О кредитных бюро и формировании кредитных историй в Республике Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) ақпарат беру туралы шарт- осы Заңда көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен ақпарат беруші арасында жасалатын шарт;
Тармақша 3
3) ақпарат беруші - кредиттік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) ақпарат берушінің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметі - ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерінен алынған мәліметтерді ресімдеу (өңдеу), сақтау және кредиттік бюроларға беру жөніндегі іс-әрекеттері;
Тармақша 5
5) жазбаша нұсқама – уәкілетті органның кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданатын ықпал ету шарасы;
Тармақша 6
6) кредиттік бюро - кредиттік тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер беруді және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 7
7) кредиттік есеп - кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;
Тармақша 8
8) кредиттік есептерді алу туралы шарт - осы Заңмен көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен кредиттік есептерді алушы арасында жасалатын шарт;
Тармақша 9
9) кредиттік есепті алушы - кредиттік есепті алуға құқығы бар тұлға;
Тармақша 10
10) кредиттік есепті беру - кредиттік бюроның кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты беру жөніндегі қызметі;
Тармақша 10-1
10-1) кредиттік скоринг – сапа мен сан сипаттамаларына негізделген математикалық және (немесе) статистикалық модельдің көмегімен есептелетін, кредиттік тарих субъектісінің кредит өтеу қабілетін және қарыз шарттары бойынша міндеттемелерін орындау ықтималдығын, күтілетін кредиттік шығасыларды бағалау;
Тармақша 11
11) кредиттік тарих - кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат жиынтығы;
Тармақша 12
12) кредиттік тарих субъектісі - өздеріне қатысты кредиттік тарих қалыптастырылатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 13
13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге арналған рұқсаты не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге арналған рұқсаты;
Тармақша 13-1
13-1) кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісуі – кредиттік тарих субъектісін шет мемлекеттің заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіруді қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделетін, осы кредиттік тарих субъектісінің шет мемлекеттің уәкілетті ұйымдарына өзі туралы ақпаратты беруге және (немесе) шет мемлекеттің уәкілетті ұйымдарынан өзі туралы ақпаратты алуға рұқсаты. Келісімге кредиттік тарих субъектісі өз қолымен немесе шет мемлекеттің заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қолымен қойылған қолтаңбаға теңестірілген өзге де тәсілмен қол қоюға тиіс;
Тармақша 13-2
13-2) кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) – кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын, кредиттік тарихтар субъектілеріне қатысты электрондық нысандағы және қағаз жеткізгіштегі мәліметтер;
Тармақша 13-3
13-3) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат – заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің бар екендігі туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот деп танылғаны туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;
Тармақша 13-4
13-4) кредиттік тарихтарды мониторингтеу – кредиттік тарихтар дерекқорында, өзге де ақпараттық жүйелерде бар ақпарат пен мәліметтердің негізінде кредиттік бюролар жүзеге асыратын кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихының өзгерістерін талдау, сондай-ақ кредиттік тарих субъектісіне және (немесе) кредиттік есептерді алушыларға анықталған өзгерістер туралы ақпарат беру;
Тармақша 14
14) кредиттік тарихты қалыптастыру - кредиттік бюро осы Заңға сәйкес ақпарат берушілерден алған ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, құпиялылығын қамтамасыз ету, мониторинг жасау, нақтылау және жаңарту жөніндегі іс-әрекет немесе іс-әрекеттер жиынтығы;
Тармақша 15
15) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары - кредиттік тарих субъектілері, ақпарат берушілер, кредиттік бюролар, кредиттік есептерді алушылар;
Тармақша 16
16) кредиттік тарихтың деректер базасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпараттық процестерге негізделген кредиттік бюроның
цифрлық ресурстары;
Тармақша 16-1
16-1) кредиттік тарихты пайдаланушы – осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат беруші, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында тіркелген, кредиттік қатынастарды ресімдеу және (немесе) ресімделген кредиттік қатынастарды мониторингтеу мақсатында трансшекаралық алмасу үшін кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған заңды тұлға;
Тармақша 16-2
16-2) нақты уақыт режимі – әрекет дереу, бірақ бір сағаттан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс уақыт кезеңі;
Тармақша 16-3
16-3) өтініш беруші – кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен үй-жайларды қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – рұқсат) алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар ұсынған заңды тұлға;
Тармақша 16-4
16-4) проактивті режимдегі көрсетілетін қызметтер – кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектілерін банктік қарыз және (немесе) микрокредит беру туралы, сондай-ақ осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда хабардар ету бойынша көрсететін қызметтері;
Тармақша 16-5
16-5) трансшекаралық алмасу – тиісті халықаралық шарт және трансшекаралық алмасу туралы шарт негізінде шет мемлекеттің уәкілетті ұйымдарымен және кредиттік бюролармен кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер алмасу;
Тармақша 16-6
16-6) трансшекаралық алмасу туралы шарт – трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру талаптарын, трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен талаптарын айқындайтын шарт;»;
Тармақша 17
17) уәкілетті орган -
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 17-1
17-1) уәкілетті ұйым – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес кредиттік тарихты жинауды, өңдеуді, сақтауды және кредиттік есептерді ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 18
18) шартты және ықтимал міндеттемелер - өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер, вексельдер және кепілдемелер.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Осы Заң кредиттiк тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру, кредиттiк бюроларды құру, олардың жұмыс iстеуi және қызметiн тоқтатуы, ақпарат берушiлердiң кредиттiк тарихтың деректер базасын құру мен қорғауға қатысу жөнiндегi қызметін жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерi қолданылатын салаға жататын қатынастар осы Заңда реттелмеген қатынастар бөлігінде сол актілермен реттеледi.
Тармақ 2-1
2-1.
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын кредиттік бюроларға және» өзге заңды тұлғаларға осы Заңның және уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шектерде қолданылады.
Тармақ 2-2
2-2. Осы Заңның банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 2-1. 2-1-бап. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
2-1-бап. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Кредиттік бюролар қызметінің және кредиттік тарихты қалыптастырудың құқықтық негіздерін белгілеу кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) кредиттік тарихтар дерекқорындағы ақпараттың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) кредиттік тарихтар дерекқорын қорғау және оның сақталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
Тармақша 1
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
Тармақша 2
2) кредиттік бюролар қызметінің ашықтығы;
Тармақша 3
3) кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің жауапкершілігі.
Бап 3. 3-бап. Кредиттік тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану принциптері
3-бап. Кредиттік тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану принциптері
Кредиттiк тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану мына принциптер ескерiле отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімінің не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімінің болуы;
Тармақша 2
2) барлық кредиттiк тарих субъектілерiнiң теңдігі;
Тармақша 3
3) ақпаратты, кредиттiк тарихтың деректер базасын және
цифрлық жүйені мақсатты пайдалану;
Тармақша 4
4) ақпараттың құпиялылығы;
Тармақша 5
5) кредиттiк тарихтың деректер базасын және тиiстi ақпараттық жүйелердi қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмауы, азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
Тармақша 7
7) кредиттік тарихтың деректер базасын қалыптастырудың дұрыстығы мен өзектілігі.
Тарау 2. 2-тарау. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау
2-тарау. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау
Бап 4. 4-бап. Кредиттік бюролардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды, ақпарат берушiлер мен кредиттік есептерді алушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
4-бап. Кредиттік бюролардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды, ақпарат берушiлер мен кредиттік есептерді алушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Тармақ 1
1. Кредиттік бюролардың қызметін және кредиттік тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Осы мақсатта уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде кредиттік бюролардан өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы, бұл ретте, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәліметтер жариялауға жатпайды.
Уәкілетті орган кредиттік тарихтың дерекқорындағы ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат ұсынуға құқылы.
Уәкілетті органның қызметкерлері өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсаттар беру;
Тармақша 2-1
2-1) трансшекаралық алмасу туралы шарттың жобасын келісу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының сақталу мәселелерi бойынша кредиттік бюролар қызметiне тексерулер жүргiзу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы кредиттiк бюроларға,
коллекторлық агенттіктерге, сондай-ақ белгіленген мерзімдерде ақпарат берілмеген жағдайда жазбаша ұйғарымдар жiберу;
Тармақша 5
5) кредиттiк бюроларға және олардың лауазымды адамдарына санкциялар қолдану;
Тармақша 6
6) кредиттiк бюролардың қызметiне, соның iшiнде кредиттiк тарихты қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;
Тармақша 7
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 5. 5-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жөніндегі өкiлеттiктерi
5-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жөніндегі өкiлеттiктерi
Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң
шарттары мен ең төмен талаптарын айқындайды
(осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушiлер үшiн);
Тармақша 1-1
1-1) ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін мәліметтердің
тізбесін айқындайды
(осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) және 3-3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін);
Тармақша 2
2) кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімді ресімдеу
тәртібін айқындайды;
Тармақша 3
3) кредиттiк есептi берудiң
шарттары мен тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 3-1
3-1) кредиттік бюроның кредиттік скорингті есептеу
шарттары мен тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 4
4) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсат беру
шарттары мен тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) кредиттік бюролардың, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің және осы Заңның 20-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде
цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы, сондай-ақ кредиттік бюролардың осы Заңның 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ақпаратты өзге берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қойылатын
талаптарды айқындайды.
7) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттік бюролардың қызметін реттеу және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы, кредиттік бюролардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады.
Тарау 3. 3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру және тоқтату
3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру және тоқтату
Бап 6. 6-бап. Кредиттiк бюролар
6-бап. Кредиттiк бюролар
Тармақ 1
1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, кредиттік бюролар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар болып табылады.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі жалғыз мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады.
Тармақ 2
2. Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 317 Заңымен.
Тармақ 3
3. Рұқсатты уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді.
Мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметі уәкілетті органның рұқсат беру рәсіміне жатпайды.
Тармақ 4
4. Кредиттік бюроның атауында "кредиттік бюро" деген сөздер немесе солардан туындайтын сөздер болуға тиіс.
Бап 7. 7-бап. Кредиттік бюролар жүзеге асыратын қызмет түрлерi
7-бап. Кредиттік бюролар жүзеге асыратын қызмет түрлерi
Тармақ 1
1. Кредиттiк бюролар қызметiнiң негiзгi түрлері кредиттік тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру болып табылады.
Тармақ 2
2. Кредиттік бюро қызметінің қосымша түрлеріне:
Тармақша 1
1) кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды ұсыну бойынша қызметтер көрсету;
Тармақша 2
2) кредиттiк бюроның қызметiне қатысты арнаулы әдебиеттi және өзге де ақпараттық материалдарды өткiзу;
Тармақша 3
3) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты консультациялық қызметтер көрсету;
Тармақша 4
4) кредиттік тарих субъектілерінің кредиттік скорингін есептеу, кредиттік тарихтарды мониторингтеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
Тармақша 4-1
4-1) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметі (банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат болған кезде);
Тармақша 5
5) маркетингтік, статистикалық және талдамалық зерттеулер;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 7
7) кредиттік тарих субъектілерін кредиттік есепті сұратқан кредиттік есептерді алушылар, кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихын нақты уақыт режимінде өзгерту туралы хабардар ету жөніндегі қызметтер;
Тармақша 8
8) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді жеке тұлғаның банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуын нақты уақыт режимінде белгілегені не алып тастағаны туралы хабардар ету жөніндегі
қызметтер;
Тармақша 8-1
8-1) кредиттік тарих субъектісі жеке тұлғаның осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған екі және одан көп ақпарат берушілерге мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын (тұтынушылық микрокредит беру туралы шартты) жасасуға өтініштер бергені туралы осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілерді нақты уақыт режимінде хабардар ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 9
9) проактивті режимде қызметтер көрсету;
Тармақша 10
10) кредиттік бюроның интернет-ресурсында маркетингтік, статистикалық және талдамалық зерттеулерді жариялау жатады.
Тармақ 2-1
2-1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру жөніндегі дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 2-2
2-2. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро үшін кредиттік скорингті есептеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну негізгі қызмет түріне жатады және міндетті болып табылады. Осы баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасында көзделген қызметті мемлекет қатысатын кредиттік бюроның жүзеге асыруына жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Кредиттiк бюролар осы бапта көзделмеген кәсіпкерлік қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы емес.
Тармақ 4
4. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро кредиттік тарих субъектілеріне қарыз және (немесе) микрокредит беру туралы, сондай-ақ осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда және (немесе) бірыңғай сақтандыру дерекқоры субъектілеріне «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 6-тармағының 5) тармақшасында белгіленген жағдайларда хабарламаны 1414 бірыңғай нөмірімен қысқа мәтіндік хабар арқылы өтеусіз жіберуге құқылы.
Бап 7-1. 7-1-бап. Кредиттік скоринг
7-1-бап. Кредиттік скоринг
Тармақ 1
1. Кредиттік скорингті кредиттік бюро немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер дербес есептейді.
Кредиттік бюро кредиттік скорингті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес кредиттік бюро кредиттік скорингті есептеу туралы тиісті келісімдер жасасқан заңды тұлғалардың деректерін пайдалана отырып есептеуге құқылы.
Кредиттік бюро есептеген кредиттік скоринг туралы ақпаратты беру тәртібін кредиттік бюро дербес айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік бюроның кредиттік скорингін және (немесе) өзі дербес есептеген кредиттік скорингтерді пайдалана отырып, кредиттік тарих субъектісінің кредит өтеу қабілетін бағалауды жүргізеді.
Кредиттік бюролар мен осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектілеріне және өзге де үшінші тұлғаларға кредиттік скорингті есептеудің, кредиттік скорингтерді ескере отырып, тәуекелдерді бағалаудың өз әдістемелерін ашуға міндетті емес.
Тармақ 3
3. Кредиттік тарих субъектілері – жеке тұлғалар кредиттік скорингті қарыздар, микрокредиттер алғанға дейін және кредиттік тәуекелі бар қаржылық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алғанға дейін өзінің кредит өтеу қабілетінің деңгейін айқындау мақсатында пайдаланады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау, қаржы жүйесінің тұрақтылығын және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін мемлекет қатысатын кредиттік бюродан кредиттік скоринг туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
Бап 8. 8-бап. Кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттiк бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптар
8-бап. Кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттiк бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптар
Кредиттiк бюролар өз қызметiнде мынадай ұйымдастыру, техникалық шаралардың және технологиялық талаптардың:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауiпсiз орналастыру мен пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
Тармақша 2
2) кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыруға арналған ақпараттық жүйелердi және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдану;
Тармақша 3
3) ақпарат берушiлермен және кредиттік есептердi алушылармен жасалатын шарттарда кредиттiк тарихтың деректер базасын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асырудың мiндеттілiгi туралы талаптардың болуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 8-1. 8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі
8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі
Тармақ 1
1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден:
Тармақша 1
1) рұқсат алудан;
Тармақша 2
2) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізуден тұрады.
Тармақ 2
2. Рұқсат алу осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу үшін кредиттік бюро мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы:
Тармақша 1
1) осы Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің біреуімен ақпарат беру туралы шарт жасасу;
Тармақша 2
2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыруы;
Тармақша 3
3) өзімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуі қажет.
Тармақ 4
4. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
Тармақ 5
5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
Бап 9. 9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдері
9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдері
Тармақ 1
1. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) рұқсат беру туралы өтінішті;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсынуға міндетті.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган рұқсат беру туралы өтінішті осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы құжатты алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Кредиттік бюро рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етеді.
Тармақ 5. 10-бaп Рұқсат беруден бас тарту
5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
10-бaп Рұқсат беруден бас тарту
Рұқсат беруден бас тарту:
Тармақша 1
1) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған белгілі бір қызмет түрі жүзеге асырылған;
Тармақша 2
2) осы Заңның 8-бабында көзделген және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар сақталмаған;
Тармақша 3
3) егер өтініш берушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болған;
Тармақша 4
4) кредиттік бюро уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, кредиттік тарих дерекқорын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтылымды қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды орындамаған жағдайларда жүргізіледі.
Бап 11. 11-бап. Жазбаша ұйғарым және санкциялар
11-бап. Жазбаша ұйғарым және санкциялар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, коллекторлық агенттікке жазбаша нұсқама жiберуге құқылы.
Кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдауға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігіне берілетін нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Тармақ 1-2
1-2. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 1-3
1-3. Кредиттік бюро, коллекторлық агенттік уәкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың осы жазбаша нұсқамада көзделген мерзімде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Уәкiлетті орган санкция ретінде:
Тармақша 1
1) әкiмшілік айыппұл салу;
Тармақша 2
2) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы;
Тармақша 3
3) Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 317 Заңымен.
Тармақ 3
3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым Қазақтан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзған жағдайда, уәкілетті орган «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақтан Республикасының Заңына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолданады.
Бап 12. 12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру
12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру
Тармақ 1
1. Рұқсаттың қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша:
Тармақша 1
1) осы Заңның 8-бабында белгіленген талаптар сақталмаса;
Тармақша 2
2) рұқсат беруге негіз болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуі анықталса;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамасы орындалмаса, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
Тармақ 2
2. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөніндегі қызметті қоспағанда, оның қызметін жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.
Тармақ 3
3. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру негіздері мен мерзімі көрсетілуге тиіс.
Мұндай шешім кредиттік бюроның атқарушы органының назарына жеткізілген күннен бастап рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрады деп есептеледі.
Бап 13. 13-бап. Рұқсаттан айыру
13-бап. Рұқсаттан айыру
Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған себеп жойылмаса;
Тармақша 2
2) рұқсаттың қолданылуы соңғы он екі ай ішінде бірнеше мәрте (екі және одан да көп рет) тоқтатыла тұрса;
Тармақша 3
3) кредиттік бюроға жүзеге асыруға рұқсаты бар қызмет түрiмен айналысуына сот тыйым салса;
Тармақша 4
4) кредиттік бюроның кәсіпкерлік қызметі тоқтатылса;
Тармақша 5
5) рұқсат алған кезде кредиттік бюро көрінеу жалған ақпарат берсе, кредиттік бюроны рұқсаттан айыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Соттың рұқсаттан айыру туралы шешім қабылдауы кредиттік бюроны таратуға алып келеді.
Бап 14. 14-бап. Кредиттiк бюроның құжаттары мен ақпаратын сақтау
14-бап. Кредиттiк бюроның құжаттары мен ақпаратын сақтау
Тармақ 1
1. Кредиттік бюроның құжаттары мен ақпаратын, соның ішінде, кредиттік тарихтың деректер базасына енгiзiлетiн құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртiбiн кредиттiк бюро айқындайды.
Тармақ 2
2. Кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісіне қатысты ақпараттың сақталуын ол туралы соңғы ақпарат алынған күннен кейін бес жыл бойы қамтамасыз етеді.
Бап 15. 15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату
15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату
Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Кредиттік бюроны қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы қосылу, бірігу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады. Кредиттік бюро бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы рұқсаты болған құқық мирасқорына немесе тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады.
Кредиттік бюроны тарату кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы басқа кредиттік бюроға өтеулі негізде берілуге тиіс.
Кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасында қамтылған ақпараттың құпиялылығын сақтауға қайта ұйымдастыру кезінде – кредиттік бюро мен оның құқық мирасқоры, тарату кезінде – сот немесе мүліктің меншік иесі тағайындаған тарату комиссиясы жауаптылықта болады.
Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасын алуға құқық мирасқорының немесе басқа кредиттік бюролардың мүдделілігі болмаған жағдайда, ол мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтеусіз негізде берілуге жатады.
Тарау 4. 4-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Бап 16. 16-бап. Кредиттiк бюроның құқықтары
16-бап. Кредиттiк бюроның құқықтары
Кредиттiк бюро:
Тармақша 1
1) ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттік есептерді алушылармен кредиттік есептерді алу туралы шарттар жасасуға;
Тармақша 2
2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны және (немесе) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін алғаны туралы растауды ұсынуды, сондай-ақ кредиттік тарихты қалыптастыратын толық әрi анық ақпаратты талап етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;
Тармақша 3-1
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттік бюродан ақпаратты алуға құқығы бар тұлғаларға кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты немесе кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты жария етпестен, кредиттік бюроның деректер базасында субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты ұсынуға;
Тармақша 3-2
3-2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға осы Заңның
17-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында
көзделген жағдайда, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасында қамтылатын ақпаратты кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз беруге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтары болуға құқылы.
Бап 17. 17-бап. Кредиттiк бюроның міндеттері
17-бап. Кредиттiк бюроның міндеттері
Тармақ 1
1. Кредиттік бюро:
Тармақша 1
1) кредиттiк тарихтарды қалыптастыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң келiсімін алғаны туралы растау болған кезде кредиттiк есептердi ұсынуға;
Тармақша 3
3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттiк тарихтарда қамтылған ақпаратты, оның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты ашуға жол бермеуге;
Тармақша 4
4) кредиттік бюро қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан алушыға ұсынылған кредиттік есепте ақпарат берушілер кредиттік бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат қамтылған жағдайда, көрсетілген сәйкессіздік анықталған кезден бастап күнтізбелік бес күн ішінде кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсынуға міндетті.
Кредиттік бюро берген кредиттік есептің сәйкес келмеу фактісін ақпарат берушінің растауы қажет болған жағдайда, кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсыну мерзімін есептеу кредиттік бюро ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған кезден бастап жүзеге асырылады;
Тармақша 5
5) кредиттiк тарих субъектісінің өтiнiшi бойынша оған кредиттiк тарих субъектiсi даулап отырған ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтердi ұсынуға;
Тармақша 6
6) егер кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптар бұзыла отырып жасалған болса, кредиттік есептi ұсынудан бас тартуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсынуға;
Тармақша 8
8) тиiстi негіздер болған кезде, қайта ресiмдеуге немесе нақтылауға тиiс, келіп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушiге өтiнiш жасауға;
Тармақша 9
9) осы Заңның 19-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде және 24-бабы 5-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген, тиісті субъектінің кредиттік тарихына нақты уақыт режимінде енгізілуге тиіс ақпаратты қоспағанда, ақпарат берушіден ақпаратты алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті субъектінің кредиттік тарихына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
9-1) кредиттік тарих субъектісі жеке тұлғаның осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған екі және одан көп ақпарат берушіге мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын (тұтынушылық микрокредит беру туралы шартты) жасасуға өтініштерді бір сағат ішінде бергені туралы ақпаратты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де ақпаратты нақты уақыт режимінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығына беруге;
Тармақша 10
10) кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорында сақталатын ақпараттың анықтығын тексеру үшін мемлекет қатысатын қредиттік бюроға өтініш жасауға, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорында сақталатын мәліметтерге сәйкес келмейтін ақпаратқа қатысты түзетулер енгізуге міндетті. Мемлекет қатысатын қредиттік бюроға өтініш жасау, кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорына түзетулерді енгізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді;
Тармақша 10-1
10-1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден және осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4-2), 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардан өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде
цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтауды талап етуге;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
цифрлық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi пайдалануға;
Тармақша 12
12) негізгі қызмет түрі бойынша топты құрайтын барлық ақпарат берушілер мен кредиттік есептерді алушылардың теңдігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарда белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндетті.
Тармақ 2
2. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро осы баптың 1-тармағында көрсетілген міндеттерден басқа:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша кредиттік скоринг туралы ақпаратты және кредиттік скорингті есептеумен байланысты өзге мәліметтерді де беруге міндетті, бұл ретте алынған мәліметтер жария етуге жатпайды;
Тармақша 2
2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, банктік қарыз шарттарын, микрокредит беру туралы шарттарды жасасу күніне кредит бойынша номиналды және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпаратты уәкілетті органға беруге міндетті.
Бап 18. 18-бап. Ақпарат берушілер
18-бап. Ақпарат берушілер
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 1-1
1-1) коллекторлық агенттіктер, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1-тармағында және (немесе) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғамен немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын сервистік компаниялар (бұдан әрі – сервистік компаниялар), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша құқықтар (талаптар) берілген өзге де тұлғалар;
Тармақша 2
2) жүйелендiрiлген белгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, тауарларды және көрсетілетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
Тармақша 3-1
3-1) коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері;
Тармақша 3-2
3-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 3-3
3-3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, жеке тұлғаларға қарыздар (кредиттер) және (немесе) микрокредиттер берген және солар бойынша құқықтары (талаптары) тоқтатылмаған ұйымдар;
Тармақша 4
4) ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде өзге де тұлғалар ақпарат берушiлер болып табылады.
Тармақ 2
2. Уәкілеттi органның кредиттiк бюролардың қызметi және кредиттік тарихты қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілерi ақпарат берушілер ретiнде олардың кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысуы жөнiндегi қызметіне қатысты бөлiгiне ақпарат берушілердiң орындауы үшiн міндетті.
Бап 19. 19-бап. Ақпарат берушінің құқықтары мен міндеттері
19-бап. Ақпарат берушінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Ақпарат берушi:
Тармақша 1
1) берiлетiн ақпараттың осы Заңға сәйкес пайдаланылуын кредиттік бюролардан талап етуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заң актілерiне және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарға сәйкес өзге де құқықтары
болуға;
Тармақша 3
3) бұрын өзі берген ақпаратты кредиттік бюродан алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер:
Тармақша 1
1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
68-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттік тарих субъектiсiнiң өзi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға беруге келісiмін алуға;
Тармақша 2
2) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға;
Тармақша 3
3) осы Заңда және ақпарат беру туралы шартта айқындалған талаптарда, көлемде және тәртіппен кредиттік бюроларға ақпарат беруге;
Тармақша 4
4) кредиттік бюроларға берiлген ақпаратты кредиттiк тарих субъектісінің талап ету бойынша түзетуге;
Тармақша 5
5) ақпарат беру туралы шарт жасалған кредиттік бюроларға кредиттік тарих субъектісі туралы бар мәлiметтермен дәлме-дәл сәйкес ақпарат беруге;
Тармақша 6
6)
цифрлық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;
Тармақша 7
7) кредиттiк ақпаратты алу мен өңдеудiң тиiсiнше шарттарын өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен кредиттік бюроға:
осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) (кредиттік серіктестіктерді қоспағанда), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты берушілер үшін – осы Заңның 24-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3-2) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген, кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлға туралы бір жұмыс күні ішінде;
осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін – кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
коллекторлық агенттіктер мен осы Заңның 18-бабы 1-тармағының
2) және 3-1) тармақшаларда көрсетілген ақпарат берушілер үшін – кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде
ақпарат беруге
міндетті.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен кредиттік бюроға нақты уақыт режимінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шарттары (тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттар) бойынша кредиттік тарих субъектісі жеке тұлға туралы ақпарат беруге міндетті, онда:
жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі, өтініштің сәйкестендіргіші, банктік қарыздың (микрокредиттің) сомасы көрсетіле отырып, шарт жасасуға өтініш беру күні мен уақыты;
осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген өтінішті мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту күні мен уақыты, осындай өтініштің сәйкестендіргіші, осындай өтініш бойынша мақұлданған банктік қарыздың (микрокредиттің) және ол бойынша мерзімді төлемнің сомасы;
осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген өтініш бойынша банктік қарызды (микрокредитті) беру күні мен уақыты, осындай өтініштің сәйкестендіргіші, осындай өтініш бойынша берілген банктік қарыздың (микрокредиттің) және ол бойынша мерзімді төлемнің сомасы қамтылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсатында жасалған және қарыз сомасын тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) тікелей банктік шотына аударуды көздейтін тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) беруге арналған өтініштерді қоспағанда, бұрын жасалған, талаптарында өтініш негізінде ақшаны толық көлемде немесе бөліп-бөліп беру көзделген шарт шеңберінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) сомасын ұлғайтуға арналған өтінішке не тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) беруге арналған өтінішке қолданылады.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген
цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.
Тармақ 2-1
2-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер:
Тармақша 1
1) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен және өзге де кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарттар жасасуға;
Тармақша 2
2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және
8) тармақшаларындағы талаптарды орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген ақпарат берушілер:
Тармақша 1
1) өздерi кредиттiк бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасқан жағдайда осы Заңда белгiленген, өзге де ақпарат берушiлерге қойылатын талаптарды сақтауға тиiс;
Тармақша 2
Тармақ 4
4. Кредиттік бюроларға кредиттік бюролар жүйесіне өздерінің бұған дейін қатысуына әкеп соққан қызметті жүзеге асырмайтын ақпарат берушілер кредиттік бюролардың деректер базаларына бұрын берілген барлық субъектілер бойынша ақпаратты көрсетілген субъектілермен шарттық қарым-қатынастар тоқтатылғанға дейін жаңартып отыруға міндетті.
Тармақ 5
5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және
4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы шарттарда айқындалған, өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде
цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.
Бап 20. 20-бап. Кредиттік есептерді алушылар
20-бап. Кредиттік есептерді алушылар
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар,
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, коллекторлық агенттіктер, сервистік компаниялар, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;
Тармақша 2
2) жүйелендірілген белгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке еткізетін не төлемдердің мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де тұлғалар, сондай-ақ уәкілетті органның кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімін ресімдеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісіне сәйкес алынған кредиттік тарих субъектісінің келісімі негізінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тұлғалар;
Тармақша 4
4) кредиттік тарих субъектісі;
Тармақша 4-1
4-1) пайдасына банк кепілдігі немесе кепілдеме берілген тұлға;
Тармақша 4-2
4-2) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитентінің кредиттік есебіне қатысты облигацияларды ұстаушылардың өкілі;
Тармақша 4-3
4-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган, қаржы басқарушысы;
Тармақша 4-4
4-4) банк омбудсманы;
Тармақша 4-5
4-5) микроқаржы омбудсманы;
Тармақша 4-6
4-6) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 5
5)
уәкілетті орган;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредиттік есептерді алушылар болып табылады.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар тек өздері туралы кредиттік есеп алуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасында аталған кредиттiк есептi алушылар өздерiнің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы ғана кредиттiк есепті алуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-2) тармақшасында аталған кредиттік есепті алушылар облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитенті туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған, сондай-ақ өзі соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берген Қазақстан Республикасының азаматы туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-6) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар уәкілетті органмен келісу бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша коллекторлық және микроқаржы ұйымдарының алдында берешегі бар, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалар бойынша ғана кредиттік есептен мәліметтер алуға құқылы.
Осы тармақтың алтыншы бөлігінің ережесі жеке тұлғаның кредиттік тарихын қалыптастыру үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар кредиттік бюроларға ұсынатын мәліметтерге қолданылмайды.
Кредиттік есептерді осы тармақта көрсетілмеген тұлғаларға беруге жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4-2), 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік есептерді алу туралы шарт жасасқаннан кейін кредиттік есептерді алушылар ретінде кредиттік бюрода тіркелуге тиіс.
Бап 21. 21-бап. Кредиттік есептi алушының құқықтары мен міндеттері
21-бап. Кредиттік есептi алушының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Кредиттiк есептi алушы:
Тармақша 1
1) кредиттiк есептi алуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де құқықтары болуға құқылы.
Тармақ 2
2. Кредиттік тарих субъектісі, осы Заңның 17-бабының 4) тармақшасында көзделген, субъектіге түзетілген кредиттік есеп берілетін жағдайды қоспағанда, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы.
Тармақ 2-1
2-1. Кредиттік тарих субъектісі – жеке тұлға кредиттік бюро айқындайтын тәртіппен кредиттік бюродан өзінің кредиттік скорингі туралы ақпаратты өтеусіз алуға құқылы.
Тармақ 2-2
2-2. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) тармақшасында аталған кредиттік есепті алушылар кредиттік есептерді тегін алады.
Тармақ 3
3. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетiлген кредиттiк есептi алушылар:
Тармақша 1
1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсi туралы кредиттiк есептi алуға оның келiсiмiн алғандығы туралы растауды кредиттік бюроға табыс етуге;
Тармақша 2
2) кредиттiк есептi алушы ретiнде тiркелген кезде оларға табыс етiлген мәлiметтердiң өзгергенi туралы хабарлауға;
Тармақша 3
3) кредиттік есепке қатысты құпиялылықты сақтауға және ондағы ақпаратты үшiншi тұлғаларға жария етпеуге;
Тармақша 4
4) кредиттiк есептегi ақпаратты осы Заңның 26-бабында көзделген мақсаттар үшiн ғана пайдалануға;
Тармақша 5
5) кредиттiк тарих субъектiсiнің талабы бойынша оны кредиттiк есептiң мазмұнымен таныстыруға не оған кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес кредиттiк есептiң көшiрмесiн беруге;
Тармақша 6
6) кредиттiк бюроның кредиттiк есептi беру жөнiнде көрсететiн қызметiне ақы төлеуге;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есепті алушылар:
Тармақша 1
1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есепті алуға оның келісімін алғаны туралы растауды кредиттік бюроға ұсынуға;
Тармақша 2
2) кредиттік есепті алушы ретінде тіркелу кезінде өзі ұсынған мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға;
Тармақша 3
3) кредиттік есепке қатысты құпиялылықты сақтауға және ондағы ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
Тармақша 4
4) кредиттік есепте қамтылған ақпаратты «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-29-бабында көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
Бап 22. 22-бап. Кредиттiк тарих субъектiсiнің құқықтары
22-бап. Кредиттiк тарих субъектiсiнің құқықтары
Кредиттiк тарих субъектiсi:
Тармақша 1
1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, ақпарат беруші ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроларға ақпарат берушiге кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн өзi жайында мәлiметтер табыс ету туралы келiсiм беруге;
Тармақша 2
2) кредиттiк есептi алушыға өзi туралы кредиттiк есептi алуына келiсiм беруге;
Тармақша 3
3) кредиттiк бюроға өзi туралы ақпарат түскен кезден бастап, осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес өзi туралы кредиттiк есептi алуға;
Тармақша 4
4) кредиттiк есептi алушыдан кредит алуға оның өтінiмiн қараған кезде кредиттiк есеппен таныстыруды не алушы кредиттiк бюродан алған кредиттiк есептiң көшiрмесiн кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес берудi талап етуге;
Тармақша 5
5) кредиттiк есептегi ақпаратпен, беруші туралы ақпарат алу мүмкiндiгiмен келiспеушілiктi мәлiмдеуге;
Тармақша 6
6) алушыға берiлген кредиттiк есепте кредиттiк бюро қызметкерлерінің әрекетi немесе әрекетсiздiгі салдарынан ақпарат берушiлер кредиттiк бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтiн ақпарат болса, кредиттiк бюролардан түзетiлген кредиттiк есептi сұратуға;
Тармақша 7
7) дәйектемесiз ақпаратты түзету туралы талаппен ақпарат берушiге
жүгінуге;
Тармақша 8
8) банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода, «цифрлық үкімет» веб-порталы не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, «цифрлық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның
цифрлық объектілері арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.
Тарау 5. 5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру
5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру
Бап 23. 23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы шарттары
23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы шарттары
Тармақ 1
1. Осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға, сондай-ақ ақпарат беру туралы шарттар негізінде кредиттік тарих субъектісінің келісімі болған кезде өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ақпарат беру және кредиттік есептерді алу талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептер алу туралы шарттарда айқындалады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда кредиттік бюроларға өздерімен жасалатын ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде ақпарат бередi.
Орталық атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалар мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат беруді
цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ақпарат алмасудың электрондық шлюзін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының цифрлық
заңнамасында белгіленген тәртіппен онымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Өнім берушілер кредиттік бюроларға ақпаратты электрондық нысанда береді. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттік бюролардың ішкі құжаттарында және олар ақпарат берушілермен жасасатын шарттарда айқындалады.
Тармақ 5
5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге алған келісімдерін есепке алуды жүргізеді.
Тармақ 6
6. Кредиттiк тарих субъектілерiнің өздерi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға
қағаз жеткiзгіште немесе электрондық нысанда ұсынуға келiсiмiн ақпарат берушi кредиттiк бюроларға олар туралы сoңғы ақпарат берiлген күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиiс.
7. Заңды тұлғалар кредиттік бюромен жасалған шарт негізінде кредиттік есепке енгізілуі мүмкін кредиттік тарих субъектілері туралы мәліметтерді береді және (немесе) кредиттік бюродан дербес деректерді ашпай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес талдамалық және (немесе) статистикалық ақпаратты алады.
Бап 24. 24-бап. Кредиттік бюроларға берiлетін ақпарат
24-бап. Кредиттік бюроларға берiлетін ақпарат
Тармақ 1
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 3-3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін ақпаратта:
Тармақша 1
1) тұлға осы банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан алған кредит бойынша борыш сомасы, сондай-ақ ол алған барлық кредиттер, шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша борыштың жалпы сомасы;
Тармақша 2
2) кредиттердi (өтеу көзін көрсете отырып), сондай-ақ шартты және ықтимал мiндеттемелердi беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);
Тармақша 3
3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң (сейф жәшіктерiнде, шкафтарда және банктің үй-жайында сақтаулы тұрған қамтамасыз етудi қоспағанда) құрамы мен тәсілдерi туралы ақпарат;
Тармақша 3-1
3-1) ол болған кезде кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат;
Тармақша 3-2
3-2) банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу күніне кредит бойынша номиналды және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпарат;
3-3) жасалған күндері көрсетіле отырып, банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімді не жаңа банктік қарыз шартын және (немесе) микрокредит беру туралы шартты жасасу арқылы
жеке тұлғаның берешегін
реттеуді жүргізу туралы және (немесе) банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы мәліметтер, сондай-ақ банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша
жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де мәліметтер болуға тиіс.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда) осы тармақта көзделген ақпараттан басқа, осы Заңның 19-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты береді.
Осы тармақтың мақсаттары үшiн кредит деп банктік қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операциялары, вексельдердi есепке алу, сондай-ақ микрокредиттер беру түсiніледi.
Тармақ 1-1
1-1. Коллекторлық агенттіктер банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан ие болған банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) жөнінде және сервистік компаниялар, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша құқықтар (талаптар) берілген өзге де тұлғалар кредиттік бюроларға беретін ақпаратта:
Тармақша 1
1) берешек сатып алынған күнгі негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын берешектің жалпы сомасы;
Тармақша 2
2) борышты сатып алу күні;
Тармақша 3
3) борышты (график бойынша және нақты) өтеу күні;
Тармақша 4
4) міндеттемелердің құрамы және оларды орындауды қамтамасыз ету тәсілдері туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) бар болған кезде, кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат;
Тармақша 5-1
5-1) жасалған күндері көрсетіле отырып, банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісім жасасу не банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін немесе нотариустың атқарушылық жазбасын орындау талаптары туралы келісім жасасу арқылы берешекті реттеуді жүргізу туралы және (немесе) банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін немесе нотариустың атқарушылық жазбасын орындау талаптарын өзгертуден бас тарту туралы мәліметтер, сондай-ақ банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы мәліметтер;
Тармақша 5-2
5-2) сақтанушының (сақтандырылушының) банктік қарыз шартынан және (немесе) микрокредит беру туралы шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша тұлғаның жауапкершілігін сақтандыру нәтижесінде өтелген шығындар үшін жауапты тұлғаға қатысты құқықтарын (талаптарын) сенімгерлік басқару нәтижесінде берешекті реттеуді жүргізу туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға кредиттiк бюроларға беретiн ақпаратта мынадай мәлiметтер:
Тармақша 1
1) кредит бойынша, сондай-ақ кредитке алынған барлық тауарлар және көрсетілетiн қызметтер бойынша борыш сомасы;
Тармақша 2
2) кредиттерді беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);
Тармақша 3
3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң құрамы мен тәсiлдерi туралы ақпарат;
Тармақша 4
4) тараптардың келiсiмi бойынша өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға туралы берiлген ақпаратта тегi, аты, әкесінiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, заңдық мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi болуға тиiс.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттiк тарих субъектiсi - заңды тұлға туралы берiлетін ақпаратта атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу нөмiрi және күнi, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, бiрiншi басшыларының тегi, аты, әкесiнің аты және олардың бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi болуға тиiс.
Тармақ 5
5. Кредиттiк бюроларға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы беретін ақпаратта мынадай мәлiметтер:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар үшін - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, заңдық мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi, меншiк құқығын және басқа құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер;
Тармақша 1-1
1-1) жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басты куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені не алып тастағаны туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны орналасқан жерi, заңды тұлға ретіндe мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, банк деректемелерi, меншiк құқығын және басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер болуға тиіс.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кредиттік бюроларға осы тармақтың бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында көзделген ақпаратты нақты уақыт режимінде береді.
Тармақ 5-1
5-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ұсынатын ақпараты ақпарат беру туралы шартта айқындалады және онда мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) адамның ақпарат берушіден алған көрсетілетін қызметі бойынша берешегінің сомасы;
Тармақша 2
2) берешектің пайда болуы және оны өтеу күні;
Тармақша 3
3) ақпаратты беру күніне мерзімін өткізіп алу күндерінің саны;
Тармақша 4
4) өсімпұл сомасы (бар болған жағдайда);
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметтің түрі;
Тармақша 6
6) кредиттік тарих субъектісі – жеке тұлға туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі);
Тармақша 7
7) кредиттік тарих субъектісі – заңды тұлға туралы ақпарат (атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, бірінші басшылардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және олардың жеке сәйкестендіру нөмірлері);
Тармақша 8
8) тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
Осы тармақтың мақсаттары үшін берешек деп көрсетілетін қызметтерді алушылардың ақпаратты берушінің алдындағы мерзімі өткен берешегі түсініледі.
Тармақ 5-2
5-2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ұсынатын ақпараты ақпаратты беру туралы шартта айқындалады және онда мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) адамның ақпарат берушіден алған көрсетілетін қызметі бойынша берешегінің сомасы;
Тармақша 2
2) берешектің пайда болуы және оны өтеу күні;
Тармақша 3
3) қамтамасыз ету ретіндегі және (немесе) берешектің болуына (бар болған жағдайда) байланысты ауыртпалығы бар мүлік туралы мәлімет;
Тармақша 4
4) тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
Тармақ 6
6. Осы баптың 2 және 5-тармақтарында көзделген ақпарат тiзбесi кредиттiк бюро мен ақпарат берушi арасындағы келісім бойынша, олар жасасатын ақпарат беру туралы шарт негiзiнде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, толықтырылуы мүмкiн.
Бап 25. 25-бап. Кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруге және кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу
25-бап. Кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруге және кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу
Тармақ 1
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімі және (немесе) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Тармақ 2
2. Ақпарат субъектiсiнiң - жеке тұлғаның келiсiмiн Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес ресiмделген сенiмхат негiзiнде әрекет ететін сенiм білдiрiлген тұлға да ресiмдеуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге және (немесе) кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімінің болмағаны үшін, сондай-ақ оны дұрыс ресімдемегені үшін ақпарат беруші, кредиттік есепті беру туралы сұрау салған кредиттік есепті алушы не олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады.
Тармақ 4
4. Кредиттік тарих субъектісінің бұл субъект туралы теріс ақпаратты кредиттік бюроларға беруіне және кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты құрайтын кредиттік есептерді беруіне келісім беруі талап етілмейді.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушінің осы Заңның 24-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында көзделген ақпаратты кредиттік бюроларға беруіне және кредиттік бюролардың осындай ақпаратты осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерге беруіне кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлғаның келісімі талап етілмейді.
Кредиттік бюролардың осы Заңның 19-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығына беруіне және осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 8-1) тармақшасында көзделген қызметті көрсету кезінде кредиттік тарих субъектісі жеке тұлғаның келісімі талап етілмейді.
Бап 26. 26-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi пайдалану негiздемелерi мен мақсаттары
26-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi пайдалану негiздемелерi мен мақсаттары
Тармақ 1
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының
3-1) және 3-2) тармақшаларында
көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) ақпарат беруі, сондай-ақ кредиттік бюролардан кредиттік есептерді беруі үшін кредиттік тарих субъектісінің келісімі негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Кредиттiк есептi алушылар кредиттiк бюролар жүйесiндегi ақпаратты:
Тармақша 1
1) кредиттер беру, мониторинг жасау және кредиттердiң мерзiмiн ұзарту кезiнде тәуекелдердi бағалау;
Тармақша 1-1
1-1) кредиттік тарих субъектiсiнің кредит өтеу қабілетiн бағалау;
Тармақша 2
2) кредиттiк шарттардың талаптары өзгерген кезде тәуекелдердi бағалау;
Тармақша 3
3) мерзiмi ұзартылған төлемдермен жасалатын өзге де мәмiлелер бойынша тәуекелдердi бағалау;
Тармақша 4
4) кредиттік есептегi ақпараттың дұрыстығын
растау;
5) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есептерді алушылар қызметті жүзеге асырған кезде тәуекелдерді бағалау мақсатында пайдалануы мүмкін.
Тармақ 3
3. Кредиттік бюролар ақпарат берушiлерден алған мәлiметтердi өздерінің маркетингтiк, талдамалық және статистикалық зерттеулердi жүзеге асыруы үшiн пайдалануға құқылы.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде, кредиттік бюро шет мемлекеттердің кредиттік бюроларына субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат беруге және олардан ақпарат алуға құқылы.
Тармақ 5
5. Трансшекаралық алмасу шет мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимылы арқылы олардың арасында жасалған, уәкілетті органмен келісілген трансшекаралық алмасу туралы шарттардың талаптарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Трансшекаралық алмасу туралы шартта трансшекаралық алмасуды жүзеге асырудың мынадай талаптары қамтылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары мен регламенттері;
Тармақша 2
2) ақпарат қалыптастырылатын және берілетін тіл;
Тармақша 3
3) электрондық құжаттар мен мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасы;
Тармақша 4
4) сәйкестендіру деректерінің тізбесі (құрамы);
Тармақша 5
5) дауларды реттеу тәртібі, оның ішінде кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихтардың құрамына кіретін мәліметтерді даулау тәртібі;
Тармақша 6
6) ақпарат берудің қаржылық шарттары;
Тармақша 7
7) ақпаратты қорғауды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
Тармақша 8
8) трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да шарттар.
Тармақ 7
7. Трансшекаралық алмасу кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі болған кезде жүзеге асырылады, келісім ұсынылған күнінен бастап алты ай ішінде жарамды болады.
Кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі кредиттік тарих субъектісінің қарыз беру туралы шарт не кредиттік тарихты пайдаланушы мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мәміле жасасуға өтініші шеңберінде ресімделеді.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қарыз беру туралы шарт не кредиттік тарихты пайдаланушы мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мәміле жасалса, келісім шарттың не өзге де мәміленің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
Тармақ 8
8. Өздеріне қатысты трансшекаралық алмасу жүзеге асырылатын мәліметтер мен өзге де ақпаратта мыналар қамтылады:
Тармақша 1
1) кредиттік есепті ұсыну туралы сұрау салу;
Тармақша 2
2) кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі;
Тармақша 3
3) кредиттік есеп;
Тармақша 4
4) кредиттік тарихтар құрамына кіретін мәліметтерді даулауға қатысты құжаттар.
Тармақ 9
9. Уәкілетті ұйымдар мен кредиттік тарихты пайдаланушы трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру кезінде өздеріне қатысты трансшекаралық алмасу жүзеге асырылатын мәліметтер мен ақпаратты өңдеу, сақтау және беру кезінде олардың қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 10
10. Кредиттік тарихты пайдаланушы трансшекаралық алмасу кезінде алынған ақпарат пен мәліметтерді тек қана кредиттік қатынастарды ресімдеу және (немесе) ресімделген кредиттік қатынастарды мониторингтеу мақсатында пайдалануы мүмкін.
Тарау 6. 6-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жөніндегі қатынастар
6-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жөніндегі қатынастар
Бап 27. 27-бап. Ақпарат берушiлермен және кредиттік есептерді алушылармен жасалатын шарттар
27-бап. Ақпарат берушiлермен және кредиттік есептерді алушылармен жасалатын шарттар
Тармақ 1
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюромен мемлекет қатысатын кредиттік бюро мемлекеттік тіркелген және (немесе) ақпарат берушілер осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында айқындалған белгілерге сәйкес келген күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде ақпарат беру туралы шарттар жасасуға міндетті. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру туралы шартта айқындалған мерзімдерде өзге кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға құқылы.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өзге кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға міндетті.
Тармақ 2
2. Ақпарат беру туралы шартта мынадай талаптар:
Тармақша 1
1) жеке кәсiпкердің деректерi немесе тараптардың толық атауы, олардың тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері, банк деректемелерi туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен, оның ішінде осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде
цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда бұзу негіздері мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;
Тармақша 3
3) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін міндетті түрде алуы;
Тармақша 4
4) кредиттiк тарихты қалыптастыратын ақпараттың түрлерi, көлемi, оларды беру мерзiмi (кезеңдiлiгi), тәртібі, шарт тараптары көрсететін қызметтерге ақы төлеу талаптары;
Тармақша 5
5) кредиттiк бюроның берiлетiн ақпаратты тек осы Заңда көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалану туралы мiндеттемесi;
Тармақша 6
6) кредиттiк бюроның барлық алынатын ақпаратқа қатысты құпиялылық режимiн сақтау және оны тек осы Заңда көзделген негіздемелерде, шарттарда және тәртіппен ашу туралы мiндеттемесi;
Тармақша 7
7) ақпарат берушінің кредиттік бюроға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты құпиялылық режимін сақтауы туралы міндеттемесі;
Тармақша 8
8) алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 № 317 Заңымен;
Тармақша 9
9) ақпарат берушiнiң кредиттік бюроға дәйектемесiз ақпарат берген жағдайдағы жауапкершiлiгiн қоса алғанда, тараптардың жауапкершілігі;
Тармақша 10
10) ақпарат берушінің өзінің қызметін ұйымдастыру кезінде
цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау жөніндегі міндеті;
Тармақша 11
11) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің қызметін ұйымдастыру кезінде
цифрлық технологиялар
пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Кредиттік есептерді алу туралы шартта мынадай талаптар:
Тармақша 1
1) жеке тұлғаның деректері немесе тараптардың толық атауы, олардың тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері, банк деректемелері туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен, оның ішінде осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4-2), 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылар өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде
цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда бұзу негіздері мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;
Тармақша 3
3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімін міндетті түрде алу;
Тармақша 4
4) кредиттік есептерде қамтылған ақпараттың көлемі және кредиттік есептерді алу тәртібі;
Тармақша 5
5) кредиттік есептерді алушының кредиттік есептерде қамтылған ақпаратты таратпау туралы міндеттемесі;
Тармақша 6
6) кредиттік есепті алушының берілетін ақпаратты тек осы Заңмен көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалануы туралы міндеттемесі;
Тармақша 7
7) тараптардың жауапкершілігі;
Тармақша 8
8) кредиттік есепті алушының өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде
цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау жөніндегі міндеті;
Тармақша 9
9) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, осы Заңның 20-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4-2), 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде
цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар қамтылуға тиіс.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Егер кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шартта өзгеше көзделмеген болса, көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға жол берілмейді.
Бап 28. 28-бап. Кредиттiк есептi алушы ретiнде кредиттiк бюрода тiркеу
28-бап. Кредиттiк есептi алушы ретiнде кредиттiк бюрода тiркеу
Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалар кредиттік бюрода тiркелу үшiн мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) кредиттiк бюрода тiркеу туралы өтiнiш;
Тармақша 2
2) уәкілеттi органның лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге жасыруға беретiн лицензияларының
немесе электрондық нысандағы лицензиялардың
нотариат куәландырған көшiрмелерiн (лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшiн);
Тармақша 3
3) жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
Тармақша 3-1
3-1) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
Тармақша 4
4) кредиттік бюроларға сұрау салуды жүзеге асыруға уәкілетті тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы туралы ақпаратты ұсынады. Қажет болған жағдайда көрсетiлген ақпарат осы тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік бюрода тіркелу үшін мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) кредиттік бюрода тіркеу туралы өтінішті;
Тармақша 2
2) банк немесе микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесінің оны сайлау туралы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені;
Тармақша 3
3) кредиттік бюроларға сұрау салуды жүзеге асыруға уәкілетті адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы туралы ақпаратты ұсынады. Қажет болған жағдайда көрсетілген ақпарат осындай адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.
Бап 29. 29-бап. Кредиттік есептi беру
29-бап. Кредиттік есептi беру
Тармақ 1
1. Кредиттiк есептi беруге:
Тармақша 1
1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы;
Тармақша 2
2) кредиттiк есептi алушының осы Заңда қойылатын талаптарға сәйкестiгi;
Тармақша 3
3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк есептi алушының кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы туралы растаған сауалы негiздеме болып табылады.
Осы тармақтың талаптары кредиттік есептің уәкілетті органның
және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегі бойынша сұрау салуы бойынша табыс етілу жағдайларына қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Кредиттiк бюро кредиттiк есептер беру туралы сауалдарды және табыс етiлген кредиттiк есептердi есепке алып отырады.
Тармақ 3
3. Сауалды алушының атынан, кредиттiк бюроға сауал беруге жауапты оның арнайы уәкiлеттi тұлғасы бередi, ол туралы ақпарат кредиттiк бюроның алушылары тiзiлiмiнде болады.
Тармақ 3.1
3-1. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, кредиттік тарих субъектілерінің өздері жөніндегі кредиттік есепті қағаз жеткізгіште
немесе электрондық нысанда беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.
Кредиттік тарих субъектісінің банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу кезінде алынған кредиттік есепті беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар тиісті шарттың қолданылуы аяқталған күннен бастап кемінде бес жыл, бірақ кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.
Тармақ 4
4. Кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектісіне оның өзіне қатысты кредиттік есепті беруі кредиттік тарих субъектісінің жазбаша сұрау салуы не электрондық нысандағы сұрау салуы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Кредиттiк тарих субъектісi үшiн кредиттiк есепте осы субъектiнiң кредиттiк тарихы бойынша кредиттiк есептердi күнтізбелік бір жылдың ішінде ұсынудың барлық фактiлерi туралы, берiлген күнi, алушылардың атаулары мен деректемелерi көрсетілген ақпарат болуға тиiс.
Тармақ 5-1
5-1. Кредиттік есепте кредиттік тарих субъектісінің – жеке тұлғаның осы Заңның 19-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацында көрсетілген ақпаратты алған күннен кейін бір ай ішінде банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасуға өтініш бергені туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Тармақ 6
6. Кредиттiк бюро кредиттiк есептi беру кезiнде барлық ақпарат берушiлердi және кредиттiк бюроның осы ақпаратты алған күнiн көрсетуге мiндеттi.
Тармақ 7
7. Кредиттiк есептi беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелерде, жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Кредиттiк бюро ақпаратты берушіден алынған ақпаратты бұрмалағаны үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
Бап 30. 30-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi беру жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
30-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi беру жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
Ақпарат берушiлер және кредиттiк бюролар көрсететiн қызмет үшiн ақы белгiленедi, оның мөлшерi және өндiрiп алу тәртiбi шартқа сәйкес айқындалады.
Кредиттік бюро ақпарат берушілердің кредиттік бюроға ақпарат бергендері үшін, уәкілетті органның ақпаратты және кредиттік есептерді алғаны үшін ақы алмайды.
Тарау 6-1. 6-1-тарау. Банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат берудің және кредиттік есепті алудың ерекшеліктері
6-1-тарау. Банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат берудің және кредиттік есепті алудың ерекшеліктері
Бап 30-1. 30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беру
30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беру
Тармақ 1
1. Банктер тізбесі осы баптың 3-тармағында белгіленген банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпаратты мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің беруіне борышкер тұлғаның келісімі болған кезде ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де кредиттік бюроларға береді.
Тармақ 2
2. Борышкер тұлғаның өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісім нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Банк шығарған кепілдіктер мен кепілгерліктер жөнінде кредиттік бюроға берілетін ақпаратта:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3
3) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 4
4) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 4-1
4-1) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 4-2
4-2) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 4-3
4-3) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер кредитор заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу күні туралы ақпарат, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (немесе оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін, бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ақпарат);
Тармақша 4-4
4-4) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған кредитор жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері туралы ақпарат (немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де дербес деректер);
Тармақша 5
5) кепілдік немесе кепілгерлік берген банктің атауы;
Тармақша 6
6) банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартының нөмірі мен күні, айы, жылы;
Тармақша 7
7) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шарты бойынша төлеуге жататын ең көп ақша сомасы;
Тармақша 8
8) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шығарылған мерзім немесе осы жағдай басталған кезінде банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген банктің міндеттемесі (банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің қолдану мерзімі) тоқтатылатын жағдай (оқиға);
Тармақша 9
9) банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің шығарылым нөмірі және күні, айы, жылы, қамтылуға тиіс.
Егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, осы тармақта көзделген ақпарат тізбесі кредиттік бюро мен банк жасасқан ақпарат беру туралы шарт негізінде олардың арасындағы келісім бойынша толықтырылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Банктердің шығарылған банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде кредиттік бюроға ақпарат беру талаптары осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шартта айқындалады.
Тармақ 5
5. Банктер кредиттiк бюроларға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөніндегі ақпаратты электрондық нысанда бередi. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттiк бюролардың iшкi құжаттарында және олардың ақпарат берушiлермен жасалатын шарттарында айқындалады.
Тармақ 6
6. Банктер борышкер тұлғалардың өздері туралы және шығарылған банк кепілдігі немесе шығарылған кепілгерлік туралы мәлiметтердi банктің кредиттiк бюроға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруіне өздері алған келiсiмдерді есепке алуды жүргiзедi.
Бап 30-2. 30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыру
30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыру
Тармақ 1
1. Кредиттік бюро осы Заңның 30-1-бабының 3-тармағына сәйкес банк берген ақпараттың негізінде банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыруға міндетті.
Тармақ 2
2. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есеп банк шығарған әрбір кепілдік немесе әрбір кепілгерлік бойынша жеке қалыптастырылады.
Бап 30-3. 30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі
30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі
Тармақ 1
1. Пайдасына банк кепілдігін немесе кепілгерлігін банк шығарған тұлғаға банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті кредиттік бюроның беруіне борышкер тұлғаның келісімі бұл есепті беруге негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тарау 7. 7-тарау. Қорытынды ережелер
7-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 31. 31-бап. Дауларды шешу ерекшелiктерi
31-бап. Дауларды шешу ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептегi ақпаратқа дауласу туралы кредиттiк бюроға немесе ақпарат берушiге беретін өтiнiшiнде жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ дауласатын ақпаратқа нұсқау және дұрыс ақпарат беру туралы талап болуға тиiс. Өтiнiш берушi немесе оның уәкiлеттi адамы өтiнiшке қол қояды. Өтiнiш берушi сiлтеме жасаған құжаттардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берілуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Ақпарат берушi немесе кредиттiк бюро өтiнiштi алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны қарап, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген екi iс-әрекеттiң бiрiн жүзеге асыруға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Кредиттiк бюро алған ақпараттағы бұрмалау ақпарат берушiнің немесе кредиттiк бюроның техникалық қателерiнiң салдарынан, олардың қызметкерлерiнiң өзге де iс-әрекеттерiнiң немесе әрекетсіздiгiнiң салдарынан орын алған жағдайда, ақпарат берушi жіберілген бұрмалауды анықтаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұрмалауды анықтаған күнге ақпарат берушіде бар ақпаратты кредиттік бюроға беруге міндетті. Кредиттiк бюро алушыға түзетілген кредиттiк есепті беруге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Егер дау тудырған ақпарат кредиттiк бюроның, ақпарат берушiнiң мәлiметтерiне сәйкес келсе, онда ақпарат берушi және (немесе) кредиттiк бюро даулы ақпаратты алу көздерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қанағаттандырудан жазбаша түрде бас тартады.
Тармақ 5
5. Өтiнiшi қанағаттандырылудан бас тартылған өтiнiш беруші қайтадан жүгiнген жағдайда оны беруге, қарауға және дәлелдi жауап жiберуге байланысты шығындар өтiнiш берушiге жүктеледi.
Шығындарды бөлу жөнiнде келiспеушiлiктер болған жағдайда даулар сот тәртiбiмен қаралады.
Бап 32. 32-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
32-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.