О создании Совета по делам инвалидов Целиноградского района Күшін жойған
Басқа 0
Целиноград ауданының мүгедектер істері жөніндегі Кеңес құру туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 18 ақпандағы № а-268, тіркеу № 1612 «Мүгедектер істері жөніндегі Кеңес құру туралы» қаулысына сәйкес, мемлекеттік органдардың қызмет етуін үйлестіру мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды бір қоғамға біріктіру мақсатында, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданының мүгедектер істері жөніндегі Кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Мүгедектер істері жөніндегі Кеңесінің жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Целиноград ауданының мүгедектер істері жөніндегі Кеңесінің Ережесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркеуден өткен соң өз күшіне енеді.
Басқа 5. Целиноград ауданының мүгедектер істері жөніндегі Кеңесінің ҚҰРАМЫ
1 Қосымша
Целиноград ауданы әкімдігінің 2004 жылғы «06» 05 № 166 «Целиноград ауданының мүгедектер істері жөніндегі кеңес құру туралы» қаулысына
Целиноград ауданының мүгедектер істері жөніндегі Кеңесінің ҚҰРАМЫ
Жанбаев Берік Амантайұлы
кеңес төрағасы, аудан әкімінің орынбасары
Әшіров Амангелды Әбдуахитұлы
кеңес төрағасының орынбасары,
Целиноград ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы
Филаретова Инна Юрьевна
кеңес хатшысы, Целиноград ауданының жұмыспен камту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі бастығының орынбасары
Кеңес мүшелері:
Жакыпов Зейнеқабиден Қадырұлы
Целиноград ауданының денсаулық сақтау бөлімінің бастығы
Можаева Ольга Ивановна
Целиноград ауданының білім беру бөлімінің бастығы
Әбдіғалиева Нұржамал Рақымтайқызы
Целиноград ауданы бойынша жәрдемақы және зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыктың бастығы (келісім бойынша)
Шәлікеев Ғани Мақанұлы
Целиноград ауданы туризм, спорт және жастар істері жөніндегі бөлімінін бастығы
Василенко Владимир Иосифович
Красноярка ОДА дәрігері 3 топтағы мүгедек (келісім бойынша)
Қалымбетова Гүлнәр Хамитқызы
2 топтағы мүгедек Романовка ауылы (келісім бойынша)
Ахмедтулина Зәуреш Шакейкызы
3 топтағы мүгедек Қабанбай батыр ауылы (келісім бойынша)
Исабекова Алма Есжанкызы
2 топтағы мүгедек Қосшы ауылы (келісім бойынша)
Басқа 6. Бекітілді
Целиноград ауданының мүгедектер істері жөніндегі Кеңесі туралы Ереже
2 Қосымша
Целиноград ауданы әкімдігінің 2004 жылғы «06» 05 № 166 «Целиноград ауданының мүгедектер істері жөніндегі Кеңес құру туралы» қаулысымен
Бекітілді
Целиноград ауданының мүгедектер істері жөніндегі Кеңесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Целиноград ауданының мүгедектер істері жөніндегі Кеңес (бұдан ері - Кеңес) Целиноград ауданының әкімдігі жанындағы консультативтік - кеңестік орган болып табылады. Кеңесті құрудың негізгі мақсаты мемлекеттік органдардың қызмет ету үйлесімдігі аумағында, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының мүгедектері әлеуметтік қорғауда және кемтар балалар туралы ұсынымдарды қалыптастыру болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы». «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын, басқа да нормативтік - құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 3
3. Мүгедектер, мүгедектерді жене кемтар балалардың мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара қарым - қатынас жасау.
Тармақ 4
4. Жергілікті мемлекеттік органдардың мүгедектерді және кемтар балаларды алдын-алу, сауықтыру, әлеуметтік қорғалуы, білім алуы, кәсіби дайындығы мен жұмыспен қамтылу мәселелері туралы енбек ету үйлесімділігі бойынша ұсынымдар қалыптастыру.
Тармақ 5
5. Мүгедектер және кемтар балалардың мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау.
Тарау 3. 3. Кеңестің құқықтары
3. Кеңестің құқықтары
Тармақ 6
6. Кеңестің төмендегі жағдайлар бойынша құқығы бар:
Тармақша 1
1) кеңестің құзырына кіретін, мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың өкілдері мен басшыларын кеңес отырыстарына шакыруға және тыңдауға:
Тармақша 2
2) өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан қажетті материалдар мен ақпараттарды сұратуға және алуға:
Тармақша 3
3) осы бағыттағы ары қарай жұмысты жетілдіру үшін мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге:
Тармақша 4
4) мемлекеттік және басқа бағдарламаларды іске асыру бойынша аудандық және ведомства аралық үйлестіруін және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым - қатынасын жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) Кеңес құзырына катысты басқа құқықтарды жүзеге асыруға.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметін ұйымдастыру
3. Кеңес қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Кеңесті төраға басқарады. Кеңес отырысы төраға немесе оның тапсырысымен төраға орынбасарының басқаруымен қажетті болған жағдайда тоқсанына бір рет шақырылады.
Тармақ 8
8. Кеңес шешімі ашық дауысқа салынып, кеңес мүшелерінің көпшілігінің даусы берілген жағдайда ғана шешім кабылданған болып есептеледі. Егер дауыстар тең болса төрағаның дауысы шешуші болады.
Тармақ 9
9. Кеңес отырысының нәтижесі бойынша қатысушы мүшелердің қолдары қойылған хаттама толтырылады. Кеңес шешімі ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 10
10. Кеңестің жұмысшы органы аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі болып табылады.