ЗаңнамаО связи › 06.08.2026

О связи Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Байланыстың мақсаты 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары 2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау 4-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау 5-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері 6-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негізгі міндеттері 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті 9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары 9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия 9-2-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия 10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті 11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу 12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлектеу және иелікке беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер 13-бап. Нөмірлеу ресурсын бөлу мен оларды пайдалануды реттеу және нөмірлер беру 14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқару 15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы 15-1-бап. Байланыс операторларының радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты пайдаланатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы 15-2-бап. Байланыс операторларының сот орындаушыларымен өзара іс-қимылы 15-3-бап. Байланыс операторларының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы 16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестiгiн растау 16-1-бап. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау 17-1-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу тәртібі 18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық негiзде бөлу 19-бап. Телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтi лицензиялау 20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер 3-тарау. Байланыс желілері 21-бап. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсi 22-бап. Алып тасталды - ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен 22-1-бап. Алып тасталды - ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен 22-2-бап. Арнаулы пошта байланысы қызметі 23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері 24-бап. Пошта байланысы 4-тарау. Телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі 25-бап. Телекоммуникация желілерін қосу 26-бап. Байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері 5-тарау. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желілерін, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету 27-бап. Байланыс желiлерінің күзетілетін аймақтары 28-бап. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерiн, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету 5-1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс және радиобақылау саласындағы мемлекеттік бақылау 28-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау 28-2-бап. Алынып тасталды 28-3-бап. Алынып тасталды 28-4-бап. Алынып тасталды 28-5-бап. Радиобақылауды жүргiзу тәртiбi 28-6-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң құқықтары 28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мiндеттерi 28-8-бап. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі 6-тарау. Байланыс желілерін дамыту 29-бап. Байланыс желілерін дамыту 29-1-бап. Тікелей сым-өткізгішті пайдалануға беру 29-2-бап. Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі үшін телекоммуникация желілерін пайдалануға беру 30-бап. Көлiк құралдарын пайдалану 31-бап. Байланыс жерiн беру және пайдалану 7-тарау. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері 32-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері 33-бап. Әмбебап қызмет көрсету операторы 34-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін субсидиялау 8-тарау. Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары 35-бап. Байланыс қызметтерiнiң сапасы 36-бап. Байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың құқықтарын қорғау 36-1-бап. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру 36-2-бап. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу 9-тарау. Байланыс қызметтерін көрсету ерекшеліктері 37-бап. Байланыс операторларының қызметiнде тiлдер мен әлiпбилердi пайдалану 38-бап. Байланыс саласындағы есепке алу-есеп беру уақыты 39-бап. Халықаралық ынтымақтастық 39-1-бап. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу кезінде абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі 10-тарау. Қорытынды ережелер 40-бап. Байланыс операторлары мен байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың жауапкершiлiгi 41-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық 41-1-бап. Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын тоқтата тұру тәртібі 42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы Байланыс туралы "телекоммуникацияның жергілікті желісінің", "телекоммуникацияның жергілікті желілері" деген сөздер тиісінше "жергілікті телекоммуникация желісінің", "жергілікті телекоммуникация желілері" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); "почтаның", "почталық", "почта", "Почта", "почтамен" және "почтамттар" деген сөздер тиісінше "поштаның", "пошталық", "пошта", "Пошта", "поштамен" және "поштамттар" деген сөздермен ауыстырылды; "почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі" деген сөздер "пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2014 N 230-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық қауіпсіздікті», «Ақпараттық қауіпсіздікті», «ақпараттық қауіпсіздігін», «электрондық үкіметтің», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы», «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының», «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына», «ақпараттық қауіпсіздіктің», «Ақпараттық қауіпсіздіктің», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның», «ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларына» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйелер», «киберқауіпсіздікті», «Киберқауіпсіздікті», «киберқауіпсіздігін», «цифрлық үкіметтің», «цифрлық инфрақұрылымы», «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы операторының», «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы операторына», «киберқауіпсіздіктің», «Киберқауіпсіздіктің», «цифрлық инфрақұрылымның», «киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына» деген сөздермен ауыстырылды - 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының», «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына», сөздер тиісінше «цифрлық үкіметтің» операторының», «цифрлық үкіметтің» операторына» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 24.06.2026 № 326-VIII Заңымен. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Байланыстың мақсаты
Тармақ 1
1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады, ол байланыс қызметіне жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған.
Тармақ 2. 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2. Байланыс және есептеу техникасы, сондай-ақ цифрлық жүйелер құралдары ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды. 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды: абоненттік нөмірлер және (немесе) пайдаланушылар нөмірлері иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер және (немесе) пайдаланушылар нөмірлері туралы ақпаратты; ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты; биллингтік мәліметтерді (абонент және (немесе) пайдаланушы алған қызметтер туралы мәліметтерді); техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының орналасқан жерін; деректер беру желісіндегі мекенжайды; деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайын; интернет-ресурстың сәйкестендіргіштерін; деректер беру желісінің хаттамаларын қамтитын абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) абоненттік жол - жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;
Тармақша 4
4) абоненттік құрылғы - абоненттің көздеген ақпаратын беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
Тармақша 4-1
4-1) абоненттік нөмірді көшіру – абоненттің басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде оған ұсынылатын, ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді сақтап қалу және пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 4-2
4-2) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры – абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты қамтитын дерекқорларды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені;
Тармақша 4-3
4-3) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы – абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және оның ресурстарына қол жеткізуді ұсынатын ұйым;
Тармақша 4-4
4-4) киберқауіпсіздікті куәландырушы орталық – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын, электронды нысанда қауіпсіздік сертификаттарын шығаратын заңды тұлға;
Тармақша 5
Тармақша 5-1
5-1) антенна-діңгекті құрылысжай – байланыс құралдарын орналастыруға арналған, мұнара немесе діңгек пішіндегі байланыс құрылысжайы;
Тармақша 6
6) арнаулы пошта байланысы қызметі арналары - арнаулы жөнелтілімдерді жөнелтуге пайдаланылатын пошта желілерінің, арнаулы және фельдъегерлік байланыс бөлімшелерінің жиынтығы;
Тармақша 7
7) арнаулы жөнелтілімдер – мемлекеттік құпиялар не мемлекеттік органдардың таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері және оларды жеткізгіштер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құрауыштары (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, жіберілімдер, метиздер;
Тармақша 8
8) әмбебап қызмет көрсету операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;
Тармақша 9
9) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері – телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;
Тармақша 10
10) байланыс - ақпаратты, пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату;
Тармақша 11
11) байланыс арнасы - жиіліктер белдеуінде немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен телекоммуникация құралдары арасында сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар - телефон, телеграф, деректер беру арналары, ал аумақтық белгілері бойынша — халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;
Тармақша 12
12) байланыс желісі - байланыс құралдары мен жолдарын қамтитын және телекоммуникацияларға немесе пошта байланысына арналған технологиялық жүйе;
Тармақша 13
13) байланыс желісін басқару – байланыс желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оны конфигурациялауға, оның ішінде желілік трафик ағынын реттеуге бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 13-1
13-1) байланыс желісін басқару орталығы – байланыс желісін басқаруға немесе байланыс желісі құрамында байланыс торабын қалыптастыруға арналған бағдарламалық-аппараттық және ұйымдастырушылық-техникалық құралдар кешені;
Тармақша 13-2
13-2) байланыс желісінің иесі – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, телекоммуникацияларға немесе пошта байланысына арналған байланыс құралдары мен желілері тиесілі және басқарушылық, ұйымдастырушылық, ішкі өндірістік мақсаттарды іске асыру кезінде байланыс қызметтерін көрсетуді және (немесе) байланысты ұсынуды қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 14
14) байланыс жолдары - тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, спутниктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кәбілдік, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) құрылғылары;
Тармақша 14-1
14-1) байланыс құрылысжайлары – байланыс құралдарын орналастыру үшін жасалған және (немесе) ыңғайластырылған инженерлік инфрақұрылым объектілері;
Тармақша 15
15) байланыс қызметтері - пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет;
Тармақша 16
16) байланыс қызметтерін көрсету - байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлерінің жалпы өнім жіктеуішінде келтірілген байланыс қызметтерін көрсету болып табылатын қызметі;
Тармақша 17
17) байланыс қызметтерін пайдаланушы - байланыс қызметтері көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 18
18) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 19
19) байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер - байланыс операторлары, арнаулы, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелері, радиожиілік спектрін пайдаланушылар болып табылатын радиоэлектрондық құралдардың иелері;
Тармақша 20
20) байланыс саласындағы ұлттық ресурстар - радиожиіліктердің, нөмірлеудің және байланыс спутниктері орбиталық позицияларының ресурстары;
Тармақша 21
Тармақша 22
22) биллинг - абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 22-1
22-1) бірлесіп пайдалану тіреуіштері – телекоммуникация құралдарын және (немесе) өзге де инженерлік инфрақұрылым объектілерін, ақпараттық мақсаттағы құрылғыларды бір мезгілде орналастыруға арналған байланыс құрылысжайлары;
Тармақша 22-2
22-2) деректерді біріктіру – ақпаратты өңдеу және оны иесіздендірудің жүргізілуі орын алатын жалпылама түрде беру процесі. Біріктірілген деректерді байланыс операторы есептілікті қалыптастыру, талдау мен зерттеулерді жүзеге асыру үшін пайдаланады;
Тармақша 23
23) жалғаудың (қосудың) стандартты нүктесі - үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып, бір желіні екіншісіне жалғауға арналған телекоммуникация құралдары;
Тармақша 24
24) жалғау жолы - телекоммуникациялардың жалғайтын және жалғанатын желілері арасындағы әрекеттестікті қамтамасыз ететін, байланыс жолы мен станциялық жабдықтың бөліктерін қамтитын техникалық құралдар кешені;
Тармақша 25
25) жалғау қызметі - әрекеттес желілерді пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру мүмкін болатын, байланыс желілерінің арасындағы әрекеттестікті ұйымдастыруда байланыс операторларының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
Тармақша 26
26) желіаралық жалғаным - телекоммуникациялардың бір желісін екіншісіне жалғау қызметтерін көрсетудің нәтижесі болып табылатын телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі;
Тармақша 26-1
26-1) желілік трафик (бұдан әрі – трафик) – белгілі бір уақыт кезеңінде телекоммуникациялар желісі арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі;
Тармақша 27
27) жергілікті телекоммуникация желісі - елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралдары. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық болып бөлінеді;
Тармақша 28
28) жергілікті телефон жалғанымы құнын уақытпен есепке алу жүйесі (бұдан әрі - жергілікті телефон жалғанымын уақытпен есепке алу) - жергілікті телекоммуникация желісінің қызметтерін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеуді қамтамасыз ететін жергілікті телефон жалғанымын есепке алу әдістері технологиясының жиынтығы;
Тармақша 29
29) жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) иелікке беру (тағайындау) - тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға осы рұқсатта көрсетілетін жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) радиоэлектрондық құралды қолдана отырып пайдалану үшін берілетін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат;
Тармақша 30
30) жоғары жиілікті құрылғылар - телекоммуникациялар саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа да мақсаттарда электрмагниттік энергияны өндіруге және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
Тармақша 30-1
Тармақша 30-2
30-2) интернет-трафик – белгілі бір уақыт кезеңінде Интернетке жалғау арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі;
Тармақша 30-3
30-3) интернет-трафик алмасу нүктесі – Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигін өткізу (алмасу) жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 31
31) кәбілдік кәріз - байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;
Тармақша 31-1
31-1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган – киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 32
32) кодталған байланыс - кодтау құжаттары мен техникасын пайдалана отырып қорғалған байланыс;
Тармақша 32-1
Тармақша 32-2
32-2) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесі – телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді және байланыс арналарын қамтитын, басқарушы өлшемдерді қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені;
Тармақша 33
33) қалааралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторының қалааралық коммутация станцияларын жалғайтын байланыс жолы;
Тармақша 34
34) қалааралық байланыс операторы - қалааралық байланыс жолын, қалааралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
Тармақша 35
35) қалааралық және халықаралық байланыс операторы - қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі трафик транзиті және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
Тармақша 36
36) қалааралық телефон байланысы - жергілікті телефон жалғанымын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасындағы телефон жалғанымы;
Тармақша 36-1
36-1) қалааралық трафикті өткізу – қалааралық байланыс жолдары арқылы қосылуды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;
Тармақша 36-2
36-2) қауіпсіздік сертификаты – шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;
Тармақша 36-3
36-3) қорғалған байланыс – ақпаратты қорғаудың арнаулы құралдары пайдаланылатын электр байланысының түрі (кодталған байланыс, құпияландырылған байланыс, шифрланған байланыс);
Тармақша 36-4
Тармақша 37
37) құпияландырылған байланыс - құпияландыру аппаратурасын пайдалана отырып қорғалған байланыс;
Тармақша 38
38) қызметтерге ақы төлеудің аралас жүйесі - белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлемдер сомасы: тұрақты құрамдас бөліктен - абоненттік жолдың түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғанымдардың тарифтеу бірліктерінің белгілі бір көлемі үшін төлемақыдан; уақытына қарай құрамдас бөліктен - тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымы берілгені үшін төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі;
Тармақша 39
39) қызметтерге уақытына қарай ақы төлеу жүйесі - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымының берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметтерге ақы төлеу жүйесі;
Тармақша 39-1
39-1) қысқа мәтінді және мультимедиалық хабарлама - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;
Тармақша 40
40) магистральдық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің телекоммуникация желілерінің аймақтық (қалааралық) және (немесе) халықаралық коммутация станцияларын жалғайтын жерүсті (кәбілдік, оның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) немесе спутниктік байланыс жолы;
Тармақша 40-1
40-1) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;
Тармақша 40-2
Тармақша 40-3
40-3) мемлекеттік радиожиілік қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
Тармақша 40-4
40-4) мобильді байланыс станциясы – байланыспен қамтудан тыс аймақтарды байланыс желісімен қамтамасыз етуге арналған жылжымалы байланыс құралы;
Тармақша 41
41) нөмірлеу ресурсы - байланыс желілерінде пайдаланылатын нөмірлер жиынтығы;
Тармақша 42
42) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі - жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;
Тармақша 43
43) пошта байланысы - пошта және арнаулы жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ пошталық ақша аударымдары;
Тармақша 44
44) пошта жөнелтілімдері - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, пошта контейнерлері, сондай-ақ тиісті орамадағы баспасөз басылымдары;
Тармақша 44-1
44-1) президенттік байланыс – Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге арналған байланыс;
Тармақша 45
45) радиоәуесқойлық қызмет - тиісті хабарлама жіберген жеке тұлғалар жүзеге асыратын, өз бетінше үйрену, сөйлесу байланысы және техникалық зерттеулер мақсатына арналған радиобайланыс қызметі;
Тармақша 46
46) радиобақылау – радиосәуле таратуды техникалық бақылауды орындау, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға инспекция жасау, радиобөгеуіл көздерінің әсерін, радиожиіліктерді пайдалану тәртібінің, стандарттау жөніндегі құжаттардың және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле тарату өлшемдеріне арналған нормалардың бұзушылықтарын анықтау және олардың жолын кесу арқылы бөгеуілдері жол берілетін деңгейдегі радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;
Тармақша 47
47) радиожиілік органдары - жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, қайта бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді, сондай-ақ олардың пайдаланылуына бақылау жасауды осы Заңға сәйкес жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар;
Тармақша 48
48) радиожиілік спектрі - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі диапазондағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
Тармақша 48-1
48-1) радиожиілік спектрін қайта бөліп беру (пайдалануды қайта орнату) – байланыс саласындағы перспективалық технологияларды іске асыру, радиожиілік спектрін тиімді пайдалану мақсатында қолданып отырған пайдаланушыға босатылған жиілік диапазонының орнына жиілік диапазондарының радиожиілік спектрін бере отырып, берілетін жиілікке ауысу үшін қажетті барлық шығындарын өтеп, иелікке берілген қолда бар жиіліктерді қандай да бір нақты жиіліктер белдеуінен толық немесе ішінара шығаруға бағытталған шаралар кешені;
Тармақша 49
49) радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) иелікке берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 50
50) радиожиілік спектрінің конверсиясы - радиожиілік спектрін пайдалануды азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдармен кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 51
51) радиоэлектрондық құрал - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;
Тармақша 51-1
51-1) санкцияланбаған трафик (фрод) – трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара іс-қимылының белгіленген қағидаларын бұза отырып өткізілетін трафик, оның ішінде шақырушы абоненттің нөмірін ауыстыра отырып өткізілетін трафик;
Тармақша 52
Тармақша 53
53) тарифтеу бірлігі - Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметтерінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі;
Тармақша 54
54) телекоммуникация желілерінің күзет аймағы - байланыс жолының бойында және байланыс объектілерінің айналасына орналасқан, ондағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса алғандағы жер учаскесі;
Тармақша 55
55) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кабельдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;
Тармақша 56
56) телекоммуникация желісінің иесі - ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің бір бөлігі және (немесе) бірыңғай телекоммуникация желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 57
57) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) - электрмагниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, таратуға, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдық, жүйелер және бағдарламалық құралдар;
Тармақша 58
58) телекоммуникацияның (байланыс құралдарының) бір желісін екіншісіне жалғау - телекоммуникацияның екі желісі арасында технологиялық әрекеттестікті ұйымдастыру, бұл кезде осы желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру мүмкін болады;
Тармақша 59
59) телекоммуникация хабарламалары - телекоммуникация құралдарының көмегімен берілетін ақпарат;
Тармақша 60
60) телефон жалғанымы қызметтеріне ақы төлеудің абоненттік тіркелген жүйесі (бұдан әрі - қызметтерге ақы төлеудің абоненттік жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлем сомасы абоненттік желінің түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені үшін төлемақыны және жергілікті телефон жалғанымының бір абонентке шаққандағы орташа ұзақтығына қарай оның берілгені үшін төлемақыны қамтитын, қызметтерге ақы төлеу жүйесі;
Тармақша 61
61) трансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалану арқылы теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;
Тармақша 62
62) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 63
63) трафикті өткізу - байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;
Тармақша 64
64) тікелей сым-өткізгіш - телекоммуникация құралдары арасында тікелей байланысты қамтамасыз ететін жергілікті телекоммуникация желісінің бөлігі болып табылатын физикалық жол;
Тармақша 64-1
Тармақша 65
65) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
Тармақша 65-1
65-1) ұйымдастырушылық-техникалық іс-шара – телекоммуникация желілерін ұйымдастыруға, құруға, басқаруға, жетілдіруге және пайдалануға арналған құралдардың, әдістер мен шешімдердің жиынтығы;
Тармақша 66
66) ұялы байланыс – қызмет көрсетілетін аумақты бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын, абонент ұяшықтан ұяшыққа өткен кезде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және радиотолқындар арқылы берілетін екіжақты (көпжақты) ақпарат алмасуға арналған электр байланысының түрі;
Тармақша 67
67) ұялы байланыс операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;
Тармақша 67-1
67-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы – осы Заңға сәйкес айқындалатын, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны жүргізуді, қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және осы ресурстарға қолжетімділікті беретін заңды тұлға;
Тармақша 67-2
67-2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры – мынадай: ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін); ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары; ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары пайдаланатын абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді қамтитын дерекқорды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені;
Тармақша 67-3
67-3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланудағы байланыс құралы;
Тармақша 67-4
67-4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды – өндіруші-зауыттың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына беретін коды, ол оған осы құрылғыны қосқан кезде ұялы байланыс операторының желісіне беріледі;
Тармақша 67-5
67-5) ұялы байланыстың виртуалды операторы – ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін бір немесе бірнеше ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымын пайдаланатын байланыс операторы;
Тармақша 67-6
67-6) ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған тіреуіштер – жерге тереңдетіп көмілген іргетас түріндегі берік байланысы жоқ, ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығын орналастыруға арналған байланыс құрылысжайлары;
Тармақша 68
68) үкіметтік байланыс - мемлекеттік басқару қажеттері үшін арнаулы қорғалған байланыс;
Тармақша 69
Тармақша 70
70) физикалық жол - телекоммуникация хабарламаларын беру үшін бағыттайтын ортаны қалыптастыратын металл сым-өткізгіштер немесе оптикалық талшықтар;
Тармақша 70-1
70-1) хабарламаларды кеңінен таратып беру технологиясы – белгілі бір географиялық аймақта ақпараттық хабарламаларды дереу жеткізуге арналған ұялы байланыс желілерінде мәтіндік хабарламаларды жаппай тарату;
Тармақша 71
71) халықаралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтетін немесе Қазақстан Республикасының шекарасында басқа елдің байланыс операторының байланыс жолымен түйісетін нүктесі бар және Қазақстан Республикасы байланыс операторының халықаралық коммутация станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутация станцияларымен жалғайтын байланыс жолы;
Тармақша 72
72) халықаралық байланыс операторы - халықаралық байланыс жолын, халықаралық коммутация станциясын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
Тармақша 73
73) халықаралық телефон байланысы - Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар мен басқа мемлекеттің аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасындағы телефон жалғанымы;
Тармақша 73-1
73-1) халықаралық трафикті өткізу – Қазақстан Республикасының халықаралық байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясы мен басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станциялары арасында қосылуды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;
Тармақша 73-2
73-2) халықаралық түйісу нүктесі – Қазақстан Республикасының халықаралық байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станцияларымен қосуға арналған телекоммуникациялар құралдары;
Тармақша 74
74) шеткі жабдық - байланыс жолдары бойынша телекоммуникация сигналдарын таратуға немесе қабылдауға арналған, абоненттік жолдарға қосылған және абоненттердің пайдалануындағы не көрсетілген мақсаттарға арналған техникалық құралдар;
Тармақша 75
75) шифрланған байланыс - қол шифрларын, шифрлау машиналарын, желілік шифрлау аппаратурасын және есептеу техникасының арнаулы құралдарын пайдалана отырып қорғалған байланыс;
Тармақша 76
76) шифрлау жұмысы - тиісті шифрлау құралдарын пайдалана отырып шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс желілері арқылы берілуге тиіс, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қорғауға бағытталған, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары жүзеге асыратын құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені;
Тармақша 77
77) электр-байланысы (телекоммуникация) - белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа да электрмагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау;
Тармақша 78
78) электромагниттік үйлесімділік - техникалық құралдың берілген электромагниттік жағдайда белгіленген сапада жұмыс істеу және басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагниттік бөгеуілдер жасамау қабілеті.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары
3-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2. 2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау
Бап 4. 4-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау
4-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау
Тармақ 1
1. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Байланыс саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Тармақ 4. 5-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері
4. GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) әкелуді, тіркеуді, өткізуді және қолдануды GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) әкелу, тіркеу, өткізу және қолдану қағидаларына сәйкес байланыс саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензиясы бар байланыс операторлары ғана жүзеге асырады. GSM-шлюздердің (сим-бокстардың) артық мөлшері туындаған жағдайда байланыс операторлары оларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайта тіркеуі немесе байланыс саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензиясы бар басқа байланыс операторларына өткізуі мүмкін. 5-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу принциптері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) байланыс қызметтерін пайдаланушылардың, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
Тармақша 2
2) байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) телекоммуникация желілері мен құралдары арқылы хабарламалар тарату еркіндігі, пошта жөнелтілімдерін қабылдау, жеткізу және оларды транзитпен жіберу еркіндігі;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалардың байланыс саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерін пайдалану құқықтарының теңдігі;
Тармақша 5
5) адал бәсеке;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы аумағындағы бірыңғай стандарттар негізінде желілік технологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, байланыстың қауiпсiздiгiн, сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, әлемдік байланыс жүйесіне ықпалдасуды кеңейтуге қолдау көрсету;
Тармақша 8
8) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ету.
Бап 6. 6-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің және бақылаудың мақсаты мен міндеттері
6-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің және бақылаудың мақсаты мен міндеттері Байланыс саласының тұрақты және тиімді жұмыс істеуі байланыс саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты болып табылады. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау.
Бап 7. 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің байланыс саласындағы құзыретіне:
Тармақша 1
1) байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиіліктерді және байланыс спутниктерінің орбиталық позицияларын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттіліктері үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, телекоммуникациялардың бірыңғай желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану тәртібін бекіту жатады.
Бап 8. 8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті
8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті
Тармақ 1
1. Уәкілетті органның құзыретіне:
Тармақша 1
1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды, сондай-ақ байланыс аясындағы техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы өз құзыреті шегінде қатысуды қоса алғанда, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 1-1
1-1) субсидиялар мөлшерін есептеуді және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі талаптардың және әмбебап байланыс қызметтерінің тізбесін бекіту;
Тармақша 1-2
1-2) радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиіліктерді және байланыс спутниктерінің орбиталық позицияларын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
Тармақша 6
Тармақша 6-1
Тармақша 6-2
Тармақша 6-3
Тармақша 6-4
Тармақша 6-5
Тармақша 6-6
Тармақша 6-7
Тармақша 6-8
6-8) байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін бекіту;
Тармақша 6-9
Тармақша 7
Тармақша 8
8) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерін, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын, байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу және қабылдау;
Тармақша 8-1
8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
Тармақша 8-2
Тармақша 8-3
8-3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 8-4
8-4) азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
Тармақша 8-5
8-5) ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту;
Тармақша 8-6
8-6) кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 8-7
8-7) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 8-8
8-8) ұялы байланыстың абонентік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 9
9) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау;
Тармақша 10
Тармақша 11
11) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу үшін қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсету арқылы кіру;
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 13
13) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
Тармақша 14
14) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
Тармақша 16
16) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 17
17) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 18
Тармақша 18-1
18-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 19
Тармақша 19-1
Тармақша 19-2
19-2) телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 19-3
Тармақша 19-4
19-4) телекоммуникациялар және пошта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
Тармақша 19-5
19-5) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 19-6
Тармақша 19-7
19-7) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;
Тармақша 19-8
19-8) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 19-9
Тармақша 19-10
19-10) өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту;
Тармақша 19-11
19-11) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту;
Тармақша 19-12
19-12) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту;
Тармақша 19-13
19-13) трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту;
Тармақша 19-14
19-14) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;
Тармақша 19-15
19-15) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту;
Тармақша 19-16
Тармақша 19-17
19-17) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын әзірлеу және қабылдау;
Тармақша 19-18
19-18) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;
Тармақша 19-19
Тармақша 19-20
19-20) конкурс (немесе аукцион) өткізу арқылы бөліп беру үшін радиожиілік органдары айқындаған диапазондарда Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру жөніндегі конкурстарды (немесе аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу, конкурстар (немесе аукциондар) шарттарын, оларға қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 19-21
19-21) бірлесіп пайдалану тіреуіштеріне телекоммуникация құралдарын орналастыру тәртібін бекіту;
Тармақша 19-22
19-22) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың, оның ішінде байланыс сигналдарын күшейткіштердің, жоғары жиілікті құрылғылардың, радиосигналды бұғаттауға арналған арнаулы техникалық жабдықтың жұмысын анықтау және оның жолын кесу қағидаларын бекіту;
Тармақша 19-23
19-23) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс инфрақұрылымының қолжетімділігін ұйымдастыру;
Тармақша 19-24
19-24) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) әкелу, тіркеу, өткізу және қолдану қағидаларын бекіту;
Тармақша 20
20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
Тармақ 2
2. Аумақтық бөлімшелердің құзыретіне:
Тармақша 1
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6
6) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;
Тармақша 7
7) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
Тармақша 8
Тармақша 9
9) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 9-1
9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
Тармақша 9-2
9-2) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;
Тармақша 9-3
9-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
Тармақша 9-4
9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;
Тармақша 9-5
9-5) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 9-6
Тармақша 9-7
9-7) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
Бап 8-1. 8-1-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның құзыреті
8-1-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның құзыреті Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) байланыс желілерінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары анықталған кезде байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру тәртібінің қағидаларын бекіту;
Тармақша 4. 9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді жүзеге асыратын радиожиілік органдары мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасының уәкілетті органы; Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның радиожиілік спектрін реттеу кезіндегі негізгі функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиiлiктi құрылғыларды пайдалану бойынша радиожиілік спектрін бөліп беру, қайта бөліп беру (пайдалануды қайта құрылымдау) және пайдалану мәселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті шегінде әзірлеу;
Тармақша 2
2) бөлектелетін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 5
5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қатер төндірген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аса маңызды жұмыстар мен іс-шаралар орындалған кезде, оларды пайдалануды тоқтата тұру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес радиобақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
Тармақша 10
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында Жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесін және радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарын қайта қарау.
Тармақ 3. 9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдалану ауқымдарында радиожиілік спектрін бөлектеу және пайдалану жөнінде қажетті келісулерді жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрінің және тиісті радиоэлектрондық құралдардың пайдаланылуын реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия
Тармақ 1
1. Мемлекеттік радиожиілік қызметі байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
Тармақша 1
1) халықтың теле-, радиоарналарды қабылдауы сапасын қоса алғанда, көрсетілетін байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауды, сондай-ақ радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингін;
Тармақша 2
2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді және Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс желілерінің болуы және байланыс сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын интернет-ресурсты (телекоммуникациялардың цифрлық картасы) техникалық қамтамасыз етуді;
Тармақша 3
3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізуді;
Тармақша 4
4) радиожиіліктер ресурстарын және орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;
Тармақша 5
5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз етуді, оларға қолжетімділік беруді;
Тармақша 6
6) телерадио хабарларын тарату желілерінің жиілік-аумақтық жоспарын келісуді, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату желілері үшін радиожиіліктерді іріктеу мен қолдап отыруды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасында радиожиілік спектрін қайта бөліп беру (пайдалануды қайта орнату) жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;
Тармақша 8
8) ұялы байланыс желілерінің жиілік-аумақтық жоспарларын келісуді;
Тармақша 9
9) радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарын әзірлеуді;
Тармақша 10
10) байланыс сапасының жай-күйі бойынша талдамалық жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиіліктерді іріктеуді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
Бап 9-2. 9-2-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия
9-2-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия
Тармақ 1
1. Мемлекеттік техникалық қызмет киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін есепке алуды, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін жүргізуді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосуды;
Тармақша 3
3) киберқауіпсіздікті куәландырушы орталықты ұйымдастыруды және техникалық қолдап отыруды жүзеге асырады.
Тармақ 2. 10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
2. Мемлекеттік техникалық қызмет өндіретін және (немесе) өткізетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді. 10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі:
Тармақша 1
1) уәкілетті органмен және қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылысжайларының, байланыс жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындайды;
Тармақша 3
3) пошта операторларының өндірістік объектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайлар бөледі, сондай-ақ пошта операторларының олардың аумағына өндірістік объектілерді орналастыруына жәрдемдеседі;
Тармақша 3-1
3-1) ұялы немесе спутниктік байланыс операторының өтініші бойынша, уәкілетті органмен келісу арқылы ұялы немесе спутниктік байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстарды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін электрмен жабдықтау жүргізілген орын ұсынады;
Тармақша 3-2
3-2) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2. 11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу
2. Облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді. 11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу
Тармақ 1
1. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттің ерекше құзыретінде болады. Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеуді Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары жүзеге асырады және ол радиожиілік спектрін тиімді пайдалануға және жиiлiктер белдеуiн, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арнасын) иелікке беру (тағайындау) рәсімінің ажырамас бөлігі болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдық және техникалық шаралар кешенін білдіреді. Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізуді Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары жүзеге асырады. Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы ұлттық ресурс болып табылады.
Тармақ 2
2. Радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиілік спектрін және байланыс спутниктерінің орбиталық позицияларын мемлекет мүддесі үшін тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар дайындауды радиожиілік органдары жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Шектеулі ұлттық ресурс болып табылатын радиожиілік спектрін пайдалану ақылы негізде жүзеге асырылады. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары, оны есептеу мен мемлекеттік бюджетке төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады. Ұялы байланысты ұйымдастыру үшін радиожиіліктерді және радиоэлектрондық құралдарды бірлесіп пайдалану кезінде радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін ақы төлеуді оған иелікке берілген жиіліктер белдеуі, радиожиілік (радиожиілік арнасы) үшін әрбір байланыс операторы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5
5. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 6. 12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, қайта бөліп беру (пайдалануды қайта құрылымдау), жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлектеу және иелікке беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер
6. Радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиiлiктi құрылғылар келтiретiн индустриялық бөгеуiлдер деңгейi техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиiлiктi құрылғылардың осы түрлерiне арналған стандарттау жөнiндегі құжаттарда белгiленген нормалардан аспауға тиiс. Радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиiлiктi құрылғылардың индустриялық радиобөгеуiлдерден сыртқы қорғалуы техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиiлiктi құрылғылардың осы түрлерiне арналған стандарттау жөнiндегі құжаттарда белгiленген нормалардан төмен болмауға тиiс. 12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, қайта бөліп беру (пайдалануды қайта құрылымдау), жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлектеу және иелікке беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында радиожиіліктер спектрін пайдалану:
Тармақша 1
1) пайдаланушылардың радиожиілік спектріне қол жеткізуінің рұқсаттық тәртібі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік басымдықтар ескеріле отырып, барлық пайдаланушылардың радиожиілік спектріне тең қол жеткізу құқығы;
Тармақша 3
3) радиожиілік спектрін пайдаланудың ақылы болуы;
Тармақша 4
4) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) мерзім белгілемей бөлектеуге, иелікке беруге (тағайындауға) жол бермеу;
Тармақша 5
5) осы іс-шараларға жұмсалатын шығыстардың орны толтырыла отырып, радиожиілік спектрін пайдалануды конверсиялау;
Тармақша 6
6) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану рәсімдерінің айқындығы және ашықтығы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Радиожиілік спектрін бөліп беру Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сай, уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонында жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру, бөлектеу және иелікке беру тәртібін радиожиілік органдары әзірлейді. Бұдан бұрын конкурстық негізде берілген жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру жағдайларын қоспағанда, телевизия және радио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар арасында бөліп беру олардың телерадио хабарларын тарату үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалану мақсаттары өзгертілмей Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде өткізіледі. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс өткізбей бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жиіліктерді иелікке беру Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды, қорғанысты, қауіпсіздікті және құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету мүддесіне орай, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқа жиіліктерге көшуіне байланысты залалдарын бір мезгілде өтей отырып өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығы уәкілетті орган азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін және Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін беретін рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
Тармақ 5-1
5-1. Жеке және заңды тұлғаларға өздеріне иелікке берілген жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) уақытша немесе тұрақты пайдалану құқығын басқа жеке немесе заңды тұлғаларға беруге, мына жағдайларды:
Тармақша 1
1) радиожиілік спектрін негізгі пайдаланушы келісім берген жағдайда, өндірісішілік қызмет үшін радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Әрбір пайдаланушыға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған жеке рұқсат ресімделеді;
Тармақша 2
2) ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін, оның ішінде ұялы байланыстың виртуалды операторының қызметі үшін бөлінген радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Радиожиіліктерді бірлесіп пайдалану шартпен ресімделеді.
Тармақ 6
6. Байланыс операторларына және радиожиiлiк спектрiн өндiрiсiшiлік қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануды көздейтiн тұлғаларға радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсаттар белгiленген үлгiдегi өтiнiмдер уәкiлеттi органға келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей берiледi. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсатта байланыс түрі немесе стандарты, пайдаланудың аумағы, пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың типі мен техникалық өлшемдері, радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарына сәйкес рұқсаттың қолданылу мерзімі, сондай-ақ елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер көрсетіледі. Көрсетілетін байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділікті ұйымдастыру үшін берілген, радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттарды алған жеке және заңды тұлғалар осындай рұқсаттарды алған кезден бастап екі жылдан аспайтын мерзімде берілген рұқсаттарды пайдалану аумағындағы әрбір елді мекендегі халықтың кемінде отыз пайызына сапасы бойынша ең төмен шекті мәндерге сәйкес келетін көрсетілетін байланыс қызметтеріне қолжетімділікті ұсыну үшін техникалық инфрақұрылымның болуын қамтамасыз етуге міндетті. Осы тармақтың үшінші бөлігінің талабы уәкілетті орган берген радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттар шеңберінде өзіне осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес елді мекендерді және (немесе) аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер қабылдаған байланыс операторларына қолданылмайды. Байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамауы, сондай-ақ радиожиілік спектрін бір жыл ішінде пайдаланбауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа алып келеді. Уәкілетті орган байланыс операторларының мүгедектігі бар адамдарға жеңілдікті тарифтер ұсыну жөніндегі қосымша міндеттемелерін белгілей алады.
Тармақ 7
7. Өтінім берушіге азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруден мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) мәлімделген жиіліктер белдеуі, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) Жиіліктер белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес келмесе;
Тармақша 2
2) мәлімделген радиоэлектрондық құралдардың сәулелену және қабылдау параметрлері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарға, нормаларға сәйкес келмесе;
Тармақша 3
3) қолданыстағы және пайдалану үшін жоспарланып отырған радиоэлектрондық құралдармен электромагниттік үйлесімділік сараптамасының оң қорытындысы болмаса;
Тармақша 4
4) пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұрын иелікке берілген, мәлімделген жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) азаматтық пайдаланушылардың қарамағында болса;
Тармақша 5
5) радиожиілік пайдаланылатын, байланыс саласындағы кәсіпкерлік қызмет түріне лицензиар Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен беретін тиісті лицензия болмаса;
Тармақша 6
6) жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасы) Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органымен келісу жүргізудің оң нәтижелері болмаса;
Тармақша 7
Тармақ 8
8. Мемлекеттің қорғанысы және қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 8-1
8-1. Радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттың қолданысы мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) пайдаланушының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты ерікті қайтару туралы өтініші бойынша;
Тармақша 2
2) радиожиілік спектрі бір жыл бойы пайдаланылмағанда;
Тармақша 3
3) байланыс операторы Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамағанда;
Тармақша 4
4) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес үш тоқсанға мемлекеттік бюджетке төлемақы төлемегенде;
Тармақша 5
5) радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат берілгеннен кейін екі жыл өткен соң ол пайдаланылатын әрбір елді мекендегі және (немесе) аумақтағы халықтың кемінде отыз пайызына көрсетілетін байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділік беру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық инфрақұрылым болмағанда;
Тармақша 6
6) уәкілетті органның: байланыс саласындағы перспективалық технологияларды іске асыру; радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарларына сәйкес радиожиілік спектрін, жиілік белдеулерін тиімді пайдалану мақсатында, оның ішінде радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарына сәйкес жиілік белдеулері перспективалық технологияларға ауыстырылған жағдайда радиожиілік спектрін қайта бөлуді жүргізу туралы шешімі бойынша;
Тармақша 7
7) дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғанда немесе заңды тұлға таратылғанда;
Тармақша 8
8) байланыс операторы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған күннен бастап алты ай ішінде радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану туралы хабарламаны және азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігінің есептемесін ұсынбағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.
Тармақ 9. 13-бап. Нөмірлеу ресурсын бөлу мен оларды пайдалануды реттеу және нөмірлер беру
9. Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) радиожиілік органдарымен келісу жүргізілген жағдайда, келісу жүргізу мерзімі сұрау салу алынған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі қажетті келісулерді жүргізу уақытына, бірақ күнтізбелік отыз күннен асырмай ұзартылуы мүмкін. Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес іргелес жатқан мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) радиожиіліктерді халықаралық үйлестіруді жүргізу қажет болған жағдайда өтінімді қарау мерзімі, бірақ алты айдан асырмай ұзартылуы мүмкін, бұл жөнінде өтінім беруші алдын ала электрондық нысанда хабардар етіледі. 13-бап. Нөмірлеу ресурсын бөлу мен оларды пайдалануды реттеу және нөмірлер беру
Тармақ 1
1. Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін Қазақстан Республикасының уәкілетті органы айқындайды.
Тармақ 2. 14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқару
2. Уәкілетті орган нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізеді. 14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқару
Тармақ 1
1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдары пайдаланылған жағдайда олар шеккен шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Байланыс желілері мен құралдарының иелері адамдар өмірінің теңіздегі, жердегі, әуедегі, ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау саласындағы кезек күттірмейтін іс-шараларды жүргізуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы хабарлармаларға абсолюттік басымдық беруге тиіс.
Тармақ 4
4. Байланыс операторлары өтеусіз негізде бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсетуге міндетті. Көрсетілген мақсаттарда байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 5
5. Байланыс операторлары әлеуметтік сипаттағы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі төнген және (немесе) туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде жедел штабтардың сұратуы бойынша олардың иелігіне мобильді байланыс станцияларын беруге міндетті.
Тармақ 6
6. Ұялы байланыс операторлары өз желілерінде кеңінен хабар тарату технологиясының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Бап 15. 15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы
15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер:
Тармақша 1
1) байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
Тармақша 2
2) байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыруға міндетті. Абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты сақтау Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Шетелдегі Қазақстан Республикасының абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсету жағдайларын қоспағанда, қызметтік ақпаратты Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге беруге тыйым салынады;
Тармақша 3
3) байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
Тармақша 4
4) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған, байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға және тәртіпке сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес жасалатын байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасалған кезде ғана байланыс қызметтерін көрсетуді, сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Осы Заңға және «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес байланыс операторлары, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы және ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторы байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың абоненттік нөмірлердің және ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорларындағы мәліметтерге қол жеткізуін өтеусіз қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынастары осы Заңға және «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.
Тармақ 6. 15-1-бап. Байланыс операторларының радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе)оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты пайдаланатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
6. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес иеленушінің өтініші бойынша өз желісіндегі ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не қайта бастауға міндетті. 7. Байланыс операторларында ішкі антифрод жүйелерінің болуы және олар санкцияланбаған трафикті (фрод) бұғаттауға міндетті. Осы мақсатта телекоммуникация желілерінде санкцияланбаған трафикті анықтау және киберқауіпсіздік талаптарын сақтау үшін жабдық орнатылады. 15-1-бап. Байланыс операторларының радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе)оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты пайдаланатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерін күзетуін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы өздерінің аумақтары шегінде:
Тармақша 1
1) радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғылардың санкциясыз пайдаланылуын анықтау және (немесе) жолын кесу үшін арнаулы техникалық жабдықты қолданады;
Тармақша 2
2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде және тергеу изоляторларында пайдаланылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруды және оны қайта бастауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Байланыс операторлары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қоюды және шаралар қабылдауды қоса алғанда, өздерінің байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Радиосигналды бұғаттауға арналған арнайы техникалық жабдық Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Бап 15-2. 15-2-бап. Байланыс операторларының сот орындаушыларымен өзара іс-қимылы
15-2-бап. Байланыс операторларының сот орындаушыларымен өзара іс-қимылы Байланыс операторлары сот орындаушыларына өтеулі шарттық негізде атқарушылық іс жүргізу тараптарының ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына мәтіндік хабарларды жөнелту (жіберу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынады.
Бап 15-3. 15-3-бап. Байланыс операторларының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
15-3-бап. Байланыс операторларының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер дүлей зілзалалардан (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органға ұсынады. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер абоненттер туралы иесіздендірілген деректерді үшінші тұлғаларға бермей, статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұсынады.
Бап 15-4. 15-4-бап. Ұялы байланыс операторларының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылы
15-4-бап. Ұялы байланыс операторларының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы өз функцияларын орындау үшін абоненттің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі мен оған ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, абонент туралы ақпарат алу үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорымен және (немесе) ұялы байланыс операторларының базаларымен интеграцияланады.
Тармақ 2
2. Ұялы байланыс операторлары алаяқтық белгілері бар қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді анықтаған кезде, сондай-ақ байланыс желілерінде алаяқтық әрекеттер анықталған кезде абоненттің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі мен оған ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, абонент туралы ақпаратты бере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығын хабардар етуге міндетті. Алаяқтық белгілері бар қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді, сондай-ақ байланыс желілерінде алаяқтық әрекеттерді анықтау тәртібі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалады.
Тармақ 3
3. Ұялы байланыс операторлары осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығынан ақпарат алған кезде байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы абоненттік нөмірге, оның ішінде GSM-шлюзге (сим-боксқа) байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұрады.
Тармақ 4. 16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестiгiн растау
4. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы өзінің дерекқорындағы мәліметтерге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабында айқындалған функцияларды орындауы үшін қол жеткізуін өтеусіз қамтамасыз етуге міндетті. 16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінде пайдаланылатын техникалық байланыс құралдары электромагниттік сәулелену көздері болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар, пошта байланысының техникалық құралдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сәйкестiгi расталуға тиіс. 16-1-бап. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Тармақ 1
1. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті бастаған кезден бастап уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті. Хабарламада: байланыс операторының атауы; байланыс операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі; байланыс қызметтерінің атауы; байланыс қызметтерін көрсету аумағы көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Байланыс операторының атауы, оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, байланыс қызметтерінің атауы және байланыс қызметтерін көрсету аумағы өзгерген жағдайда, байланыс операторы осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен хабарлама жіберуге міндетті.
Тармақ 3
3. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті тоқтатқан кезден бастап уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті. Хабарламада байланыс операторының атауы және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Бап 16-2. 16-2-бап. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
16-2-бап. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Жеке және (немесе) заңды тұлғалар, оның ішінде шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдіктері, радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламар туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын нысан бойынша хабарлама жіберуге міндетті. 17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау Байланыс саласындағы қызметті лицензиялауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 17-1-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шектеулі, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттар мен "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Егер, импорттан өзгеше жағдайларда, алты айдан аспайтын мерзімге әкелінетін азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар:
Тармақша 1
1) шетелдік ресми делегациялардың Қазақстан Республикасының аумағында болуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстар мен өзге де мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін көрмелерде көрсетуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарды жүргізуге;
Тармақша 5. 18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық негiзде бөлу
5) сәйкестікті растау (сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау) мақсаттарында сынақтар жүргізуге арналған болса, олар уәкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінеді. 18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық негiзде бөлу
Тармақ 1
1. Егер байланыс қызметі радиожиілік спектрі көлемінің жеткіліксіз болуына байланысты радиожилік органдары белгiлi бiр аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу қойған диапазондағы радиожиіліктер пайдаланыла отырып көрсетілетін болса, радиожиілік ресурсын пайдалану құқығы жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс (немесе аукцион) негізінде бөліп берілгеннен кейін беріледі. Бұл ретте байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілетін аумақтарды не елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер жүктеледі.
Тармақ 2
2. Конкурс (немесе аукцион) өткізу туралы шешімді уәкілетті орган осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылдайды. Конкурс (немесе аукцион) осындай шешiм қабылданғаннан кейiн алты айдан кешiктiрiлмейтiн мерзімде өткiзiледi.
Тармақ 3
3. Радиожиiлiктердi пайдалану құқығын конкурстың (немесе аукционның) қорытындысы бойынша алған кезде жеңiмпаз мемлекеттік бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде бiржолғы төлемақы енгiзедi.
Тармақ 4. 19-бап. Телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтi лицензиялау
4. Конкурстарға (немесе аукциондарға) қатысуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттік үйлесімдігін есептеуді жүргізу қағидаларына сай келетiн заңды тұлғалар жiберiледi. 19-бап. Телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтi лицензиялау 20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер
Тармақ 1
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды;
Тармақша 2
2) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін;
Тармақша 3
3) байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді реттейді. Осы тармақта аталған көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4. 3-тарау. Байланыс желілері
4. Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен байланыс операторлары байланыс қызметтерін әрбір пайдаланушыға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес шұғыл шақыру жүйесінің операторымен, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық және басқа да тегін жалғанымдарды тәулік бойы ұсынуды қамтамасыз етеді. 3-тарау. Байланыс желілері 21-бап. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желiсi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және мынадай санаттардағы телекоммуникация желілерінен:
Тармақша 1
1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнен;
Тармақша 2
2) телекоммуникацияның ведомстволық желiлерiнен;
Тармақша 3
3) телекоммуникацияның, бөлектелген желiлерiнен;
Тармақша 4
4) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiнен;
Тармақша 5
5) корпорациялық және ақпаратты электромагниттiк сигналдар арқылы беретін басқа да желiлерден тұратын телекоммуникация желiсi болып табылады.
Тармақ 2
2. Президенттік және үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсiн құрайтын желiлер үшiн ұлттық қауіпсіздік органдары мыналарды: халықаралық түйісу нүктелерін ұйымдастыруды, тіркеуді және пайдалануды; ұйымдастырушылық-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарушылық параметрлерін қалыптастыруды; қолданылатын байланыс құралдарына және оларды басқаруға қойылатын талаптарды, байланыс желілерінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді, байланыс желілерін іске қосуды және олардың орындалуын бақылауды; қалааралық және халықаралық байланыс операторларының Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті байланыс жолдары мен арналарын беруін қамтитын Қазақстан Республикасының телекоммуникация желiлерiн орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 3
3. Барлық санаттағы желілердің байланыс операторларының Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желісін басқару орталығының болуы міндетті. Функционалдық міндеттеріне сымды телефон байланысы, ұялы, спутниктік және басқа да сымсыз телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығының (станциялардың, кіші станциялардың, концентраторлардың), деректерді беру желілерінің, сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізу құралдарының жұмыс істеуі және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз ететін жүйелерге қызмет көрсету кіретін байланыс операторлары мен байланыс желілері иелерінің жұмыскерлері Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс. Байланыс операторларының өз байланыс желілерін қандай да бір басқару түрінде өзге тұлғаларға беруіне тыйым салынады. Телекоммуникация желiлерiн құру кезiнде байланыс операторлары байланыс желiлерінің телекоммуникациялық жабдығының жедел-iздестiру және қарсы барлау iс-шараларын жүргiзуді қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн ұлттық стандарттарға технологиялық тұрғыдан сәйкес келуін қамтамасыз етедi. Байланыс операторларына, телекоммуникация желілерінің иелеріне жергілікті телекоммуникациялар желісінде, қалааралық, халықаралық және ұялы байланыста санкцияланбаған трафикті (фродты) өткізуге тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық пайдаланушыларға телекоммуникация қызметтерiн көрсетуге арналған телекоммуникацияның өзара байланысты желiлерiнің кешенi болып табылады. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi:
Тармақша 1
1) қызмет көрсетiлетiн аумақ пен нөмiрлеу ресурсы аясында географиялық тұрғыда (жергілікті телекоммуникация желілері);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының шегiнде белгiлi бiр географиялық аумақпен және нөмiрлеу ресурсымен байланыспаған, географиялық емес тұрғыда айқындалатын телекоммуникация желiлерi болып бөлiнедi.
Тармақша 3
Тармақ 5
5. Телекоммуникацияның ведомстволық желiлерi мемлекеттiк органдар мен жергiлiкті өзiн-өзi басқару органдарының басқарушылық және ұйымдастырушылық мақсаттарын өз өкілеттіліктеріне сәйкес iске асыруын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң өндiрiстік және басқарушылық мақсаттарды қамтамасыз етуiн iске асыруға арналған. Ведомстволық телекоммуникациялар желiлері бір-бірімен мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын мемлекеттік шифрлау құралдарын және ақпаратты қорғаудың басқа да құралдарын пайдалана отырып өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 5-1
5-1. Байланыс операторлары мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарын ұсына отырып, мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде осы байланыс жолдары мен арналарында уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Телекоммуникацияның бөлектелген желiлерi телекоммуникация желiлерiнің дербес санаты болып табылады және пайдаланушылардың шектеулi тобына телекоммуникация (электрлi байланыс) қызметтерiн көрсетуге арналған және:
Тармақша 1
1) әрекеттесе алады, бiрақ Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне немесе ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылған кез келген басқа желiлерге, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ортақ пайдаланылатын телекоммуникация (электрлi байланыс) желiлерiне қосылмайды;
Тармақша 2
2) егер ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің жұмыс iстеуiн регламенттейтiн талаптарға сәйкес келсе, оларды ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсінің санатына ауыстыра отырып, ортақ танылатын телекоммуникация желiлерiне қосуға болады. Бұл ретте осы бөлектелген желiге бұрын берiлген географиялық емес код алып тасталады;
Тармақша 3
3) осы телекоммуникация желілері операторларының байланыс қызметін көрсетуі лицензияның негізінде жүзеге асырылады. Бөлектелген желілерді ұйымдастыру үшін қолданылатын байланыс технологиялары мен құралдарын, сондай-ақ құру принциптері мен нөмірлеу жүйесін осы желілердің иелері белгілейді. Желілердің осы санатына ұлттық ресурстан нөмірлер (географиялық емес код) бөлінбейді.
Тармақ 7
7. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін негіз ретінде пайдалана алатын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері байланыс қызметтерін өтеулі түрде көрсету үшін пайдаланылмайды. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, басқару, пайдалану, нөмірлеуді бөлу, жұмыс істеуін, киберқауіпсіздігін, трафик өткізуді, өзара іс-қимыл жасау және пайдалануға қабылдау (пайдаланудан шығару) шарттарын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін осы желілер қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.
Тармақ 8
8. Телекоммуникацияның корпорациялық желiлерi заңды тұлғалардың басқару және ішкі өндiрiстiк мақсаттарын iске асыруды қамтамасыз етуге арналған. Телекоммуникацияның корпорациялық желiлерi:
Тармақша 1
1) егер олар тиiстi нөмiрлеу ресурсын бөлектей отырып, желінің түрлі әкімшілік аумақтар бойынша бөлiнген учаскелерiн бiрiктiретiн болса, әкiмшілік аумақ шеңберiнде мекемелiк коммутациялық станция арқылы корпорациялық клиент ретiнде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық коммутация орталығының транзиттік торабы деңгейiнде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылуы;
Тармақша 2
2) осы Заңның 17-бабына cәйкес кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жағдайда байланыс қызметтерiн өтеулі көрсету үшiн (егер олардың қолданылу аймағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерi операторларының желiлерi болмаса) пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Телевизия және радио хабарларын тарату желiлерi бiрыңғай телекоммуникация желiсiнің құрамдас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң аумағына телевизия және радио бағдарламаларын тарату әрi трансляциялау үшiн пайдаланылатын, жердегi және жерсеріктік хабар тарату жүйелерiнiң бiртұтас өндiрiстік-технологиялық кешенiн құрайды. Жердегi жүйелерге мемлекеттік және коммерциялық бағдарламаларды трансляциялауға арналған радиорелелi және кәбiлдi байланыс желiлерi, қуаты әртүрлі радиотаратқыштар мен басқа да құралдар кiредi. Жерсеріктік жүйелерге халықаралық жерсерiктік ұйымдарға, жекелеген мемлекеттерге тиесiлі орбиталық байланыс жерсерiктерi мен жердегi таратушы және қабылдаушы станциялар кiредi.
Тармақ 10
10. Алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 11. 22-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет
11. Алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 22-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет 22-1-бап. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері 22-2-бап. Арнаулы пошта байланысы қызметі
Бап 23. 23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттілігіне арналған байланыс желілері
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттілігіне арналған байланыс желілері
Тармақ 1
1. Үкіметтік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы қамтамасыз етеді. Президенттік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етеді. Байланыс операторлары үкіметтік және президенттік байланыстың техникалық мүмкіндіктері мен жарақтандырылуын ескере отырып, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды және дамытуды ұлттық қауіпсіздік органымен және Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүргізеді. Үкіметтік, президенттік байланыс жүйелері, шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін және үкіметтік байланысты қамтамасыз ету тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірлейді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, уәкілетті орган реттейтін бағалар (тарифтер) бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады. Президенттік байланыс қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыруға қажетті алаңдарды байланыс операторлары техникалық мүмкіндік болған кезде өтеусіз негізде ұсынады.
Тармақ 5
5. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 6
6. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының, «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы операторының мұқтаждары үшін байланыс арналары мен жолдарын басымдықпен беруді, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етуге және бүлінген жағдайда байланыс арналарын ауыстыру немесе оларды қалпына келтіру жөнінде бірінші кезекті және кезек күттірмейтін шаралар қабылдауға міндетті.
Тармақ 7
7. Байланыс операторлары, сот шешiмiмен болмаса, байланыс арналарын ажыратуға және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне, әскери басқару, ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарына, сондай-ақ «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы операторына үкіметтік және президенттік байланыс қызметтерiн, байланыс қызметтерiн ұсынуды тоқтата тұруға құқылы емес.
Тармақ 8
8. Байланыс операторлары байланыстың жұмыс iстеп тұрған және жаңадан салынып жатқан құрылысжайлары мен тораптарында арнаулы мақсаттағы телекоммуникация, үкiметтiк және президенттік байланыс желілері мүддесінде пайдаланылатын, техникалық құралдарды орналастыру үшiн қажеттi алаңдарды, сондай-ақ жол-кабельдiк құрылыстардағы резервтiк сыйымдылықтар мен кепiлдендірілген электрмен қоректендiруді көздеуге мiндеттi.
Тармақ 9. 24-бап. Пошта байланысы
9. Бейбiт уақытта жедел жағдай шиеленiскен, аса маңызды жұмыстар мен iс-шаралар жүргізілген кезде байланыс операторлары жедел-iздестiру және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын немесе аса маңызды жұмыстар мен iс-шараларды жүргiзуге өкілеттіктері бар байланыс қызметтерiн пайдаланушыларға шарттарды ресiмдемей, уақытша жалдау шарттарымен, шығындарды кейiннен өтей отырып, қажет болған кезде ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi байланысының жұмыс арналарын пайдаланып, жекелеген өтiнiмдер бойынша қосымша арналар мен тiкелей байланыс жолдарын бөліп береді. 24-бап. Пошта байланысы
Тармақ 1
1. Пошта байланысы пошта жөнелтiмдерiн қабылдауды, сұрыптауды, тасымалдау мен жеткiзудi, ақша аударуды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ шарт негiзiнде мерзiмдi баспасөздi жөнелтудi, жеткiзiп беру мен таратуды, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткiзіп берудi ұйымдастыратын байланыс инфрақұрылымының бiр бөлiгі болып табылады. Пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 2
2. Әскери жөнелтiмдердi сұрыптау мен қолға тапсыруды Қазақстан Pecпубликасы Қарулы Күштерiнің фельдъегерлік-пошта байланысы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5. 4-тарау. Телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі
5. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 4-тарау. Телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі 25-бап. Телекоммуникация желілерін қосу
Тармақ 1
1. Барлық байланыс операторларының өз желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосуға құқығы бар. Телекоммуникацияның бiр желiсiн басқа желiге қосуды байланыс операторлары шарт негiзiнде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Байланыс операторлары, телекоммуникация желілерінің иелері және байланыс қызметтерін пайдаланушылар уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес қосу және трафикті өткізу қызметтерін көрсетуге міндетті. Байланыс операторларының үлгілік қосу шарттары уәкілетті органмен келісіледі.
Тармақ 3
3. Халықаралық трафикті өткізу Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібінің сақталуы ескеріле отырып, халықаралық байланыс операторларының желілері арқылы ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 3-1
3-1. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафикті өткізуі Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібінің сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Байланыс операторлары арасында интернет-трафикпен алмасуды басқа мемлекеттің аумағындағы телекоммуникация желілері арқылы жүзеге асыруға тыйым салынады.
Тармақ 4-1
4-1. Шет мемлекеттің аумағындағы шетелдік спутниктік операторлардың жерүсті телекоммуникация желілері арқылы спутниктік байланысты ұйымдастыру осы Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5. 26-бап. Байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері
5. Интернет-трафик алмасу нүктесіне барлық қосылғандар мен байланыс операторлары арасында интернет-трафик алмасу нүктесі арқылы трафикті өткізу және алмасу өтеусіз жүзеге асырылады. 26-бап. Байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосу шарты жария шарт болып табылады.
Тармақ 2
2. Байланыс операторының жалғау шартын жасасудан бас тартуына не байланыс операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар белгілеуіне жол берiлмейдi. Байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар деп байланыс операторы белгілейтін, жалғанатын байланыс операторының оларды орындауы өзге жалғану жағдайларында жұмсалатын шығындарға мөлшерлес келмейтін немесе жер учаскесі меншік иесінің, жер пайдаланушының, ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің өз аумақтарында және (немесе) ғимараттарында немесе құрылыстарында телекоммуникациялар желісін төсеуден бас тартуына байланысты мүмкін болмайтын жалғануға арналған техникалық шарттар түсініледі.
Тармақ 3
Тармақ 3-1
3-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары:
Тармақша 1
1) жалғанудың (қосылудың) стандартты нүктелерінің тізбесін жариялауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті байланыс желілері мен арналарын өз қаражаты есебінен беруге және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен өздерінің байланыс желілерін Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен, интернет-трафикпен алмасу нүктелері орналасқан өңірде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы болған жағдайда, өңірлік белгісі бойынша интернет-трафикпен алмасу нүктелеріне өздерінің байланыс желілері мен кіші желілерін қосуды және беруді, сондай-ақ интернет-трафикпен алмасу нүктелерінен интернет-трафикті қабылдауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағында ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары арқылы шифрланған трафикті қоспағанда, трафикті өткізуді қауіпсіздік сертификатын қолдана отырып шифрлауды қолдайтын хаттамаларды пайдаланып жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 4
4. Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары:
Тармақша 1
1) өз желiлерiнің абоненттерiне қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн;
Тармақша 2
2) басқа байланыс операторларына қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн;
Тармақша 3
3) трафик транзитi және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қызметтердi;
Тармақша 4
4) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
Тармақ 5
5. Қалааралық байланыс операторлары:
Тармақша 1
1) өз желiлерiнің абоненттер не қалааралық телефон байланысы қызметтерін;
Тармақша 2
2) басқа байланыс операторларына қалааралық байланыс қызметтерiн;
Тармақша 3
3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
Тармақ 6
6. Халықаралық байланыс операторлары:
Тармақша 1
1) өз желiлерінiң абоненттеріне халықаралық телефон байланысы қызметтерiн;
Тармақша 2
2) басқа байланыс операторларына халықаралық телефон байланысы қызметтерін;
Тармақша 3
3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінiң өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
Тармақ 7. 5-тарау. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желілерін, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету
7. Ұялы байланыстың виртуалды операторлары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен рұқсат алған жағдайда көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсынуға құқылы. 5-тарау. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желілерін, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету 27-бап. Байланыс желiлерінің күзетілетін аймақтары
Тармақ 1
1. Байланыс желiлерінің сақталуын, техникалық құралдардың, ғимараттар мен құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында күзетілетін аймақтар мен соқпақтар белгiленедi, олар жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары болып табылады.
Тармақ 2
2. Күзетілетiн аймақтарға енгiзiлген жер жергілікті жерде арнаулы белгілермен белгіленедi. Мұндай жер меншік иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қоюға жатпайды.
Тармақ 3. 28-бап. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерiн, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету
3. Күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбін және олардағы жұмыс режимiн уәкілетті орган айқындайды. Аталған аймақтардың шекараларын және олардағы жер пайдалану режимін Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес жерді меншікке немесе жер пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды. 28-бап. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерiн, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету
Тармақ 1
1. Телекоммуникация желілері мен құралдары, радиожиілік спектрі және байланыс жер серіктерінің орбиталық позициялары мемлекеттің қорғауында болады.
Тармақ 2
2. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерін, радиожиілік спектрін, байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын күзету Қазақстан Pecпубликасының заңдарына сәйкес белгiленеді.
Тармақ 3
3. Радиожиiлiк спектрiн және байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн қорғау мақсатында электромагниттiк жүйелердiң жұмыс iстеуiне нормаланбаған бөгеуiлдер туғызатын радиоэлектрондық байланыс құралдарын шығаруға және Қазақстан Республикасына әкелуге, сондай-ақ пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарымен шектеулер белгiленуi мүмкін.
Тармақ 4. 5-1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс және радиобақылау саласындағы мемлекеттік бақылау
4. Байланыс құралдарының, телекоммуникация ғимараттары мен желiлерiнiң бүлiнуiне, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды дайындаудың, сатып алудың, әкелудiң, пайдаланудың, барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілiктi құрылғылардың жұмысына арналған радиожиiлiктердi пайдаланудың белгіленген тәртібiн бұзуға жол берген, сондай-ақ теле- және радио қабылдауға нормаланбаған бөгеуiлдер жасайтын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 5-1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс және радиобақылау саласындағы мемлекеттік бақылау
Бап 28-1. 28-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау
28-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру, радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 1-1
1-1. Тексеру және радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 28-2-бап. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға тексерудi ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi
2. Радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 28-2-бап. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға тексерудi ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi 28-3-бап. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға тексеру жүргiзудi ұйымдастыру 28-4-бап. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүргiзу тәртiбi
Бап 28-5. 28-5-бап. Радиобақылауды жүргiзу тәртiбi
28-5-бап. Радиобақылауды жүргiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуын радиобақылау радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық құжаттамасына және рұқсаттарына, өлшемдеріне, сондай-ақ оның жұмыс режимдерiне бақылау-өлшеу аппаратурасының және радиотехникалық бақылау (аспаптық бақылау) құралдарының көмегiмен құжаттық бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырылады және радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Радиожиілік спектрін пайдалану радиобақылау объектісі болып табылады.
Тармақ 3
3. Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер радиобақылау субъектілері болып табылады.
Тармақ 4
4. Радиобақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, радиобақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын радиобақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Тармақ 5
5. Бақылау-өлшеу аппаратурасы және радиотехникалық бақылау құралдары деп метрологиялық тексеруден өткен, әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тіркейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың өлшемдері мен сипаттамаларын өлшеудің сертификатталған техникалық құралдарын түсіну керек.
Тармақ 6
6. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi радиобақылауды уәкiлеттi органның басшысы не оны алмастыратын адам бекiткен радиобақылаудың жоспар-кестесiне сәйкес жүргiзедi. Радиобақылаудың жоспар-кестелерiн аумақтық бөлiмшелер әрбiр тоқсанға жасайды.
Тармақ 7
7. Радиобақылау нәтижелері бойынша радиобақылау субъектісінің (объектісінің) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.
Тармақ 8
8. Ұсыным радиобақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – сұрау салынған кезде хатта көрсетілген радиобақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Радиобақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Тармақ 10
10. Радиобақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 11
11. Радиобақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау радиобақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Тармақ 12
12. Радиобақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты радиобақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар берілген, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құрал мен жоғары жиілікті құрылғының жұмысында бөгеуiлдер туындаған жағдайда:
Тармақша 1
1) бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық өлшемдерiнiң, оның iшiнде қабылдау құрылғыларының таңдау және қорғаныш қасиеттерiнiң нормалар мен стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкестiгiне көз жеткiзуi қажет. Егер олар нормаларға сәйкес келмесе, радиоэлектрондық құралдардың иелерi сипаттамаларды нормаларға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қолдануға немесе радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды ауыстыруға тиiс. Басқа радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуы салдарынан бөгеуiл туындаған кезде, бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi уәкiлеттi органға және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне өтініш жасайды;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бөгеуiлдердiң көздерiн және сипатын, олардың туындау себептерiн анықтау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және оларды жою бойынша шаралар қолданады;
Тармақша 3
3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың белгiленген өлшемдерiнiң және (немесе) жұмыс режимдерiнiң бұзылуы, қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерінің нашарлауы және қатар тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың өзара әсер етуiне байланысты интермодуляциялық сипаттағы бөгеуiлдер салдарынан болғанда, уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бөгеуiлдердi жою жөнiнде ұсыным бередi;
Тармақша 4
4) берілген жиiлiктердегi бөгеуiлдердi жою мүмкiн болмаған кезде уәкiлеттi орган радиожиiлiктердi жаңадан беруді жүргiзедi;
Тармақша 5
5) әдейі жасалмаған, өнеркәсiптiк немесе технологиялық сипаттағы бөгеуiлдер салдарынан болғанда уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бөгеуiлдер көзiн анықтау және оларды жою бойынша шаралар қолданады.
Тармақ 14
14. Шет мемлекеттердiң байланыс әкiмшiлiктерiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы көздерден болған радиобөгеуiлдерге наразылықтар келіп түскен кезде, уәкiлеттi орган халықаралық келiсiмге сәйкес осы наразылықтардың құқықтық негiзiн анықтайды, егер наразылықтар негiзді болса, бөгеуiлдердiң себептерiн анықтайды және оларды жою бойынша шаралар қолданады.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға басқа мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан көздерден бөгеуiл жасалған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағындағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық келiсiмге сәйкес бөгеуiлдердi жою бойынша шаралар қолданады.
Тармақ 16. 28-6-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң құқықтары
16. Радиобөгеуiлдерді және тиiстi рұқсаттары жоқ радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың қолданылуын анықтау және олардың жолын кесу жөнiндегi iс-шараларды уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүргiзедi. 28-6-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң құқықтары Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерi:
Тармақша 1
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға тағайындалған радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) берiлген рұқсат талаптарына сай қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланады;
Тармақша 2
2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға тағайындалған радиожиiлiктегi (радиожиiлiк арнасындағы) бөгеулердi жою үшiн уәкілетті органға және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жүгiнедi;
Тармақша 3. 28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мiндеттерi
3) лауазымды адамдардың, уәкілетті органның және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне), шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасайды. 28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мiндеттерi Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерi:
Тармақша 1
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен пайдалану шарттарының радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламада жазылған параметрлерге, сондай-ақ белгiленген қағидалар мен нормаларға сәйкес келуiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері радиобақылау жүргізу мақсатында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының қызметтік куәлік не сәйкестендіру картасын көрсеткен кезде қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3. 28-8-бап. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі
3) уәкiлеттi органның радиоэлектрондық құралдардың радиожиiлiктерiн (радиоарналарын) пайдалануды тоқтата тұру (соның iшiнде, уақытша тыйым салуды енгiзу салдарынан) немесе тоқтату туралы, соның iшiнде радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдаланушыларға берiлген рұқсат талаптарын бұзушылықты жою жөнiндегi нұсқаманы орындайды. 28-8-бап. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі
Тармақ 1
1. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі – уәкілетті органның және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің радиожиiлiк ресурсын пайдалану жөнінде шешiм қабылдауы үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында радиосигналдардың және радиосәуле тарату көздерінің параметрлері мен сипаттамалары туралы деректерді жинау, өңдеу, талдау және сақтау жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенi.
Тармақ 2
2. Азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін мемлекеттік радиожиілік қызметі:
Тармақша 1
1) радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн анықтау;
Тармақша 2
2) радиосәуле тарату параметрлері мен сипаттамаларын дерекқорда тіркелген көздердің мәлімделген параметрлері мен сипаттамаларына сәйкестендіру;
Тармақша 3
3) тiркелмеген радиосәуле тарату көздерін табу;
Тармақша 4
4) радиосәуле тарату көздерінің орналасқан жерін табу;
Тармақша 5
5) Халықаралық электр байланысы одағының, Өңірлік электр байланысы одағының және Компьютерлік оқыс оқиғаларға ден қою қызметінің ұсынымдары бойынша, сондай-ақ шекара маңындағы елдердің байланыс әкімшіліктерінің өтініштері бойынша жұмыстарды орындау шеңберінде өлшеулер жүргізу;
Тармақша 6. 6-тарау. Байланыс желілерін дамыту
6) азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі нәтижелерiн есепке алу, сақтау және өңдеу мақсатында жүзеге асырады. 6-тарау. Байланыс желілерін дамыту 29-бап. Байланыс желілерін дамыту
Тармақ 1
1. Байланыс операторлары байланыс желілерін дамытуды дербес жоспарлайды және жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Байланыс желілерін дамытуға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру өз қаражатының және қарыз қаражатының есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен инвестицияларды тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйлер мен басқа да объектiлердi салу кезiнде iшкi және орамдар iшiндегi байланыс желiлерiн жобалау мен тарту, сондай-ақ абоненттiк пошта шкафтарын орнату қолданыстағы техникалық нормалар мен ережелер негiзiнде құрылысқа тапсырыс берушiлердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Тұрғын жай массивтерiнiң кешендi құрылысын, өндiрiстiк объектiлер мен оған iргелес жатқан елдi мекендердi салу кезiнде, азаматтық ғимараттар мен пошта бөлiмшелерiнiң үй-жайларын қоса алғанда, барлық байланыс құралдарын жобалау мен салу тапсырыс берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 4-1
4-1. Кабельдік кәрізді қоса алғанда, кварталдар ішіндегі желілер мен байланыс жолдарын, инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін жобалау және тарту байланыс ғимараттарын, телекоммуникация жолдарын және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4-2
4-2. Ғимараттар мен құрылысжайлардың меншік иелері не олардың сенім білдірілген адамдары байланыс операторларына көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында олардың телекоммуникация жабдығын орналастыруы үшін оларға алаңдарды тең жағдайларда беруге міндетті. Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналыста ұялы байланыс операторларына телекоммуникациялық жабдықты орнату үшін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бір бөлігін мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы шешім қабылдайды не осындай өкілеттік береді.
Тармақ 4-3
4-3. Байланыс операторлары шарт негізінде инженерлік инфрақұрылым объектілерін, бірлесіп пайдалану тіреуіштерін, өзге де телекоммуникация құралдары мен байланыс желілерін бірлесіп пайдалана алады.
Тармақ 4-4
4-4. Байланыс операторлары және (немесе) телекоммуникация желілерінің иелері ауылдық елді мекендерде Интернет желісіне сымсыз қол жеткізуді ұйымдастыру үшін ұялы байланыс операторларына шарт негізінде өздерінің телекоммуникациялық инфрақұрылымына қолжетімділік береді.
Тармақ 5
5. Ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды, көпiрлердi және басқа да объектiлердi салу немесе реконструкциялау кезiнде байланыс жолдарын (желiлерiн), құрылысжайларын қайта орналастыру мен көшiру жөнiндегi жұмыстар стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес және байланыс жолдарының (желiлерiнiң), құрылысжайларының меншiк иелерi және (немесе) пайдаланушылар беретiн техникалық шарттар бойынша құрылысқа тапсырыс берушiнiң есебiнен орындалады. Бұл ретте реконструкциялау учаскесінде шығарылу (көшірілу) жүзеге асырылған байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын мемлекеттік заңды тұлғалардың беру ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Тармақ 6
6. Жалпыреспубликалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдары мен желiлерiн жобалауды, салуды құрылыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн лицензия негiзiнде жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органмен келiсе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 6-1
6-1. Талшықты-оптикалық байланыс желілері электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес электр берудің әуе желілерінің тіреуіштері арқылы жүргізілуі мүмкін. Мемлекет меншігіндегі электр берудің әуе желілерінің тіреуіштері байланыс операторларына «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі. Байланыс операторлары тиісінше жай-күйде болмаған электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін жөндеу жөніндегі техникалық шарттарды орындайды.
Тармақ 7. 29-1-бап. Тікелей сым-өткізгішті пайдалануға беру
7. Жұмыскерлерi үкiметтiк және президенттік байланыс желiсiнiң абоненттерi болып табылатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың ғимараттарын, құрылысжайлары мен объектiлерiн салу кезiнде, сондай-ақ олардың орналасқан жерi өзгерген кезде арнаулы мақсаттағы байланыстың жалғау жолдары мен iшкi желiлерiн жобалау мен тартуды құрылысқа тапсырыс берушiлер өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады. 29-1-бап. Тікелей сым-өткізгішті пайдалануға беру Жергілікті телекоммуникация желісінің иесі телекоммуникация желісі иелерінің және (немесе) байланыс операторларының өтініші бойынша шарттық талаптарымен тікелей сым-өткізгіштерді, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсету үшін абоненттік жолдардың бір бөлігі болып табылатын тікелей сым-өткізгіштерді пайдалануға бере алады. Абонент Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсететін байланыс операторын таңдауға құқылы.
Бап 29-2. 29-2-бап. Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі үшін телекоммуникация желілерін пайдалануға беру
29-2-бап. Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі үшін телекоммуникация желілерін пайдалануға беру Ұялы байланыс операторы шұғыл шақыру жүйесінің операторына автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы хабарларды беру және шұғыл шақыру жүйесінің операторымен екіжақты дауыс байланысын орнату үшін өзінің ұялы байланыс желісін пайдалануға өтеусіз негізде беруге міндетті. 30-бап. Көлiк құралдарын пайдалану
Тармақ 1
1. Арнаулы пошта байланысы қызметiне, сондай-ақ пошта операторларына шарт талаптарымен теміржол, теңiз, iшкi су, әуе және автомобиль көлiгiнiң барлық бағдарлары мен желілері бойынша пошта операторының жұмыскерлері, арнаулы пошта байланысы қызметкерлерiнiң ілесіп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерін және арнаулы жөнелтiлімдердi тасымалдауға, сондай-ақ пошта жөнелтiлімдерiн және арнаулы жөнелтiлімдердi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тасымалдау үшiн тапсыруға құқық берiледi.
Тармақ 2
2. Облыс iшiндегi қалааралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық бағдарлар бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк ұйымдары, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тасымалдау жөнiндегi қызметтердi көрсетуге мүмкiндiгi болмаған жағдайларды қоспағанда, пошта және арнаулы жөнелтiмдердi тасымалдауға шарт жасасудан бас тартуға құқылы емес, сонымен қатар:
Тармақша 1
1) фельдъегерлік қызмет және арнаулы байланыс қызметі қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде орындарды тұрақты броньдау, кезексіз билет алу;
Тармақша 2
2) фельдъегерлік қызмет және арнаулы пошта байланысы қызметі көлік құралдарының қызмет көрсетілетін мекемелерге, ұйымдарға, әуе кемелерінің, теміржол құрамдарының, автомобиль, теңіз және өзен көлігі тұрақтарының орындарына кедергісіз өту;
Тармақша 3
3) жолаушыларды жалпы отырғызу басталғанша фельдъегерлік қызметтің және арнаулы пошта байланысы қызметінің қарулы қызметкерлерінің кедергісіз міну құқықтарын қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Арнаулы пошта байланысы қызметінің автомобиль көлiгi құралдары қандай да бiр ерекше жазбаларсыз "арнаулы" санатқа жатқызылады және соғыс жағдайын енгiзу немесе соғыс уақытын жариялау жағдайларын, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзу кезiн не табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай болған кездi қоспағанда, оларды осы қызметтердiң келiсiмiнсiз мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ұйымдардың мүдделерiне пайдалануға болмайды.
Тармақ 4. 31-бап. Байланыс жерiн беру және пайдалану
4. Бүлiнген байланыс желiлерi мен құралдарында авариялық ахуал туындаған жағдайда байланыс ұйымдары тасымалдаушыдан көлiк құралдарын бiрiншi кезекте жалға алуға құқылы. Байланыс ұйымдарына тиесiлi автомобиль көлiгi құралдарының арнаулы рәмiздерi болуы мүмкiн және оларды байланыс ұйымдарының келiсiмiнсiз байланыс саласындағы қызметке жатпайтын қызметтер көрсету мен жұмыстарды орындау үшiн пайдалануға болмайды. 31-бап. Байланыс жерiн беру және пайдалану
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес байланыс операторларына меншiкке, тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлген, сондай-ақ жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану (сервитут) құқығымен берiлген жер учаскелерi байланыс жерiне жатады.
Тармақ 2
2. Автостанциялар мен темiр жол станциялары, әуежайлар, теңiз, өзен порттары мен айлақтары жанынан пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бөлiмшелерi үшiн үйлер, құрылыстар немесе ғимараттар салуға арналған жер учаскелерi - вокзал үйiне таяу жерден, ал қалалық поштамттар мен пошта байланысы тораптарын салуға - автомобиль көлiгi құралдарымен, пошта вагондарымен, ұшақтармен, теңiз және өзен кемелерiмен жеткiзiлген пошта жөнелтімдерін алмастыруға жағдай туғыза отырып, қаланың орталық бөлiгiнен бөлiнуге тиiс.
Тармақ 3
3. Байланыс операторларына берiлетiн жер учаскелерiнiң, оның iшiнде күзетiлетiн аймақтар мен соқпақтардың көлемi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы қызмет түрi үшiн жер учаскелерiн бөлудiң нормаларына және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 4
4. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында ұсынылатын талаптар сақталған жағдайда көпiрлер, туннельдер, көшелер, автомобиль және темiр жолдар, құрылыстар, коллекторлар, тыйым салынған аймақтар, ормандар мен сулар арқылы байланыс желiлерiн тартуға құқылы.
Тармақ 5
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiне және жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына телекоммуникация желiлерi мен объектiлерiн салу Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес аталған жерде (аумақтарда) жер пайдаланудың белгiленген режимiн ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жер учаскесiндегi, үйдегi, құрылыстағы немесе ғимараттағы жұмыстар аяқталғаннан кейiн байланыс операторы немесе тапсырыс берушi жер учаскесiн, үйдi, құрылысты немесе ғимаратты өз есебiнен бастапқы қалпына келтiруге не жер учаскесiнiң меншiк иесiне, жер пайдаланушыға немесе үйдiң, құрылыстың немесе ғимараттың меншiк иесiне келтiрiлген шығындарды өтеуге мiндеттi.
Тармақ 7
7. Байланыс операторлары желiлер мен объектiлердi салу кезiнде табиғат қорғау технологияларын қолдануға және қызметiн жүзеге асыру кезiнде экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi. Бұл орайда қоршаған ортаға және халықтың экологиялық қауiпсiздiгiне келтiрген залалы үшiн операторлар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
Тармақ 8
8. Елдi мекендердi жаңадан салудан, кеңейтуден, реконструкциялаудан, жердi игеруден, мелиорация жүйелерiн қайта орналастырудан, пайдалы қазбаларды игеруден туындаған байланыс құрылысжайларын көшiрудi немесе қайта орналастыруды құрылысқа тапсырыс берушілер стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес және байланыс желiлерi иелерінiң және (немесе) оларды пайдаланушылардың техникалық шарттары бойынша өз есебiнен жүргiзедi. Бұл ретте байланыс құралдарының қуатын ұлғайту байланыс құрылысжайлары меншiк иелерiнiң есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесiн шектеулі нысаналы пайдалану құқығын мүдделi байланыс операторларына табыстауға мiндеттi.
Тармақ 10
10. Байланыс объектiлерi үшiн жер учаскелерiне құқықтар табыстау жергiлiктi атқарушы органдар шешiмiнiң, жер учаскесiн сатып алу-сату шартының, жер учаскесiн жалдау шартының негiзiнде, сондай-ақ жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану туралы шарт (сервитут шарты) бойынша жүзеге асырылады.
Бап 31-1. 31-1-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің кәбілдік кәрізді беруі
31-1-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің кәбілдік кәрізді беруі Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілдік кәрізді мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға міндетті. 7-тарау. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері 32-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері
Тармақ 1
1. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері – телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген байланыстың көрсетілетін қызметтерi, оларды уәкiлеттi орган белгiлеген қызмет көрсету сапасының көрсеткіштерімен халыққа ұсыну мiндеттi болып табылады.
Тармақ 2
2. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынудың негiзгi өлшемшарттарына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) байланыстың көрсетілетін қызметтерiн пайдаланушылар үшiн бағаның қолжетiмдiлiгi;
Тармақша 2
2) тұрған жерi бойынша қолжетiмдiлiк, ол елдi мекен санаты мен тұрғындар саны ескеріле отырып, айқындалады;
Тармақша 3
3) уақыт бойынша қолжетімділік, ол белгiленген уақыт кезеңi iшiнде жеке телефондар орнатуға немесе қол жеткізу желілерінің белгілі бір санын енгізуге (қоғамдық телефондар орнатуға) өтiнiмдердi қанағаттандыру ескеріле отырып, айқындалады.
Тармақ 3
3. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы үшін республикалық бюджетке қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берiлуi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын тәртiппен төлемақы енгiзiледi.
Тармақ 4. 33-бап. Әмбебап қызмет көрсету операторы
33-бап. Әмбебап қызмет көрсету операторы
Тармақ 1
1. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері тізбесінен байланыстың әмбебап қызметтерін көрсетуді әмбебап қызмет көрсету операторлары жүзеге асырады. Әмбебап қызмет көрсету операторы әмбебап көрсетілетін қызметтер тізбесінен бір немесе бірнеше әмбебап қызмет көрсетеді.
Тармақ 2
2. Әмбебап қызмет көрсету операторларының саны барлық ықтимал пайдаланушыларды байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттілігi негiзге алына отырып, айқындалады.
Тармақ 3
3. Байланыстың әмбебап қызметтерiн көрсету құқығы байланыс операторларының арасында өткiзiлген конкурс нәтижелерi бойынша берiледi.
Тармақ 4. 34-бап. Байланыстың көрсетілетін қызметтерін субсидиялау
4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер болмаған немесе жеңiмпазды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесінен жекелеген әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді уәкiлеттi орган осы аумақта көрсетілетін қызметтердің осы түрлері бойынша нарықта анағұрлым көп үлеске ие болатын байланыс операторына жүктейдi. Бұл ретте байланыс операторы өзіне жүктелген байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттен бас тартуға құқылы емес. 34-бап. Байланыстың көрсетілетін қызметтерін субсидиялау
Тармақ 1
1. Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін байланыстың әмбебап қызметтері субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге жатады. Ауылдық елді мекендерде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының залалдары, егер бұл конкурс шарттарында немесе байланыс операторына байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі міндеттерді жүктеу шарттарында айқындалған болса, субсидиялануға жатады. Қалаларда байланыстың әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының залалдары субсидиялануға жатпайды.
Тармақ 2
2. Субсидиялар мөлшері конкурс шарттары немесе байланыс операторына байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі міндеттерді жүктеу шарттары бойынша айқындалады, тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген субсидиялар мөлшерінен аспауға тиіс және шығыстар мен байланыстың залалды әмбебап қызметтерін көрсетуден түскен нақты кірістердің айырмасы ретінде айқындалады.
Тармақ 3
Тармақ 4. 8-тарау. Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары
4. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыс қызметтері уәкілетті орган айқындаған тәртіппен цифрлық технологияларды ендіру мақсатында субсидиялауға жатады. 8-тарау. Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары 35-бап. Байланыс қызметтерiнiң сапасы
Тармақ 1
1. Байланыс операторлары пайдаланушыларға сапасы жағынан стандарттау жөніндегі құжаттарға, техникалық нормаларға, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне, байланыс қызметтерiн көрсету шартының талаптарына сәйкес келетiн байланыс қызметтерiн көрсетуге мiндеттi.
Тармақ 1-1
1-1. Телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 2. 36-бап. Байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың құқықтарын қорғау
2. Байланыс қызметтерi пайдаланушылардың барлық санаттарына (тұрғын халыққа, бюджеттiк ұйымдарға, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiле отырып, байланыс қызметтерiн көрсету ережелерiне сәйкес тең жағдайларда көрсетiледi. Ұялы байланыс операторы абоненттің өтініші бойынша жеке, отбасылық және өзге де мақсаттарда пайдалануға жеткілікті, оннан аспайтын абоненттік нөмірді ресімдеуге міндетті. Ұялы байланыс операторы абоненттік құрылғылардың, оның ішінде абоненттік нөмірлер қолданылатын машинааралық өзара іс-қимылдың абоненттік құрылғыларының сипаттамасы мен сәйкестендіру кодтарын көрсете отырып, ұялы байланыс операторына тиісті негіздемелер, қажеттілік дәлелдері берілген кезде байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалатын тәртіппен абонентке оннан астам абоненттік нөмірді ресімдейді. Сәйкестендірілетін адамның қазіргі бейнесін және адамның биометриялық деректердің эталондық базасынан алынған эталондық бейнесін салыстыру арқылы ұялы байланыс абонентін биометриялық сәйкестендіруді жүргізбей, онымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасуға тыйым салынады. Дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар абоненттік нөмірді ресімдеген кезде олардың абоненттік нөмірлер пайдалануға берілетін жұмыскерлерінің абоненттік нөмірді ресімдеу туралы өтініш берілген кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде биометриялық сәйкестендіруден өтуі міндетті. 36-бап. Байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың құқықтарын қорғау
Тармақ 1
1. Пайдаланушылардың өздерiне тиiстi сападағы байланыс қызметтерiнiң көрсетiлуiне құқығын, осындай қызметтер туралы және оларды орындаушылар туралы ақпарат алу құқығын қорғау, сондай-ақ осындай құқықтарды iске асыру тетiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Тармақ 1-1
1-1. Телефон байланысы арқылы (ұялы байланысты қоса алғанда) зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну кезінде тарифтелетін жалғаным басталғанға дейін байланыс операторы осы жалғанымның құны туралы абонентті хабардар етуге міндетті. Абонент телефон жалғанымына келісім берген жағдайда (яғни, абонент мұндай жалғанымды үзбесе), осы жалғанымның төлемі тарифтеудің толық бірліктерінің тарифке көбейтілген саны бойынша телефон жалғанымының ұзақтығы негізге алынып айқындалады. Егер абонент мұндай жалғанымға келіспесе (яғни тиісті хабардар етуді алғаннан кейін мұндай жалғанымды үзсе), онда жалғанымды орнатуды ұйымдастырғаны үшін төлем алынбайды. Егер байланыс операторы тарифтелген жалғаным басталғанға дейін осы жалғанымның құны туралы абонентті хабардар етпеген жағдайда, онда зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізу ұсынылғаны үшін төлем алынбайды.
Тармақ 1-2
1-2. Қысқа мәтінді хабарлама жіберу арқылы зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізу ұсынылған кезде ұялы байланыс операторы қысқа мәтінді хабарлама арқылы осы қызметті көрсетудің құны туралы абонентті хабардар етуге міндетті. Абонент осы хабарламаның жіберілгенін растаған жағдайда, аталған қызметті көрсеткені үшін төлем алынады, бұл ретте растағаны үшін абоненттен төлем алынбайды. Егер байланыс операторы зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну бойынша қысқа мәтінді хабарламаның құны туралы абонентті хабардар етпесе, онда бұл қызметті көрсеткені үшін төлем алынбайды.
Тармақ 1-3
1-3. Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету кезінде байланыс операторы соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеуге міндетті.
Тармақ 2
2. Байланыс операторлары хат-хабар алысу, телефонмен сөйлесу, пошта жөнелтiмдерi, телекоммуникация желiлерi бойынша берiлетiн телеграфтық және өзге де хабарламалар құпиясын қамтамасыз етедi, бұған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен осы құқықты шектеу жағдайлары қосылмайды. 3. Жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсететін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің байланыс операторлары анықтама қызметтерін құру немесе телефон нөмірлерінің анықтамалығын жариялау мақсатында сұрау салу бойынша бір-біріне өз желісінің пайдаланушылары туралы деректерге рұқсат беруге құқылы. Ақпарат осы Заңның және Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптары ескеріле отырып беріледі.
Тармақ 4
4. Байланыс операторынан және (немесе) байланыс желісінің иесінен қызметтік ақпаратты алуға абоненттің және (немесе) пайдаланушының келісімімен және осы Заңда және Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» заңдарында көзделген жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 4-1
4-1. Байланыс желісіне заңсыз қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауаптылық белгіленеді.
Тармақ 5
5. Байланыс операторлары байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың хат-хабар алысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф арқылы жiберiлетiн және өзге де хабарламаларының құпиясын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Тармақ 6
6. Байланыс операторының жергiлiктi телефондық қосылыстарды уақытына қарай есепке алуды жүзеге асыруға техникалық мүмкiндiктерi болған жағдайда, байланыс қызметiн пайдаланушы - жеке тұлға қызметтерге абоненттік, уақытына қарай немесе аралас ақы төлеу жүйесiн таңдап алуға құқылы. Уақытына қарай ақы төлеу жүйесi кезiнде пайдаланушының талабы бойынша байланыс операторы ақы төленуге тиiстi, жүзеге асырылған жергiлiктi телефондық қосылыстар туралы жазбаша ақпаратты тегiн беруге мiндеттi. Мұндай ақпарат берiлмеген жағдайда байланыс қызметтерiн пайдаланушы байланыс қызметтерiне абоненттiк жүйе бойынша төлем жүргiзуге құқылы. Байланыс қызметтерiн пайдаланушы - заңды тұлға жергiлiктi телефондық қосылыстарға уақытына қарай ақы төлеу жүйесi бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады. Байланыс қызметтерiн пайдаланушы телефондық қосылыстарды есепке алудың сертификатталған есептегiшiн орнатуға құқылы.
Тармақ 7. 36-1-бап. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру
7. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшері мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 36-1-бап. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру
Тармақ 1
1. Абонент үшін абоненттік нөмірді көшіру өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Абонент басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде абоненттік нөмірді сақтауға және пайдалануға құқылы.
Тармақ 2
2. Ұялы байланыс операторлары Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес абоненттік нөмірлерді ұялы байланыс желілерінде көшіруді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлерді көшіру кезінде тек қана абонеттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры арқылы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының жұмыс істеу және оның ресурстарына қолжетімділік беру, сондай-ақ абоненттік нөмірлерді көшіруге қатысушылардың арасындағы ұйымдастырушылық-техникалық өзара іс-қимыл жасасу және өзара есеп айырысу тәртібі ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалады.
Тармақ 5
5. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалатын мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 6
6. Байланыс операторлары өз желілерінде абоненттік нөмірді көшіруді және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша барлық шығындарды (желіні, цифрлық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңғыртуға, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорымен өзара іс-қимылға) өздері көтереді.
Тармақ 7
7. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын тәртіппен өз ресурстарына қолжетімділік бергені үшін абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Абонент кейіннен шарт жасаса отырып, өзі желісіне ауысатын ұялы байланыс операторына абоненттік нөмірді көшіру туралы өтінім береді.
Тармақ 9
9. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалатын мерзімде және шарттарда жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс абоненттерінің басқа ұялы байланыс операторына ауысуына кедергі келтіруге құқылы емес.
Бап 36-2. 36-2-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу
36-2-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу
Тармақ 1
1. Абонент үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иеленушісі оны ұялы байланыс операторында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес тіркеуге міндетті. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес айқындалған ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары тіркелуге жатады.
Тармақ 3
3. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін оның иеленушісі өзіне қызмет көрсететін операторға: жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін); ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды; ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы пайдаланатын абоненттік нөмір туралы мәліметтерді ұсынады. Ұялы байланыс операторлары барлық мәліметтерді ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторына өтеусіз жібереді. Күзетілетін адамдар пайдаланатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы ақпарат қана беріледі.
Тармақ 4
4. Ұялы байланыс операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорында ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының басқа иеленушісі тіркеген осындай ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды болған жағдайда немесе егер абоненттік нөмір басқа иеленушіге тіркелген жағдайда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеуден бас тартады.
Тармақ 5
5. Ұялы байланыс операторына мәліметтері ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілмеген не ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілген мәліметтерге сәйкес келмейтін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсетуіне тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Абоненттерге ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу мүмкіндігі туралы хабар беру мақсатында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерге қол жеткізуді интернет-ресурс арқылы өтеусіз қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 7
7. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторына абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы баптың 3-тармағында көзделген, өздері қызмет көрсететін абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты беруге міндетті. Бұл ретте ұялы байланыс операторлары желіні, цифрлық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңғырту бойынша барлық шығынды өздері көтереді, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтары дерекқорының ресурстарына қолжетімділік бергені үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорындағы мәліметтерді заңсыз таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 6. 9-тарау. Байланыс қызметтерін көрсету ерекшеліктері
9-тарау. Байланыс қызметтерін көрсету ерекшеліктері 37-бап. Байланыс операторларының қызметiнде тiлдер мен әлiпбилердi пайдалану
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желiлерiнде байланыс операторларының қызметтiк iс жүргiзуi мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының шегiнде жiберiлетiн жеделхаттар мен пошта жөнелтiмдерiн жөнелтушi мен алушының мекен-жайлары жөнелтушiнiң қалауы бойынша мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде ресiмделуге тиiс.
Тармақ 3
3. Жеделхаттың мәтiнi жөнелтушiнiң қалауы бойынша мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жазылуға тиiс.
Тармақ 3-1
3-1. Ұялы байланыс операторы ақпараттық, шағын мәтіндік хабарламалардың мемлекеттік тілде және орыс тілінде берілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Байланыс желiлерi арқылы берiлетiн халықаралық хабарламалар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келiсiмдерiнде айқындалатын тiлдерде өңделедi.
Тармақ 5. 38-бап. Байланыс саласындағы есепке алу-есеп беру уақыты
5. Байланыс операторларының қызметiне қатысты ақпараттық, анықтамалық және басқа да мәлiметтер, сондай-ақ бланкiлiк өнiмнiң үлгiлерi көрсетілетін байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қолжетімді жерлерге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттiк тiлде және орыс тілінде орналастырылады. 38-бап. Байланыс саласындағы есепке алу-есеп беру уақыты
Тармақ 1
1. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жерiне қарамастан, хабарламалар мен ақпаратты берудiң немесе қабылдаудың технологиялық процестерiнде байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде уәкiлеттi орган белгiлейтiн бiрыңғай есепке алу-есеп беру уақытын қолданады.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін байланыс қызметтерін пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсету уақыты туралы хабар беру көрсетілетін байланыс қызметтерін пайдаланушының тұрған жерінде Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.
Тармақ 3. 39-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
3. Халықаралық байланыстағы есепке алу-есеп беру уақыты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады. 39-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
Тармақ 1
1. Байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Халықаралық қызметте уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының байланыс әкiмшiлiгi ретiнде өз құзыретi шегiнде халықаралық одақтар мен байланыс ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерiне өкiлдiк етедi және қорғайды.
Бап 39-1. 39-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу кезінде абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі
39-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу кезінде абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі
Тармақ 1
1. Абонент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Абонент ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірді «цифрлық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосуы қажет.
Тармақ 3
3. Абонентті сәйкестендіру оның абоненттік нөмірі бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін абонент электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланады.
Бап 39-2. 39-2-бап. Байланыс қызметтерін көрсету
39-2-бап. Байланыс қызметтерін көрсету
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтерін көрсетуді Қазақстан Республикасының резиденттері жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ғарыш аппараттарын пайдалануды, жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді (тағайындауды) көздейтін байланыс қызметтерін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының резиденттеріне және (немесе) шетелдік заңды тұлғаларға тиесілі ғарыш аппараттарын пайдаланған және олар Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары және (немесе) өкілдіктері арқылы қызметтер көрсеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ғарыш аппараттарының транспондерлік сыйымдылығын беру жөніндегі байланыс қызметтерін көрсету байланыс операторының сұрау салуы бойынша резервке қоюды қамтамасыз етумен жүзеге асырылады.
Бап 39-3. 39-3-бап. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі
39-3-бап. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі
Тармақ 1
1. Байланыс операторлары тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады және бекітеді, онда байланыс қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге және байланыс желілерінде алаяқтықты болғызбауға бағытталған іс-шаралар да қамтылуға тиіс. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 2. 10-тарау. Қорытынды ережелер
2. Байланыс операторы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі туралы ақпарат береді. 10-тарау. Қорытынды ережелер 40-бап. Байланыс операторлары мен байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Байланыс операторлары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелетiн пошта жөнелтiмдерiнiң жоғалғаны, жетiспеушiлiгi, бүлiнгенi (бұзылғаны) үшiн;
Тармақша 2
2) жеделхат мәтiнi оның мағынасы өзгеретiндей бұрмаланғаны үшiн;
Тармақша 3
3) жеделхаттың жеткiзiлмегенi немесе жеделхаттың белгiленген мерзiм өтiп кеткен соң жолданым иесiне табыс етiлгенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Mүлiктiк жауапкершiлiкте болады. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарын бұза отырып байланыс қызметтерiн көрсеткен байланыс операторлары байланыс қызметтерiн пайдаланушыға осындай бұзушылықтан болған шығындарды өтеуге мiндеттi.
Тармақ 1-1
1-1. Байланыс операторлары қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндетін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Тармақ 1-2
1-2. Байланыс операторларына қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жүйесіне абонент және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушы туралы мәліметтерді енгізбей, байланыс қызметтерін көрсетуге тыйым салынады.
Тармақ 1-3
1-3. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұруға алып келуі мүмкін меншікті байланыс желісіндегі киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын анықтайды.
Тармақ 1-4
1-4. Байланыс операторы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен байланыстың абоненттік құрылғысының Интернетке қолжетімділігін: байланыс операторы анықтаған, көрсетілетін байланыс қызметтерін тоқтата тұруға алып келуі мүмкін киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын абонент жоймаған кезде; Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығынан, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінен, киберқауіпсіздіктің жедел орталығынан аса маңызды цифрлық объектілердің жұмыс істеуін тоқтата тұруға алып келуі мүмкін киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабарлар келіп түскен кезде шектеуге міндетті.
Тармақ 1-5
1-5. Байланыс операторларының халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына электрондық казиноның, интернет-казиноның жарнамасын, сондай-ақ құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің жарнамасын қамтитын мәтіндік хабарлар жіберу бойынша қызметтер көрсетуіне тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Байланыс қызметiн пайдаланушы шарт талаптарын, жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзған, телекоммуникация желiсiнде сертификатталмаған жабдықтарды пайдаланған жағдайда, сондай-ақ байланыс қызметтерiне уақтылы ақы төлемеген жағдайда, жазбаша хабардар етiлгеннен кейiн он күн өткен соң, байланыс операторы, осы Заңның 15-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, байланыс қызметiн пайдаланушы байланыс операторының кiрiс шығындарын және жабдықтардың бүлiнуi немесе тоқтап тұруы салдарынан байланыс операторына келтiрiлген зиянды өтей отырып, кемшiлiктердi жойғанға дейiн пайдаланушының байланыс желiсiне қол жеткiзуiн Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 2-1
2-1. Абоненттер және байланыс қызметтерін пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактілерін жасыру мақсатында жасалған, желілік мекенжайларды ауыстырғаны үшін жауапты болады.
Тармақ 2-2
2-2. Абонент байланыс операторы, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі анықтаған оқыс оқиғаларды және оның абоненттік құрылғысындағы киберқауіпсіздіктің қауіп-қатерлерін жояды.
Тармақ 3. 41-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
3. Байланыс операторы хабарламаларды беру немесе қабылдап алу не пошта жөнелтiмдерiн жөнелту немесе жеткiзу жөнiндегi мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер мiндеттемелердiң осылайша орындалмауы немесе тиiсiнше орындалмауы байланыс қызметiн пайдаланушының кiнәсiнен не еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғаны дәлелденсе, жауап бермейдi. 41-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. 41-1-бап. Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын тоқтата тұру тәртібі
Тармақ 1
1. Байланыс желілері және (немесе) құралдары жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын бұзатын, экстремистік және террористік әрекетті жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін, кәмелетке толмағандарды сексуалдық қанауды және балалар порнографиясын насихаттайтын бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын, балаға қатысты кибербуллинг мақсатында, электрондық казино, интернет-казино жарнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға құқығы жоқ тұлға ұйымдастыратын және өткізетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу жарнамасын қамтитын ақпаратты тарату үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының масс-медиасы саласындағы қызметпен айналысуға құқығы жоқ тұлғаның теле-, радиобағдарламаларды және (немесе) теле-, радиоарналарды таратуы үшін пайдаланылған жағдайларда, осы баптың 1-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін уақытша тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыну енгізеді не масс-медиа саласындағы уәкілетті органға бағдарламалық қамтылым мен интернет-ресурс түріндегі ақпараттандыру объектілеріне және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау туралы талаппен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізеді.
Тармақ 1-1
1-1. Таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының масс-медиа саласындағы уәкілетті органға енгізілген заң бұзушылықты жою туралы ұсынымымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн-платформалар пайдаланыла отырып таратылған жағдайларда, масс-медиа саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша байланыс операторлары және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу бойынша дереу шаралар қабылдауға міндетті. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді.
Тармақ 1-2
1-2. Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, оның орынбасарлары немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтары не оларды алмастыратын адамдар кейіннен байланыс, масс-медиа салаларындағы уәкілетті органдарды және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, жедел-іздестіру қызметінің барлық субъектілерінің мүддесінде байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұруға құқылы. Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс, масс-медиа салаларындағы уәкілетті органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. ҚР Конституциялық Сотының 09.06.2026 № 83-НҚ нормативтік қаулысымен осы Заңының 41-1-бабының 1-2-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.
Тармақ 1-3
1-3. Заңды күшіне енген сот шешімінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізу мақсатында байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысына, байланыс қызметтерін көрсетуге, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуге тыйым салынады.
Тармақ 1-4
1-4. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 89-бабының 2-тармағында айқындалған жағдайларда, масс-медиа саласындағы уәкілетті орган қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурсқа және (немесе) интернет-алаңға қол жеткізуін шектеу туралы салық органының шешімі негізінде осындай шешімді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурсқа және (немесе) интернет-алаңға қол жеткізуін шектеу туралы нұсқама шығарады. Байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет нұсқаманы орындау бойынша дереу шаралар қабылдауға міндетті.
Тармақ 1-5
1-5. Интернет-ресурсқа және (немесе) интернет-алаңға қол жеткізуді шектеуді алып тастау Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген негіздер бойынша салық органы басшысының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша жүргізіледі. Масс-медиа саласындағы уәкілетті органның шектеуді алып тастау бойынша шаралар қабылдауы осы баптың 1-4-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 1-6
1-6. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын пайдалануға тыйым салуды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын тоқтата тұру туралы орындалуы міндетті талапты сәйкестендіру кодтарының орталық дерекқорының операторына жібереді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары және (немесе) масс-медиа саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды алған кезден бастап бір сағат ішінде байланыс операторларына, онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке оны орындау бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама жібереді.
Тармақ 3
3. Байланыс операторлары, онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет:
Тармақша 1
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, масс-медиа құралдары саласындағы уәкілетті органнан және (немесе) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген ұсынуды немесе шешімді орындау жөнінде шаралар қолдану туралы нұсқаманы алғаннан кейін оны байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру жолымен екі сағаттан аспайтын уақыт ішінде орындауға міндетті;
Тармақша 2
2) байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланатын адамды анықтауда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетеді.
Тармақ 3-1
3-1. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз құзыреті шегінде осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген ақпаратты таратқан адамды анықтау және жауаптылыққа тарту бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау және қылмыстық-процестік шараларын қабылдайды. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты таратқан адамның мекенжайына хабарламаны алған кезден бастап алты сағат ішінде оны жою бойынша шаралар қабылдау талап етілген хабарлама жібереді.
Тармақ 4
4. Егер, байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын, балаға қатысты кибербуллинг мақсатында ақпарат тарату үшін пайдаланған адам оны алып тастаған жағдайда, онда ол бұл туралы масс-медиа саласындағы уәкілетті органға хабарлама жібереді.
Тармақ 5
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан және оның анықтығын тексергеннен кейін масс-медиа саласындағы уәкілетті орган байланыс операторларына және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманың күшін жою және масс-медиа саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау туралы тапсырма береді.
Тармақ 6
6. Байланыс операторлары және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет масс-медиа саласындағы уәкілетті органнан осы баптың 5-тармағында көрсетілген тапсырманы алғаннан кейін оны дереу орындауға міндетті.
Тармақ 7. 42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы
7. Масс-медиа саласындағы уәкілеттті орган, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, байланыс операторлары, онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және мемлекеттік техникалық қызмет байланыс желілерінің және (немесе) байланыс құралдарының жұмысын тоқтата тұрудың, сондай-ақ интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұрудың осы бапта айқындалған тәртібін орындамағандары үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады. 42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы
Тармақ 1
1. Осы Заң, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 26-бабының 3-тармағын, 5-тармағының 2) тармақшасын және 6-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 2
2. "Байланыс туралы" 1999 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 12, 396-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 10-құжат) күшi жойылды деп танылсын.