О создании комиссии при акимате Аршалынского района по содействию в организации работы для проведения единого национального тестирования Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аршалы ауданы әкімдігі жанынан ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы N 317 "Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігі 2004 жылы 23.04. N А-4/106 "Ақмола облысы әкімдігі жанынан Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия құру туралы"»қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аршалы ауданы әкімдігі жанынан Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аршалы аудандық әкімдігінің жанындағы комиссияның жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясында бекітілуге енгізілсін.
Тармақ 3
3. Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Аршалы аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) тестілеу бөлімшесіне жету жолында оқушылардың қауіпсіздігін және ұлттық бірыңғай тестілеуді жүргізуге арналған емтихан материалдарын сақталуы мен жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В.Пристинскаяға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 7
"Аршалы ауданы әкімдігінің жанынан Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия құру туралы" Аршалы ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 145 қаулысына 1 қосымша Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Пристинская Татьяна Васильевна - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы
Тармақ 2
2. Мәмбетов Талғат Жаңабергенұлы - аудандық білім бөлімі бастығы, төрайым орынбасары
Тармақ 3
3. Әукенов Хамза Ғаббасұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Цыганов Александр Дмитриевич - аудандық "Вперед" газетінің редакторы
Тармақ 5
5. Биджиев Владимир Махмұтұлы - аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 6
6. Кәкімбеков Оңдасын Кәкімбекұлы - аудандық Мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау басқармасы бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 7
7. Темірбаев Дилбархан Мырзабекұлы- аудандық телекоммуникация директоры (келісім бойынша)
Басқа 15
"Аршалы ауданы әкімдігінің жанынан Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия құру туралы" Аршалы ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 145 № қаулысына 2 қосымша Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия құрамы туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі комиссия (әрі қарай Комиссия) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кеңесші-мәслихат органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы N 317 "Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы" қаулысын, басқа нормативтік-құқықтық актілерді, сонымен бірге осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Басты міндеттері мен өкілдігі
2. Басты міндеттері мен өкілдігі
Тармақ 3
3. Комиссияның басты міндеттері: аудандық Ұлттық бірыңғай тестілеуді (әрі қарай ҰБТ) ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарына бақылау жасау; ҰБТ ұйымдастыру және өткізуге қатысы бар органдар (келісім бойынша) мен мекемелердің (келісім бойынша) қызметін үйлестіру болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия: тазалық нормалары мен ережелері (ТНМЕ) талаптарына сәйкес ҰБТ өткізу орталықтарына арналған ғимарат бөлуді ұйымдастыруға; тазалық-гигиеналық нормаларына сәйкес ҰБТ өткізілетін аудан орталықтары мен қалаларда түлектерді орналастыруға; түлектерді тұрғызуға арналған ғимаратты қажетті қатты және жұмсақ жабдықтармен жабдықтауға; түлектер тұратын жерлер мен ҰБТ өткізілетін пункттерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тәулік бойғы кезектерін ұйымдастыруға қатысты мәселелерді шешеді.
Тармақ 5
5. Комиссия: түлектерді тамақтандыруды ұйымдастыруды; тұратын жерлерде және ҰБТ өткізілетін пункттерде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды; түлектер тұратын жерлер мен ҰБТ өткізілетін пункттердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын; ҰБТ тапсыратын пункттерге дейін және кейін жеткізіп салу кезінде оқушылардың қауіпсіздігін; Балаларды тасымалдау үшін техникалық ақаусыз автобустардың бөлінуін бақылауды іске асырады.
Тарау 3. 3. Комиссия органдары
3. Комиссия органдары
Тармақ 6
6. Комиссия төрайымы аудан әкімінің орынбасары, оның орынбасары аудан білім бөлімінің бастығы болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссия оның төрайымы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
Тармақ 8
8. Комиссия төрайымы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырысында төрағалық етеді, оның шешімдерінің іске араласуына жалпы бақылауды жүзеге асырады, Комиссияның іске асыратын қызметіне тікелей жауап береді. Төрайым болмаған кезде оның міндеттерін төрайым орынбасары орындайды.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 9
9. Комиссияның өз міндеттеріне сәйкес құқықтары: өзінің құзырындағы мәселелер бойынша аудан әкіміне ұсынымдар дайындау және ұсыныстар жасау; бекітілген заңды тәртіп бойынша мемлекеттік және басқа мекемелерден Комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті материалды сұратып алу; оның құзырына жататын басқа құқықтарды іске асыру.