелері 7 ден аз болған жағдайда басқа қоғамдық бірлестіктердің және жоғарғы тұрған сайлау комиссияларының кандидатуралары есептеледі.
Тармақ 79
79. Жаңа сайлау комиссиясының құрамына ұсыныстар түсу мерзімінің аяқталуына байланысты Жұмыс тобы, шешімнің жобасын және сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау бюллетендерін дайындайды.
Тармақ 80
80. Шешімнің жобалары мен бюллетендер бөлек дайындалады.
Тармақ 81
81. Уақытша комиссия, барлық кандидатураларды қандай саяси партия басқа қоғамдық бірлестіктер және жоғарғы сайлау комиссиялары ұсынғанын көрсете отырып, Уақытша комиссияның арнайы тіркеу журналында тіркелген ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен шешімнің жобасына және бюллетендерге енгізеді.
Тармақ 82
82. Сессияға қатынасқан аудандық мәслихаттың барлық депутаттары сайлау комиссия құрамының бюллетендерін алады және оны өздері толтырады. Дауыс берудің нәтижелерін мәслихаттың сессиясында Есептеу комиссиясы жариялайды. Есептеу комиссиясының сандық құрамы мен төрағасы мәслихат сессиясында анықталады. Сессияға қатынасқан депутаттардың ең көп дауысын алған комиссия мүшесі сайланды деп есептеледі.
Тармақ 83
83. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына (жеті) тең ұсыныстар түскен жағдайда Уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді.Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде Уақытша комиссия бюллетенге басқа қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидатураны енгізеді, мұндай кандидатуралар болмаған жағдайда жоғарғы сайлау комиссиялары ұсынған кандидатураларды енгізеді (ұсыныстар келіп түсу кезектігімен енгізіледі). Бос орындарға сандық құрамына сәйкес ұсыныстар түскенде Жұмыс тобы, мәслихаттың отырысында осы сайлау комиссиясына дауыс беруін ұсынады. Бос орындарға санынан артық ұсыныстар түскен кезде Жұмыс тобы, мәслихат отырысында комиссия құрамына саяси партия өкілін сайлауын , ал бос орындарға рейтингілік дауыс беруді ұсынады.
Егер даус беру барысында сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидатуралар саны сайланатын комиссияның сандық құрамына сәйкес келетін болса, мәслихат депутаттары нақты бір кандидатурағa қарсылығын білдіреді, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
Тармақ 84
84. Бюллетенге тегі, аты, әкесінің аты және қай саяси партиядан (басқа қоғамдық бірлестіктер, жоғарғы сайлау комиссиясы) енгізілгені қосылады. Кандидатуралар тектерінің оң жағында квадраттар белгіленген, депутаттар сол квадраттарға белгі қояды. Депутаттар барлығы жеті квадратқа белгі қояды.
Тармақ 85
85. Дауыс берудің нәтижелерін мәслихаттың сессиясында Есептеу комиссиясының төрағасы жариялайды.
Тармақ 86
86. Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын және хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы жариялайды.
Осы кандидатура саны жағынан мәслихат депутаттарының ең көп дауысын алғандығы бойынша анықталады. Депутаттар дауыстары тең болған жағдайда осы кандидатура бюллетеньде орналасқан орны бойынша анықталады.
Тармақ 87
87. Аудандық мәслихат хатшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес сайлау комиссиясы құрамдарының құрылу қортындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Барлық материалдар баспаның бір номірінде қосымшаларымен бірге орналасуы тиіс.
Тармақ 88
88. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңында ескерілгендей мәслихат тиісті сайлау комиссиясының мүшесін босатуға және шығып кеткеннің орнына сайлау комиссиясының мүшесін сайлауға шешім қабылдайды. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған қызметін ауыстыруға осы сайлау комиссиясына олардың өкілдері кірмейтін саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.
Тармақ 89
89. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлау комиссияларын құру сессиясынада, сайлау комиссиясы бір ұйымның қызметкерлерінен құрылмауы тиіс және сайлау комиссиясының мүшесі аумағында тиісті сайлау комиссиясы орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс. Президентікке, Парламент, мәслихат, депутаттығына кандидаттар, сенім білдірілген адамдар және жергілікті өзін өзі басқару органдарының мүшелері сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.Кандидаттардың күйеуі (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттардың тікелей бағынысындағы адамдар осы кандидат қатысатын сайлау учаскесінде сайлауды тікелей ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын сайлау комиссияларына кіре алмайды.