Об образовании Координационного совета по проблемам экологии города Степногорска Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласының экологиялық мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 б. 1 т. 17-тармақшасына сәйкес, қоршаған ортасы мен тұрғындардың денсаулығын қорғау мәселелерімен айналысатын қала ұйымдары мен мекемелерінің өзара қарым-қатынасы мен қызметін үйлестіру мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласының экологиялық мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесі (одан әрі - Үйлестіру кеңесі) қала әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган құрылсын.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесі туралы Ереже бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесінің жеке құрамы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуге жатады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Т. Смағұлға жүктелсін.
Басқа 6
Степногорск қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы № ә-4/142 «Степногорск қаласының экологиялық мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесін кұру туралы» қаулысымен БЕКІТІЛГЕН 1 қосымша Степногорск қаласының экологиялық мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Степногорск қаласының экологиялық мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесі қала ұйымдары мен мекемелері қызметін үйлестіру мен өзара тығыз байланысқа жету үшін, сондай-ақ қоршаған ортаны сауықтандыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі тиімді іс-шараларды қабылдау үшін және ластанып кеткен сыртқы ортаның тұрғындар денсаулығына зиянын азайту үшін қала әкімдігі жанынан құрылған ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесін Төраға - қала әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 3
3. Өзінің қызметінде Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері
2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Қала аумағында қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау жөніндегі бағдарламаны әзірлеу мен іске асыру бойынша ұйымдар мен мекемелер қызметін үйлестіреді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысының аумағындағы қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау мәселелері бойынша атқарушы органдар мен өкілетті құрылымдардың аймақтық бағдарламалары мен актілерін жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Тарау 3. 3. Үйлестіру кеңесінің қызметі
3. Үйлестіру кеңесінің қызметі
Тармақ 6
6. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына техногендік және антропогендік қызмет әсерінің деңгейі бойынша қалалық кешендік бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді үйлестіреді және ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Ластанып кеткен сыртқы қоршаған ортаның экологиялық мониторингінің кешендік жүйесін әзірлеу мен енгізуді ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Экологиялық ахуалды сараптайды, қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау саласындағы міндеттерді жедел шешу үшін ластану көздерінің мониторингіне сәйкес ұсыныс әзірлейді.
Тармақ 9
9. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен және басқа ұйымдармен өзара байланыста қызмет жасайды.
Тарау 4. 4. Үйлестіру кеңесінің құқықтары
4. Үйлестіру кеңесінің құқықтары 10. Өз құзырының аясында ұсыныс сипатында шешімдер қабылдайды. 11. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау саласында шешімді қажет ететін ұсыныстарды әкімдіктің қарауына ұсынады. 12. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ақпаратты кәсіпорын, ұйымдар мен мемлекеттік органдардан сұрап алады.
Тарау 5. 5. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
5. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 13
13. Үйлестіру кеңесінің қызметін оның Төрағасы басқарады.
Тармақ 14
14. Үйлестіру кеңесін Степногорск қаласының әкімдігі құрады және таратады.
Тармақ 15
15. Кеңестің жеке құрамын қалалық мәслихат бекітеді.
Тармақ 16
16. Кеңестің отырысы бір тоқсанда бір рет өткізіледі.
Басқа 25
Степногорск қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 2 ақпандағы № ә-4/142 «Степногорск қаласының экологиялық мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесін құру туралы» қаулысына 2 қосымша Степногорск қаласының экология мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің кұрамы Смағұл Талғат Насырұлы - қала әкімінің орынбасары, кеңестің төрағасы Батталов Айбатыр Қадырұлы - қоршаған ортаны қорғау Ақмола облыстық аумақтық басқармасының мемлекеттік инспекторы, қеңес төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Кеңес мүшелері: Анисов Мұқат Әнуарбекұлы - ҚР АШМ қалалық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша) Бегалин Қайрат Конкабайұлы - қызмет жөніндегі ҚІІБ бастығының орынбасары (келісім бойынша) Еремеев Александр Максимович - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы (келісім бойынша) Құлғазинов Тұрғынбай Жұмағұлұлы – жер ресурстарын басқару жөніндегі Ақмола облыстық комитетінің өкілі (келісім бойынша) Мәжитов Бауыржан Жұмабекұлы - Заводской кентінің әкімі Сабыров Сапар Сабырұлы - Ақсу кентінің әкімі Садвокасова Гүлнұр Әнуарбекқызы – қалалық білім бөлімінің бастығы Садвокасов Қыздарбек Әлиақпарұлы - қаланың жерін пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша) Ұйтқыбаев Бахытбек Беренұлы - қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Үсенов Сәкен Рахимжанұлы - «Қазақалтын КМК» ААҚ техникалық директоры (келісім бойынша)