Об утверждении Правил передачи в собственность субъектам малого препринимательства неиспользуемых производственных помещений и объектов, офисных помещений государственных предприятий и организаций с государственным участием, переданных в аренду или доверительное управление на условиях организации производственной деятельности Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлiк субъектiлердiң меншiгiне өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру үшiн бос тұрған өндiрiстiк объектiлердi, мемлекеттiк кәсiпорындарымен мекемелердiң офистiк бөлмелерiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру шартымен беру туралы қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылдың 6 наурыздағы N 3398 "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаумен жандандыруды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығымен Қазақстан Республикасы "Шағын кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау көрсету туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң меншiгiне өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру үшiн бос тұрған өндiрiстiк объектiлердi, мемлекеттiк кәсiпорындарымен мекемелердiң офистiк бөлмелерiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру шартымен беру туралы Қағидасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың мүлiктерiн пайдалануын бақылау басқармасы (Жүзбаева М.А.) бекiтiлген Қағиданы белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы шағын бизнеске қолдау көрсету агенттiгiмен келісуiн және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3. Шағын кәсіпкерлік субъектілердің меншігіне өндірістік қызмет ұйымдастыру үшін бос тұрған өндірістік объектілерді, мемлекеттік кәсіпорындарымен мекемелердің офистік бөлмелерін жалға немесе сенімгерлік басқаруға өндірістік қызмет ұйымдастыру шартымен беру туралы Қағидасы
3. Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру департаментінің 1998 жылдың 4 шілдедегі N 305 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен жандандыруды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерінен өндіріс жұмыстарын ұйымдастыру шартымен берілген объектілердің шағын кәсіпкерлердің меншігіне өту құқығын реттеу туралы Ережесі" қаулысының күші жойылсын. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 1998 ж. 22 қазан N 637 қаулысымен бекітілген Шағын кәсіпкерлік субъектілердің меншігіне өндірістік қызмет ұйымдастыру үшін бос тұрған өндірістік объектілерді, мемлекеттік кәсіпорындарымен мекемелердің офистік бөлмелерін жалға немесе сенімгерлік басқаруға өндірістік қызмет ұйымдастыру шартымен беру туралы Қағидасы
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағида "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен жандандыруды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы Жарлығына "Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жасалынған және шағын кәсіпкерлік субъектілердің өндірістік қызметті ұйымдастыру жағдайында, сонымен қатар, өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін пайдалану жағдайында бір жыл мерзімге берілген бос тұрған өндірістік, аяқталмаған құрылыс объектілерін, офистік бөлмелерді сенімгерлік басқару немесе оларға жалға берілген объектілерді меншік құқына өтуін бекіту тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері объектілерді жалға немесе бекiтiлген мерзiмi аяқталғаннан кейiн оларға сол объектiлердi тегiн беру туралы арыздарын мынадай жағдайда беруге құқылы:
Тармақша 1
1) жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру туралы келiсiм шарттың толығымен орындалуы;
Тармақша 2
2) объектiде өндiрiстiк қызметтi ұйымдастырған кезде.
Тармақ 3
3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шарты келiсiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитеттерiнiң, тұрақты жұмыс iстейтiн Комиссия құрылады. Комиссияның құрамына жергiлiктi атқару органдарымен және салалық министрлiктердiң, ведомстволардың аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiлiп, олардың өкiлдерi енгiзiледi. Комиссияның төрағалары мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитеттерiнiң өкiлдерi болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссиялар шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң жалға алу немесе пайдаланылмаған мемлекеттiк үйлер мен объектiлердi сенiмгерлiк басқару шарт келiсiмдерiнiң орындалуына бақылауды жалға алу немесе сенiмдi басқару шартын жасасқан күннен алты ай өткеннен кейiн жүзеге асырады. Аяқталмаған құрылыс объектiлерi бойынша тексеру мерзiмiн жүзеге асыру өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң оларды пайдалануды, тексерудi жүргiзу мерзiмiн Комиссия көлемi мен инвестицияландыру кезеңдерiне, шарт ережесiне байланысты объектiлердi пайдалануға қосу мерзiмiне сәйкес өз бетiнше жүргiзедi. Осы тұрғыда, тексеру жұмыстары бiр жылдың iшiнде бiр реттен жиi емес, ал жұмыскерлер саны он адамнан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн үш жылда бiр реттен жиi емес жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Жүргiзiлген тексеру жұмыстардың нәтижелерi бойынша келiсiм шарттардың орындалуы жөнiнде қорытынды жасалады, оған Комиссияның барлық мүшелерi қолдарын қояды. Комиссияның қорытындысының мазмұны мiндеттi түрде төмендегiдей болу тиiс: тексеру уақыты мен орны, Комиссия құрамы, объектiнiң аты, келiсiм шарттың номерi мен оның уақыты, өндiрiстiк қызметтiң жасалу фактi, тексеру нәтижесi, Комиссияның келiсiм шартты мерзiмiнен бұрын бұзу (қалпында қалдыру) немесе объектiлердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне беру немесе келiсiм шартты бұзып объектiнi тендерге беру туралы қорытынды. Әрбiр Комиссия мүшесі келiспеген жағдайда мүшесi Комиссияның қорытындысымен келіспеген жағдайда өзінің айрықша ойын шешiмде көрсетуi құқылы.
Тармақ 6
6. Қол қойылған қорытындының бiр данасы тексеру жасалғаннан кейiнгi бес күннiң iшiнде шағын кәсiпкерлiк субъектісi қолын қойғызып немесе тапсырысты хат арқылы берiледi. Егер шағын кәсiпкерлiк субъектiсi Комиссияның қорытындысы мен келiспеушiлiк бiлдiретiн болса ол Комиссия қорытындысы белгiленген заң тұрғысында Комиссия қорытындысына шағым бiлдiруге құқылы.
Тармақ 7
7. Жүргiзiлген тексерулердiң нәтижесi бойынша аумақты комитеттер төмендегiдей шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды:
Тармақша 1
1) жалгерлiк немесе сенiмдiк басқару келiсiм шартын өз қалпында қалдыру;
Тармақша 2
2) жалгерлік немесе сенiмдiк басқару шартын бұзу және объектiнi тендерге қою. Жалға беру немесе сенiмдiк басқару келiсiм шарттарын қалпында қалдыру туралы шешiм тек қана Комиссияның дұрыс қорытындысы болған жағдайда және келiсiм шарттың өндiрiстiк қызмет ұйымдастыру шарты орындалғанда шығарылады.
Тармақ 8
8. Жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру туралы келiсiм-шартының мерзiмi аяқталғаннан кейiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ұсынылған өндiрiстiк қызмет көрсетуiн растайтын және жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру шарттарының орындалуын көрсететiн, құжаттарының негiзiнде аумақтық комитетте төменгiдей шешiм қабылдайды:
Тармақша 1
1) объектiнi меншiкке беру туралы (жалға беру немесе сенiмгерлiк басқаруға бiр жыл уақыттан асатын мерзiмге берiлген аяқталмаған құрылыс объектiлерiн келiсiм шартты өз қалпында қалдыру туралы);
Тармақша 2
2) келiсiм шартты бұзу, (аяқталмаған құрылыс объектiлер бойынша - уақытынан бұрын бұзу) және объектiнi тендерге шығару туралы. Объектiнi меншiкке беру туралы шешiм тек қана Комиссияның дұрыс қорытындысы болғанда ғана және келiсiм шарт толығымен орындалған кезде шығарылады.
Тармақ 9
9. Объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне беру, мемлекеттiк меншiк объекттi тегiн беру туралы келiсiм шарт негiзiнде және беру-алу актi арқылы iске асырылады. Тіркелу жұмыстары белгіленген заң түрінде жасалады.
Тармақ 10
10. Жалға немесе сенімділік басқаруға беру келісім шарты бұзылған жағдайда объект қайтарылып, тендерге (аукционға) қойылады.
Тармақ 11
11. Объектіні дұрыс бақыламау нәтижесінде зақым келтірілетін болса шағын кәсіпкерлік субъекті келтірілген зақымның орнын толтыруға міндетті.
Тармақ 12. Мемлекеттік меншіктегі объектілерді тегін беру туралы Шарт
12. Нағызғы ереже қамтымайтын мәселелер белгіленген заң тұрғысында реттеледі. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 1998 жылғы 22 қазандағы N 637 қаулысымен бекітілген Шағын кәсіпкерлік субъектілердің өндірістік қызметті ұйымдастыру жағдайында сенімгерлік басқару немесе оларға жалға берілген объектілердің меншік құқына өтуін бекіту тәртібі туралы қағидасына қосымша Мемлекеттік меншіктегі объектілерді тегін беру туралы Шарт ____________қ.                    19____жылғы "____"_____________ N________ "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру департаменті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 желтоқсандағы N 1751   P971751_   Қаулысының негізінде, бір жағынан,______мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру аумақтық комитеті атынан _________ және бұдан әрі "Комитет" (өкілетті тұлғаның аты-жөні) деп аталады, және екінші жағынан шағын кәсіпкерлік субъекті _______________________________________________ (заңды немесе жеке тұлғаның толық аты-жөні және мекенжайы), тұлға_______________________________________________________________ (өкілетті тұлғаның аты-жөні) ____________________________________негізінде, бұдан әрі "Кәсіпкер" төмендегідей шарт жасасты.
Тарау 1. 1. Шарттың мән-мағынасы
1. Шарттың мән-мағынасы
Тармақ 1
1. Шарттың мән-мағынасы мекенжайы____________________________, алаңы _______ш.м. (бұдан әрі объект) мемлекеттік мүлік жекешелендіру аумақтық комитетінде тендерде <*> алу 199  ж.____________________құқығына иеленген, тендер хаттамасының N________, аумақтың комитеттің ________199___жылғы N__ бұйрығымен құрылған комиссияның шарттың орындалуы туралы шешіміне сәйкес тегін беру.
Тармақ 2
2. Қалдық құны __________ теңге болатын объектіні Комитет Кәсіпкерге тегін беруі. Объектіні беру, осы шарттың бөлігі болып табылатын, беру-алу акті арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы шарт белгіленген заң тұрғысында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиісті.
Тарау 2. 2. Жақтардың құқы мен міндеттері
2. Жақтардың құқы мен міндеттері
Тармақ 4
4. Комитет шарт жасасқаннан кейін үш күннің ішінде объектіні беру құжаттарын ұсынуға міндетті. Комитет объектіні Кәсіпкерге меншікке тегін бергеннен кейін үш жыл мерзімде оның өндірістік мақсатта қолданылуын тексеруге құқылы.
Тармақ 5
5. Кәсіпкер объектіні үш жыл мерзімінде өндірістік мақсатта қолдануға міндетті. Объектіні үш жыл мерзімінде біреуге беру немесе сату тек қана Комитеттің рұқсатымен іске асырылуы тиісті.
Тарау 3. 3. Жақтардың жауапкершілігі
3. Жақтардың жауапкершілігі
Тармақ 6
6. Егер объект өндірістік мақсатта қолданылмайтын болса Кәсіпкер оны, келтірілген материалдық зияндардың орнын толтырып, Комитетке қайтаруға тиісті.
Тарау 4. 4. Қосымша талаптар
4. Қосымша талаптар
Тармақ 7
7. Осы шарт мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді.
Тармақ 8
8. Шарт, заңды күштері тең, қазақ және орыс тілдерінде, төрт данада жасалып, екеуі Комитетте қалады, екеуі Кәсіпкерге беріледі. Жақтардың мекенжайлары мен қолдары ____________ мемлекеттік мүлік "_____________" және жекешелендіру аумақтық заңды тұлғаның аты комитеті немесе жеке тұлғаның аты-жөні _______ ___қ. _________ көшесі N___ ______ қ._______ көшесі N____ тел.__________ тел.  ______________ Басшы қолы ____________               Басшы қолы_____________ М.О.                                М.О. * Объекті кіші кәсіпкерлік субъектінің ақпараты арқылы берілген болса "тендерде" деген сөзді "оның берген ақпараттары негізінде" деген сөзбен алмастырылады және одан әрі оның өтінімінің реквизиттері мен объектіні жалға немесе сенімгерлік басқаруға беруге негіз болған хаттаманың номері көрсетіледі.