О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам деятельности кредитных бюро и формирования кредитных историй Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарифты қалыптастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; 2004 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне дәрілік заттар айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
Тармақша 1
1) 158-бапта:
тақырыпта "немесе банк құпиясын" деген сөздер ", банк құпиясын, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацта "немесе банк құпиясы" деген сөздер "құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертудің 1-тармағында "немесе банк құпиясы" деген сөздер "құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) мынадай мазмұндағы 167-1-баппен толықтырылсын:
Бап 167-1. "167-1-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар
және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы
заңдарының талаптарын бұзу
"167-1-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар
және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы
заңдарының талаптарын бұзу
Тармақ 1
1. Кредиттік бюроның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзуы -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тармақ 2
2. Ақпарат берушінің кредиттік тарихтың субъектісі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға беруі және (немесе) кредиттік есепті алушының ақпарат субъектісінің келісімінсіз кредиттік есепті беру туралы сауал беруі, сондай-ақ оны қате ресімдеу -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тармақ 3
3. Ақпарат берушінің кредиттік тарих субъектісінен алған ақпаратты бұрмалауы -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерге айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
Тармақша 3
3) 541-баптың бірінші бөлігі "163," деген цифрдан кейін "167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) 573-баптың бірінші бөлігі "158-1," деген цифрдан кейін "167-1 (бірінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 5
5) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма төртінші абзацы "158," деген цифрдан кейін "167-1 (екінші және үшінші бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат):
Тармақша 1
1) 10-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 11
"11) кредиттік бюроның қызметі.";
Тармақша 2
2) 15-бап мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
"Кредиттік бюроға лицензия беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарында айқындалады.".
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар):
Тармақша 1
1) 34-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 1-1
"1-1. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кредиттік бюролардың деректер базасына қарыз алушы және жасалатын мәміле (қарыз операциясы) туралы мәліметтер, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпарат беруіне қарыз алушының жазбаша келісімінің болуы қарыз беру туралы шарт жасаудың міндетті талабы болып табылады.";
Тармақша 2
2) 50-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігінде "үшінші адамға" деген сөздер "кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес берілген қарыздар бойынша кредиттік бюроға," деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың д) тармақшасындағы "прокурордың санкциясымен" деген сөздер алып тасталсын.